Эссе деген не?

- Неге бірінші болып кешірім сұрамадың, жасың кіші ғой,- дей бергенде

бет5/5
Дата22.09.2022
өлшемі142,24 Kb.
#39818
1   2   3   4   5

- Неге бірінші болып кешірім сұрамадың, жасың кіші ғой,- дей бергенде:

- Абзалы, кім алғаш болып кешірім сұраса, сол мол сауапқа кенеледі екен. Мен осыншама сауапты өзіме қимай, сенің иеленгеніңді қаладым,- деп тіл қатыпты.

Дәл осы әңгімеден түйген ойым: достық - ұлы сезім, бауырмалдықтың бөлшегі. Осындай достықты біздің уақытта жоқ деп айтқаным – шектен шыққандық болар. Себебі, менің өзім шынайы да адал, пейілдері ақ, көңілдері қазақтың даласындай дарқан, жүректері ізгілікке толы адал жандардың достық көмектеріне қанып, жүрек түкпірлеріндегі мейірімдеріне шомып, адалдықтарын, адамдықтарын сезініп жүрген, «Достық» ұғымының расымен де қадір-қасиетін түсініп жүрген жанмын. Сондықтан да, қазіргі заманда шынайы достықты жоқ дегенім – жанымдағы жайсаң жандарға жасаған қиянатым болар еді.

«Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды»,- дейді дана халқымыз. Асылында, достың азды-көптігі маңызды емес, тек шынайылығы, адалдығы болса – болғаны. Мұңайғанда мұңыңды шағар, қуанғанда қуанышыңмен бөлісер, қиналғанда қол ұшын беріп, көмегін көрсетер, аманатыңа қиянат жасамас сенімді серік, сырыңды шертіп, сенім артуға тұрарлық жан, құлағанда – тірегің, сүрінгенде – сүйеуің бола білетін, өміріңде бүкіл бір отбасыңдай маңызға ие дара жан болатын болса, ол – досың.  Талайлаған ақын-жазушылардың қаламының қауқарын тербеткен «Достық» ұғымын қастерлеп, құрметтеу – парызымыз.

Ойымды қорыта келіп, қазіргі таңда, мейлі қатыгез заманның ұрпағы болсақ та, шынайы достықтың бар екенін мойындаймын, мүмкін, менің бұл пікірді қолдауым өз басымнан дос тарапынан жәбір көрмегенімнен шығар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет