Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы Этнопедагогика



бет4/7
Дата02.12.2022
өлшемі25,38 Kb.
#54299
1   2   3   4   5   6   7
Ұлттық өзіндік сана-ұлтқа тән жоғары деңгейдегі күрделі, жетілдірілген сана, адамның белгілі бір ұлт өкілі екендігін білуі, өз ұлтының әлеуметтік-экономикалық мәнін, оның ұлтаралық қатынастағы рөлі мен адамзат дамуына қосқан үлесін түсіну, оны сүю, басқа халықтарды құрметтеу, халықаралық моральдық-құқықтық нормаларды түсіну. Ұлттық мүддеге қоршаған өмір, өндірістік қатынас әсер етеді.
Ұлттық талғам ұлттың эстетикалық сезімінің қалыптасу деңгейін көрсетті. Сананы мәдениет анықтайды. Ұлттық санаға,психологияға көшпелі мал шаруашылығы қатты әсер етті. Тәрбиешілер балаларды еңбекке, шыдамдылыққа, елжандылыққа үйретті.
Діл (менталитет) – халық мәдениет, діні, тұрмыс-тіршілігінен туындаған, белгілі бір ұлтқа тән тұрақты, өзгермейтін ойлау жүйесі, басқа халықтан өзге рухани өмірі, дүниетанымы.
Сонымен қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық негізі болып табылатын этнопсихология ұлттық тәрбие міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі. Этнопедагогика мен этнопсихология ғылымы ұлттық сана-сезім, мінезді қалыптастыру мәселелерін шешумен айналысады.
3. Дүниені қабылдау дегеніміз – дүниені түсінудің танымдық-интеллектуалдық мәні, этнофилософиялық білімдердің этнопедагогикалық мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Этнофилософия – (гр. Ethnos – халық + phileo-сүйіспешілік + sophia – даналық) – мәдени антропологияның бағыты болғандықтан жееке халықтардың әр түрлі құбылыстарды және дүнтені қабылдауы арқылы санасына енген қоршаған орта құбылыстары, атап айтсақ, дүние, кеңістік, уақыт, қозғалыс, қоғам және басқалары туралы жүйесіз, стихиялы қалыптасқан білімдерінің жиынтығын зерттейтін ғылым саласы. Этнофилософияның мазмұны «дүниенің этникалық картасы» деген ұғымға жақын.
Философия көп ғасырлар бойы халықтың рухани мәдениетінің құрамында бірге жасап келеді. Ол мұсылман дәуіріне дейін де қоғамның барлық топтарының арасындла кең тараған ауызша түрдегі халық шығармашылығында белгілі қазақтың ақын-жырауларының шығармаларында болды. Басқа философиялық жүйелер сияқты қазақ философиясы да «Адам бұл өмірге не үшін келеді?», «Ол қалай өмір сүріп, еңбек ету керек?», «Өлім дегеніміз не?» деген өте маңызды дүниетанымдық сұрақтарға жауап береді. Ұлттық болмысты философиялық тұрғыдан түсінуге ұлттық тілдің ерекшеліктері, халықтың шаруашылық өмірінен туындаған тұрмыс, әдет-ғұрып, дәстүр, адамгершілік нормалары, тәртіп ережелері ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет