Дала жағдайында тамақтану
Стационарлық жағдайға қарағанда дала жағдайында мынадай ерекшеліктер бар: ротаға (ас үйдің бір далалық ас үй бөлімшелері үшін беріледі); әскери адамдардың тобының жеке бөліктеріне тағамдар дайындалады, кейде өздері жасауға тура келеді.Дала жағдайында көбінесе консервілер, концентраттар пайдаланылады. Әскери жағдайға байланысты күрделі және тез дайындалу тамақтану режимінің және тамақ өнімдерінің бұзылуына әкеледі. Тамақтарды зиянды заттардан, бүлінуден, бұзылудан сақтауда, азық-түлік сақтайтын ыдыстардың неден жасалғаны, тазалығы,олардың қалыңдығы және өте тығыз және ыдыстардың беттерінің жабылуы қарастырылады. Ондай ыдыстарды уланатын заттар (УЗ), радиациялық заттар (РЗ) және бактериалды заттардан (БЗ) қорғалуы керек. Буып түю, оралатын заттар ыдысты қаптауға болатын полимерлік пленка қорғаныштығы берік болуы керек, ол уланудан радиоактивті заттардан қорғанатын металды фольга болуы керек. Кейбір жәшіктегі азық-түліктердің үстін шатырларлар,топырақ, қамыс, сабанды заттармен қорғалуы мүмкін, кейде қолдағы бар заттармен де жауып сақтайды.
Соғыс жағдайының күрделілігі және жылдам өтуі, жүйелі түрде тамақтану; таңертеңгілік, түстік,кешкілік үйренген мезгілінде, тамақтың қабылдану ережесінің бұзылуына әкеледі,азық-түлікті сақтаудың өзіндік қиындықтарын туғызады.
Азық-түліктер және тамақтану нормасы. Соғыс уақытында әрекеттегі әскердің жеке құрамын азық-түлікпен қамтамасыз ету,далалық жағдайдағы нормалық үлес құрамына; нан,кепкен нан, ет,немесе ет консервілері, жарма және көкөніс, брикеттелеген (тығыздалған,престелген) концентраттар( бірінші, екінші тамақ ), май қант, шәй енеді.
Тамақтың дәмін, сапасын жақсарту, калориялығын арттыруда қолданылатын сорпалық паста негізінен белок гидролизаттарынан тұрады. Сорпалық пасталарды азықтық концентраттардан дайындайды. Нанды пісіру қиындығы болғандықтан, консервленген нан, қатқан нандарды кепкен нандармен ауыстырады.Кепкен нан (сухари) тамақ пісірер алдында өз қалпына келуі үшін жауынгерлер қазандығының сухари сыбағасы кепкен нан қорынан бөлек-бөлек салып, су құйып, 10-15 секунд қайнатады, содан соң суын төгіп, қазанның бетін жауып, 5минуттай отқа қойып қыздырады. Осындай өңдеуден өткен соң кепкен нан, нан дәрежесіне келеді. Қатқан, кепкен нанның дайындалуы мынандай; қатты қағаз(картон) қорабына құмықты сеуіп, оның бетін сүргілі қағазбен жауып, оған ылғалданған нанды салып қорапты жауып қояды. Қораптың жиегін тілік қағазбен желімдеп тастайды. Қорапты қатар-қатар етіп жинап, өзіндік 4-6 сағат стерилизациялайды (ішкі температурасы жоғары болуы керек) .ұстайды.
19-сурет.Автоасүй (автокухня) ПАК-170.
Ет, өсімдік аралас етті, консервілерді, қазандық тамақ, ол жекелей және топтық тамақ ретінде де қолданады.
Дала жағдайында, кең көлемде құрғақ - НЗ ( НЗ-қол сұқпайтын алып жүруге арналған қор) сыбағалар қолданылады. Құрғақ НЗ сыбаға, жеке құрам жаяу әскерлерді тамақпен қамтылатын асы, ал кейбір жеке контингенттерге (адам құрамына) ерекше соғыс жағдайында ыстық тамақ пісіре алмайтын уақытта ғана беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |