Етеккір циклінің бұзылысы. Пубертат кезеңінде аномальдық жатыр канамасы



бет2/11
Дата02.06.2023
өлшемі83,25 Kb.
#98144
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
мсак

Альгодисменорея — ауырсыңдырып келетің етеккір. Әдетте ауыру сезімі етеккірлік қаң кету кезіңде бастапқы уақытта болады жәңе бүкіл етеккір кезіңде сирек байқалады. Ауыртып келетің етеккірлер жыңыстық ағзалардың дамып- жетілмеуі (иңфаңтилизм), жатырдың дұрыс орңаласпауы, эңдометриоздың болуы, ішкі жыңыстық ағзалардың қабыңбалы аурулары жәңе т.б. салдары- ңаң дамиды.
Ілкі альгодисменорея жасөспірім кезеңде дене бітімі астеникалық, аса сезімтал, эмоциялық тұрақсыз қыздарда менархеден кейін 1—1,5 жылдан соң овуляцияның басталуымен қатар жүреді.
Клиникалық белгілері. Етеккір күндеріндегі немесе оған дейінгі бірне- ше күнде толғақ тәрізді ауырсынулар құрсақ асты бағытына қарай, бел аймағына қарай, кей жағдайда сыртқы жыныстық ағзаларға, жамбасқа, мықын аймақтарына қарай беріледі (иррадияцияланады). Ұстамалы ауырсынулар және өте қарқынды ауырсынулар жалпы әлсіздікпен, лоқсумен, құсумен, спазмалық бас ауыруымен, бас айналумен, температураның 37—38 °С-қа дейін көтерілуімен, ауыздың құрғауымен, іштің ісінуімен, естен танумен және тағы басқа вегетативтік бұзылыстармен қатар жүреді. Кейде осы симптомдардың біреуі ауырсыну сезімін басып кетеді. Күшті ауырсыну сезімдері нерв жүйесін тоздырады, сөйтіп астениялық жағдайдың дамуына, еңбек қабілетінің төмен- деуіне әкеліп соғады.
Альгодисменорея- бұл етеккір циклінің бұзылысы, оның негізгі клиникалық көрінісі етеккір кезінде пайда болатын ауырсыну синдромы. Бұл синдром етеккірлің алғашқы күнінен немесе бірнеше күн бұрын басталып аяғына дейін, тіпті біткеннен кейін де жалғасады. Ауру өте күшті болады, жүрегі айнып, құсу белгілері де пайда болады, осының әсерінен еңбекке деген бейімділік төмендейді.
Біріншілік және екіншілік болып екіге бөлінеді. Біріншілік туа біткен органикалық аурулармен байланысты болса, екіншілік түрі бұрын ауырмайтын етеккірден кейін пайда болады. Екіншілік альгодисменорея қабыну процестері, эндометриоз, әйел жыныс мүшесінің ісіктермен байланысты болуы мүмкін.
Емі: альгодисменореяны туғызатын себептерді жою, қабынуға қарсы, хирургиялық, гормонды ем жасалады. Орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуына байланысты тәулік режимі, тамақтану режимін сақтау, дене шынықтырумен айналысушы дұрыс ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Инфантилизм кезіндегі етеккір ауруында жалпы нығайту емі, жылы процедура, гормоны ем жасалады. Симптомды ем ауруды жеңілдетуге және жоюға арналуы тиіс. Аналгин, папаверин, но-шпа, седативті заттар және түймедегі гүлдері нен жасалған жылы тұнбалар микроклизма жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет