Қарулы Күштердегі санитарлық қадағалау Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс шаралар жеке құрамның денсаулығын сақтау, оны күшейту, күнделікті үздіксіз бақылау, еңбектену жағдайында жауынгерлердің құрамындағы факторларға, қоршаған орта күйіне баға беру, Қарулы Күштердегі санитарлық қадағалаудағы жүйенің бақылануы.
Әскердегі санитарлық қадағалау, әскери медициналық қызметтегі, күнделікті қадағалаумен және ескертулер арқылы іске асырылады.
Санитарлық қадағалауды іске асыра отырып, соғыс уақытында гигиеналық және эпидемияға қарсы нормалар мен нұсқауды, құрылыс барысында және жергілікті қорғаныс қоныстануында, тылдық ғимараттары олардың объектілеріне, жеке құрамның жасырындық орындарына ,медициналық қызмет бастықтары бақылау жасайды.
Күнделікті санитарлық қадағалауда медициналық қызмет бастығының негізгі міндеті:
Әскери және арнаулы дайындықтың жоспарлануындағы медициналық бақылауды ұйымдастыру, өткізу, барлық санитарлық ережелерді жеке құрамның техникалық, агрессивтік және токсикалық заттармен арнайы әскери объектідегі жұмыс кезінде орындалуын бақылау;
Жеке құрамның дене тәрбиесі және сақтық іс шаралар, дене тәрбиесі және спорт істері жөніндегі бастықтармен бірлесе отырып сардарлар мен сарбаздардың шыңдалуын, төзімділігін арттыруда медициналық бақылауды жүзеге асыру;
Тамақтану режимін қарастырып, өңдеуге қатынасу және оның ұйымдастырылуын, іске асырылуына, азық-түлікті уақытында және сапасына жүйелі түрде бақылау жасау;
Бригада командиріне диеталық тамақтануға мәжбүр адамдар туралы қорытынды шешімді ұсыну;
Соғыс уақытында тыл жөніндегі орынбасарлар мен инженерлік қызмет бастығымен бірге суды тұтынуды жоспарлау, оны зарарсыздандыру тәсілі мәселесімен және судың сапалылығын бақылау;
Бөлімшенің орналасқан ауданының санитарлық жай-күйі,оның ғимараттарының және шаруашылық қызметін бақылау;
Монша, жуынумен қамтылатын қызмет пен жеке бас гигиенасын сақтауды және оны бақылауды өткізеді.
Санитарлық қадағалауды өткізуді ұйымдастыруда дәрігерлік гигиеналық норма, нұсқаулар мен ережелерге басшылыққа алады.
Барлық гигиеналық нормалар, нұсқаулар мен ережелер Қорғаныс Министрінің бұйрығымен ендіріледі, Қорғаныс Министрінің орынбасарлары және тыл жөніндегі орынбасарының – Қарулы Күштердің бұйрығы, қарарлары, Қорғаныс Министрлігіндегі медициналық басқарма бастығымен де Әскерге ендіріледі. Осы нормалар мен ережелер, ресми құжаттар әскерге ендірілуі шектеулік деп аталады. Әскери дәрігер гигиеналық қамтылуды шешу мәселесін мемлекеттік нұсқауларды басшылыққа медициналық қамтуда өсиет , ақыл кеңеске сүйенеді. Ал күнделікті аралас қатардағы анықтамалық және нормативтік мәселелерді шешуде, шектеулі құжаттарды қызметке сай пайдалану – медициналық қызмет бастықтары, штаб бастығынан алады.
Бөлім дәрігерінің өткізетін алдын алу шараларының жетістігі сол, ол түсіністік пен біліміне қарай өз міндетін орындаудағы ұғымына байланысты, олар сонымен қатар міндеті бар басқа да қызметкерлерге қатынасты.
Гигиеналық нұсқауларды іске асыру жағдайында материалдық шығынды, маңызды уақытта орындау күш жігерді қажет етеді, ал ,ол туралы медициналық қызмет бастығы бөлім командиріне баяндайды, сол жұмысты орындауға сәйкес құжаттармен қоса баянат береді.Осындай бөлім командирінің негізделген баянатында әрбір қызметтік жауапкершілігі бар қызметкерлерді белгілі уақыт мерзімінде медициналық алдын алу іс шараларын өткізуді міндеттейді. Штаб, бұйрықтың орындалуына бақылау жасайды.
Белгілі уақыт ішінде берілген бұйрықтың орындалуы туралы командирге баяндайды.
Медициналық қызмет бастығы барлық санитарлық нормалар мен ережелердің бұзылу факторларында, кінәлі адамдарды, осы кемшілікті жою шараларын, бөлімшелердегі қоғамдық ұйымға ақпараттандырады.
Осы жоғарыда айтылған дәрігер нұсқауларын толық көлемде орындамаған өзіне қатысты қызметкерлер жөнінде медициналық қызметтегі бастығы, өз бастығына, бөлім командиріне осы мәселені қойып, орындамаған кінәлілерге белгілі шара қолданады.
Күрделі жағдай болғанда, көмекке санитарлық-эпидемиялық мекеме - санитарлық эпидемияға қарсы взвод батальонының санитарлық-эпидемиологиялық мекеме гарнизонына немесе округтық лабораторияға өтініш жасайды.
Соңында, арнаулы санитарлық-эпидемиологиялық мекеменің әскери медициналық қызметіне осы қойылған мәселенің құзырына берілген шешім мен қорытындысына сай болуы керек.
Қорғаныс Министрінің Әскердегі санитарлық қадағалау жөніндегі барлық командирлерге, бастықтарға бұйрық беріледі.