Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж


Тамақтандыруды ұйымдастыру



бет49/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   119
Байланысты:
ӘГ.11.09.13

Тамақтандыруды ұйымдастыру. Әскерді тамақпен қамтуды дала жағдайында ұйымдастыру тамақтандыратын далалық пунктте (ТДП). Оның негізі батальондық далалық пунктте (БДП), ол негізі батальонды жабдықтайтын шаруашылық взвод бөлімінің күшімен жабдықтарымен жасалады. Дайын тамақтар, нан, қант ротаның тамақ бөлетін пунктінде, одан ары алып барушылар көмегімен әскери тәртіпте жеткізіледі.


22-сурет.Батольондық азық-түлік пункті.

23-сурет.Жергілікті жерге ыңғайланған азық-түлік пункті.1 - КП-125 асүй; 2-қамысты шатыр; 3-арқандық қорғаныс;4-ыстық тамақ тарататын орын; 5-картоп, көкөніс тазалайтын орын; 6-асүйді тасымалдайтын автомобиль (тағамды сақтауды және тасымалдауға жабдықталған құрал-саймандар ББП); 7-сарбаздар құрамы үшін жасалған кіші шатыр; 8-жеке құрамаға тамақ қабылдайтын шатыр; 10-шығарылымдық шұңқыр; 11-далалық әжетхана; 12-автоцистернадан суды бөлектейтін орын.

Тамақты дайындауда кішігірім ас үйлік құралдар мен бұйымдары пайдаланылады. Тамақты дайын концентраттармен, консервілерден дайындайды. Әр түрлі себептерге байланысты тамақ дайындау жүйелі түрде болмауы мүмкін, бірақ ыстық тағам тәулігіне 2 рет дайындалуы керек. Барлық БДП-ға азықтың бөлімін берілуі бәріне біртұтас немесе әр түрлі вариантта бірнеше бөлікпен алдын ала дайындалады, ол бөлімшелердегі ұрыс әрекетінің сипатына байланысты.


Дала жағдайында тамақтану өз қазандарымен жеке (индивидуальды топтық) және аралас түрде жүреді.
Қ а з а н д ы қ , далалық жағдайда тамақтануды ұйымдастыру, принципі әскерді тұрақты қоныстандырудағы бейбіт уақыттағыдай қазандық тамақтанудан айырмасы жоқ. Кәдімгі азық-түлікпен жаңа өнімдерді пайдаланып, күніне 3 рет ыстық тамақ ұйымдастырлады.
Шайды 2 рет – ерте, кеште қайнатады. Таңертең және кешке 1 рет тамақ беріледі. Түске суық дәм (жағдайы келіп жатса), бірінші және екінші дәм де беріледі. Егер тәтті тағам беру мүмкіндігі болмаса, орнына қант беріледі.
Әскери қызметкерлерді өзіндік немесе индивидуальды, топтық жағдайларға байланысты тамақтандыруды немесе ыстық тағам дайындау аздаған топтық топтарға - экипажға, жауынгерлік есепте немесе кішігірім бөлімшелерге - кішігірім асүй (кухня) кіші литражды, МК-10, МВК-50 кіші көлемді газды және ошақтар пайдаланылады. Ал жеке тамақтануда (барлаушылар, реттегіштер, кейбір жағдайдар бөлімшенің жеке құрамы)- сарбаздар, онда екі адам болып тамақты өз қазандығында пісіреді немесе ыстық өндеусіз рационды тамақты шай немесе сумен іше салады.
А р а л а с тамақтануда – ыстық тамақ тәулігіне 2 рет - таңертең және кешке оның арасында сарбаздар бұрыннан дайындалған а р а л ы қ тамақты ішеді: нан немесе сухари, пісірілген ет немесе өсімдік- етті консерві, шошқа еті пайдаланылады.
М а р ш т а ( әскердің сапта жүру түрі ) қазандық тамақ ұйымдастырылады. Жеке құрамға марш кезінде НЗ құрғақ сыбаға, ол тек командирдің рұқсатымен ғана беріледі. Ыстық тамақтың берілуі әскердің дамылдау кезінде ұсақ бөлімшелер мен жеке топтарға (барлаушылар, реттегіштерге) тамақтану жеке, кейбір жағдайда термоспен шай берреді.
Сардарлар мен сарбаздардың тамақтануы шабуылды ұрыста ұйымдастырылуы мынандай: топтанған аудандардың жеке құрамның БДП-не ыстық тамақ не термос арқылы бөлімшелерге жеткізіледі; қазандағы тағамды БДП-де тек жақын аралықта жүргендер үшін беріледі
Әрекет етуші жеке құрамның бөлімшелердің шабуылдау кезінде 1-ші эшалонға ыстық тамақ тәулігіне ыстық шай 2 рет, таңертең және кешке, онда да кешкі асты 2 рет, тағам(блюдо) және аралық тамақтандырады. 2-эшалонды әрекет етушілер бөлімшелерге тәулігіне 3 рет ыстық тамақ береді.
Ұрыста қорғанушылар БДП-тен алысырақ қорғанышы бар жерде , қамысты жасырынатын шатырда немесе инженерлік әскери ғимаратта, ал егер тұрғындық пункте болса - азаматтық обьектіде орналастырылады.
Алып жүруші ас үйлерде бүкіл жеке құрам, тамақты өз қазандықтарымен алады. Кейде тамақ ротаның бөліміне беретін пункттерге әкеледі, одан термоспен алып баратындар жеткізеді. Ыстық тамақ 3 немесе 2 рет дайындалуы мүмкін. Соңғы жағдайда аралық тамақтану да ұйымдастырылады.
Демалыс кезінде тамақ 3 рет дайындалады. Көпшілік жағдайда кеңінен жаңадан пісіріледі. Оның режимі қатаң шектеулі, көбінде жеке құрамға БДП-і, тамақты өзімен бірге болатын қазанды алады.
Далалық жағдайда бөлімшелер үлесіндегілері – батальон немесе рота. Сондықтан даладық жағдайда рационды тамақтандыру жауапкершілік бөлімше қызметкерлеріне, одан басқа бөлімше жеке адамдары, бөлім командирі, взводтың шаруашылық командиріне (взвод жабдықтаушыларына) және медициналық жұмысшыларына жүктеледі.
Медициналық жұмысшыларына таңдап тамақтану режимі - қатысады, бөлімшелердегі тамақтың сақталуы, сапасына, тамақтың таратылуына, аспаздар құрамына, медициналық байқау жасайды.
Бөлімше командирлері жергілікті БДП өрістетуге нұсқау береді. Тамақтану режиміне шешім шығарады және жеке құрамның оң нормалық үлесін жеткізуге, оның жеке құрамға бар нәрсесін жеткізуге және тамақ қорының жағдайын, ал керек болса оның жұмсалуына рұқсат беріледі.
Б а т а л ь о н н ы ң а з ы қ – т ү л і к п у н к т і ж ә н е т а м а қ т ы д а й- ы н д а у. БДП-і үш дала ас үйімен толықтырылады: қамысты шатырға, 3 азық-түлікті машина, біреуі қайнатқыш суға арналған, біреуі автоцистернамен, біреуі ротаны қамтитын бір алып жүретін асүймен қамтылады.
БДП-нің жергілікті жерге орналасуы санитарлық талапты қанағаттандыру керек, БДП кәдімгі жер телімінің көлемі 100 х 80 асүй және автомобильдер бір жерде тосу керек. Картоп, көкөністер тазалайтын, аршитын жер асүйде 15 метр, ал қоқыс тастайтын шұңқыр беті жабылған қақпақты қолдан бар материалдан жасалған - 50 метр қашықтықта болу керек.
Қамысты шатырда да алып жүретін асүй өзіне тән аспаздық пышақ таңбаланған аспаздық құралдар, бөлшектеп жиналатын үстел, аспаздық тақтай болады. Әрбір шатырдың алдында қолжуғыштар орналасады.
Ыдыс-аяқ, мүліктерді жуатын, мүмкіндігінше су ағып тұратын арнаулы орын. БДП-де жеке құрамда жеке тамақ қабылдайтын орындары, қазандарын жуып - шаятын орындарымен жабдықталуы керек.
Кейбір аспаздық өңдедің мынандай ерекшелігі болады: мұздатқыштағы ет, жібітілмей - ақ қайнатуға, барлық жағдайда ет белгілі бір бөлшекпен (үлеспен) беріледі, одан соң бөлшектенген ет алдын ала ысытылып беріледі. Кейбір жағдайда ғана мүмкіндік жоқ болғанда, ет бірінші сорпамен қосып береді. Жылыту алдындағы етті қалбыр мен балық консервілерін ашылар алдында мұқият қаралып, сыртқы майлы қабаты тазартылады, ол банкілерді ашық төгіліп қалмайтындай тесіліп қалғандары болмауы керек. Онда консервілер қазанға салып қайнатылады. Қалған ашылған банкілерді сақтауға болмайды.
Қайнап тұрған сорпа және суға консервіленген көкөніс беті жабық күйінде 10-15 минут қайнатады. Дайын тамақты суып қалған қазанда тұруға мүлдем рұқсат етілмейді. Термостың өзінде де тамақтың сақталуы 2 сағаттан артық болмайды.
Аз құрамды команда және жеке сарбаздар далалық жағдайда бөлектеніп үлестік шаруашылық пунктен алыстау жерде жұмыспен орындалатын іспен шұғылданатындарға кейбір жағдайда, қазанда ыстық тамақ дайындалады. Тіпті жеке ыстық тамақ дайындау да жоғары құнды етті- өсімдікті консервіден дайындалады.
Етті-өсімдікті бір қалбырдың салмағы 265 грамдық 460 ккал-ы құрайды. Осындай етті- өсімдікті консерві даярлау алдында қыздырылған күйінде беріледі.
Консервілі қалбырды әуелде ыстық суға 10 минуттай салады, одан алып консервіні салады, ондай қалбырды отқа салып та қыздырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет