Эссе тақырыбы әрқашан нақты. Оның көп тақырыбы және идеясы болуы мүмкін емес. Онда бір ғана нұсқа, бір ғана ой беріледі және сол әрі қарай өрбітіледі. Бұл – бір ғана сұрақ жауабы. Еркін композицияға құрылуы – эссенің маңызды ерекшелігі.
Эссе тілі байсалдылықты талап етеді. Сонымен, эссе тақырыбын нақтылау, көлемін және оны жазудағы мақсатты анықтап алу басты мәселе болып табылады. Негізгі идеядан немесе қанық фразалардан басталғаны дұрыс. Мұндағы міндет – оқырман назарын бірден аудару.
Эссе жаза отырып та, адам өзінің әрекетіне есеп беріп, алдына жоспар құрады. Сондықтан оны рефлексия түрінде қарауға болады.
Жөні бөтен....»,-дейді ақын М.Мақатаев. Шын мәнінде, достық атты ұғым адам өміріне де, қоғам өміріне де қажетті руханият болып табылады. Алайда, «қазіргі таңда шынайы достық бар ма?» деген сауал екінің бірін толғандырып отырған жайы бар. Менің ойымша, достық, достастық сезімдері бүгінге дейін тұғырынан құлаған емес.
Ежелде екі достың бірі ұлды, бірі қызды болып жатса, екеуі туылған нәрестелерді атастырып, бел құда болуға ұмтылған екен. Міне, осылайша достықтың соңын туысқандықпен жалғастырып, арадағы байланысты жақындата түскенді жөн көрген болар. Дәл бүгінгі күні де достық қарым-қатынас, сыйластық сары майдай сақталған десем, артық айтқаным емес. Себебі достық – махаббат сезімінің бір тармағы болғандықтан, бұл күнде әр адам осындай махаббатқа ынтызар болып, достық шырақтары көптеп жағылатындай.
Мына бір оқиғаны ескере кетсем: Бір күні Асан мен Үсен атты екі жан дос сөзге келіп, ренжісіп қалған екен. Асан Үсеннен екі жасқа үлкен. Екеуінің үйлерінің ортасын бір көпір бөліп тұрған-ды. Бір-біріне деген достастықтарының адалдығы соншалық, бірін-бірі көрмей жүруге шыдай алмай, Асан Үсеннің үйіне барып, алғаш болып кешірім сұрапты. Сонда Асан Үсеннен: