Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж


Өзіндік бақылау және сабақты талқылау сұрақтары



бет59/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   119
Өзіндік бақылау және сабақты талқылау сұрақтары

  1. Жаппай қырып жоятын қарудың азық-түлік пен суды залалдандыруы және оның қандай жолдары бар?

  2. Гигиеналық экспертизаны кімдер іске асырады? Оның міндеттері және кезеңдері.

  3. Экспертизаның бірінші сатысы – қандай орындарда зереттелетінін айтыңыз. Осы кезеңге қолданылатын техникаларды атаңыз.

  4. Сынама іріктеуді алу ережелері? Залалдану дәрежесі және түрлеріне байланысты ерекшелігі мен жалпы ережелері.

  5. Өзімен бірге алынатын бланк (толтырылатын қағаз) ол қандай сынамаға бағытталады. Ұн сынамасы қандай заттармен уланады?

  6. Лабораториялық заттарды атаңыз, ол экспертизаның үшінші сатысы. Осы сатыда қолданылатын техникалық құрал жабдықтарды атаңыз.

  7. Олжалық азық-түліктердің гигиеналық экспертизаның нәтижесі бойынша қандай шешім қабылдануы мүмкін?


6 – т а р а у
Әскерилердің еңбек гигиенасы


Мекендік мәселеде әскери мамандардың еңбек гигиенасының сипаттамасы

Әскери еңбек гигиенасы- әскери гигиенаның арнаулы бөлігі.Әртүрлі жағдайда туатын өзгерістерді ескере отырып қызметкерлердің еңбекке қабілеттілігін зерттеу және олардың қажуы, әскери ынталылығының төмендеуіне мүмкіндік бермеу,соған қарсы тұру,күресуді қамту әскери еңбек гигиенасының міндеті.Әскери гигиенадан әскери техникалық конструкция негізінде гигиеналық нормативті жасау,жеке құрамның қорғану факторларын құрастыру,адам организіміне әскери оқу-жаттығу кезінде,әскери жауынгерлік әрекетінде зиян.Жеке құрамның қорғану факторларын құрастыру да еңбек гигиенасының міндетіне кіреді, ал еңбек гигиенасының міндеті- туатын қиындықтарды немесе әскери кәсіби аурушаңдықты барынша төмендету.


Әскер ісіндегі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, инновациялық-технологияның енуіне байланысты, еңбек гигиенасының сипаты өзгерді.Адам атқаратын қызметтің маңызы күшейді, оның бәрі әскери техниканы тиімді пайдалану және әскери кезеңдердің күнделілігі мен әскери іс әрекетке байланысты.Қарулы күштердегі жеке құрамның еңбек жағдайы мен қазіргі Әскердегі, Флоттағы техниканың жетілуі, олардың жабдықталуына қарай өзгерді. Әскери құрамның қызметкерлері еңбек етуінің өзі, қарапайымдылықтан күрделі физикалық басымдылық,мамандардың жоғары біліктілігін талап етіп, өз ісінің нағыз маманы болуына, жоғарғы төзімділікті, нервтік-психологиялық жүктемелерді көтере алатындай мықтылықты қажет етті.
Жай тұрғындарға қарағанда әскерилердің еңбегі шын мәнінде ерекшеленеді:

  • Еңбек белсенділігінің қарқыны уақыттың тығыздығына қарай жауынгерлік міндеті күрделенді;

  • Еңбек үрдісіндегі ритмді сақтау қиындады ;

  • Әскери міндетті орындауда ,еңбек жүктемелігінің ұзақтығы мен көлемі қатаң шектелді;

  • Әскери техниканы басқару,тез сезімдік қимылдық реакция және дәлдік, үйлесімділік,орнықтылық акті үлесі жоғарылады;

  • Ойлау әрекетінің творчестволық ( шығармашылық ) үлесі жоғарылады,өмірдегі қарапайым туатын қауіп қатерлік өсті (су астында жұмыс істеу, су астында танкті басқару, мина қою оны жасыру,парашюттен секіру,тау аймағында әскери әрекеттерді жүргізу);

  • Климат жағдайының аяқ астынан өзгеруі (сыртқы орта температурасының төмендеуі);

  • Мекендік ортаның қолайсыздығы;

  • Ішетін су мен тамақтың қорының жетпеуі;

  • Жұмыс істейтіндер үшін жиі жарықтың төмендеуі,жоғалуы,қараңғылықтың

түсуі,түңгі мезгілдің болуы.
Әскерилерде, еңбек физиологиясында жаңа мәселелердің тууы,әскери мамандардың жұмыс ерекшелігіне байланысты болады:

  • Шектеулі қимыл әрекетіндегі гипокинезия;

  • Монотондылық,ол жұмыстың тек бірбеткей болуы;

  • Сенсорлық (сезімталдық) жүйесінің шамадан тыс болуы,ол уақыт

тығыздығына қарай жағдайға байланысты ауысымды ритмді болуы;

  • Автономды әрекет режимінде жұмыс кеңістігінің шектелуі;

  • Ұзақ уақыт бір қалыпты болуы;

  • Әртүрлі қорғаныстық жүйеде қорғаныс киімімен жұмыс істеуі.

Жасанды зиянды факторлар әскери кәсіпшілдік аурушаңдықты тудырады, оған жататындар техникалық сұйықтықтардан, оқ дәріден, машиналардан шығатын газдар, СО2, аса жоғары жиілікте (СВЧ-АЖЖ) болатын электромагнитті сәулеленуде, шу, діріл және басқа да түсетін ауыртпалықтар. Соғыс уақытында болса, жеңіліс осындай алдын ала болған факторлар әсері, кейде оның өзі көптік сипат алып кетеді.
Қазіргі уақытта әскер мен флотқа тән біріншіден табиғи толқымалы бірқатар факторлар; АЖЖ сәулелер жарықтың әсері және басқа да факторлар; екіншіден кез келген факторлардың бірігіп кетуінен, мысалы, статикалық, электробиологиялық әсерлер. Әскери мамандардың еңбек ету барысында осындай зиянды жасанды факторлар организмдегі басқа органдарына патологиялық реакция жағдайы. Мысалы, суда жұмыс істейтін сүңгігіштердің жоғарғы қан қысымы, атмосфералық қысымының төмен болуы және ұшқыштарда тау жағдайында болатын гипоксия.
Бұдан басқа да бірталай жеке факторлар әскери мамандардың әдеттегі еңбек етуіне әсері бар. Ол барлық әскери қызметкерлерге тән. Ол шу, діріл, құбылмалы жарық, жұмыс орындарға аумақтағы толқымалы ауаның химиялық қасиеті, оның температурасы, ылғалдылығы, машиналар мен оқ дәріден шығатын газдар.
Әскери мамандардың еңбек гигиенасын қамтамасыз ету жоспарында бөлім дәрігері өз ісінің нәтижесін жеке құрам жауынгерлерінің шыныққан, денсаулығы мықты, жауынгерлік қабілеті жоғары болуындағы мақсатының орындалуы, сол жауынгерлерге табиғи және жасанды орта факторларының адам организміне әсерін ескере отырып жұмыс істеуі, әскери жағдайда ғана емес, барлық комплексті факторларды ескеру қажет.
Республиканың қарулы күштеріне қарқынды ғылым мен техника жетістіктерінің енуі, әскери мамандардың еңбек сипатын өзгертті.
Қазіргі заманғы әскери еңбек сипаты:

  1. Ой еңбегі, жүктеме үлесі өсті

  2. Қарқынды дене еңбегі

  3. Нервтік психологиялық ширығудың маңызы

Әскери мамандарда еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру (НОТ-ЕҒҰ) қажеттілігі әскердің қарқынды еңбегінің жоғарлануына, кәдімгі іске тікелей асырылатын әрекеті, әскери мамандардың ЕҒҰ-на гигиеналық бақылаудың негізі, уақытында қажып – шаршауының даму механизмін, дененің ысып кетуін және гиподинамикасын, сонымен бірге дұрыс диагностика қоя білу, уақытында солардың бәрін әскери мамандарды оқыту үрдісінде, сол кезде әскери дағды мен біліктілікті арттыра білу.
Белгілі болғандай қимыл актісі, жұмысқа кірісер алдында демалу соған дағдылану, ол тиімді. Тез және дәлдік әрекет автоматизмге дейінгі дайындық. Соған қол жеткізу жүйелі түрде шаршағанға дейін шынығу, жаттығу жасау. Осындай жағдайда адаптациялық (бейімдік) механизмді пайдалану организмнің артық мүмкіндігін тартуға келетінін және еңбекке қабілеттіліктің тұрақты фазасын ұзартады. Ол шаршауды болдырмайды. Бұл әрбір әскери маманның жауынгерлік қабілеттілігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет