Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы Этнопедагогика


Қазақ этнопедагогикасының нысаны -



бет7/7
Дата02.12.2022
өлшемі25,38 Kb.
#54299
1   2   3   4   5   6   7
Қазақ этнопедагогикасының нысаны - ұлттық мектеп, отбасы, ұлттық педагогикалық болмыс. Қазақ этнопедагогикасы қазақ этникалық тәрбиесін зерттейді. Қазақ этнопедагогикасы пәні – этникалық тәрбие дамытатын этнос субъектісі.
Ғылыми жұмыста объектіге толық шолу жасау керек. Объектімен жұмыс істегенде зерттеуші тақырып бойынша жұмыс істеген ғалымдарды, олардың зерттеулерін, зерттеу жұмыстарының жетістіктері мен кемшіліктерін ғылыми айналымға енген жаңа білімдерді, теріске шығарылған білімдерді анықтайды. Ол үшін этнопедагогикада объектіні тануға көмектесіп, жаңа ғылыми білімдер алуға тікелей ықпал ететін талдау, жинақтау, бақылау, сараптама, индукция, дедукция, ұқсату, салыстыру, сынды барлық ғылымға ортақ әдістер қолданылады.


Сөздік
Ұлт – әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың жоғары формасы. Оны қалыптастыратын мәдениет.
Ұлыс - әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың төменгі формасы, территориялары кең, қандас туыстықтан ажыраған адамдар қауымдастығы.
Этнопедагогика - тәрбие туралы халық көзқарасын, қолданатын құралдарын зерттейтін ғылым саласы.
Этнопедагогиканың зерттейтін негізгі объектісі - ұрпаққа тәрбие беру үшін қолданылған әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар, өнер, тұрмыс, өмір туралы көзқарас, тәрбие әдіс-тәсілдері.
Этностық өзіндік санаэтностық сананың, салттың кемелденуі.
Этнопедагогика - ұлттар мен ұлыстардың атадан балаға мирас болған тәлім-тәрбиелік жүйесін зерттейтін ғылым.
Шариғат – ислам дінінің заңы.
Халықтық тәлім - этнос қауымдастарының ұрпағына үйреткен білім, дағды, икемділіктерінің жүйесі.
Салт-сана - қоғамдық ойдың, дәстүрдің әдет-ғұрыптардың жиынтығы.
Этноәлеуметтік рөл – туыстық байланыс, адамның мінез-құлқының, жүріс-тұрысының нормалары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет