2 0-сурет.Өздерімен алып жүретін асүй.
а)автотіркеме КП-125 б) КП-2-49, қамысты шатыр.
НЗ сыбаға ретінде нанды концентраттар қолданылады, оның жоғары құнарлы аралас қоспа, нанды сухари әр түрлі тағамдардан алдын ала дайындалады (ет, сүтті белок, бал, какао, қант, кофе, жемісті экстракт және т.б). тәуліктік рационды құрғақ сыбаға құрамына әр қайсысы 200 гр.нан брикетті концентрат кіреді. Оның сақтау мерзімі 12 айдан кем емес.
Етті, сүтті немесе белокты нанды концентратты брикеттерді ыстық сұйық (суп) тамақ ретінде дайындайды. Ол үшін брикеттіркүні бұрын майдалайды, қазанға ыстық сумен бірге салып (0,4 литр) қайнатады. Нанды концентратты, ешқандай ыстықпен өңдеусіз, шаймен немесе ыстық сумен ішеді.
2 1-сурет.Далалық асүй.
1-асхана; 2-тамбур; 3-тіркеме асүй; 4-көмекші цех.
Рационды құрғақ сыбаға тамақты қабылдау былай: таңертең, кешкі асқа тәтті брикет (престелген), түске – етті, сүтті немесе белокты брикет. Шай және қант теңдей бөлінетіндей етіп, үш мезгілдік тамақ береді. Құрғақ сыбағалар шамамен 3-5 тәуліктен артық болмауы керек. Бөлінген уақыт ішінде жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігін, калориялығын сақтауға сүйемелдеуге жеткілікті.
Құрғақ сыбағалар, НЗ сыбағалар, құрамы картонды-металл банкілерге немесе полиэтиленді пакеттерге салынады. Сыбағаларды сарбаздар қапшықтарында сақтайды. Танк, басқа да тасымалдауға есептелген көліктерге, бронетанктерге және артиллериялық өз бетімен жүретін қондырғыларға, НЗ сыбағалардың аузы жақсы бекітілген (гермитичность), қақпағы бар металл жәшіктерге төселіп салынады.
Далалық азық-түліктің техникалық жабдықталу қызметі. Барлық азық - түліктің техникалық жабдықтау қызметін, дала жағдайында тамақты дайындайтын, алып жүретін, сақтайтын, пайдалануына карай 3 топқа бөлуге болады: тамақ дайындалатын, ыстық тамақ дайындалатын, азық – түлікті алып жүретін және сақтайтын жабдықтар, далалық нанды таситындар және далалық жылжымалы заводтар, шағын диірмен және қасапхана.
Әскери бөлім жабдықтайтын автоас үй, ПАК-170 және алып жүретін КП-125, қамысты шатыр және КП-2-49 болуы керек. Ең ыңғайлысы автоас үй ПАК-170. Мұнда тамақ дайындалады, ол жақсы жабдықталған автомобильдің үйі, ол жаңбырлы күндерде жарамды. Бөлімшелерге тамақты жеткізуде термостар, онда температура – 150С болса да, тағам бірнеше уақыт ыстық күйінде болады.
Ірі тылды құрамға (штаб, госпиталь) тамақты ұйымдастыруды далалық асхана – ас үйлерде орналастырады.
Ыстық суды ысытылатын қазандарда дайындайды, ол барлық алынып жүретін ас үйлер, қайнатқыш ПНК-2 қолданылады.
Тез бұзылатын, сақтауға келмейтін азық-түліктерді суытқыш камералар және авторефрижаторларда сақтайды. Қалған азықтарыды, жинастырылатын кафт-қағаздардан жасалған қапшықтарда, полиэтиленді картон қораптарға салып, тағы да басқа сәйкестенген тараларда (ыдыстарда) сақтайтын алып жүретін азық-түлікті машиналармен, аз көлемділерін арнаулы контейнерлермен алып жүреді.
Дала жағдайында әскери бөлімшелерде өзбетінше нан пісіреді немесе далалық дивизион аралық нан заводтарда дайындайды.
Далалық жылжымалы заводтар, диірмен, қасапхана және т.б. жабдықтар, өздеріне сай құрал – жабдықтарды әскердің тыл, майдан құрамын ұн, жарма, макарондық заттар, ет дайындайтын қызмет жабдықтайды.
Суды тасымалдау, сақтау үшін автомобильдік цистерна АВЦ-28, АВЦ-15, цистерна ЦВ-2 басқа да жабдықтаушы арнаулы жабдықтар пайдаланылады. Су қорына арналған көлемді ыдыстар, далалық ас үйлерде де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |