Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж


Суды тұщылау және консервілеу



бет40/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   119
Суды тұщылау және консервілеу. Суды консірвілеуде әрине, хлорлануға жүгінеді. 1мг/л есебінен әр күн сайын активті хлорды ендіреді. Осындай хлорлау әдісі суды консервілеуде органолептикалық қасиетін бірден төмендетеді. Сондықтан су сапасын сақтауда, су қорын мол сақтау керек, ал хлорлау тек консервілеу алдында жүргізілуі тиіс.
Халық шаруашылығында, кейбір облыстарда салыстырмалы түрде консервілеуде су қорының аз мөлшеріне электрохимиялық тәсілмен күміс ионының 0,05-0,005 мг/л көлемде ендіріледі.Күмісті ендіру кішігірім ЛК ионизаторымен ендіреді. Бұл приборлар 2сағат ішінде, кейде ерекше жағдайда тез ендіру суды зарарсыздандырады, оны 6 ай бойы сақтауға мүмкіндік береді.Күмісті, су құрамына енгізуде су дәмінің бұзылуына мүмкіндік бермейді.
Далалық жағдайда с у д ы т ұ щ ы л а н д ы р у дистиляция немесе суды қатыру әдісінде, су дистиляторлық қондырғы ПОУ немесе ОПС станциясында жүргізіледі, оның өнімділігі ПОУ да тәулігіне 5-6 м³. С у қ а т ы р у әдісінің негізі, тұщы суды 0°С да қатырады, ал тұзды суды одан да төмен температурада қатырады.Сонымен, -3°-4°С, одан да төменгі температурада тұзды суды ұстаса, су бетінде таза мұз қабыршақтары пайда болады.Егер тұщы судың қажеттілігі тәулігіне 100-200 л ден көп болса, кішігірім карта деп аталатын арнайы су бассейінінде жүргізіледі.Карта деп аталатын қатырманы жерден қазып немесе грунт бетіне тақтай салып орнатады. Қатырған тұщы суда организмнің қалыпты қызметіне қажетті қардан да, мұздан да алынған суда йод, фтор, мыс, маргенец, темір, кобальт т.б микроэлементтер судың минералсыздануына әкеледі. Сондықтан, суды пайдалануда жүйелі түрде суға минералдық заттарды қосып отырады, ол үшін 0,2-0,3 г сөндірілген известь,0,1г хлорлы натриді тәулігіне ішетін су құрамын қосады. Далалық жағдайда да, минералданбаған суға фторлы натрий (1,8мг/л), йодты калий (0,1мг/л) және аскорбин қышқылын (150мг/л) қосып отырады.
Қандай әдіспен тұщы су алынса да, кез келген жағдайда бактериялық ластанбауын, уланбауын және радиоактивті заттар болмауы керек.Сондықтан, су алынуында, залалсыздандырылуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет