Ынтымақтастық оқытудың басты идеясы – бірігіп орындау ғана емес, бірігіп оқу болып саналады. Оқытудың ұжымдық тәсілінің алғашқы негізі ауыспалы құрамның бірлесіп жұмыс жасауы болып табылады және ол ынтымақтастық педагогикасы пікіріне сүйенеді.
Ынтымақтастық педагогикасы – білім беруде көптеген жаңалықтарды өмірге келтірген, оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынасын және т.б. көптеген жағдайларды қамтитын аса бай педагогикалық қатынас. Бұл технологияның атауын 80-жылдардағы жаңашыл педагогтар тобы ұсынды. Тұтас технология ретінде ынтымақтастық педагогикасының нақты үлгісі жоқ, реттеу-атқару жабдықтамасы қалыптаспаған. Ол жүздеген мақалалар мен әдебиеттерде шашыраңқы түрде беріліп келеді, оның идеялары барлық қазіргі заманғы педагогикалық технологияларға енгізілген. Ол Қазақстан Республикасының орта білім беру тұжырымдамасының негізін құрайды:
- балаға тұлға ретінде ізгілікті қарым-қатынас;
- белсенділікті арттыратын және оны дамытатын дидактикалық кешен;
- тәрбиелеу тұжырымдамасы қоршаған ортаны педагогикаландыру бағытында жүзеге асады.
Ынтымақтастық – бұл балалар мен үлкендердің бір-бірінің рухани өміріне өзара түсіністікпен, ұғынушылықпен, осы әрекеттің барысы мен нәтижесін ұжымдық талдаумен бекітілген, бірлескен дамытушы іс-әрекетінің гуманистік идеясы.
Тәрбие ұжымының қозғаушы күші жолдастық, тәрбиелік, қамқорлық. Оның мәні жолдастық, сыйласу болып табылады. Жолдастық тәрбиелік қамқорлықтың мақсаты:
- адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін нақтылығы істе оның шығармашылық күшін анықтау және дамыту;
- өзін-өзі талдау идеясы.Балаларды өзін-өзі жеке және ұжымды талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин оқушыларын өздерінің өмірі, іс-әрекеті жайында ойлануға үйретеді;
- ата-аналармен ынтымақтастық.;
- мұғалімдердің ынтымақтастығы;
- өзін-өзі құрметтеу идеясы;
- өзін-өзі реттеу идеясы. Ынтымақтастық педагогикасының жалпы құндылық бағдарына байланысты үш басты тұлғалық қасиеттерін бөлуге болады, олар:
a) кез келген оқушыны қандай болса, тура солай қабылдау. Мұнда оқушы мен мұғалім бір-біріне жеккөрінішті қарамайды, оқушының нақты «мен» деген түсінігін бағаламау жоқ;
b)баланың эмпатикалық түсінуі. Мұғалім оқушының ішкі әлеміне енуге тырысады. Қоршаған ортаны оқушы сияқты көріп, оны оқушының ішкі әлемі арқылы сезінуге ұмтылады;
c)оқушымен ашық, сенімді қарым-қатынас. Мұғалімдер оқушыларға өзінің ішкі әлемін ашуға көмектеседі. Маңыздысы мұғалімнің сенімді болуы.
Ынтымақтастық педагогикасы, «ынтымақтастық» түсінігінің астарында біріккен іс-әрекет жатыр, яғни ол былай сипатталады:
1) мақсаттардың бірлігімен;
2) іс-әрекетті ұйымдастыру және басқаруымен;
3) функцияларды, іс-әрекеттерді, операцияларды бөлумен;
4) тұлғааралық қарым-қатынастың болуымен.
Ынтымақтастық дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру бойынша жұмыс бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады:
І кезең – оқыту процесіне қатысушылардың тренингтерді, өзара оқыту және шағын сабақтарды ұйымдастыру арқылы аталған іскерлікті меңгерудің қажеттілігін сезінуі;
ІІ кезең – оқушылардың бір-бірін біріккен әрекетке қатыстыруға қолдауды, жауаптарды жалпылауды, қорытындылауды, пікірлерді сынауды, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыруды түсінуі. Аталған іскерлікті игеру, ақыл-ой ойындары мен тренингтердің көмегімен жүзеге асады және бақылаудың жеке парағына мұғалім немесе оқушы белгілейді;
ІІІ кезең – мұғалімнің қарым-қатынас жағдайларына байланысты жағдаяттарды құруы, топтық тапсырмаларды өңдеуі (ақпаратты өзара алмасу, жасалған жұмыс бойынша есеп беру, оны бақылаушы топпен бағалау);
IV кезең – мұғалімнің оқушыларды іскерлікті оқу құралдарының көмегімен әрі қарай меңгеруін қолдауы.