Е с к е р т у : Бөліктің үстінде – түрі және зерттеу көлемі, бөліктің астында – қолданылатын құралдар,ВМЛ (ӘМЛ) – әскери медициналық лаборатория; ЛБ – бактериологиялық лаборатория;ЛВ –вирусологиялық лаборатория; ЛГ – гигиеналық лаборатория
1 -өзімен бірге алып жүретін жәшікті құрал-саймандық үстел; 2-бөлгіш тақтай; 3-фарфорлы үгіткіші бар тостақ; 4-сынаманы үгітетін жәшік (үстел боксы); 5-фольгадан жасалынған прескьювет; 6-есептегіш қондырғы ДП-100-М; 7-қорғасынды үйшік; 8-соңғы есептегіш; 9-соңғы есептегішке арналған сөре.
28-сурет. Төсеніші бар радиометрлік лаборотория РЛУ-2.
-егер шектеулі мүмкіндігі залалданғанына жіберілген өлшемнен асса, дені сау адамдардың тұтынуына жарамды азық-түліктер;
-егер УЗ мен РЗ-мен залалданған аспаздық үрдісіне немесе технологиялық дегазациядан өңдеуден өтсе, жалпы қоғамдық тамақтану жүйесінде тұтынуға жарамды азық-түліктер;
-азық-түлік дегазацияға жатады немесе ұзақ жатып қалуы;
-егер дайын тамақта УЗ мен РЗ қалдық сандары рұқсат етілген өлшемнен көп болса, дені сау адамдардың тұтынудағы тамақтар шектелмесе, тамақ жарамды;
-тұтынуға жарамсыз азық-түліктің жойылуы керек, ондай шешім, азық-түліктің аздаған бөлігінің УЗ-ң тамшылы-сұйықтықпен залалдануы, сонымен бірге санитарлық-химиялық, санитарлық-физикалық көрсеткіштері сапасыз деп қабылданады.
Суды зерттеудің аймағындағы УЗ мен РЗ залалданудағы нәтижесі болғанда эксперттің осыған ұқсас шешімі болуы мүмкін.
Биологиялық заттарды қолдану аймағындағы азық-түліктің, судың экспертизасы, эксперт шешімі мынадай болуы мүмкін:
-ешқандай шектеусіз мақсат болғанда азық-түлікті пайдалануға (су, азық-түлік) рұқсат етіледі. Егер тағам ыдыс сақталуында ешқандай заттарды өткізбейтін тығыз жабық болса, сыртқы беттері сенімді дезинфекцияланғанда ғана ондай шешім болады;
-азық-түлік өнімі термиялық өңдеуден өтсе жарамды;
-азық-түлік жойылуға тиіс болса, су мен азық-түлікті УЗ мен РЗ-ң тәуліктік түсуі сомасы әр улы заттардың сәйкесті үлесінен артып кетпеуі керек.
Жойылуға тиісті азық-түліктер өртеледі, немесе көміп тасталады. Соңғы жағдайда алдын ала карбон қышқылы немесе мұнайлы заттармен аралыстырылады. Көмілетін азық-түліктің үстіңгі қабатының қалыңдығы 1 см болу керек. Өртелетін азық-түлік тереңдігі 1 метрлік шұңқырда орналасады. Осы уақытта адамдар желдің ық жағында тұруы керек. Азық-түлікті өртеуді іске асыратындар арнаулы комиссия, ол тамақ обьектісінің бастығының атымен атқарылады.