Эссе деген не?


Қорытынды бөлім- негізгі бөлімде талқыланған мәселелерді қорытындылап, бір тұжырымға келген сөйлемдерден тұрады



бет2/5
Дата22.09.2022
өлшемі142,24 Kb.
#39818
1   2   3   4   5

Қорытынды бөлім- негізгі бөлімде талқыланған мәселелерді қорытындылап, бір тұжырымға келген сөйлемдерден тұрады.

Абзацтарды жазудың негізгі шарттары

  • Мәтін бірнеше абзацтан тұрады.
  • Әр абзац тақырыптық сөйлем, қолдаушы сөйлем және қорытынды сөйлемнен тұрады.
  • Тақырыптық сөйлем абзацтың негізгі идеясын көрсетеді.
  • Қолдаушы сөйлем - тақырыптық сөйлемдегі ойды ашатын сөйлем.
  • Қорытынды сөйлем- абзацтағы ойды қорытындылайтын сөйлем.
  • Ойды толықтыру үшін аргументтер қолданылады.

Емтихан жұмысының сипаттамасы

Ж б
 

Білім алушылар берілген үш тақырыптың ішінен біреуін таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазу қажет. Білім алушылар тақырыпты таңдап алғаннан кейін негізгі ойды анықтаулары керек (не туралы?); мәселені тұжырымдап, ұсынылған дәлелдемелерді/талдауларды негіздеу және тілдік құралдар мен тілдік тәсілдерді орынды қолдану (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақтар, тірек сөздер мен сөйлемдер және т.б.), сонымен қатар эссеге жалпы қорытынды жасау қажет.
Эссенің құрылымы:
  • Кіріспе (білім алушының мәселеге қатысты ойы қысқа тезис түрінде беріледі).
  • Негізгі бөлім (тезистер «келісемін», «жақтаймын» және/немесе «келіспеймін», «қарсымын» деген аргументтермен немесе өз пікіріне дәйекті дәлелдер келтірумен негізделуі мүмкін. Аргументтер – бұл фактілер, қоғамдағы құбылыстар, оқиғалар, тіршілік жағдайлары мен тәжірибелер, ғылыми дәлелдемелер, ғалымдардың пікірлеріне сілтемелер және т.б. Әр тезиске қатысты кем дегенде екі аргумент келтірген жөн.
  • Қорытынды (білім алушы кіріспе, негізгі бөлімде айтылғандардың мәні мен мағынасын қорытындылайды).

  •  Эссе жазу барысында келесілерді ескеру қажет:
    1. Кіріспе мен қорытындыда көтерілген мәселеге ерекше назар аударуды (кіріспеде мәселе анықталады, қорытындыда ой түйінделеді);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет