8-дәріс. Мұраттың эпикалық жыршылығы және Біржан салдың лирикалық поэзиясы
|
Мұраттың жыршы-ақындығы, Сыпыра, Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет, Махамбет, Шернияз, т.б. ақындар жырларының Мұраттың айтуында сақталғандығы. Мұрын жырауға Мұрат үйреткен он төрт батырлық жыр: «Қарадөң батыр», оның ұрпақтары «Жұбаныш батыр», «Сүйініш батыр», «Төгіс батыр», «Тама батыр», «Тана батыр», «Нәрік батыр», «Шора батыр», «Құлыншақ батыр», «Ақжонас батыр», «Кеңес батыр», «Жаңбыршы батыр», оның баласы «Телағыс батыр», «Оғыз батыр».
«Қарасай-Қази» дастаны. Дастанның композициясындағы қоштасу, жоқтау жырларының лирикалық әсерлілігі (мәселен, Орақтың досы Ақмырзаның шешесі Қараүлектің, әйелінің жоқтаулары).
«Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны» – қазақтың халық поэзиясының классикалық үлгісі. Айтыстың 1898, 1899, 1902, 1907 жылдары жарияланған төрт нұсқасы. Біржан мен Сара айтысының эстетикалық-көркемдік тағлымы.
«Біржан мен Шөже», «Біржан мен қыз», «Біржан сал мен қыз» тәрізді қыз бен жігіттің сөз қағысуы түріндегі айтыстарындағы қазақы қалжың ерекшеліктері.
Біржан сал шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері.
|
1
|
8
|
9
|
9-дәріс. Ақан серінің және Сараның лирикалық поэзиясы
|
Қазақ әдебиеті тарихын құрайтын ақындық поэзияның қалыптасу, даму жолындағы негізгі поэтикалық сипат-бірнеше өнер тұтастығына негізделген нақтылап айтқанда, ақындар суырып салма (импровизтор) жэне жазбаша да болган. Ақындардың қобыз және домбыра аспаптарында өз жырларын шебер сүйемелдейтіні, көпшілігінің күйші болғандығы, әсем де асқақ дауысты әнші болгандықтары да мәлім. Көп ғасырлық тарихи бар ақындық поэзия өкілдерінің арасындагы
әнші ақындар шоғыры XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті кезеңінде айрықша
даралана танылды. Ақындық жыршы-термешілік, әншілік, күйшілік,
композиторлықпен бірге спортшы, ұстазшылық, аңшылық-мергеншілік,
атбегілік-сейістік, құсбегілік-саясатшылық, күлдіргіш-ойынпаздық, т.б. қажеттер өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар поэзиясының поэтикалық мазмұнындағы ақындар поэзиясының поэтикалық болмысын құрайды.
Қазақ әдебиеті тарихындағы әнші ақындар шығармашылығының
негізгі жанрлары азаматтық-әлеуметтік, көңіл күй, махаббат, табиғат,
аңшылық-мергеншілік, атбегілік, құсбегілік тақырыптарындағы ән өлеңдері және айтыс өлеңдері болып келеді. Кейбір ақындардың шығармашылығынан дастандар да орын алды. Әнші ақындар тобындағы салдар мен серілер болып аталатын тұлғалардың шығармашалақтары аздап байқалады. Серілер сыпайы, сәнді киінеді. Киімдерін аса сәнді етіп киінгенімен, халықтың қалыптасқан үлгілеріне сәйкестендіреді. Қалың жұртшылықпен бірге жүргендігі тұрмыстық қарым-қатынас мәдениетін әдептілік тұрғысында қатаң сақтайды. Мінез-құлық психологиясындағы аса сезімталдық, мұңлы-шерлі және қуанышты көңіл күйлерін қарым-қатынасты да өлең шығармаларында берік ұстанады.
|
1
|
9
|
10
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |