Этиология Пиодермияның негізгі қоздырғыштары Пиодермияға әкелетін факторлар



бет5/7
Дата22.09.2022
өлшемі7,93 Mb.
#39895
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лекция №2 пиодермия қазақша

Созылмалы жаралы пиодермия

  • Созылмалы тереі жаралы пиодермия әдетте аяқтарда орналасады.
  • Әдетте гиперемиялық шеттермен қоршалған фликтенадан басталады. Кейіннен фликтена ашылып, тез өсетін жара пайда болады, оның жиегінде ені 5 мм-ге дейін инфильтрацияланған білікше (валик) пайда болады.
  • Осы білікшенің әсерінен жараның көлемінің ұлғаюы жүреді. Бір уақытта бірнеше жара болуы мүмкін.
  • Олардың орнында беткейлік тыртықтар қалады.

Созылмалы жаралы-вегетирлеуші пиодермия

  • Процесс фолликуламен байланыссыз пустулалар түзілуден басталады. Пустулаларды ашқаннан кейін эрозия беті ұлғайып өседі. Кейде пустула ашылмай тұрып көпіршіктер дамиды. Бөртпелердің бірігуінің нәтижесінде қабыршақтанған контурлары бар зақымданудың үлкен аймақтары пайда болады, олардың беті ылғалданады, кейбір жағдайларда қыртыстар пайда болады. Бөртпелер жазылған кезде, олардың орнында пигментация қалады.
  • Жараның айналасындағы тері қабынған, үстіңгі қабатында фолликулярлы және фолликуладан тыс беткей пустулалар байқалады, кейде іріңді қыртыстармен жабылған, олардан серозды-іріңді экссудат бөлініп шығады.
  • Процесс таралады, терінің жаңа аймақтарын алады, ауырсынуымен, аяқ-қолда қозғалыстың шектелуімен бірге жүреді. Мұндай процесс терінің ангииті ретінде қарастырылады.

Шанкриформды пиодермия

  • Ол негізінен сыртқы жыныс мүшелерінде, бетте, еріннің қызыл шекарасында, ауыз қуысының шырышты қабығында, тілде везикуланың пайда болуымен сипатталады, оның ашылуынан кейін диаметрі 2 см эрозия немесе жара пайда болып, негізі дөңгелек немесе сопақша тәрізді тығыз болып қалыптасады, бұл оны қатты шанкрге ұқсатады. Шанкриформды пиодермия мен қатты шанкрдың айырмашылығы - жараның түбінде орналасқан тығыз инфильтраттың жарадан тыс тарауы.
  • Әдетте бөлінді аз, көбіне қабыршақ түзеді. Бөліндіде әдетте стрептококктар мен стафилококктар кездеседі.
  • Негізінен көбіне жалғыз кездесетін көпіршік жазылғаннан кейін беткей тыртық қалады.
  • Қарапайым эмпетиго
  • Вульгарлы
  • импетиго
  • Жаралы-вегетирлеуші және жаралы пиодермия


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет