Оңтайлылығы. Бұл - аз уақыт ішінде аз шығын жұмсап үздік нәтижеге қол жеткізетіндей шешімді таңдау. Бұл жерде қабылданған нәтижені жүзеге асырудан болатын оң нәтижені де, теріс нәтижені де ескеру қажет.
Уақытылығы. Басқару субъектісі мен объектісінің өзгермелі жағдайға сәйкес реакциясын қамтамасыз етуге бағытталған. Басқару шешімдерін қабылдау мен жүзеге асыратын сәтті жібермей қалуы керек. Бұл жерде оған кәсіби білім ғана емес, жетекшілік лауазымдағы жеке тәжірибесі де көмектеседі. Дұрыс дайындалған және егжей-тегжейлі тексерілген шешімнің өзі мерзімінен кешігіп немесе ерте қабылданып, жүзеге асса, зиян келтіруі мүмкін. Объективтілік объектінің қызмет ету жағдайын дәл білу мен дұрыс бағалауға негізделеді. Бұл білім басқару шешімін қалыптастыратын барлық жағдайларды зерттеу мен бағалаудағы ғылыми әдістемені қолдануға негізделеді. Нақтылық. Мемлекеттік басқару шешімдерінде іс-әрекеттің нақты көрсетілуі, шешімді орындаушылардың міндеттерінің бөлінуі, уақыт шегі көрсетілуі тиіс.
Икемділік. Жағдайдың өзгеруіне байланысты басқару шешімінің дайын нұсқасына өзгеріс енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қабылданғанжәнежүзегеасқаншешімдердіңсалдарынесепкеалу - күрделі әрі сақталуы тиіс талаптардың бірі. Оны кез-келген қызмет саласында есептеуге болады. .
Басқару шешімдерін әзірлеу қадамдары: - шешімдердің балама нұсқаларын генерациялау; - басқару әрекеттерінің негізгі нұсқаларын іріктеу; - ситуацияның даму сценариін әзірлеу; - басқару шешімдерінің негізгі нұсқаларын эксперттік бағалау. Осыларға жеке-жеке тоқталамыз. Шешімдердің балама нұсқаларын генерациялау тікелей немесе арнайы эксперттік процедуралар көмегімен жүзеге асуы мүмкін. Мәселен, балама нұсқаларды генерациялау процедуралары «ми шабуылы» секілді әдістерді қолдана отырып, арнайы ұйымдастырылуы мүмкін. Болмаса, күрделі жағдайлар тұсында, балама нұсқаларды генерациялаудың автоматтандырылған жүйесі құрылуы да мүмкін. Басқару шешімдерінің балама нұсқаларын генерациялау технологиясы әртүрлі. Мұнда үлгілер әдісі де, эксперттік әдіс те болуы мүмкін. Үлгілер әдісі бойынша осыған дейін орын алған ұқсас проблемаларды шешудегі тәжірибе негізге алынады. Ал, эксперттік әдіс бойынша жоғары білікті мамандардың пікірлері ескеріледі. Балама нұсқаларды генерациялау барысында шешім қабылданатын проблемалық ситуация туралы ақпарат, ситуацияны талдау, бағалау, диагностикалау және ситуацияның дамуын болжау нәтижелері толыққанды пайдаланылуы керек. Балама нұсқалар идеялар, концепциялар (тұжырымдар) түрінде құрылады. Басқару әрекеттерінің балама нұсқалары әзірленгеннен кейін бәсекеге қабілетсіз, ұзаққа бармайтын, басқаларға қарағанда осал деп танылған нұсқаларды алып тастау мақсатында оларға алдын-ала талдау жасалады. Оларды іріктеп алу технологиялары да әртүрлі болады. Балама нұсқаларды іріктегенде олардың салыстырмалы бағасы, нұсқалардың бірін-бірі қайталамауы ескерілуі керек. Ситуацияның дамуының сценариін жасаудың негізгі мақсаты – шешім қабылдаушы тұлғаның ситуацияны дұрыс түсінуіне жағдай жасау. Бұл кезде ситуацияны сипаттайтын сандық, сапалық көрсеткіштер, оның даму тенденциясы көрсетіледі. Ситуацияның дамуының сценариі - ситуацияның әрі қарай қалай өрбитіндігінің көрінісі. Басқару әрекеттерінің негізгі нұсқаларын эксперттік бағалау кезінде, бір жағынан, қарастырылатын әрекеттердің жүзеге асу мүмкіндігі, мақсатқа қолжеткізу мүмкіндігі бағаланса, екінші жағынан, ол қабылданған бағалау жүйесін пайдалана отырып, мақсатқа, ресрустарға байланысты ранжирлеуге (кезек бойынша ретке келтіруге) мүмкіндік береді. . Басқару шешімдерінің негізгі сатыларының бірі - шешім қабылдау. Ол келесі қадамдардан тұрады: ұжымдық эксперттік баға; шешім қбылдаушы тұлғаның шешімді қабылдауы. Ұжымдық эксперттік бағалау қабылданатын шешімнің негізді, тиімді болуын қамтамасыз етеді. Басқару шешімдері жан-жақты бағаға ие болады, аргументтеледі. Ұжымдық экспертиза әдісі ХХ ғ. 60-шы жж. енгізіле бастаған (мысалы, ми шабуылы). Кей жағдайда эксперттік қорытындылардың құпиялығы сақталады, кері байланыс орнатылады. Ұжымдық эксперттік бағалау кезінде құрамы талданатын проблеманың негізгі аспектісі бойынша құзыретті мамандардан тұратын эксперттік комиссия құру керек. Экспертиза процесі кезінде эксперттер арасындағы өзара ақпарат алмасу да маңызды. Ақпарат алмасу неғұрлым тиімді ұйымдастырылса, эксперттік баға қорытындысы соғұрлым сапалы жасалады. Шешімдердің балама нұсқаларының эксперттік бағалау нәтижелері шешім қабылдаушы тұлғаға келіп түседі. Өйткені эксперттік бағалау нәтижесінің негізінде шешім қабылдануы мүмкін. Шешім қабылдау – ғылым әрі өнер. Өйткені шешім қабылдау прерогативасы шешім қабылдаушы тұлғаға тән. Шешім қабылдаушы тұлға жетекші ретінде шешім қабылдау объектісі туралы қосымша ақпараттарды да ескереді. Шешім қабылдаушы тұлға жеке тұлға ретінде тәуекелге бейім, ситуацияға ықпал ететін түрлі басқару тәсілдері бойынша тәжірибелі болуы мүмкін. Шешім қабылдаушы тұлға бірнеше баламалардың ішінен біреуіне таңдау жасайды. Шешім қабылдаушы тұлғаның ұсынылған балама нұсқалардың ешқайсымен келіспейтін жағдайлары да кездеседі. Дұрыс шешім қабылдауда білікті маман-эксперттердің тәжірибесі, білім және шешім қабылдаушы тұлғаның өнері ұтымды үйлесімділікте болуы керек. Ұжымдық шешім қабылдау да орын алады. Бұл кезде балама нұсқалар ашық түрде талқыланады, тікелей ақпарат алмасады, қарама-қарсы пікірлер өзара келістіріледі, ымыраға келеді т.с.с. Басқару шешімдерін әзірлеудің маңызды сатыларының бірі – шешімді жүзеге асыру. Шешім қабылданды. Енді оның табысты жүзеге асуына қол жеткізу де - маңызды міндет. Ол үшін іс-әрекет жоспары жасалуы тиіс. Өйткені көп нәрсе жоспарда көрсетілген ісәрекет құрамынан, олардың жүргізілу ретінен, іс-әрекет жүзеге асатын белгіленген мерзімнен, ресурстардан, орындаушылардан тәуелді. «Жоспарлау социализмге тән, ол кәсіпкерлік бастаманы тежейді» деген сөздер жиі естіледі. Алайда, өнеркәсіптік потенциалға ие дамыған елдерде жоспарлау социалистік экономикадағыдан аз емес. Ешбір табысты батыстық фирма жоспарсыз әрекет етпейді. Бірақ жоспарды «қатып қалған» догма деп қарамау керек. Өйткені біз үнемі өзгеріске ұшырап тұратын әлемде өмір сүріп, әрекет етеміз. Сондықтан ұйымның ішкі және сыртқы ортасында өзгерістер орын алып тұрады. Жоспар құрғанда осы ескерілуі тиіс. Жоспардың жүзеге асырылу барысы үнемі қадағаланып отыруы, қажет жағдайда оған түзету енгізілуі тиіс. Мониторинг жүргізу жоспардың жүзеге асырылуы барысындағы ауытқуларды тіркеуге мүмкіндік береді. Жоспарға түзету енгізудің қажеттілігі ситуацияның даму болжамының өзгеруінен де туындауы мүмкін. Жүзеге асқан жоспарға жан-жақты талдау жасалуы тиіс. Мұның мақсаты – қабылданған шешімдер мен олардың жүзеге асырылуының тиімділігін бағалау. Мұндай талдау анықталуы тиіс: қабылданған шешімдер мен оларды жүзеге асыру жоспарының осал және мықты тұстары; орын алған өзгерістер нәтижесінде пайда болған мүмкіндіктер мен перспективалар; көзделген мақсатқа қол жеткізуде орын алған тәуекелдер. Ұтымды басшы осылардың бәрінен тиісті қорытынды шығарып, оларды келесі шешімдерді қабылдау кезінде ескеруі тиіс.\ Басқарушылық шешімдерді дайындау жағдайларына байланысты келесі формаларды қолдануға болады: