2- т а р а у Әскерді қоныстандыру гигиенасы Әскерді қоныстандырудың негізгі міндеті жеке құрамның жауынгерлік қабілетінің жоғары болуы, барлық жағдайларда оқуына, демалысына, өз – өзінің қалпына келуіне толық қолайлы жағдай жасау.
Әскерді қоныстандыру тұрақты – к а з а р м а л ы қ (стационар) немесе уақытша д а л а л ы қ.
Әскерді казармалық қоныстандыру арнайы ұзақ уақытқа арналған ғимараттарға орналастыру. Онда барлық жағдайлар ескеріледі (орналасқан ауданның климаты, әскерилердің құрамы) соған қарай әскери қалашық немесе әскери техникалық ғимараттар болуы мүмкін.
Далалық қоныстандыруда әскерилердің уақытша, тұрақты орналасатын объектіден тыс белгілі мақсаты болады. Ондай қоныстандыру бейбіт немесе соғыс кезінде болуы мүмкін. Әскери қоныстандырудың негізгі міндеті гигиеналық талаптарға сай әр уақытта қолайлылық туғызу, жауынгерлердің жеке құрамына жағдай жасау.
Казармалық қоныстандыруда – оқу жаттығу, шынығу, оқу, демалу, жатын орны, туалеті, төсек-жабдықтары, әскери киімдері (обмундирование) ортаның климатына сай болуын қамтамасыз ету. Ал медицина қызметкерінің міндеті гигиеналық нормаға сәйкестілігін қадағалау, қойылатын талапты қамтамасыз ету.
Казармада орналасуы Казарма қатардағы сарбаздар мен шартты қызметтен тыс сержанттары үшін арналған. Бұл жерде УЗ(улы заттар) - нан сақтау, жеке қаруларын сақтауға және демалуына болады. Казармада саяси - бұқаралық және мәдени тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Казарма әр уақытта таза , құрғақ, жарық, кең, ауасы тазартылып желдетіліп тұратын, ұйықтайтын және қосалқы бөлмелері болуы керек.
Әскерде батольон казармаларында роталар орналасатын және міндетті өз бетімен орналасатын бөлімшелер болады.
Ішкі қызмет етушілердің жарлығына сай, казарма ғимаратында: қоғамдық бөлме, кеңсе, әскери қызметшілердің қару – жарақ тазалап ұстайтын, сақтайтын, ұйықтайтын, тұрмыстық қажетті өтейтін, жуынатын, аяқ киім тазалайтын, темекі шегетіндер, әскери киімдерді құрғататын және аяқ киім арналған бөлмелер болуы керек. Сабақ өткізуге арналған жабдықталған класс (сынып) болуы қажет.
Ұйықтайтын бөлмелерде әр жауынгер үшін орта есеппен 2,5-4м² көлемде, ауасы 9-12 м3-ке есептелген болу керек. Төсектері бір қатарда, ал егер бір немесе екінші қабаттардың (ярустар) арасы 0,8-1 м биіктікте, терезе мен үй қабырғасына жақын болуы керек. Әр төсек арасында бос сапқа тұруға ыңғайлы орын болуы керек.
Әрбір жауынгер өз төсектерін жайластырып, төсек комплектерімен жабдықтап ( 2 ден ақ жайма, жұрғақ, жастық тысымен, 2 сүлгі орамал ) қажет. Әрбір таңғы дене шынықтырудан және бөлмені ретке келтірген соңда, төсектерді жинап қою керек. Түнге қарай, күнделікті киім кешекті және белдіктерін орындықтарының үстіне , аяқ киімдерін төсектің аяқ жағасына қояды. Арасында киім-кешектер шкафта сақталады ол ұйықтайтын бөлмелерден бөлек , әскери парадтық, демалыс киімдер арнаулы қоймада, жауынгерлердің өз заттарын сақтайтын бөлмелерінде болады.
Жеке құрамға арналған бөлмелердің ауа температурасы - 18°С-тан төмен болмайды, клуб, саты алды алаңы мен жинастырылатын бөлмелерде - 16° С, гимнастикалық залда – 15 °С. Барлық ұйықтау бөлмелерінде термометрлер 1,5 м биіктікте, ішкі қабырғалардан, терезеден, сыртқа шығатын есікте және жылыту құралынан 1,5- 2 м-дей орналасады. Казармадағы жасанды жарықтанулары мынандай нормалық жағдайда ұсталады ( 2- кесте). Терезенің ашпалы көзі (форточка), фрамук және терезе арқылы да казарманы желдету жүргізіледі.
Казармалық бөлмелер
Жарық, лк
Жұмыс уақыты
Кезекшілік уақыты
Ұйықтайтын бөлме
Дәліз, басқыш алаңы
Жуынатын бөлме, туалеттер
Арнаулы бөлме,