Этиология Пиодермияның негізгі қоздырғыштары Пиодермияға әкелетін факторлар


Импетиго – Өте жұқпалы ауру, әйелдерде және балаларда жиі кездеседі, себебі олардың терісі нәзік және мүйізді қабаты жұқа болғандығынан



бет4/7
Дата22.09.2022
өлшемі7,93 Mb.
#39895
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лекция №2 пиодермия қазақша

ИмпетигоӨте жұқпалы ауру, әйелдерде және балаларда жиі кездеседі, себебі олардың терісі нәзік және мүйізді қабаты жұқа болғандығынан.

  • Бұл беткей фолликулярлы емес көпіршікті элемент, ол серозды-іріңді құрамымен толтырылған. Көпіршіктің беті борпылдақ, орталықта ішке енген. Фликтенаның шеткері аймағында перефериялық өсуге бейімділігін көрсететін эдематозды-гиперемиялық сипаттағы кішкене шекара болуы мүмкін.
  • Процесс аутоинокуляция нәтижесінде тез таралады. Өлшемдері 2-ден 10 мм-ге дейін болады.

Стрептококкты импетигоның түрлері.

  • Стрептококтық импетигоның өзіндік формасы - әдетте созылмалы өтеді.
  • Ауру ауыздың немесе көздің бұрыштарында көлемі ұсақ фликтеналардың пайда болуынан басталады, олар ашылған кезде эпидермистің жиектері бойымен сызықтық эрозиялар түзіп, әрі қарай терең және ауырсынатын жарықтардың пайда болуымен сипатталады.
  • Дифференциалды диагнозды Candida тұқымының ашытқы тәрізді саңырауқұлақтарымен, қарапайым көпіршікті теміреткімен, іріңді сифилиспен жүргізу керек.

Стрептококкты импетигоның түрлері.

Эктима – жаралы, стрептодермияның терең формасы.

  • Ауру қабыну инфильтратының фонында фликтенаның немесе қабыршаққа тез кебетін терең эпидермалық пустуланың пайда болуынан басталады. Қабыршақтың астында, терең аймағында ойық жарасы пайда болады. Кейде қабыршақ ерекше байқалады (устрица тәрізді), қоршаған терінің үстінен сирек көтеріліп тұрады (рупий). Ойық жара дөңгелек немесе сопақша пішінді, көтеріліп тұратын гиперемиялық, эдематозды шеттері бар, қансыраған түйіршіктері және мукопурулентті бөлінділері бар. Жара ауырады.
  • Ұзақ уақыт бойы (бірнеше айға дейін) эктима іріңнен тазарады және терең тыртық пайда болумен жазылады.
  • Эктиманың жиі орналасу орны аяқтың терісі болып табылады, әдетте эктима элементтері санаулы(10 элементтен аспайды). Көбінесе эктималар бөкседе, жамбаста және денеде локализацияланады.

Стрептостафилодермия Вульгарлы импетиго (аралас)

  • Ауру өте жұқпалы(балалар арасында көп тараған).
  • Клиникалық тұрғыдан пиодерманың бұл формасы стрептококкты импетиго, остиофолликулит және фолликулитке тән көріністермен сипатталады. Қабынған, гиперемияланған теріде фликтена, гиперемия аймағымен қоршалған остиофолликулит және фолликулит болады. Патологиялық процестің дамуы кезінде теріде қызғылт-қызыл, аздап қан кететін түбі бар, жуан, өрескел, сабан-сары, «бал» қабыршақтары бар, дөңгелек және бұрыс пішінді эрозиялар пайда болады.
  • Вульгарлы импетиго ошақтары перифериялық өсуге бейім, бір-бірімен біріге алады, терінің үлкен аймағын басып алады және таралған сипатқа ие болады. Мұндай жағдайларда лимфа түйіндерінің ауырсынуы, ЭТЖ жоғарылауы және лейкоцитоз дамуы мүмкін.
  • Аурудың болжамы әдетте қолайлы: 5-7-ші күні қабыршақтар түсіп, екіншілік эритематозды, кішкене қабыршақтанған даққа айналып, кейін із қалдырмай жойылады.
  • Ауыр жағдайларда, балаларда жедел нефритпен асқынуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет