6. “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі 33. “Баянауыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің қарамағында тұрған ұйымдар жоқ.
Студенттің өзіндік жұмысы Мемлекеттік және жергілікті басқару яғни басқару саласымен тығыз байланысыты. Басқару шешімінің басқа шешімдерден айырмашылығы, ол: стратегиялық жоспарлауға; адам ресурстарын басқаруға; ұйымды басқару жүйесін қалыптастыруға; өндірістік қызметті басқаруға; басқару саласында кеңес беруге; ішкі және сыртқы коммуникацияларды басқаруға бағытталады. Басқару шешімінің бірнеше анықтамалары бар, ол: басқару қызметінің өнімі; орын алған проблемаға ұйымның реакциясы; мүмкін нұсқалардың арасынан белгілі бір әрекеттің курсын таңдау; мақсатты таңдау, оған қолжеткізу құралдары мен әдістерін таңдау; өз құзыреті мен өкілеттігінің шеңберінде басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал етуге бағытталған актілері, қорытындылары. Басқару шешімдерін болашақтағы іс-әрекеттің үлгісі ретінде қарауға болады. Басқару шешімдерінің негізгі критерийлері: мақсаттар (басқару субъектісі шешімді өз қажеттілігіне қарап емес, нақты ұйымның мәселесін шешу үшін қабылдайды); салдар (басшының шешімі көптеген адамның өміріне ықпал етуі мүмкін, егер ұйым ірі болса, оның басшыларының шешімдері сол аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына да әсер етуі мүмкін); еңбек бөлінісі (ұйымда біреулері шешім қабылдаумен айналысса, екіншілері қабылданған шешімдерді жүзеге асырумен айналысады); кәсібилік (басшыға интеллектпен, тәжірибемен қоса, кәсіби дайындық қажет). Шешімдер бірнеше функцияларды атқарады: бағыттаушы функция; үйлестіруші функция; ынталандырушы функция. Бағыттаушы функцияға сәйкес, шешімдер басқарудың жалпы функциялары – жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, ынталандыру үшін негіз болып табылады. Олар шешімдердің көмегімен жүзеге асырылады. Үйлестіруші функция шешімді жүзеге асырушылардың әрекеттерін белгілі бір мерзімде, белгілі сапада үйлестіру қажеттілігімен байланысты. Шешімдердің ынталандырушы функциясы ұйымдастыру шараларының жүйесі (бұйрық, қаулы, өкім), экономикалық стимул (сыйақы, қосымша ақы), әлеуметтік бағалау (тұлғаның өзін-өзі бекітуі, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуы) жүйесі арқылы жүзеге асады. Әрбір басқару шешімінің тиімділігі жоғарыдағы функциялардың орындалуы мен арақатынастарынан тәуелді. Осы тұрғыдан алып қарағанда басқару шешімдері алға қойған мақсатқа қол жеткізудің нақты құралы болып табылады. Іс-әрекеттің таңдалған тәсілінің әлеуметтік мазмұны маңызды, өйткені бұл жетекшінің, ұжымның, ұйымның «өміріне» ықпал етеді. Барлық экономикалық шешім әлеуметтік тұрғыдан алғанда тиімді бола бермейді. Мысалы, ұйымдағы еңбек өнімділігін арттыру туралы шешім қауіпсіздік техникасының бұзылуымен, еңбек жағдайының нашарлауымен қатар жүруі мүмкін. Шешімді таңдау барысында жетекші жауапкершілікті сезінуі тиіс. Басшының шешім қабылдауда жіберген қатесі ақау болып табылады және жұмыс нәтижесіне теріс ықпал етеді, кері әлеуметтік салдарға әкеледі. Әрбір басқару шешімдерінің әзірленуі және жүзеге асырылуы барысында бірнеше талаптар орындалуы тиіс: басшы қолданыстағы заңды, компанияның жарғылық құжаттарының ережелерін сақтауы тиіс, яғни басқару шешімдері мен олардың нәтижелері құқықтық шектен асып кетпеуі тиіс; басқару функциялары, яғни өкілеттіліктер нақты лауазымдар мен бөлімшелер арасында лауазымдық нұсқаулар жасау арқылы бөлініп берілуі тиіс; басқару шешімдері нақты әрі айқын қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін әзірленіп, жүзеге асырылуы керек, сонымен қоса олардың нақты орындаушылары, лауазымдары, бөлімінің атауы көрсетілуі керек. Басқару шешімінің мәтінінде немесе қосымшасында оны орындауға қажетті қаражаттар, құралдар көрсетіледі; басқару шешімдері талапқа сай рәсімделуі тиіс; сол уақыттағы басым деп танылған бағыттағы шешімдер әзірленіп, қабылдануы тиіс; бұрынғы қабылданған шешімдермен қайшылықта болмауы тиіс; басқару шешімдері орындалуы мүмкін, қол жетімді болуы керек; бақылау жасалуы тиіс; кез-келген басқару шешімінің теріс салдары болады, бұл жүйенің күрделілігімен байланысты. Теріс ықпалдарды азайту жолдары ескерілуі тиіс; басқару шешімін дайындап, жүзеге асыратын персонал қызметін белсендіретін жағдайдың бірі ретінде басқару шешімінің күтілетін оң нәтижесі көрсетілгені дұрыс. Бұл талаптарға қол жеткізу шарттары: өзін- өзі бақылау немесе заңгердің бақылау жүргізуі; жеке бөлімдер туралы лауазымдық нұсқаулықтар мен ережелер әзірлеу; басқару шешімін әзірлеуші немесе жүзеге асырушы әр қызметкер мақсат, орындалу мерзімі, қолданылатын ресурс көлемі жөнінде хабардар болуы керек; заңгер, т.б мамандар тарапынан бақылау жасау; жетекшінің білімі, интуициясы, ситуацияны шынайы бағалауы; заңгер мен референт тарапынан бақылау; мамандардың, сарапшылардың қортындысы; аудит жүргізу, тексеру; сарапшылардың баға беруі, тәуекелді бағалау; есептеулер жүргізу, болжамдар жасау. Басқару шешімдерін әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру барысында шешімдерді іске асыру технологиясының толыққанды сақталуына және шешімдердің жүзеге асыруда тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік басқару саласындағы басқару шешімдерін табысты жүзеге асыру үшін әр басқару субъекті белгілі бір принциптерді орындауы тиіс: Мемлекеттік басқару саласындағы шешімдерінің принциптері: шешімнің негізділігі; оңтайлылығы; дер кезінде қабылданып, жүзеге асырылуы; объективтілігі; нақтылығы; икемділігі; қабылданған және жүзеге асқан шешімдердің салдарын есепке алу. Шешімніңнегізділігі. Шешім мемлекет пен қоғам дамуының жалпы мақсаттары мен міндеттерімен байланыста болуы тиіс. Басқаша айтқанда, аймақтағы, елдегі, белгілі бір әкімшілік аумақтағы нақты әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайды ескеруі керек.