Әскери қызметкерлердің, құтқарушылардың, өрт сөндірушілердің, күзетшілердің киімінде көбіне арнаулы тігін жапсырма кездеседі



бет3/11
Дата07.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#48043
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жауабы: 1.____, 2.____, 3._____, 4.______.
Металдардың формуласын олардың атомдарының металдық қасиеттерінің азаю (әлсіреу) реті бойынша орналастырыңыз:



  • Al

  • Cu

  • Na

  • Pg

  • Mg

  • Ag




He, Ne, Ar, Kr, Xe молекулалары бір атомнан тұратын химиялық элементтерді инертті немесе бағалы газдар деп атайды. Гелий, геон, аргон, криптон и ксенон газдары пайдаланылатын салаларды жазыңыз.
Жауабы:










Г


Математика
үлден үш мәнді санды жазды. Оның:
- ондықтар разрядында 1 саны тұр,
- бірліктер разрядындағы сан ондықтар разрядындағы санынан кем,
- жүздіктер разрядындағы сан бірліктер разрядындағы санынан көп.
Бұл қандай сан?

  1. 101

  2. 111

  3. 210

  4. 110



Берілген арифметикалық прогрессия және оның формуласы арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.







Арифметикалық прогрессияның берілгені




Формула

A.

а1 = 2, d= 3

1.

an = 3n + 2

B.

а1 = 3, d= 2

2.

an = 3n - 1

C.

а1 = 1, d= 2

3.

an = 3n + 1

D.

а1 = 4, d= 3

4.

an = 2n - 1







5.

an = 2n + 1


Жауабы: 1.____, 2.____, 3._____, 4.______.

Текше пішінді зат үстел үстінде І қалпында жатыр. Оны сілтегішпен көрсетілген (1,2,3,4) бағыттарда қабырғасы арқылы аунатты. Текшенің жоғарғы қырындағы нүктелер саны II, III және IV суреттеріне сәйкес келетіндей етіп аунатудың дұрыс ретін анықтаңыз.




Математика


І ІІ

ІІІ IV






Іс-қимыл реті

A.




B.




C.



D.





Жауабы: 1.____, 2.____, 3._____, 4.______.

Екі бірдей қапта небәрі 84 кг картоп болды. Бірінші қаптан екінші қапқа қарағанда үш есе көп картоп алынған кезде, бірінші қапта екінші қапқа қарағанда екі есе аз картоп қалды. Әрбір қаптан қанша килограмм картоп алынды?


Жауабы:










М
Математика
ына комбинациядағы Х және У мәндерін табыңыз?


Жауабы:









Е
Оқу сауаттылығы


сеннің кірпісі
Есеннің үйі айнала өскен зәулім ағаштарға бөленген. Оның өте қызықтап күтетіні өзі егіп өсірген сонау гүлден тіккен шатыр сияқты дөңгелене өскен шоқ ағаш. Оның ішіне үйінен жалғастырып әкелген электр сымына Қаби екеуі электр шамын орнатып алды. Түнде жағып, екеуі сабақтарын дайындайды.
Есеннің электр шамы жанған кезде, оның асыранды кірпісі ағаштардың арасынан шығып, ептеп келіп беседкаға кіреді. Ол қараңғы түнде жайнаған электр жарығына таңырқағандай кішкене тұмсығын шығарып қарап тұрады да, қайтадан жиырылып қалады. Есеннің «кірпім-кірпім» деген дыбысы шыққанда жазылып, тұмсығын шығарып, азығын іздейді. Есен оның азығын күні бұрын дайындап қойып, үнемі оның қимылын бақылайды.
... Ол кереуеттің бас жағында тұрған мандолинасын алып, орындыққа отырып, ән тартты. Есеннің мандолинасынан моншақтай домаланып шыққан ән дыбыстары түнгі тынық кеште өте ашық, әдемі еді. Біраздан соң кірпі домаланып кереует астынан шықты да, дыбысты аңғарып, тура Есеннің алдына келді. Сөйтті де ән дыбысын анықтай тыңдағысы келгендей тұмсығын сәл көтеріп, аз тұрды. Кітап оқып отырған Қаби басын көтергенде:

  • Мына кірпінің тыңдап тұрғанын қарашы. Ән ырғағының нақышын сезеді өзі,-деді Есен күлімсіреп.

  • Қой, қайдағы сезген,-деді бағанадан бергі жайдан бейхабар Қаби Есен сөзін әзіл көріп. Бірақ оған Есен бәрін түсіндіріп айтты. Одан әрі қарай олар тереңдей сөз етпеді. Екеуі де сабақтарын дайындап болып, ұйқыға жатты. Дәл жатарда кірпінің қай жаққа шығып кеткенін Есен де, Қаби де сезген жоқ...

Бір нәрсе ысқырғандай, әлдебір нәрселер ысылғандай, бір жат дыбыстар естілгендей болды. Қаби төсектен басын көтерді. Көтерілген күн шұғыласы беседка ағашының қою жапырақтарын түйреп өткендей, бұлардың төсегіне молынан құйылып тұр еді. Айнала іргеден майда ғана есілген қоңыр самал да сондай рақат. Бірақ оны елеген Қаби жоқ. Оның бар назары Есен кереуетінің есік жақ аяғында ұстасып жатқан кірпі мен жыланда еді.
Жыланның аузы ашылып, сумаңдай жан-жағына көтеріліп, аласұрған басын көргенде Қабидың өне бойы мұздап қоя берді. Ол орнынан атып тұрып, ұйқыда жатқан Есенді оятты. Шұғыл сасқалақтап оятқан Қаби дыбысынан басын көтеріп, орнынан тұрғанымен де Есен ұйқылы-ояулы күйі еш нәрсені аңғарған жоқ. Тек «жылан, тұр, қызық» деген Қаби сөзінен шошынып, төсегінен ұшып тұрды. Оны Қаби құшақтай ұстап, қолымен жылан мен кірпіні көрсетті:

  • А
    Оқу сауаттылығы
    на қара!

  • Нені дейсің?

  • Қарасайшы, кірпінің өнерін көрмеймісің,-деп Қаби Есенге кереуеттің аяғынан салбырап, төмен түскен жыланды нұсқады. Еш нәрсені аңғара алмай, тек Қаби сөзімен қабалақтап тұрған Есен қызықты жаңа көрді.

Кереуеттің сирағынан салбырап жерге түскен жылан жиырылып келіп, кірпіні шақпақ болып, аузын ашты. Айыр тілін жалаңдатып, бір-екі рет басын кірпінің денесіне соғып, қайта жұлып алды. Кірпі жыланның құйрығынан тістеп алған беті, кішкене көзі жайнап, өшіге ысылдап, тікенек түгін барынша үрпитіп алып, бүлкілдете кеміріп жатыр.
Мына қызықты көрсін деп Есен үйіне жүгіріп, әкесін шақыруға барды. Әкесі жұмысқа кетіп қалған екен, тек әжесі ғана келіп қарады. Бұл кезде жылан алғашқы басын көтеріп, аузын ашып шақпақ болған қайратынан айрылып, сылқ түсіп, әлсіреген еді. Кірпі сол құйрығынан кемірген бетімен, бүлкілдетіп жеп жатты.

  • Мен саған бұл жерде жылан көп, беседкаға, далаға жатпа деп талай айттым, болмайсың, мынау у жылан, ылайым осылай аман бол,-деп әжесі Есенге өзінің бұрын айтқан ақылын тағы айтты.- Сен осы кірпіні асыраймын дегенде ұнатпап едім, бірақ оным қате екен, анық қара жыланның қарақұлағы осы екен ғой, -деді қарт ана өзі білмеген құпияны немересі тапқанына қуана сөйледі.

Есен кірпіні асырағанда оның жыланды жейтін қасиетін біліп, сол үшін асырады ма, жоқ әр нәрсені білуге жаратылыс, жәндік сырларына әуес жас талап кірпі сияқты қолға үйренер жәндікке қызықты ма, әйтеуір асырап еді. Бірақ Есеннің ол талабы өте орынды және қызықты да болып шықты.
Сапарғали Бегалин

Есеннің үйінде кірпі қалай пайда болды?



  1. Есен оны асырап алды

  2. Есенге оны әжесі сыйлады

  3. Есен оны орманда тауып алды

  4. Есенге оны әкесі әкеліп берді

Мәтіндегі сөйлемдерді сюжет желісіне қарай ретімен орналастырыңыз.




  1. Оқу сауаттылығы
    Бұл кезде жылан алғашқы басын көтеріп, аузын ашып шақпақ болған қайратынан айрылып, сылқ түсіп, әлсіреген еді.

  2. Есеннің «кірпім-кірпім» деген дыбысы шыққанда жазылып, тұмсығын шығарып, азығын іздейді.

  3. Есен оның азығын күні бұрын дайындап қойып, үнемі оның қимылын бақылайды.

  4. Кірпі сол құйрығынан кемірген бетімен, бүлкілдетіп жеп жатты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет