Эстетика ғылым ретінде



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.12.2023
өлшемі0,88 Mb.
#133384
1   2   3
2. Эстетиканың қажеттілігі
Қазақ халқының эстетикалық мәдениетін зерттеуші Бәтіш Қазыханова «Адамдардың сырт келбетінде, 
олардың қарым-қатынастарында, киімінде, үйлерінде, олар жасап шығаратын заттарда, олардың тілі мен 
өнер туындыларында – осының барлығында олардың эстетикалық мәдениетінің ерекшеліктері, негіздері 
көрініс табады» деп атап өтеді. Демек, қай кезеңде, қай салада болмасын эстетиканың қажеттілігі сөзсіз.
Ғалым-эстетиктерден басқа эстетика кімге қажет деген сұрақ та туындауы мүмкін. Заттық-практикалық 
қызмет, яғни, адамның түр ретінде тіршілік ету тәсілі – еңбектің нәтижесінде екі өнім алынды деп 
тұжырымдауға болады, бірінші – адамның өмірі өтетін мәдениет әлемі, екінші – шығармашылық 
мүмкіндіктер мен индивид қажеттіліктері ашылды. Осылайша қоғадық-тарихи тәжірибе адамның 
сұлулық заңдарына сәйкес әлемді өзгертуге қабілеттілігінің пайда болуы мен дамуына мүмкіндік берді, сол 
арқылы адамның өзінде эстетикалық сезім, талғам мен идеалдар қалыптасты. Эстетика – дарындылықты 
біліммен нығайту арқылы шығармашылыққа тікелей және жанама түрде әсер етеді. Кез-келген өнер иесі 
үшін эстетикалық білімнің болғаны абзал. Мәселен, ақынға әлемнің көркемдік концепциясы қажет. Бұл 
суреткердің жинақтаған білім қоры ғана емес, табиғат пен қоғамды бақылаудан, яғни, өмірдің өзінен
адамзаттың мәдениетін игеру, әлемге белсенді қарым-қатынастан туындайды. Көркемдік концепция
өз кезегінде солардың әсерінен қалыптаса отырып, дарын мен шеберлікті бағыттайды, әлемді тану 
ерекшеліктерін, өмірлік қажеттіліктерді анықтайды. Сонымен бірге, эстетика арқылы жүйелі өрнек беретін 
көркемдік тұжырымдамасының қабаты суретшінің шығармашылығына тікелей әсер етеді. Эстетика өнерді 
қабылдаушы көпшілікке, яғни, қоғамға да қажет. Әрине, әріптен сөз құрау үдерісінің өзінен рахаттану 
арқылы, сюжеттің қызығына елітумен де кітап оқуға болады. Бірақ, шығарманың түп тереңі, суретшінің 
бейнелі ойының мәні тек теориялық дамыған санаға ғана ашылады. Өнердің бұлай игерілуін тәрбиелейтін 
– эстетика. Өнер жоғары рухани тәжірибе – эстетикалық ләззат алуға мүмкіндік береді. Алайда, өнерден 
толыққанды және терең ләззат алу көркемдік білімсіз мүмкін емес, ал бұл – эстетика болып табылады. Кез-
келген адамда күнделікті өмірде көрген фильмін несімен ұнағанын түсіндіру үшін, кейіпкердің сахнада 
таңғалдырған әрекетін суреттеу үшін немесе қандай киім жарасатындығын таңдау барысында теориялық 
сұрақтар туындайды. Әлемді игеру эстетикалық формада жүзеге асырылады. Адам қызметі белгілі бір 
эстетикалық идеялар, көзқарастар, ұстанымдар негізінде жүреді. Эстетика адам бойында шығармашылық 
бастама мен әсемдікті қабылдау қабілетін қалыптастыра отырып, еңбекке, тұрмысқа, өндіріске енеді. 
Өнер рухани-тәжірибелік, ал эстетика теориялық тұрғыда жалпыадамзаттыққа көңілді шоғырландырады, 
олар өте өзекті, себебі әлемде келісімсіз болашақ болмайтындықтан, адамдардың бірігуіне ықпал етеді. 
Эстетика және өнер – әлемдік мәдениет пен адамзаттың гуманитарлық тәжірибесінің негізгі бағыты 
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет