Этнопедагогикалық ойлардың тарихын жіктеңіз



бет6/34
Дата03.05.2023
өлшемі222,82 Kb.
#89559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Гос ПСИХОЛОГИЯ ПЕДАГОГИКА

Меланхолик темпераменті — бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық,қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.Қозу және тежелу үрдістерінің әлсіздігі бұлардың бір-бірімен тең келмеуі, кез келген күшті әсер -меланхоликтің қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады. Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштер де мазалайды, одан да зор әсер алады, сондықтан да ол ұсак-түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады. Психологтар мұны меланхоликтердің күшті сезіне білу қабілетінен деп есептейді. Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді. Темпераменттің негізгі төрт типінің өкілдері бір қалыпты жағдайдың өзінде өздерін түрліше ұстайды екен. Осылайша темперамент адамның белсенділік сипатынан, мінез-құлықтың түрлі қалпынан үнемі өзгерістегі сыртқы ортаға бейімделе алу жағдайынан көрініп отырады.


  1. Топтық оқытудың артықшылығы

Топ – қазіргі адамның қоғамдық өмірін ұйымдастырудың басты тәсілі, оның ажырамас қасиеті болып табылады.Топтық, яғни ұжымдық оқыту технологиясы – шығармашылық, өнерпаздықты талап ететін үрдіс. Қазіргі таңда оқыту әдістемесіндегі жаңа технологиялар білімді жеке тұлға болып қалытасуға қарай бағыттайды. Ал, топтық оқыту технологиясының басты ерекшелігі әр оқушының өзіне ғана тән мінезі, ойлау қабілеті, қабылдауы, болжау жасауы, шешім шығаруы, тұжырым жасауы негізінде жасалады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінің басты мақсаты: әр баланың дарынын дамыту, топтағы әрбір мүшенің тасада қалып қоймай, өзін көрсетіп ойын анық жеткізуі, бәріне ортақ жұмыста бір-біріне көмек беруі, ынтымақтастығы, бірлігі болып табылады. Топтық оқыту тәсілдерінде мұғалім мен оқушының іс-әрекеті алмасып келіп отырады. Яғни, жаңа білімді меңгерту мен тапсырма беруде бір-бірінің жұмыстарын сараптап бағалауды топ өз мойнына алады.
Мектепте топта оқыту өзара әрекеттесуге негізделген. Диалогтық қарым-қатынастарды дамытуда топтық оқытудың басымдылығы мына факторларға тәуелді:
1. Қазіргі міндеттердің көпшілігін дұрыс шешу үшін бірнеше адамдардың күш-жігерін біріктіру талап етіледі, сондықтан мектеп түлегі шағын топта нәтижелі жұмыс жасауды меңгеруі тиіс;
2. Мектептің негізгі контингентінің басым іс-әрекеті тұлғалы қарым-қатынас болып табылады, нәтижелі қарым-қатынасқа шағын топ көмегімен қол жеткізуге болады;
3. Өзара әрекеттесуге қатысушылардың аз саны оқушы тұлғасының өзін-өзі анықтауына барынша жағдай жасайды;
4. Топтық жұмыс педагог пен оқушылар арасындағы байланыстарды бекітеді, мектептік білімнің жеке және бір уақытта ұжымдық рухын күшейтеді, оқушылар арасында саналы ынтымақтастық туындайды;
5. Шағын топ оқушыларға еңбек нәтижесімен тікелей алмасу мүмкіндігін береді, бұл оқушылардың оқу үрдісіне белсенді, тұлғалық тұрғыдан енуіне жағымды жағдай тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет