Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалар жинағы. А., Жазушы, 1985
2. Бөкейханов Ә. Таңдамалы. А., Қазақ энциклопедиясы. 1995.
3. Кәкішев Т. Оңаша отау. А., Жазушы, 1982.
4. Дала уалаятының газеті. Әдеби нұсқалар. А., Ғылым , 1989.
5. Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. А.,
Ғылым, 1982.
6. Смағұлов Ж. Ұлттық әдебиеттану әлемі (Қазақ әдебиеттану ғылымының
туу кезеңі. 1900-1940, 88-159-б). Қ., 2005
7-дәріс. Тақырыбы:
Жанр түрлері.
Мақсаты: Жанр туралы ой-пікірлерді саралап, жанрішілік, аралас жанр
сипатын ашу
1. Әдеби тек пен түр
2. Жанр түрлері
3. Жанрішілік және аралас жанр түрлері
Негізгі ұғымдар: жанр, тек пен түр, жанрішілік түр, аралас жанрлар, канон.
Дәріс (тезис)
Жанрлар. “Жанр” туралы түсінік. Жанрға қатысты “мазмұндық форма”
Жанрға байланысты әдебиеттануда орныққан тұжырымдар. Жанрлық
белгілер, жанрлық алмасулар, жанраралық ықпалдастық. Жанрдағы
тұрақтылық пен құрылымдық ерекшеліктер
Негізгі ұғымдар: жанр, ықпалдастық, жанраралық түр, әмбебаптық,
лирика, эпика, драма, драматизм, лиризм, канон, постулат, эталон.
Жанр – көркем шығарманың әр түрлі тегіне жататын тарихи тип. Ол әр дәуір
мен әр бағыттағы туындыларға тән
типологиялық, тарихи жағынан тұрақты
құбылыс.
Ықпалдастық – бір жанр мен екінші жанр арасындағы өзара әсер, ықпал, бір-
біріне ұқсау.
Жанраралық түр – бірнеше жанрдың сапа-қасиетін бойына тоғыстыратын
құбылыс.
Әмбебаптық – жанрлардың әр көркем
туындыға байланысты жалпы,
көпсапалы
қасиеттері