«esil university» Мекемесі «Бизнес және басқару»Факультеті



бет9/10
Дата15.06.2023
өлшемі50,41 Kb.
#101669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ардаққызы

Шарт – қандай да қызметтің жалпы жағымды инфрақұрылымын қалыптастыратын шешім.
Жарлық – парламентпен бекітілген мемлекет басшының шешімі. Жарлық заңның күшіне ие.
Нұсқау – әдістемелік, технологиялық сипатқа ие шешім, өсиет немесе түсіндіру формасында жүзеге асырылады.
Жарғы – қандай да ұйымдардың қызметін реттейтін ережелер жиынтығы.
. Басқару шешімдерін жүзеге асыру жағдайларына байланысты келесі формаларды қолдануға болады: Көшірме – қандай да құжаттың аяқталған фрагменті. Іскерлік әңгіме – компания үшін өзекті, алдын ала ескертілген тақырып бойынша пікірлермен алмасу үшін басшымен арнайы ұйымдастырылған бағыныштылармен немесе бағыныштылар тобымен кездесуі. Іскерлік ойын (тренинг) – нақты процестердің имитациялық үлгілері негізінде басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асыру бойынша қызметкерлердің арнайы ұйымдастырылған қарқынды қызметі. Іскерлік ойын процесінде басқарушылық шешімдерді әзірлеу әдістерін, технологияларын, біртиптік жағдайларын көп рет қайталау есебінен басқарушылық шешімдерді әзірлеу дағдылары бекітіледі. Іскерлік сөз – бағыныштылар арасында да, жоғары тұрған басшылар арасында да басшы беделімен бекітілген бағыныштыға ауызша түрде берілетін басшының берік шешімі. Мәжіліс – негізінен ұйымдастырушылық сұрақтарды шешу үшін тар кәсіптік мәслихат (мысалы, кәсіби комитеттің мәжілісі және т.б.). Ақпараттық хат – мүдделі тұлғаларға жіберілетін келісімге, шартқа, офертаға және т.б. анықтаушы мәліметтер жиынтығы. Жеке бастың үлгісі – басқарушылық шешімдерді орындау техникасында беделді адамдарға еліктеу әсерін бағыныштыларда дамыту үшін алдын ала дайындалған сценарий бойынша бағыныштылар ортасында басшының әрекеті. Әдістеме – қандай да қызметті кәсіби орындау үшін әдістер жиынтығы. Өсиет – басқарушылық шешімдерді сәтті орындау үшін тәжірибені беру, үйрету мақсатымен басшымен жүргізілетін іскерлік әңгіме. Оқыту – қандай да қызметті орындау үшін жаңа білімді немесе ақпаратты беру мақсатымен басшымен жүргізілетін іскерлік әңгіме. Есеп – басқарушылық шешімдерді орындау бойынша жеке немесе ұжымдық жасалынған жұмыс нәтижелері туралы маманның шешімі. Есеп жазбаша немесе ауызша болуы мүмкін. Хат – мүдделі тұлғаларға немесе ұйымдарға жіберілетін қандай да хабарламаның мәтіні. Ұйғарым - бекітілген мерзімде шешімді міндетті түрде орындау туралы қандай да лауазымдық тұлғаға бағытталған ресми хабарлама қағаз. Мәжбүрлеу – қорқытулар немесе жоғары марапаттау жолымен БШ орындауға жұмысшыны мәжбүр ету мақсатымен басшымен өткізілетін іскерлік әңгіме. Түсіндіру – басқару шешімдерінің мәні мен мазмұнын түсінікті ету, түсіндіру мақсатымен басшымен өткізілетін іскерлік әңгіме. 52 Ұсыныс хат – потенциалды немесе нақты жұмыс беруші, жабдықтаушы немесе тұтынушы алдында қандай да адам, компания немесе қызмет үшін кепіл болуы туралы беделді маманның шешімі. Кеңес – басқару шешімдерін орындау жолында өз көзқарастарымен бөлісу мақсатымен басшымен өткізілетін іскерлік әңгіме. Кеңес бағыныштылармен орындалуы үшін міндетті емес. Мәслихат – маңызды басқару шешімдерін орындау үшін жинақталған тәжірибемен және ақпаратпен алмасуды, ұжымдық сананы қолдану, бағыныштыларға дейін нақты міндеттерді жедел жеткізу мақсатымен басшымен өткізілетін ұжымдық іскерлік әңгіме. Хабарлама – басқару шешімдерін орындау үшін қажетті қосымша ақпаратты беру мақсатымен басшымен өткізілетін іскерлік әңгіме. Сендіру – басқару шешімдерін орындау үшін оның мазмұны бойынша бағынышты тұлғаның бойында қажетті берік көзқарастарды немесе түсініктерді қалыптастыру мақсатымен басшымен өткізілетін іскерлік әңгіме. Мысалы, жұмыс орнында қауіпсіздік техникасын сақтау қажеттігіне сендіру, басқарушылық шешімдерді әзірлеу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану қажеттігіне сендіру. Шарт – келісімнің, шарттың жақтарымен талап етілетін талаптар көрсетілген жеке құжат немесе құжаттағы мәтін.
Сонымен қатар қандай жағдай болсын болмасын әрбір істе жауапкершілік деген болады….Жауапкершілік – бұл біреуге өз әрекеттерін, қылықтарын туралы есеп беру және тапсырылған істі орындамаудың немесе дұрыс емес орындаудың орнын толтыру қажеттігі. Жауапкершілік ресми және жеке, еріксіз және ерікті болуы мүмкін. Соңғысы адам міңезінің сипаты сияқты түсіндіріледі – жауапкершілік сезімі. Міңез-құлықтың дәл осы ерекшілігі адамды адам құқықтарын бұзуға қарсы тұруға, қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі үшін және т.б. болуға мәжбүр етеді. Жауапкершіліктің технологиялық түрлеріне: кәсіптік, тәртіптік, әкімшілік, құқықтық, экономикалық және материалдық жауапкершіліктер жатады. Компания мен оның бөлімшелері басшыларының кәсіптік жауапкершілігінің мәні компанияның жарлығында немесе типтік лауазымдық нұсқауларында көрінеді. Ол өндірістік қызметтің технологиясын бұзу салдарынан пайда болады. Әдетте мұндай жауапкершілік жергілікті (компания шегінде) сипатқа ие. Жауапкершілік нысандары: жазалаудан, ескертуден, сөгістен, басқа жұмысқа аударудан, жұмыстан босатудан тұрады. Басшының типтік лауазымдық нұсқауы төрт тараудан тұрады: жалпы ережелер, міндеттер, құқықтар мен жауапкершіліктер. Кәсіптік жауапкершілік бұл нұсқаудың алғашқы үш тарауларында тұжырымдалынады. Жауапкершіліктің ресми түрлері Жауапкершіл іктің технологиял ық түрлері Жауапкершіл іктің гуманитар лық түрлері кәсіптік тәртіптік әкімшілік құқықтық экономикалық материалдық әлеуметтік партиялық этикалық экологиялық саяси 60 Кәсіптік жауапкершіліктің деңгейі экономикалық тәуекелдіктер мен кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру, соның ішінде аудитордың, нотариустың, бөлімше басшысының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру есебінен төмендетілуі мүмкін. Басшының тәртіптік жауапкершілігі компанияның ішкі жұмыс тәртіптерінде (нұсқауларда,ережелерінде және т.б.) көрінеді және басшы қызметінің ұйымдық аспектілеріне қатысты. Ол субординацияны, қаржылық, жоспарлық, келісімді және технологиялық тәртіпті сақтамаудан болады. Жауапкершілік нысандары: жазалаудан, ескертуден, сөгістен, басқа жұмысқа аударудан, қызметіне сәйкессіздігі туралы хабарлаудан, жұмыстан босатудан тұрады. Әкімшілік жауапкершілік азаматтардың құқықтар мен еркіндіктерін азаматтықпроцессуалдық бұзу кезінде болады. Әкімшілік жауапкершілікті жүзеге асырудың негізі әкімшілік пен азаматтық құқық және басқа жұмыс тәртіптері болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік Еңбек кодексінде аса толық көрсетілген. Әкімшілік жауапкершіліктің негізгі нысандары: ескерту, әкімшілік тыйым салу, заңға қайшы заттарды конфискелеу және т.б. болып табылады. Құқықтық жауапкершілік Азаматтық және Қылмыстық кодекстерінде регламенттелетін жауапкершілік түрлеріне жартылай немесе толығымен қатысты болады. Құқықтық жауапкершілік ескерту, бұйрық етілген әркеттерді орындау, қамауға алу, тұтқындау түрінде жүзеге асырылады. Экономикалық жауапкершілік әдетте алған міндеттемелерді орындамау немесе дұрыс емес орындау үшін заңды тұлғаға (компанияға) қатысты қарастырылады. Ол басқару шешімдерден болған залалдың орнын толық немесе жартылай өтеуге арналған және екі нысанда көрінеді: экономикалық санкциялар және шығындарды өтеу. Экономикалық санкциялар шектеу сипаты бар еріксіз шаралардан, соның ішінде экономикалық бойкоттан, жеңілдіктерді толығымен немесе жартылай алып тастаудан және т.б. тұрады. Шығындарды өтеу материалдық немесе ақшалай түрде жүзеге асырылады. Материалдық жауапкершілік әдетте компанияға мүліктік немесе ақшалай залал келтіру үшін жеке тұлғаға (компания қызметкеріне) қатысты қарастырылады. Оның себептері кәсіби емес әрекеттердің немесе немқұрайлықтың болуы мүмкін. Материалдық жауапкершілік толық немесе жартылай (келісім шектерімен шектелген) болуы мүмкін, ол залалдың ақшалай мөлшерінен немесе еңбекті төлеудің минималды мөлшерінен шыға отырып есептелінеді. 3. Жауапкершіліктің гуманитарлық түрлеріне: әлеуметтік, партиялық, этикалық, экологиялық және саяси жауапкершіліктер жатады. Әлеуметтік жауапкершілік мейірімділікпен, кішіпейілділікпен, батылдықпен, жомарттықпен, қайсарлықпен, тәкаппарлықпен және т.б. қатар адам тұлғасын сипаттайды. Тұлға жауапкершілігі адам табиғатына салынған. Оны тәрбиелеу есебінен және қоғамның моральдық нормаларын есепке алумен дамытуға болады. Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік ескерту, кінәлау, басшы туралы қоғамдық пікірді өзгерту, қоғамдық кінәлауды айту, жалпы адамгершілік немесе экологиялық түсініктер бойынша лауазымына сәйкессіздігі туралы хабарлау түрінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік жауапкершіліктің объектілері техникалық, биологиялық және әлеуметтік жүйенің элементтері, соның ішінде қандай да объектінің техникалық жағдайы үшін, бекітілген аймақтағы флора мен фаунаның сақталуы үшін, бағынышты адамдар қызметінің нәтижелері үшін және т.б. жауапкершілік бола алады. Әлеуметтік жауапкершілік қызметтік, отбасылық, азаматтық, қоғамдық және жеке міндеттерді орындау кезінде пайда болады. Компаняиның әлеуметтік жауапкершілігі оның жарғылық құжаттарында айқын және айқын емес көрінеді. Әсіресе бұл компанияның миссиясы мен негізгі мақсаттарында көрінеді. Егер компанияның негізгі мақсаты персонал мен клиенттердің қажеттіліктері мен мүдделерін максималды қанағаттандыруға бағытталған болса, онда бұл әлеуметтік 61 жауапкершіліктің жоғары көрінісі. Егер де негізгі мақсаты құрылтайшылардың мүдделеріне қатысты максималды пайда алу болып табылса, онда бұл компанияның минималды әлеуметтік жауапкершілігін білдіреді. Мұнда компания басшысы өз әлеуметтік жауапкершілігін кеңейту талпыныстарында өте шектелген болады. Экологиялық жауапкершілік жергілікті және стратегиялық сипаттағы экологиялық дағдарыстан пайда болды. Экологиялық дағдарыс – қоршаған ортаны ластаумен және табиғатқа жыртқыштық қатынаспен болған қоршаған ортаның өте қиын жағдайы. Партиялық жауапкершілік функционер көрсететін саяси ұйымның шешімдерімен және жарғылық құжаттармен сәйкес болмайтын партиялық функционер қызметінен болады. Жауапкершілік кінәлау, партиядан шығару, партияның басқарушы құрамынан шығару түрінде жүзеге асырылады. Этикалық жауапкершілік басшы ұйымның барлық қызметкерлері міндетті сақтауды талап ететін этика ережелері мен жалпы құндылықтар жүйесін көрсететін этикалық нормаларды бұзған жағдайда болады. Этикалық жауапкершілікті сақтауын бақылауды адамның өзі де, ұжым, жоғары тұрған басшылар тарапынан сыртқы орта өкілдері де жүзеге асырады. Этикалық нормалар сандық немесе сапалық бағалаудан тұрады. Жауапкершілік басшы туралы қоғамдық пікірдің өзгеруі, оған қоғамдық кінәлауды айту, этикалық түсініктер бойынша лауазымға сәйкессіздігі туралы хабарлау түрінде жүзеге асырылады. Саяси жауапкершілік бекітілген мемлекеттік бағдарламаға қатысты мемлекеттік билік пен басқару субъектісінің, сонымен қатар қоғамдық топтар субъектілерінің дұрыс емес немесе тиісті емес қызметінен болады. Мұндай бұзуларды мемлекеттік билік диссиденттік (басқаша ойлау) ретінде бағалайды. Жауапкершілікті жүзеге асыру нысандары қызметтен кету, сенімсіздік, қайта сайлау, елден жіберу бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет