Ескерткіштерінің хіі-хіұ ғ.ғ. Алтын Орда, хv-хvіп ғғ. Қазақ хандығы әдеби мұраларының жалғасқан мұрасы. XIX ғғ. әдебиетінде Ресей империясының отарлау саясатына қарсылық сарыны сыншыл реализм тұрғысында жырланды


-дәріс. Шртанбай ақынның әдеби мұрасы



бет3/9
Дата30.09.2022
өлшемі29,53 Kb.
#40957
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәрістер тезисі 19 ғасыр

4-дәріс. Шртанбай ақынның әдеби мұрасы



Шортанбай – патшалық отарлау саясатын әшкерелеуде реалистікпен жырлаған сыншыл, ойлы суреткер ақын. Шортанбайдың «Зар заман» толғауы – «...ілгері, соңғы ірі ақындардың барлық күй сарынын бір арнаған тұтастырғандай жиынды өлең...» (М. О. Әуезов). Заман зарын жырлаған толғауларындағы адамның да, табиғаттың да азып-тозатыны туралы мұңды-шерлі толғаныстары ( «Келер заман», «Заман ақыр»).
Адамгершілік тәрбие қағидаларын уағыздаған толғаулары: «Бір насихат айтайын», «Сөз айтайын Асанға», «Бала зары», т.б.
Айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары: «Шортанбай мен Орынбай айтысы», «Шортанбай мен Шөженің айтысьг», «Шортанбай мен Асан бұғы айтысы».
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализм әдісінің нақты көрсеткіші -зарзаман поэзиясы. Қазақ халқының Ресей империясы отарлау саясытының торына шырмалған қасіретті тағдыры (атамекендерден айрылу, ұлттық ділдің әлсіреуі, ислам дінінің қасиетті қағидаларынан ауытқу, ұрпақтар жалғастығындағы адамгершілік-имандылық қасиеттердің әлсіреуі, жатжұрттықтардың (орыстардың, сарттардың) баса көктеп отаршылдық, басқыншылық жасауы, т.б. жағдайлар зарзаман поэзиясының арқауы болды. Бүқар Қалқаманұлы, Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин, Нармамбет Орманбетұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Досқожа, Күдері, Нысамбай, Ығылман, т.б.



1

4

5

5-дәріс. Сүйінбай ақынның әдеби мұрасы



Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі. Толғауларының тақырыптық-идеялық мазмұны:
– елдің тарихы, ел қорғаған батырлар туралы: «Бөрілі менің байрағым»,
«Қарасай батыр», «Өтеген батыр», «Ту алып жауға шықсан сен», «Сұраншы
батыр», «Жабай батыр», «Жақсының тұқымына», т.б.;
– адамгершілік тәрбиесі туралы толғаныстары: «Құсмұрын тастың үстінде», «Жақсы менен жаманның айырмасы», «Нақылдар», «Біз сонаршы түлкі қуған», «Жақсы болса ағайын», т.б.;
– халыққа жәбір-жапа шектірген озбырлық жасаушыларды, сараңдарды, ұрыларды, екі жүзді опасыздарды сынаған толғаулары, өлеңдері: «Зар жылатып момынды», «Датқаларға», «Үмбетәліге», «Әділеттік орнаса», «Момын малын зұлымға алып беріп», «Ноғайбайға», «Атекеге», «Қайыпназарға», «Жүсіпқожаға», т.б,;
– әйелге, адамның жастық, кәрілік, жас кезеңдеріне арналған өлеңдері:
«Әйелдердің нұр сипаты», «Жиырма беспен қоштасу», «Жиырма бестің
айтқаны», «Өмір ағысы», «Әуелі кәрілік келіп түрімді алды», т.б.
Сүйінбайдың айтыстары – қазақтың сүре және түре айтыстарының үлгілері: «Сүйінбай мен Қарғаның айтысы» (мысал айтыс), «Сүйінбай мен Қаңтарбай», «Сүйінбай мен Күнбала», «Сүйінбай мен Кескен кекіл», «Сүйінбай мен Тәті қыз», «Сүйінбай мен Уазипа», «Сүйінбай мен Бақтыбай», «Сүйінбай мен Тезек төре», «Суйінбай мен Қатаған» айтыстары.
Сүйінбайдың ақындық шығармашылығы – қазақ поэзиясындағы дәстүрлі өнегелі мектеп.
Ақын шығармаларының өлеңдік өлшемі – өрімі, бейнелілігі.



1

5

6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет