Де етістігі таза көмекшілік қызметте, аналитикалық формант құрамында да кездеседі. Мысалы, Қалаға кетейін деп жүр. Қорқайын дедім. Бұл аналитикалық формант қимылдың жасалуға жақындағанын, субъектінің қимылды жасауға бейімделгенін білдіреді
Деп етістігі өзі тіркескен сөзге, сөйлемге мақсат мағынасын үстеп, септеулік шылау қызметінде де көрінеді. Мысалы, Мен мұнда бір сен деп келдім. Жау сезіп қалмасын деп, барлаушылар жер бауырлап қана жылжып келеді.