48. Білім беру ұғымына сипаттама беру Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ар реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халық-аралық ықпалмен жүреді.
Білім мазмұны балаларға «Нені оқыту керек?» деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В. Краевский, И.Я. Лернер, В.С. Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.
И.Я. Лернердің анықтамасы бойынша: «Білімнің мазмұны дегеніміз – оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым қатынас тәжірбиесі».
Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.
Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану, табиғат, қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі, әлеуметтік-тарихи тәжірбие процесінде адамдардың жинаған тәжірбиесі.
Білім мазмұнының түрлері:
Күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер жцне ғылыми білімдер;
Ғылыми іс-әрекет тәселдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;
Әр түрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Ғылыми білім – болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты дұрыс түсіну құралы. Білім, дүние дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріп, дүниетанымдық және тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған, нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі.