Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж



бет56/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   119
27-сурет.Су сынамасын алу құралы – Батометр.
а )Қолдағы б)табельдік құрал-сайман.

Алынған су сынамасын тексеруге жіберіледі. Қағаз жапсырып жазылады, онда су көзі, тексерудегі мақсаты, тексеру нәтижесі, УЗ индикациясы және су температурасы, сынаманы алу тәсілі, сынама саны, кім және қашан алынғандығы (сағаты, күні, айы, жылы) көрсетіледі.
Лабораториялық зерттеуге алынған азық УЗ, РЗ, БЗ -ның залалданғаны мынандай жолмен өткізіледі: сынаманы жоғарғы қабаттарының кемінде 10 орыннан бір партиядан ашып алады. Әр алынған орыннан тамақтың жүз грамдайы, жалпы алынған сынамамен араластырылып, алу көлем массасы 1000 грамм болу керек. Сынаманы азықтың ең түбінен алуға тиым салынады.
Сынаманы жоғарғы қабаттардан алу қажеттілігі тәжірибесінің үлкен маңызы бар екен атап өту керек. Біріншіден, ол адамдардың улануынан сақтайды, араласқан жоғарғы қабаттан неғұрлым тереңнен алынған сынама залалдануының көп болуы, орташа залалдануының мүмкін болу шегін анықтайды. Екіншіден, жоғарғы қабаттан алынған сынама азық-түліктегі УЗ-ң анықталуын жеңілдетеді, өйткені тез және оңай жоғарғы дәрежелі тамақтың залалдануына, төменгі дәрежесіне мүмкіндік береді.
Осыған қоса, уақыт ағымының өтуіне қарай азық-түлік тағамындағы УЗ-ң бөлінуі болады. Осы кезеңдегі, тамақтағы газ, бу және УЗ аэрозолдерімен үстіңгі қабаттың залалдану әсері 1-2 см қалыңдықта өтеді. УЗ қолданылуы тоқталған соң, алғашқы 1-2 тәулікте УЗ десорбцияланады, ал азықтың қалған бөлігіндегі УЗ тереңге кетеді.
Сынаманы жоғарғы қабаттардан іріктеп алу мынандай: қатты азықтарды (ет, балық, нан, т.б.) – 1 см, сусымалы (жарма, құмшекер)-3см, қуысты тағамдар (макарондық заттар, сухари) – 10 см, жартылай сұйық (джем, қайнатпа) -5 см тереңдікте алынады.Қапшықтағы, қатар-қатар жиылып үйілген азықтардан сынама шахматты тәртіппен залалданған күмәнді бөліктерден алынады. Қапшықтың шамамен кесіндісі П-тәрізді етіп 10х20х20 см етіп алады. Қиықтап кесілген қалақпен жалаңаштанған бөліктен сынаманы , жоғары 3 сантиметрлік қалыңдықта массасы 100гр он қапшықтан, бір партиясын алады. Сақталған сусымалы азықтан сынама, қалақпен 3 см тереңдікте түрлі орыннан 100 гр-нан алынады. Егер азық жәшіктерде болса, сынама үстінгі қабатынан залалданған бөліктерді қамтып алады. Қатты азық-түліктен (ет-балық, нан) кесіп үстінгі бөліктің қалыңдығы 1 см етіп алады. Ішетін ыдыс, ваннада ,күбіде сақталған азық-түлік сынамасы бетінен де, түбінен де шыны түтікпен қатты және сұйық азықтардан (дайын тағам ашыған, тұздалған нан, т.б.) қатты сұйық азықтардың үстіңгі бетінен де сынама алынады.
Алынған сынамалар шыны ыдысты тығыз тығыны немесе пластамассалы тығыны барлардан алынып орналастырады. Сусымалы азық-түліктер полиэтиленді пакеттермен алынып кішкене арқанмен байлап тастайды, сынамаларды нөмірлейді, сынамаға алынған азық-түлік буылады, ол нөмір ярлык (жазбақағаз) ретінде немесе жазып жапсырады. Сынаманы сорғыштайды, орама қағазбен орап және жәшікке орналастырады. Арнаулы көлікпен сынаманы лабораторияға жеткізеді, алып баратын орын жақын болса жаяу апарады.
Өзімен бірге жүретін бланк екі дана : азық-түлік аты, тексерілу мақсаты, күні-уақыты, қай уақытта алынғаны, обьектінің аты, қайда алынғаны, мекені, залалданған жағдайы, залалданғанның күдік тудыратын азық-түліктердің саны, жауапты адамдардың аты, жөні, атқаратын қызметі, сынаманы алғандар да көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет