Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы Этнопедагогика



бет5/7
Дата02.12.2022
өлшемі25,38 Kb.
#54299
1   2   3   4   5   6   7
А.Қалабаева, Ж.Алтаев қазақ философиясын қазақ халқының тарихын зерттеу үшін методологиялық негіз деп қарайды.
С. Сегізбаев Қазақстандағы философия қазақ ру, тайпаларының пайда болған кезінде шыққанын атап көрсетеді: «Тіршілік ету үшін қарапайым болса да дүниетанымдық бағытқа, атап айтсақ, кеңістікке, уақытқа, жыл мезгілдеріне, ауа райы өзгерістеріне, адамның тәртіп ережелеріне сүйену керек еді».
Қазақ халқының көшпелі өмірінен, тұрмысынан, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрінен, әлеуметтік, мәдени орта ықпалынан туындаған белгілер философияда көрініс тапты. Қазақ халқының тарихын зерттеушілер – Шоқан, Ыбырай, Абай, т.б. қазақтардың арғы тегі көшпелі тайпалар болғанын дәлелдеді (Этномәдени пайымдау. – Алматы, 1997).
Этнопедагогика ғылымы үшін философиядағы тыйым ұғымдарының зерттелу деңгейін білу маңызды. Қазақ халқы тыйымды үш топқа бөлген (А. Сейдімбек): адамдарға қатысты тыйымдар, қоғамдық тыйымдар, табиғатқа байланысты тыйымдар. Адамның адамға, адамның қоғамға, адамның табиғатқа қатынасы тыйым арқылы орнатылады. Кез келген тыйым «адам-қоғам-табиғат» арасалмағын сақтайды. Тыйым нақты бір адамның ісімен шектеледі. Мысалы: «Қолыңды төбене қойма», «Таңдайынды қақпа», «Басынды шайқама». Қоғамға қатысты тыйымдарда адамдардың басқа адамға, заттарға бағытталған сөзі мен ісі қандай болу керектігі көрсетіледі. Мысалы: «Жаман ойлама», «Тамаққа түшкірме». Адам дүниеден озғанда, оны «өлді» демей, «демі таусылды», «дүние салды», деген сөздерді қолданады. Қалыңдық жаңа отбасы мүшелерінің атын атамай, жаңа есімдер – метонимдер ойлап шығарады.
Қазақтар көбіне өте биік саналған табиғатқа, жан-жануарларға табыну үлкен орын алған, қиын сәттерде дүниеден өткен рубасын, ата-бабаларының аруақтарының есімдерін атап шақырып, соларға табынатын сеніммен тығыз байланысты шаманды ұстанды. Бұл жөнінде Шоқан «Тәңір» (құдай) «Қырғыздардағы шамандық белгілер» деген еңбегінде қазақтар аспанды (Тәңір) барлық қайғының, қиыншылықтың, бақытсыздықтың, өлімнің себебі, жазалаушы күш деп, ең биік, қуатты құдай деп санағанын жазды.
Аспаннан басқа күнге, айға, жұлдызға, тауға, өзенге табынды. Бұдан басқа да көптеген наным-сенімдер, тыйымдар ежелгі малшының көшпелі тұрмысынан, фантастикалық түсінігінен, әдетке айналған ой жүйесінен туындап отырды. Қазақтар ерекше маңызды зат ретінде отқа табынып, оны қасиетті, тазартушы, отбасын қорғаушы деп ойлайды.
4. Этнопедагогиканың пайда болуына мәдениет теориясы – қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық негізі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет