Этнопедагогикалық ойлардың тарихын жіктеңіз


Күрделі эмоцияларға сипаттама бер



бет4/34
Дата03.05.2023
өлшемі222,82 Kb.
#89559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Күрделі эмоцияларға сипаттама бер

Күрделі эмоциялар: күрделі эмоциялардың бірі - көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ызалы, тусі суық деп ажыратады.
Күрделі эмоциялар:
* Көңіл күй
* аффект - (латын сөзі, қазақша «ашу шакыру, күйіп пісу»)
* Құмарлық.
Коніл-күй деп - біршама бәсең, бірақ, әжептәүір ұзағырақ , психикалык процестер мен адамның барлық мінез-құлкында көрінетін жалпы эмоциялық жағдайларды айтады.
Адамнын көңіл-күйіне өзінің өмір суріп жатқан ортасы және жумыс жасайтын ужымы үлкен ықпал жасайды.
Эмоциянын бір турі - аффектер. Аффектер дегеніміз - қысқа уақытқа созылса да бұрқ етіп, қатты көрінетін эмоцияның бір түрі.
Аффектілік жағдайдың тууы ми қыртысында кушті қозу бөлігінің болуымен байланысты. Аффект жағдайына келген мұғалімнің табанда окушыларға жаза беруіне болмайды, өйткені, дәл сол уақытта педагог жазаны әділетсіз шешуі мумкін, ал берілген жазаны бұзу қиынга тусетіні мәлім.
Құмарлық - адамның, ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке қумарлықты ұнамды десек,
дуние құмарлық, бақ кұмарлық, ойын қумарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз.
Құмарлық бұл - адамның белсенділігін, күшті оятатын сезім. Құмарлық ұнамды да, ұнамсыз да болады. Оқуга, ғылымға
құмарлық - адамның қәбілетін тәрбиелейтін, мәдениетін байытатын ұнамды қасиет. Адамның, еркін нашарлатып, психикасын аздырып, берекесін кетіретін ұнамсыз да кумарлык болады.

  1. Темперамент және оның түрлері

Темперамент (латын тілінен аударғанда- “қоспа, сәйкестілік” ) деп, әдетте адамның психикасының сипатын оның байсалдылық және қозғалтқыштық деңгейін анықтайтын туа біткен ерекшеліктерін атайды.Темперамент жеке тұлғаға тән ең тұрақты маңызды ерекшеліктерден құралады. Ол адамның жүріс-тұрысынан, оның өзіне және қоршаған әлемге деген қатынасынан білінеді.Темперамент- бұл қарым- қатынанс жасау барысындағы сыртқы ортаға, айналадағы жағдайға деген психикалық реакцияның сипаты. Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет