ТІЛДІ ЖОСПАРЛАУ (фр. planer біртегістеу, ор. языковое планирование,
ағыл. language planning) - осымен бірдей: Тілдік құрылыс; Т.ж. белгілі бір су-
бъектілерінің тіл иелерінің (Т.ж. нысандарының) тілдік іс-əрекеттеріне ықпал
етуі үшін жасалатын саналы да нақты іс-шаралар (талпыныстар). Мұндағы
мақсаттар – тіл қолданысын өзгерту (Тілді мəртебе тұрғысынан жоспарлау),
тіл құрылымын реттеу (Тілді корпустық жоспарлау), тілді игеруге жағдай
туғызу (Тілді игеруді жоcпарлау) жəне/немесе саяси, біліми, экономикалық,
қоғамдық, лингвистикалық институттар арқылы тілді мемлекет ішінде жəне
мемлекеттік шекарадан тыс жерлерге тарату (Тілді таратуды жоспарлау).
Т.ж. мынадай істерді қамтиды: Тіл мен Тілдің дамуына осы үшін құрылған,
осыған орай өкілеттігі бар саяси, біліми, лингвистикалық жəне басқа ұйымдар
жоспарлаған өзгерістерді саналы түрде енгізу (Мыс., КСРО-дағы 20-30-жыл-
дардағы Алфавит комитеттері); тиісті Тілдік қауымдастықтың мүдделері,
104
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
орынды əлеуметтік, экономикалық, саяси, демографиялық жəне психология-
лық өзгермелі шамаларды ескеріп тілді қарастыру жəне реформалау. Т.ж.
мынадай жолмен жүзеге асады: а) қабылданған тиісті саяси шешімдерді қоса
отырып Тілдік идеология мен Тілдік саясатты қалыптастыру; ə) іс-əрекеттің
егжей-тегжейлі бағдарламасын түзу (Тілді қолдану салаларын ұлғайту, Əліп-
би реформасы, еміле реформасы, Тілді нормалау, Тілді кодификаттау, Тілді
стандарттау т.с. сияқты нақты істерді қамтиды); б) белгіленген бағдарла-
малардың тиімділігін бағалау, аралық жəне аяққы кезеңдерде істер мен мақ-
саттарға түзету жасау (қар. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы, Кириллица, Тілді кодификаттау, Тілдік реформа, Тілдік ахуал,
Тілдік заңнама).
ТІЛ ЖƏНЕ ДІН (ор. язык и религия, ағыл. language and religion) –«адам
феноменінің» өзіндегі психология мен мəдениеттің ықпалды механизмдері
ретіндегі тіл мен діннің үлкен рөлімен байланысты қазіргі тіл білімінің не-
гізгі проблемаларының бірі. Тіл мен дін, семиотика тұрғысынан қарағанда,
өзіндік мазмұны жəне осы мазмұнды жеткізетін тəсілдері бар таңбалық екі
бөлек жүйе; философиялық тұрғыдан, қоғамдық сананың екі түрлі формасы
(тіл – қарым-қатынастың əмбебап құралы, техникасы, ал дін – қарым-қаты-
нас үстінде жеткізілетін əмбебап мəністер, адам мен қоғам үшін ең маңызды
да көкейтесті мəністер). Бұл тұрғыдан келгенде діни салт жораларын жүргізу
барысында қолданылатын (мысалы, мұсылман мешітінде – араб тілі, право-
славие шіркеуінде – көне славян (шіркеулік славян) тілі) дін тілі жəне діни
тіл термин тіркестері қарастырылады (қар. Тіл, Қазақстан тілдері).
ТІЛ ЖƏНЕ ЖАЗУ (ор. язык и письменность, ағыл. language and written
language) – таңбалық жүйе ретіндегі жазу адам Тілінің тірлік формаларының
бірі болып табылады. Жазу сөздік ақпаратты, мəністік басқа да элементтерді
пішіндеу мен тіркеуге жəне тілдік пішініне қарамастан қашықтықтан жет-
кізуге арналған. Қазіргі жазу қалыптасудың ұзақ кезеңінен өтті, соған орай
мынадай маңызды белгілері орныққан: ұзақ уақыттық сипат; тұрақты шарт-
ты таңбаларды пайдаланатындығы; Мəтіндерді тіркейтіндігі, көрнекілігі (қа-
былдаудың терімен (тактильдік) сезіну арқылы қабылданатын Брайль əліп-
песін т.с.с. есептемегенде). Жазу дамуының бірнеше кезеңі бар, олар – пик-
тографиялық жазу, идеографиялық жазу, буындық жазу, əріптік-дыбыстық
жазу кезеңдері. Жазу туралы ғылым грамматология деп аталады. Қай тілдің
болсын дамуындағы маңызды кезең жазба тілдің шығуымен байланысты,
яғни, жазуы бар, жазба дəстүрі бар Тіл дамыған тіл болып саналады. Жаз-
ба тіл Тілдің сөз бен оралымдарының жазба тілге тəн арнайы ерекшеліктері
бар түрі. Жазба тіл мемлекет дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады
да ресми функция түгелдей соған көшеді. Мыс., Орта ғасырлардың ерте ке-
зеңінде латын сызбалық таңбаларының арқасында уақыт пен кеңістікке бел-
105
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
гіленіп, қашықтықтан ақпар жеткізу үшін роман тілдері атаулыға жазба тіл
қызметін атқарды. ХІ ғасырдан бастап славян халықтары үшін ескі славян
тілі шығып, кең таралады да көне славяндар үшін жазбы тіл қызметін атқа-
рады. 1917 жылдан бастап КСРО аумағында бұрынғы Жазусыз тіл болған 50
тіл жазба тілге айналды (қар. Тіл, Тілді жоспарлау, Қазақстан тілдері).
ТІЛ ЖƏНЕ ЗАҢ (ор. язык и закон; ағыл. language and law) - қар. Тілдік
заңнама.
ТІЛДІК ЗАҢНАМА (ор. языковое законодательство, ағыл. language
legislation) - тіл саясатын білдіретін заңдық форма; жеке бір мемлекет ше-
гінде тілдің/тілдердің/тіл нұсқаларының қолданылуын реттейтін заңдар,
конституциялардың жекелеген баптары т.с.с. Конституциялар белгілі бір
тілдің қолданылуына кепілдіктер мен жалпы нұсқаулар берсе, заңнамалық
кесімдер /актілер/ бұларды егежей-тегежейлеп жүзеге асыруға ықпал етеді.
Парламенттер мен үкіметтердің жанынан арнаулы комиссиялар құрылып Т.з.
жүзеге асуына қызмет етеді, мыс., Түрік тіл қоғамы, Индия парламентінің
жанындағы ресми тіл мəселелері бойынша комиссия, ГФР сыртқы істер ми-
нистрлігі жанындағы неміс тілі мəселелері бойынша жұмыс тобы, Франция-
дағы француз тілі мəселелері бойынша жоғарғы комитет, Ресей Федерациясы
Президенті жанындағы орыс тілі жөніндегі кеңес т.б. Т.з. деструктивті түрі
(бір тілден басқасын қолдануға тыйым салу, мыс., Францияда Ұлы револю-
ция кезінде «ұлт бірілігі» үшін өңірлік тілдер мен диалектілерді толықтай
жою идеясы болған) жəне сындарлы түрі (тілдердің қатар өмір сүруін қамта-
массыз ету) болады. Қазақстанда заң жолымен (Конституция, Тіл саясаты
туралы тұжырымдама, Тіл туралы заңдар т.б.) мемлекеттік тіл қазақ тілінің
қолданылу аясын кеңітетін жаңа тілдік ахуал жасалуда, сонымен қатар тілді
нормалау мен заманауиландыру шаралары жүргізілуде. Қазақстанның тіл ту-
ралы жəне тіл саясатын реттейтін заңдарының жəне басқа мемлекеттік құжат-
тарының ұстанымдық ерекшелігі көпсубъектілі сипатында: бұл заңдарда ти-
тулды ұлттың тілінің ғана емес, орыс тілінің, Қазақстанның басқа тілдерінің
жағдайын реттеудің тəртібі белгіленген. Елде қолданыста жүрген «Қазақстан
Республикасы тілдік саясатының тұжырымдамасы» (1996 ж., 4 қараша) жəне
соған сəйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары
Республикадағы лингвистикалық өрісті қалыптастырудың функционалдық
қағидаттарына сəйкес əзірленіп, тілді жоспарлауды жүзге асырудың мынадай
стратегиялық үш бағытын көздеген: а) мемлекеттік тілдің əлеуметтік-комму-
никативтік қызметтерінің аясын кеңейту жəне нығайту; ə) орыс тілінің жал-
пымəдени функцияларын сақтау; б) Қазақстанның басқа этностарының тіл-
дерін дамыту. Сонымен бірге Қазақстан заңнамасында Тіл туралы заңнаманы
бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту жайы да қарастырылған: «Қазақстан Рес-
публикасының Тiл туралы Заңының бұзылуына кiнəлi мемлекеттiк орган-
106
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
дардың бірінші басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Респуб-
ликасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, кез кел-
ген меншiк нысанындағы ұйымдардың бiрiншi басшылары, сондай-ақ заңды
жəне жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты
болады. Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен азаматтар-
дың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ мемлекеттiк тiлде жəне
басқа тiлдерде қызмет атқарылатын салада олардың қолданылуына кез келген
кедергi келтiру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауап-
тылыққа əкелiп соғады» (Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы, 24-
бап) (қар. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Тіл
саясаты, Тілдік ахуал, Тілді реттеу).
ТІЛДІК ИДЕОЛОГИЯ (грек. idea ұғым + logos ілім, ғылым, ор. языковая
идеология, ағыл. language ideology) – əлеуметтік топтың тілге деген қатына-
сын, тіл мен қоғам, ұлт, этностың арасындағы, ұлт пен мемлекеттің арасын-
дағы қатынастарды анықтайтын көзқарастар мен идеялардың жүйесі, тілді
сақтау я тілдік ахуалды өзгерту мақсаттарынан тұратын жүйе. Вернакулиза-
ция, орыстандыру идеологиясы Т.и. үлгісі бола алады (қар. Вернакулизация,
Идеология, Тіл жəне дін, Тілдік саясат, Тілді жоспарлау, Тілдік конфликт).
ТІЛДІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРЫЛУЫ (ор. возрождение языка,
ағыл. Language revival) – мемлекеттің, Тілдік саясат субъектілерінің, жұрт-
шылықтың өміршеңдігін күшейтуге мұқтаж өлі, жоғалып бара жатқан тілді
я тілдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларының жиынтығы. Т.қ.ж-
дың ең белгілі мысалдарына бұрынғы өлі иврит (Израиль), мэн жəне корн
(Ұлыбритания); жоғалып бара жатқан окситан жəне гаскон (Франция) тіл-
дері жатады. Қандай да бір Тіл қоғамдық-саяси өмірдің, ғылым, техника, өнер
жəне өзгенің тілі бола алмайды, өйткені оның жеткілікті түрде сөздігі жəне
грамматикалық құрылымы жоқ деген пікір «лингвистикалық ырымшылдық»
(Т.Скутнабб-Кангас) болып саналады. «Тілдің ішкі құрылымы оның функцио-
налдық мүмкіндігін анықтамайды, керісінше, функциясының кеңеюі тілдік
құрылымның күрделенуіне əсер етеді. Бұрын қолданыста болмаған салалар-
да қолданысы пайда бола бастаған қандай да бір тілде осы салаға қажет сөз-
дер пайда бола бастайды, грамматикалық құрылымы күрделене түседі (қар.
Тілдің ауысуы, Тілдік саясат, Тілді жоспарлау).
ТІЛДІК ҚАУЫМДАСТЫҚ (ор. языковая общность, ағыл. language
community) – 1. Тілдік ортақ белгілеріне қарай бірлескен адамдардың тұрақты
жиынтығы. Т.қ. мынадай белгілерге ие тұлғалардың санына қарай өзгеше-
ленеді, мыс., Тіл иелерінің Т.қ., Диаспора тілі, Этностық тіл т.с.с. болып
бөлінеді. 2. Өздерін Тіл иесіміз, Диаспора тілінің иесіміз, Этностық тіл
иесіміз т.с.с. деп санайтын адамдардың тұрақты жиынтығы (қар. Этностық
сəйкестілік, Этностық қауымдастық, Тілдік бірдейлестік).
107
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ТІЛДІК ҚҰҚЫҚ (ор. языковое право, ағыл. language right)- жеке өмір-
де жəне қоғамдық өмірде белгілі бір тілді/тіл нұсқасын таңдау, үйрену жəне
пайдалану құқығы. Т.қ. əзірлеуге адам құқығы туралы халықаралық құжаттар
тірек болады. Ол құжаттарда Т.қ. БҰҰ Адам құқықтарының жалпыға ортақ
декларациясында (1948 ж.), Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халық-
аралық пактіде (1966 ж. Пактіде «əр адам туған тілін пайдалануға құқылы»
екендігі көрсетілген /27-бап/), «Баршаға білім беру жөніндегі бүкілəлемдік
декларацияда» (1990 ж.), «Ұлттық азшылықты қорғау туралы шектік конвен-
цияда» (1996 ж.), «Адамның тілдік құқығының жалпыға ортақ декларация-
сында» (1992 ж.) т.б. мазмұндалған қағидалардың табиғи дамуы ретінде қа-
растырылады. Өңірлік тілдер мен азшылықтың тілдері жөніндегі еуропалық
Хартияда (1992 ж.) кейбірінің біржола жоғалу қаупі бар өңірлік тілдер мен
миноритарлық тілдерді қорғау Еуропаның мəдени байлығы мен дəстүрлерін
сақтап, дамытуға септесетіні атап көрсетілген. Т.қ. жөніндегі соңғы құжат-
тардың бірі – Ұлттық жəне этностық, діни жəне тілдік азшылыққа жататын
адамдардың құқығы туралы декларация (1992 ж.). Мұның 1-бабында «тиісті
аумақтарда ұлттық не этностық, мəдени, діни жəне тілдік азшылықтың тір-
шілік етуі мен дербестігін мемлекет қорғайды жəне осы дербестіктің дамуы-
на жағдай туғызуға ынталандырады» деген нұсқау бар (қар. Автохтондар,
Мемлекеттік тіл, Ұлттық азшылық, Ана тілі, Адам құқықтары, Тілдік
ахуал, Тілдік заңнама, Тілдік конфликт).
ТІЛДІК ҚҰРЫЛЫС (ор. языковое строительство, ағыл. language
construction) – Тілді жоспарлаумен бірдей (қар. Тілдік ахуал, Тілдік заңнама,
Тілді жоспарлау).
ТІЛ ЖƏНЕ ҚОҒАМ (ор. язык и общество, ағыл. languge and society -
қазіргі тіл білімінің негізгі проблемаларының бірі. Тілдің шығуының, дамуы-
ның, қолданылуының қоғаммен себептестігін, тілдің əлеуметтік стратифика-
циясын, қоғам мен қоғамдық институттардың тілдің құрылымы мен функция-
сына т.б. саналы ықпалын зерттеумен байланысты проблемалардың шешімі
ізделеді (қар. Билингвизм, Мультилингвизм, Əлеуметтену, Тілді жоспарлау,
Тілді реттеу).
ТІЛ САЯСАТЫ (грек. politike мемлекет басқару өнері, ор. языковая поли-
тика, ағыл. language policy, language politics) - мемлекеттік саясаттың ажы-
рамас бөлігі; тілді жоспарлаудың белгілі бір субъектілерінің (мемлекеттік
билік, əлеуметтік топтар, элиталар, халықаралық ұйымдар, партиялар, тап-
тар т.б.) тіл қызметіне, тіл дамуына саналы əрі мақсатты түрде ықпал етуінің
теориясы мен тəжірибесі; қолданыстағы тілдердің қызмет етуіне мақсатты
жəне ғылыми негізде басшылық ету жəне тілдік қатынас құралдарының жаңа
түрлерін жасау жəне жетілдіру. Т.с. елдегі тілдік ахуалдың дамуындағы стра-
108
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тегиялық бағытты белгілейді, жүзеге асатын тілдік жоспарларды реттейді,
тілдік заңнамада жəне тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдар-
ламарында бекітіледі. Т.с. көмескі болуы да (мыс., АҚШ-тағыдай, жарияла-
натын құжаттарсыз, акцияларсыз жəне іс жүзінде көрсетілмей), заңдармен,
кесімдермен, мемлекеттік бағдарламалармен бекіп көрінеу жүргізілуі де
мүмкін. Канадада «мəдени жəне тілдік мозаика» саясаты бар, ол бойынша ор-
талықтандырылған Т.с. (Оттаваның федералды үкіметі тарапынан) жəне тіл-
дік федерализмнің өңірлік Т.с. (провинциялық үкімет, соның ішінде Квебек
үкіметі тарапынан) қатар жүргізіледі. Вестерндік тіл саясаты еуропалық тіл-
дердің қолданылу аясын кеңейтуге бағдарланады (мыс., əліпбиді латыннан-
дырып, бір кездерде сөздік құрамның 90%-ына дейін жеткен араб пен парсы
сөздерінен тазартылған түрік тілдік үлгісі). «Истерндік» тіл саясаты Иран-
дағы «Ұлы дəстүрден» толық байқалады, онда араб тілі мен жазуы киелі бо-
лып саналады, батыс өркениетінің жетістіктері қабылданбайды, мұны Орта
Азияның кейбір мұсылман елдерінен де байқауға болады, олар араб жазуын
оқытады, халықаралық сөздер мен терминдерді араб жəне парсы баламала-
рымен ауыстырады т.с.с. Демократиялық тіл саясаты тіл мəртебесіне қарамай
тілдердің бəрінің құқығын қорғайды.
Қазақстандағы Т.с. мемлекеттің тілдік тірліктің мəселелеріне деген қа-
тынасының шоғырланған көрінісі болып табылады. Қазақстандағы Т.с. си-
паттарын былайша бағалауға болады: орталықтандырылған (өйткені бұл
саясатты мемлекет жүргізеді жəне міндетті іс-шаралардың жүйесін қарасты-
рады), келешекті (өйткені Қазақстандағы қазіргі тілдік ахуалдың өзгеруіне
бағытталған), демократиялық (өйткені қалың бұқараның мүддесін ескереді),
интернационалдық (өйткені негізгі стратегиялық бағыт ретінде қазақ тілін,
орыс тілін жəне басқа этностық топтардың тілдерін дамыту таңдалған), сын-
дарлы (өйткені тіл қызметінің аясын кеңейтуге, қазақ тілінің қолданылу ая-
сын, əлеуметтік-коммуникативтік рөлін жəне өміршеңдігін молайтуға, орыс
тілінің, сондай-ақ басқа тілдердің қолданылуы мен дамуын қолдауға бағыт-
талған) (қар. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы,
Мемлекеттік тіл, Тілдік заңнама, Тілді жоспарлау).
ТІЛДІК СƏЙКЕСТЕНДІРУ (ор. идентификация языковая, ағыл. language
identifi cation) – индивидтің өзін белгілі бір тілдің иесі екенін анықтауының
үдерісі (қар. Сəйкестендіру). Тіл өзінің иелерінің ұлттық сипатының ерек-
шеліктерін белгілей отырып, ойлау мен қабылдаудың түрлі тəсілдерін қалып-
тастыратындықтан Т.с. Этностық сəйкестендірудің құрамдас бөлігі болып са-
налады. Т.с. тілдесім тілі, тілдік сана жəне нақты лингвомəдени ортақтықтың
көріну белгілері арқылы танылады. Тіл бір мезгілде əрі этносты ажырататын,
əрі этносты біріктіретін фактор болып табылады. Бұған тілдің құрылысының
(фонетика, лексика, грамматика жəне синтаксис) өзі де, сондай-ақ осы этностық
қауымдастыққа тəн мəдени құбылыстардың тілдегі көріністері де сеп болады.
109
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ТІЛДІК СƏЙКЕСТІЛІК (БІРДЕЙЛЕСТІК, БІРЕГЕЙЛІК) (ор. язы-
ковая идентичность, ағыл. language identity, лат. identicus теңдес) – жеке
тұлғаның өзінің бір тілге тиесілігін ұғынуы (өзін-өзі сол тілмен бірдейле-
уі, теңдестіруі, белгілеуі); индивидтің немесе топтың тілді/тілдерді білу
мен қолданудан келіп құралатын тілдік сипаттамаларының жиынтығы (қар.
Мемлекеттік сəйкестілік, Еуразиялық сəйкестілік, Ана тілі, Этностық сəй-
кестілік, Тіл).
ТІЛДІҢ СІҢУІ /АССИМИЛЯЦИЯ/ (ор. ассимиляция языковая, ағыл.
assimilation) – Этностық ассимиляцияның кезеңі, басқа тілдік ортада қандай
да бір этностың тілдесу құралы ретінде, сонымен қатар этнос ішіндегі комму-
никация саласында, өз ана тілінен айырылу үдерісі жəне ана тілін басқа тіл-
мен ауыстырып, соңғысын ана тілі ретінде мойындау (қар. Ассимиляция). Т.с.
бір халықтың басқа халықты жаулап алғанында, отарлау кезінде жəне басқа да
жағдайларда болады. Айтарлықтай ұзақ қостілділік кезеңінен кейін, сырттан
келгендердің тілі осы аумақта жеңіліп, жоғалған ұлттық тілдің əсерінен аз-
ды-көпті өзгерістерге ұшырағанымен, жалпыға бірдей жəне жалғыз тіл болып
қалады. Т.с. тілдік шовинизммен жан-жақты байланысты жəне басқа халықты
Мəдени жəне Этностық ассимиляциялаудың тиімді құралының бірі болып са-
налады. Сырттан келгендердің тілі немесе діни-мəдени экспансияның тілі асси-
миляцияға ұшырайтын халықтың тілдесіміне сауда, əкімшілік коммуникация,
құжаттама, білім жəне басқа арналар арқылы енеді, сонымен қатар сол бір ау-
данда белгілі бір тілді талап ету немесе саяси элитаның қыспағы арқылы Т.с.
мəжбүрлі түрде жүруі мүмкін.
ТІЛДІК РЕТТЕУ (лат. regula норма, ереже, ор. языковое регулирование,
ағыл. language regulation) – тілдік қауымдастықта тілдердің теңгерімін сақтау,
тіл иелерінің қалауына орай тілдің дамуын қамтамасыз ету үдерісі. Т.р. Тіл сая-
сатының ерекшеліктерімен тікелей үйлесімде жүреді. Т.р. плюралды болуы
да (Миноритарлық тілдерді дамыту мен қолдауға септесу арқылы), тілдерді
қайта жаңғырту үдерістерімен қабысуы да, Тілді жоспарлау ісінің бөлігіне
айналуы да мүмкін. Мəселен, «Ресей Федерациясы халықтарының тілдері
туралы» Заңда Ресей Федерациясы халықтарының тілдері түгелдей «Ресей
мемлекетінің ұлттық игілігі» ретінде белгіленген, осы Заңның 3-бабында
«Ресей Федерациясы халықтарының барлық тілдерінің тең құқықтығы» ту-
ралы тұжырым қолданылады, демек, тілге құқық субъектісі құқығы берілу
мүмкіндігі көрсетілген. Ал «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы-
ның» 6-бабында «Қазақстан Республикасының əр азаматының ана тiлiн қол-
дануына, қарым-қатынас, тəрбие, оқу жəне шығармашылық тiлiн еркiн таңда-
уына құқығы бар» екендігі айтылады. Осы заңның «Тiлдердiң қолданылуына
кедергi келтiруге жол бермеу» деп аталатын 7-бабында: «Қазақстан Респу-
бликасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол
110
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
берiлмейдi. Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң жəне басқа да тiлдердiң қолда-
нылуына жəне оларды үйренуге кедергi келтiретiн лауазымды адамдардың
iс-əрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылыққа
əкеп соқтыратындығы» ескертіледі (қар. Ана тілі, Тілдік идеология, Тіл сая-
саты, Тілдік заңнама, Тілді жоспарлау, Тілдік құқық).
ТІЛДІК РЕФОРМА (ор. языковая реформа, ағыл. language reform, лат.
reformare өзгерту, қайта құру) - тілді жетілдіру мен дамыту жолындағы мақ-
сатпен əлеуметтік-тілдік шаралар жасау (жаңалықтар енгізу), мыс., емлені
реформалау, жазуды реформалау т.с.с. (қар. Тіл саясаты, Тілді жоспарлау,
Тілдік ахуал).
ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ТІЛ (ор. коренной язык, ағыл. native language) – дəстүр-
лі тұрғылықты аумағымен мызғымас тарихи байланысы бар, өсіп келе жатқан
ұрпақ үшін Мəдениетін, Салт-дəстүрін, Тілін сақтап қалуға, дамытуға, қал-
дыруға талпынатын Тұрғылықты этностың тілі. Т.т. – Тұрғылықты этнос-
тардың этностық бірдейлестігі мен Тілдік бірдейлестігінің негізгі белгісі
болып табылатын, Халық санағында негізгі тіл ретінде көрсетілетін тіл. Т.т.
ұғымы Титулды этнос тілі ұғымынан гөрі танымал. Финляндияда фин жəне
швед тілдері – Ресми тілдер, ал саам (3000 сөйлеушісі бар), цыган тілдері
(10000 сөйлеуші бар), сонымен бірге ым тілі (керең адамдардың тілі, 10000
адам) Т.т. болып жарияланған, бірақ орыс тілі (31000 адам) мұндай мəрте-
бе алған жоқ (А.Мустайоки). Т.т. құқықтарын тұрғылықты халықтікі сияқты
Тұрғылықты халықтардың құқықтары туралы декларация, Азаматтық жəне
саяси құқықтар туралы халықаралық пакт жəне т.б., қорғайды (қар. Автох-
тонды тіл, Жергілікті тіл, Халық, Этностық тіл, Тіл, Диаспора тілі, Қа-
зақстан тілдері, Тілдік құқық).
«ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫЛЫҒЫ» МƏДЕНИ ЖОБАСЫ (ор. Куль-
турный проект «Триединство языков», ағыл. cultural project «trinity of
languages»)– Қазақстан Республикасының ішкі саясаты бағыттарының бірі,
оның негізі үш тілдің басымдылықпен даму идеясынан тұрады: қазақ тілі –
Мемлекеттік тіл, орыс тілі – Əлем тілдерінің бірі жəне ұлтаралық қатынас
тілі, ағылшын тілі – əлем тілдерінің бірі жəне жаһанданған экономикаға ой-
дағыдай қосатын тіл. Т.ү.м.ж. идеясы мынадай қысқаша тұжырымнан келіп
шыққан: «мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз жəне ағыл-
шын тілін меңгереміз». Тілдер мен мəдениеттердің алуан түрлілігі жағ-
дайында өзге тілдер мен мəдениетке қысымшылық жасамай жəне қоғам-
дық келісімді күшейте отырып, Т.ү.м.ж. барлық Қазақстан халықтарының
Тілдік құқығын сақтауын, қарым-қатынас, оқу жəне өнер тілін еркін таңдау-
ды қамтамасыз етеді. Елімізде жексенбілік мектептер мен этноағартушылық
орталықтардың ауқымды торабы құрылып, табысты қызмет етіп жатыр.
111
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Қазақстан азаматтарының үш тілді меңгеруі – аса маңызды қажеттілік əрі ел-
дің бəсекеге қабілеттелігін растайтын жетістік. Алғаш рет Қазақстан халқы
Ассамблеясының ХІІ сессиясында, кейін «Жаңа Қазақстан жаңа əлемде»
(2007) Жолдауында жарияланған Т.ү.м.ж. идеясы кезең-кезеңмен жүзеге
аса бастады жəне Қазақстан Республикасының тілдерді қолдау жəне дамы-
тудың жаңа мемлекеттік бағдарламасына ажырамас бөлік ретінде енгізілді
(қар. Қазақстан тілдері, Тілдік идеология, Тілдік саясат, Тілдік құқық).
Достарыңызбен бөлісу: |