шұғыл контрацепция деп қорғанбаған жыныстық қатынастан кейін жүктіліктің алдын алатын әдісті айтамыз. Бұл әдістің мақсатына — ұрықтану, овуляция, имплантация сатысында жүктілікті бол- дырмау жатады. Шұғыл контрацепцияны күнделікті қолдануға болмайды. Ол тек ерекше жағдайларда (зорлау, мүшеқаптың жыртылуы, диафрагманың жылжуы неме- се жүктіліктен қорғанудың басқа әдістері мүмкін болмаған жағдайда) немесе жыныстық қатынасқа сирек түсетін әйелдерге қолдануға болады.Гормондарды қолданар алдында қарсы көрсетімдерді ескеру қажет. Постинор, эскапел. . Жыныстық қатынастан кейін 72 сағат ішінде 1 ғана таблетка- сын ішу ұсынылады.