Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж


Суды хлорсыздау мен артық хлорлаудағы хлорлы известь және гипосульфит натрий саны



бет39/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   119
Суды хлорсыздау мен артық хлорлаудағы хлорлы известь және гипосульфит натрий саны 14-кесте

Су көзінің сипаты,


су сапасы

Қажетті мөлшері, г/м

Хлорлы известь 20%тен кем емес

Натрий гипосульфиті

Құдықтың жер асты суы, мөлдірлігі, өзен мен көл суының түссіздігі

30


14


Өзен мен көл суларының түстілігі және лайлануы

60

28


Е с к е рт у : 3 г хлор известінің немесе натрий бисульфитінің 1 шай қасықтағы құрамы

Суды зарарсыздандыруда табелді реагенттер әдісі (хлорлау, артық хлорлау ) суды табельдік, табельдік емес құралдармен су сапасын жақ-сарту.Ол үшін алдымен хлорлауда қайнатады, коагуляциялайды, тұндырады, сонан саң керек уақытына қарай – сүзгілейді.Суды өңдеудегі қарапайым үрдісі және сенімді зарарсыздандыруда комбинациялық әдістің мынандай түрі қолданылады: су сапасына қарай 100 мг алюминий сульфатын және 50 мг хлорлы известь өңделетін судың әр литріне қолданады.


Оқиғаны өрістетуге ( экспозиция) : жазда -30 минут, қыста бір жарым сағат керек. Суды зарарсыздау қажет емес деп тапқан жағдайда табельді жабдықтар немесе қолдағы ыдыстармен құдықтың өзін тікелей суды залалсыздандырады. Ол үшін құдыққа 10 л көлем есебінен 3% хлорлы известке су құйып сұйықтықты араластырады, құдықты оның жан - жағын тазалайды.
Екі сағаттан соң, құдықтағы суды төгеді, құдықтың түбіне хлорлы известі түп лайымен араластырады, одан соң оны да шығарып тастайды.Құдықтың ішкі шеңберін сулап,дезинфекциялық ерітінділермен өңдеп, қайта дезинфекциялайды. 5-8 сағаттан соң хлор иісі шыққанша суды қайта төгеді.Онсыз, құдықтағы, оның маңындағы ластанған көздерді жоймай, құдықты дезинфекциялау тиімсіз.
Құдықты хлорлау,дезинфекциялау біткен соң жүргізіледі.Тәулігіне әр 4-6 сағаттан соң хлорлау тәулігінде су бөлегін 2-3 реттен пайдаланса, су бөлегіне орындар дайындалады.
Ауылдық жерлердегі сумен қамтуда, суды хлорлау кезінде керамикалық патрондар қолданылады.Ондай патрондарды санитарлық- эпидемиологиялық станциялардан алады.
Бір сағат ішінде активті хлор санының (миллиграмм) теңеуі: хлорлы известің – 1/10 бөлегі патронды ыдысты см³ , ал ДТС ГК- мен ыдыстың – 1/5 бөлігін толтыруға кетеді.
Т ө м е н г і т е м п е р а т у р а н ы ң бактерицидтік әсерлі жағдайында хлор әсері баяулайды, сондықтан хлордың сумен жанасу уақыты 2 сағаттан көп, пантоцидті таблетка мен зарарсыздандыру - 1½ сағатқа созылады.Активті хлордың жоғарғы мөлшері қажет етіледі. Мысалы, су температурасы 4-6°С-де активті хлордың әсері 2 есеге, 15-18 °С қарағанда артық болады.
Хлорлаумен суды зарарсыздандырудың т и і мд і л і г і н, бейбіт уақытта Мемлекеттік стандардтың талабына сай бақылану, микробтық санмен бактериологиялық коли - титр көлемі мен және химиялық хлордың қалдығымен анықтайды.
Казармалық қоныстануда коли-титр 300-ден аспауы, далалық жағдайда, оқу, жатығуда ( маневр) – 100 мл кем емес, ал хлор қалдығының саны 0,3-0,5 мг/л болуы тиіс.Соғыс уақытында суды зарарсыздандыруда жүйелі бактериологиялық бақылау әскери бөлімшелерде жүргізілуі мүмкін емес, сондықтан суды тиімдірек хлорлауды бақылайды, ондағы хлор қалдығын өткен белгіленген уақытта анықтайды.
Ж е к е және т о п т ы қ су қорын залалсыздандыруда , егер әскери қызыметшілер бөлімшелерден қашықтау болғанда а р н а у л ы таблетка қолданылады.
Жеке су қорын сақтауда фляга, топтықта – конистра, әскери немесе жауынгерлік техникада болады.Қазіргі уақыта пантоцидті таблеткалармен жабдықталуда, сонымен қатар бұрынғы уақытта бисульфитті пантоцидті және иодті таблеткаларда; дихлоризациялануы қышқылды натрий тұзының таблеткаларында қолданған.
П а н т о ц и д таблеткасы ( қатырылған дәрі) бір флягадағы суды зарарсыздандыруға есептелген, 3 мг активті хлорды бөледі. Пантоцид өте баяу ериді және судың дәмін төмендетеді. Шынында судың ішілуіне жарамдылығы бір сағаттан соң білінеді. Жарықтан қорғалатын және салқын жерде сақталатын, ыдыстың беті жақсы жабылған ыдыста таблетка сақталады. Сақталуына қарай, активті хлордың ерігіштігі активтігі төмендейді, б и с у л ь ф а т п а н т о ц и д таблеткасы пантоцидтен басқа бисульфит натрийі бар, ол қышқылдық ортада хлордың бактерицидтік әсерін күшейтеді және су татымдылығын жақсартады, б и с у л ь ф а т п а н т о ц и д суда жақсы ериді. Й о д т ы таблетка органикалық йод қосылыстардан және виналық қышқылдықтағы қышқылдан тұрады, 2-3 минут ішінде ериді, суды жақсы залалсыздандырады және сақталуға төзімді келеді.Йодтың әлсіз дәмі толығымен 30-40 минутта жойылады. Д и х л о р л и з о ц и а н у р а л ы қышқыл таблетка бірнеше минут ішінде ериді және 4 мг активті хлор бөледі, ол 1 л су үшін зарарсыздандыруға жарап, ішек ауруын тудыратын қоздырғыштарды судан тазалайды. Антивирустар үшін өңдеуге 2 таблеткасы да жеткілікті. экспозициясы -30 минут .
Кейбір жағдайларда суды зарарсыздандыруда аз мөлшердегі пантоцид таблеткасының болмауында, йод, сутегінің асқын тотығы, перманганат калий қолданылады.6-8 мг/л концентрациялы йод 2 минут ішінде суды сапалы дәрежеге жеткізе алады. С у т е г і н і ң а с қ ы н т о т ы ғ ы 3% перегидролі дайын еріткіш ретінде пайдаланылады. Концентрациялы 3мг/л бактериоцидті әсері де байқалады және оның экспозициясы 30 минут.
П е р м а н г а н а т к а л и й д і ң бактериоцидтік жақсы білінетін әсері бар, ол судың органолептикалық қасиетін әжептәуір жақсартады.Суды зарарсыздандыру үшін,1 % ерітгіш қолданылады.Эффектілік әсерінің өзі, 7-10 мг/л концентрациясында байқалады, экспозициясы 30 минуттан кем емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет