Зар заман поэзиясын - қазақ әдебиеті тарихындағы элегиялық, мұңлы-шерлі шығармалардың қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге арналған саласы. «Зар заман ақындар» деген атауды Мұхтар Әуезов Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауларының атына байланысты алған зар заман поэзиясының бастауы байырғы түркі өркениет жазба ескерткіші «Күлтегін», «Тоны көктен» бастау алады. Одан кейін Алтын Орда ( XII-ХІVғ.ғ.), Қазақ хандығы (ХV-ХVШғ.ғ.) кезеңдеріндегі жыраулар поэзиясымен жалғасады. Әсіресе, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған жыраулар толғауларында заман зары мол.
Зар заман поэзиясындағы ХVІП-ХХ ғ.ғ арасындағы жолы туралы Мүхтар Әуезов былай дейді: «Зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі».
Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсаң, зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады. (Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. -А: Ана тілі, 1991.-Б. 192)