филологы, постструктурализм теоретигі Юлия Кристева енгізгені мәлім. Кристева бұл тақырыптағы баяндамасын 1966 жылдың күзінде Р.Барттың М.М.Бахтин шығармашылығына арналған семинарында жасаған. Кейін, 1967 жылы көктемде жариялайды. «Интермәтінділік» термині мәтіндердің бір-біріне анық және анық емес түрде сілтеме жасайтын өзара байланысынан туындайтын ортақ сипатын айғақтайтын термин ретінде енді. Интермәтін «мәтінаралық диалог» ретінде талданып, теориялық тұрғыдан осы бағытта түсіндірілді. Ю. Кристева, жоғарыда айтылған, өзінің «Бахтин, сөз, диалог және роман» атты мақаласында М.Бахтиннің 1924 жылы жарық көрген «Ауызша шығармашылықтағы мазмұн, материал және пішін мәселесі» еңбегін талдау нысанына алып, ондағы кез келген жазушының қазіргі және бұрынғы әдебиетпен сөзсіз диалогқа түсуі мәселесін талқыға салған тұсына ерекше тоқталады. Сондай-ақ Бахтиндегі «бөгде сөз» және «диалогтылық» концептілеріне назар аудара отырып, сол негізде мәтіндер байланысы мәселесіне үңіледі. Кристеваның пікірінше «кез келген мәтін дәйексөздер мозаикасы болып сап түзейді, кез келген мәтін тұтынатын өнім және басқа қандай да бір мәтіннің трансформациясы болып табылады»]. Яғни, әрбір мәтін өзінен бұрынғы мәтіндермен байланысқа түскен және соларға жасалған сілтемелерге толы. Қайта туындаған мәтін, өз кезегінде, болашақ мәтіннің негізін құрайды. Кез келген мәтін басқа мәтіндермен қарым-қатынасқа түсіп, диалог құрайды, контекстік мәнді бағдарлайды. Ролан Барт әлем болмысын «интермәтін» ұғымын аясында адам өмірінің барлық саласын қамтыған үлкен бір мәтін деп таниды. Сонымен бірге «Мәтін – тырнақшаға алынбаған дәйексөз» деген пікірін қоса ұсынады. Сонымен бірге «Әрбір мәтін интермәтін болып табылады,