«Түсінік бере кетейін:Айшаның «Мағымбек» дегені, шынында Сағымбек. Қайнағасының атын тура атамайтын тəртіп бар. («Ай мен Айша» 91бет). «Бұл ауылдың əйелдері қайнаға, қайындарының атын өстіп бұрмалайтын əдеті»(«Ай мен Айша» 147бет). «Ошақ басында қазан қарап, от түзеп отырған Қатшагүл келіні сылдыр еткізіп көсеуді тастай салып, ұшып тұрып, қайнағасына сəлем қылды»(«Қызыл жебе» Iтом 153бет). «Кемпір жақсы көретін қайнысының атын атай алмай, амалсыз тілі байланды» («Қызыл жебе» Iтом 246бет). «Алақанына құйқа түскен келіндер орындарынан тұрып, қол қусырып, сəлем рəсімін жасап жатты» («Қызыл жебе» IIтом 289бет).