ТІЛДІК ЭКСПАНСИЯ (лат. expansio кеңейту, тарату, ор. языковая экс-
пансия, ағыл. language expansion) - Тілдің мəртебесін өзгерту жолымен бір
Тілді басқа Тілдік қауымдастыққа тарату. Мыс., орыс тілінің экспансиясы
Кеңес Одағында мақсатты жəне дəйекті түрде жүзеге асырылды (Т.э., əсіресе,
КСРО ұлттық тілдерінің ортақ лексикалық қорын жасау идеясынан айқын
көрінді), бұл экспансияның идеологиялық негіздемесі мемлекеттік жəне тіл-
дік Бірдейлестік болды. Диахрониялық əлеуметтік тілтануда Т.э. субстрат-
тардың түзілуіне əкеп тірейтін үдерістер ретінде ұғындырылады, мыс. Еу-
ропаға Рим империясының тілі латынды тарату – осының бір көрінісі (қар.
Мемлекеттік тіл, Этнос, Тілдік саясат, Тілді жоспарлау).
ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЭТНОС (ор. коренной этнос, ағыл. native, indigenous
ethnos) – осымен бірдей: дəстүрлі жолмен қоныстанған аумақта мекен ететін
(қазіргі мемлекеттік шекараның қалыптасуына дейін) жəне сол жермен ажы-
рағысыз тарихи байланыстағы тұрғылықты Халық, Этнос, жұрт. Т.э. түсіні-
гінің бұлдырлығы сонда, «дəстүрлі қоныстанудың» хронологиялық шек-ме-
желерін əр жағдайға орайластырып анықтайтын мүмкіндік жоқ. Бұрынғы
КСРО-да Т.э-қа көбінесе Титулды этностар жатқызылды. Т.э., тұрғылықты
халық, Тұрғылықты тіл ұғымдарынан гөрі БҰҰ мен басқа халықаралық
ұйымдардың құжаттарында Автохтон, Автохтонды тіл, Миноритарлық
тіл деген терминдер қолданылады (қар. Ассимиляция, Диаспора, Конфликт,
Халық, Титулды этнос, Этностық топ, Этностық фузия, Тілдік ассимиля-
ция).
- Ұ -
ҰЛТТЫҚ АЗШЫЛЫҚ немесе «этностық азшылық», (ор. национальные
(этнические) меньшинства, ағыл. ethnic minorities) – халықаралық тəжірибе-
де қолданылатын термин Қазақстанда ресми түрде қолданылмайды. 1. Қан-
дай да бір мемлекеттің аумағында тұратын, бірақ жергілікті ұлтқа жатпайтын
жəне өздерін ұлттық қауымдастық деп танитын этностық топтардың өкілдері;
2. Бөтен ұлт ортасында өзінің негізгі мекенінен бөлек тұратын, бірақ өз этно-
сымен туыстығын жəне атауы, тілі, мəдениеті мен этностық ерекшеліктерінің
112
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
кейбір басқа да сипаттары жағынан байланысын сезетін этностың бір бөлігі.
Ұлттық азшылықтың құқықтары туралы БҰҰ Декларациясының (1992 жыл)
1-бабында Ұ.а. өзіндік ұлттық немесе этностық, мəдени, діни жəне тілдік
топтар ретінде сипатталып, оларды қорғау жауапкершілігі мемлекетке жүкте-
летіні көрсетілген. Ұ.а. болуы – фактілік жағдай, оның объективті (этностық,
тілдік немесе діни қауымдастықтың болуы) жəне субъективті (индивидтердің
өздерін бірдейлестіруі) факторлары бар.
Қай топтың Ұ.а.-ға жататынын анықтайтын халықаралық деңгейде
келісілген анықтама жоқ. Əдетте, азшылық деп азаматтардың елдің басқа
халқымен салыстырғанда саны жағынан аз жəне басым орны жоқ кез кел-
ген тобын атайды. Егер мемлекеттегі/өңірдегі саны жағынан басым топ-
тың саяси немесе мəдени құқықтарына қысым жасалса, олар да азшылық
жағдайына душар болуы мүмкін, яғни «азшылық» ұғымының статистика-
лық та, саяси да мағынасы бар. Азшылыққа жатқызудың критерийлері: аз-
шылықтың саны, объективті айырықша белгілері, қоғамдағы орны басым
емес екендігі, топтық айырмашылығын сақтауға ұмтылуы жəне тиісті елдің
азаматтығының болуы. Алайда ұсынылған белгілердің негізінде Ұ.а. топ-
тарын анықтауда да жетіспеушіліктер бар: Ұ.а. əлеуметтік санатына түрлі
мағынада түсіндірме берілуі мүмкін. Дегенмен Ұ.а. бетпе-бет келетін про-
блемаларының ішінде теңсіздік пен кемсітушілік жəне өзіндік ерекшелігін
сақтау құқығын жүзеге асыру негізгі проблемалар болып саналады. Ұ.а.
топтарының көбі мəдени (этностық, нəсілдік, діни) азшылықтарға жата-
ды. Халықаралық құқықта Ұ.а. құқықтарын қорғау жүйесі Бірінші дүние-
жүзілік соғыстан кейін қызмет еткен Ұлттар лигасы аясында пайда болды,
ал 1948 жылы БҰҰ Геноцид қылмысының алдын алу жəне ол үшін жазалау
туралы конвенциясын қабылдағанда рəсімделді. Конвенция, бірінші кезекте
«ұлттық, этностық, нəсілдік немесе діни топтардың» болу құқығын қамта-
масыз етуге бағытталды. Кейін Азаматтық жəне саяси құқықтар жөнінде-
гі халықаралық пактіге Ұ.а. туралы ерекше бап енгізілді. Кейінгі жылда-
ры Ұ.а. проблемасы бірқатар халықаралық құқықтық құжаттардан көрініс
тапты. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – 1994 жылы қабылданған Ұлттық
азшылықтарды қорғау жөніндегі еуропалық шекті конвенция (қар. Ұлттық
азшылықтар істері жөніндегі жоғарғы комиссар, Ұлттық азшылықтар-
дың құқықтары).
ҰЛТТЫҚ АЗШЫЛЫҚ ІСТЕРІ БОЙЫНША ЖОҒАРҒЫ КОМИС-
САР (ор. Верховный комиссар по делам национальных меньшинств, ағыл.
OSCE Supreme Commissioner for National Minorities) – ЕҚЫҰ-ның лауазым-
ды тұлғасы, 1992 ж. Еуропадағы қауіпісіздік пен ынтымақтастық кеңесінің
(СБСЕ) Хельсинки саммитінде бекітілген.
Аз ұлттар істері бойынша жоғарғы комиссар қызметінің негізгі бағытта-
рына мыналар жатады: этносаралық себептен туындайтын шиеленістерді
113
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ескерту жəне резолюция əзірлеу, шиеленістердің алдын алу үшін білімнің
ықпалын арттыру, аз ұлттар мен үлкен этностар тілінің қатар өмір сүруіне
септесу, аз ұлттардың қоғамдық өмірге етене араласуына қолдау жасау, олар-
дың БАҚ-пен өзара ықпалдастығын кеңейту, көпэтносты қоғамдағы қоғам-
дық тəртіпті полициямен қорғау, мемлекетішілік қатынастарда аз ұлттардың
белсенділігін арттыру, сондай-ақ аз ұлттарды қоғаммен ықпалдастыру.
Аз ұлттар істері бойынша жоғарғы комиссардың кеңсесі – шиеленістер-
ден мүмкіндігінше ертерек сақтану үшін əзірленудің жəне олардың алдын
алуға қатысты шұғыл əрекет етудің құралы. Оның мандатына ЕҚЫҰ өңір-
леріндегі аз ұлттарды тартуға қатысты шиеленісті мониторингілеу, сондай-ақ
жағдайдың одан əрі ушығып, шиеленіске ұласуы мүмкін жерде ертерек
ескертуді жəне жылдам əрекет етуді ұйымдастыру кіреді. Жоғарғы комиссар
құпия түрде жəне орын алған жайтқа қатысы бар тараптарға тəуелсіз əрекет
етеді. Оның ұйымдасқан лаңкестік актілер сияқты дербес оқиғалармен жəне
жағдайлармен ісі болмайды жəне лаңкестік, зорлықпен айналысатын немесе
соған ашықтан-ашық жол беретін адамдармен немесе ұйымдармен бірлесіп
əрекет етпейді.
Аз ұлттар істері бойынша жоғарғы комиссариат басқармасы Гаагада орна-
ласқан.
ҰЛТТЫҚ (ЭТНОСТЫҚ) АККУЛЬТУРАЦИЯ (лат. aс + cultura – өңдеу,
ор.– аккультурация национальная, ағыл. – аcculturation) – мəдени бейімде-
лу, адамның, əлеуметтік топтың немесе этностың басқа мəдени ортаға сол
мəдениеттің кейбір ерекшеліктерін (нормаларын, құндылықтары мен дəстүр-
лерін) алу арқылы бейімделу үдерісі мен нəтижесі; этностық мəдениеттер
мен тілдердің бірінің (əдетте азырақ дамығанының) басқа мəдениет элемент-
терін қабылдау кезіндегі өзара ықпалдасуынан болатын үдеріс пен шығатын
нəтиже; саяси құндылықтардың байланысатын жүйелерінің өзара əрекеттес-
тігі мен сіңісуі (диффузия).
Сонымен бірге бірінші мəдениет өз мəдени моделін сақтап қалады, бірақ
онымен қоса, əдетте кеңірек таралған жəне анағұрлым дамыған басқа мəде-
ниеттің нормаларын да азды-көпті меңгеріп алады.
Алғаш рет терминді ХІХ ғасырдың аяғында У.Хоумз қолданған, 1936 жылы
Р.Редфилд, М.Херсковиц жəне Р.Линтон түрлі мəдениеттер арасындағы бай-
ланыс түрлерінің бірін көрсету үшін диффузия мен ассимиляция ұғымдарына
қарама-қарсы қою мақсатында ғылыми қолданысқа енгізген. Бір мəдениеттің
басқа мəдениетпен (мəдениеттермен) байланысы нəтижесінде мəдениетте
болатын өзгерістерді аккультурация деп атай бастаған, мысалы, жаңа елдің
жағдайларына эмигранттардың аккультурациясы.
Ассимиляциямен салыстырғанда аккультурация адамның, əлеуметтік топ-
тың немесе этностың дəстүрлі мəдениетін толығымен жоғалтуына əкеліп
114
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
соқтырмайды, алайда қос мəдени-тілдік сананың қалыптасуын тудыруы, қос
тілділік, бикультурализмның дамуына жағдай жасауы мүмкін.
Сонымен қатар аккультурация мемлекеттің бағытталған саясатының нəти-
жесі деп те түсіндіріледі, осы саясатқа сай азаматтық алу үшін мемлекеттік
тілді немесе халықтың басым бөлігі сөйлейтін тілді меңгеру, қоғамның мі-
нез-құлық нормалары мен мəдени стереотиптерін қабылдау қажет.
Этностың тұрмысына, қандай да бір жаңалығына кірісу, яғни инновация-
ның дəстүрге айналуы бірден жүрмейді. Этностар арасындағы мəдени ақпа-
рат алмасу мен оларды тұрмысқа енгізу формалары алуан түрлі болады. Мə-
дени үдеріс нəсілдік, тілдік жəне этностық тəнділігі мен əлеуметтік-экономи-
калық деңгейіне қарамастан ғаламшарымыздың барлық халықтарын қандай
да бір дəрежеде қамтып жатады. Əсіресе бұл үдеріс Азия, Африка, Океания,
Латын Америкасы халықтарында қарқынды жүріп жатыр. Қолда бар ғылы-
ми зерттеулердің негізінде этнографтар даму жағынан артта қалған халықтар
мен резервация тұрғындарының еуропалық мəдениетті меңгеруін жеңілдету
бағдарламаларын жасап жатыр.
Аккультурация – мəдени құбылыстардың кең таралуына жағдай жасайтын
мəдениеттер арасындағы байланыстардың салдары. Əдетте жартылай немесе
толық ассимиляцияға əкеледі (қар. Аккультурация, Инкультурация, Этнос-
тық ассимиляция, Мульткультурализм).
ҰЛТТЫҚ (ЭТНОСТЫҚ) АНТАГОНИЗМ (ор. антагонизм националь-
ный (этнический), ағыл. national (ethnic) antagonism) – ұлттардың, этностық
қоғамдар мен топтардың арасындағы бітіспес күреспен, өшпенділікпен си-
патталатын қарым-қатынас күйі. Мұндай күй əдетте тарихи, əлеуметтік-эко-
номикалық, діни, геосаяси жəне басқа да факторлар себепші болатын ұлттық
(этностық) мүдделердің қарама-қарсылығынан пайда болады.
Ұлттық антагонизм (əрі қарай – Ұ.А.) басқа этностың мəдениетіне, тіліне,
дəстүрлеріне, дініне деген өшпенділік, басқа ұлттың өкілдерімен қарым-қа-
тынасты шектеу немесе толығымен тыю түрінде нақты көрініс табады. Ұ.А.-
нің төтенше бастырмалатылған формасы – қандай да бір бөтен халыққа
жүргізілетін геноцид. Басқа халыққа деген теріс көзқарасты идеологиялық
тұрғыдан негіздеу мақсатында осы этностың бұрмаланған, жағымсыз бей-
несін қалыптастыратын мифтер, этностық стереотиптер, нұсқаулар жүйелері
жасалады. Нəсілшілдік жəне ұлтшылдық «теорияларының» негізінде басқа
этносқа немесе оның өкілдеріне жүргізілетін Ұ.А.-ның «негіздемесі» болып
табылатын осындай ұғымдар (мыс., нəсілшілдік, антисемитизм, русофобия
жəне басқалар) жатыр.
Ұлттар арасындағы өшпенділік ахуалын тудыруға Ұ.А.-ды өз саяси не-
месе экономикалық мақсаттарында пайдалануға ұмтылатын белгілі бір
əлеуметтік күштер мүдделі болады. Ұлттық-этностық ырымшылдық, теріс
ұғымдар аса тұрақтылығымен ерекшеленеді. Ұлтаралық, этносаралық қай-
115
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
шылықтар кезінде «бөтен» этносқа өшпенділікті күшейту мақсатында бел-
сенді түрде өршітіледі. Осылайша, Карабах қақтығысы шиеленіскен кезде
Əзірбайжан мен Арменияда антиармяндық жəне антиəзірбайжандық наси-
хаттар күрт күшейді. Əр тарап басқа тарапты «қас жау» бейнесінде көрсе-
туге барын салды. Грузин-абхаз, осетин-ингуш, Украинадағы жəне басқа да
жақын жəне алыс шетелдердегі қақтығыстар кезінде дəл осындай жағдай-
лар болды. Ұ.А. жиі түрлі көлемдегі ұлтаралық қанды қақтығыстарға ұласа-
тын өшпенділік пен жек көрініштің ашық, төтенше формасында байқалуы
мүмкін. Соңғы онжылдықтар ішінде қан төгілген ұлтаралық қақтығыстар
саны артты. Сөйтіп, соғыстан кейінгі 250 əскери қақтығыстардың шамамен
жартысын қандай да бір этностық астары бар соғыстар құрайды. Оған қоса
«қырғи қабақ» соғыс түрінде жасырын формадағы Ұ.А. жиірек болады. Ол
тұрғылықты емес ұлт өкілдерін елден аластау, олардың азаматтық жəне сая-
си құқықтарына қысым жасау, мəдениеті мен ана тілін қыспаққа алу, ұлт-
тық намысын қорлау сипатында көрініс табады. «Туа біткен», мəңгілік Ұ.А.
болмайтынын атап айтқан жөн. Ертеректе жауласқан елдер уақыт өте келе
мəмілеге келіп, жақындасып, тіпті олардың арасында достық қарым-қаты-
настар орныққаны туралы тарихта мысалдар аз емес. Мəселен, немістер мен
ресейліктер ХХ ғасырда бір-біріне қарама-қарсы екі рет соғысқа қатысқан.
Алайда олардың арасында осы күнге дейін ұлттық-дұшпандық қарым-қа-
тынастар сақталды деп айтуға негіз жоқ (қар. Антисемитизм, Дискримина-
ция, Ксенофобия, Ұлтаралық қақтығыстар, Нəсілшілдік, Этностық сте-
реотиптер).
ҰЛТТЫҚ-АУМАҚТЫҚ АВТОНОМИЯ (ор. Национально-территориа-
льная автономия, ағыл. national and territorial autonomy) – Ұ-АА – бір жерде
жинақы тұратын ұлттың (этностық топтың) өз бетінше ұйымдасу формасы,
мұнда жекелеген ұлттық топтардың өзіндік мүдделері ескерілу үшін ұлттық
мемлекеттер, ұлттық-мемлекеттік құрылымдар немесе ұлттық əкімшілік-ау-
мақтық бірліктер құрылады.
Мыс., Ресейде осыған сəйкес автономиялы республикалар, автономиялы
облыстар немесе округтер, сондай-ақ ұлттық аудандар, уездер т.б. бар. Бұлар-
дың арасындағы шегара тым шартты болғанмен, оларға мемлекеттік биліктің
көлеміне қарай саяси (заң шығарушы) немесе əкімшілік автономия беріледі.
Билікті орталықсыздандырудың түрі болумен қатар автономия ұлттық
ерекшеліктің ғана емес, географиялық, тарихи жəне басқа ерекшеліктердің
де нəтижесі ретінде қалыптасуы мүмкін.
Саяси автономия Солтүстік Ирландияда (Ұлыбритания), Корсикада (Фран-
ция), Аланд аралдарында (Финляндия), Азор аралдарында (Португалия),
Гренландияда жəне Фарер аралдарында (Дания) бар, Күрдістанда (Ирак),
Филиппинде, Шри-Ланкада жəне кейбір басқа елдерде жарияланған.
116
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Облыстық саяси автономия Италияда бар, бұл бір жағынан, жекелеген
өңірлердің (Сицилия, Сардиния) дəстүрлі тірлігіндегі тарихи ерекшеліктен
болса, екіншіден, аумақтардағы (Трентино-Альто-Адидже, Фриули-Венция-
Джулия) жұрттың ұлттық құрамына орай қалыптасқан. Испания конститу-
циясында ұлттық-аумақтық принцип бойынша автономиялар құру құқығы
көрсетілген. Соған орай ол елде төрт «ұлттық провинция» құрылған: Анда-
лусия мен Галиция, Каталония, Баскілер елі, бұларға 13 «тарихи» аумақтық
облысқа қарағанда көп құқық берілген.
Жалпымемлекеттік заң негізінде əрі конституциядағы тікелей ұйға-
рымдарға сүйеніп бұл елде автономияны жүргізу нысандары белгіленеді,
жергілікті өкіметті жасақтайтын жергілікті парламент сайланады. Орталық
биліктің өкілі сол билік тағайындаған губернатор (немесе басқа лауазымды
тұлға) болады, ол жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін қадағалайды,
оның жергілікті парламент қабылдаған заңдарға тыйым салуға құқы болады.
Елдердің қайсысында болмасын оның ортақ сипаттарымен қатар əлеумет-
тік-экономикалық даму һəм өзін-өзі басқару жүйесінің тиімділігі деңгейіне
байланысты өзіндік ерекшеліктері бар жəне бұлар ескеріледі.
Əкімшілік автономия саяси автономиядан гөрі сирек кездеседі. Əкімшілік
автономияға Қытайда кең орын берілген. Онда жинақы тұратын аз ұлттар
(ұйғырлар, тибеттіктер, чжуандар т.б.) ұлттық аудандық автономия туралы
1984 жылғы 31 мамырдағы заңға сəйкес автономиялы құрылымның үш түрін
құрған: автономиялы аудан, автономиялы округ, автономиялы уезд. Автоно-
миялық құрылымдарда əдепкі əкімшілік-аумақтық құрылымдарда болатын
органдар қызмет етеді, сонымен қатар бұларға қосымша өкілеттіктер беріл-
ген.
Постсоветтік кеңістікте Ресейден басқа Молдовада, Əзірбайжанда, Грузия-
да, Тəжікстан мен Өзбекстанда автономияның түрлі формалары бар.
Ұ-АА ұлттық қатынастар саласындағы қайшылықтарды шешудің, жағым-
ды үрдістерді ынталандырудың бірден-бір тəсілі болып саналмайды. Жеке-
леген елдерде бұл жікшілдікке ұласып, автономиялы құрылымдардың жаңа
мемлекет болып бөлініп шығуына дейін жеткізіп отыр (мыс., Испаниядан
Каталония мен Баскілер елінің, Ұлыбританиядан Солтүстік Ирландия мен
Шотландияның жіктелуі, т.б.).
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының 2-бабы-
на сəйкес, «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы
біртұтас мемлекет». 1996 жылдың мамыр айында ҚР Президенті мақұлдаған
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бірегейлігін қалыптастыру тұжы-
рымдамасында: «Біртұтас мемлекеттің сипаттарының бастысы – оның ішінде
ұлттық-мемлекеттік жəне автономиялы құрылымдар болмайтындығы», - деп
жазылған.
Қазақстанда ұлттық-мемлекеттік жəне автономды құрылымдардың бо-
луына жол бермеудің принципті маңызы бар. Біріншіден, тəуелсіздік алған-
117
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
нан бергі уақытта этностардың тіл, дəстүр, тұрмыс, білім мен мəдениет, БАҚ
салаларындағы ерекше мүдделерін барынша қанағаттандыруға бағытталған
саясат жүргізіліп келеді; екіншіден, ұлттық топтардың ұжымдық жəне жеке
мүдделерін институционалдау ҚХА, өңірлік ассамблеялар мен ұлттық-мəде-
ни орталықтар арқылы жүзеге асырылып келеді; үшіншіден, Қазақстанның
барлық этностық топтары өздерінің стратегиясы ретінде бірегей азаматтық
социумға – ортақ тарихи тағдыр, ортақ құндылықтар, мақсаттар мен ныса-
налар біріктірген Қазақстан халқына – бірігуді таңдады; ал бұл қоғамдық
келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін қалыптастырудың алғы-
шарты болды.
ҰЛТТЫҚ БІРЛІК (ор. национальное единство, ағыл. national unity) –
этностық қауымдастықтардың ұлт құрамындағы тірлігінің тұтастығын біл-
діретін ұғым мен қарекет. Ұлттық бірлік табиғи, əлеуметтік, ішкі жəне сыртқы
факторлармен шарттас, этностық субъектілердің экономика, техника, ғылым,
саясат, өнер, спорт, дін т.с.с. түрлі салаларда əрекеттес болуымен байланыс-
ты. Дара бір адам деңгейінен қарағанда, ұлттық бірлікке ұлттық сезімдер,
психология, адамдардың бірлесіп өмір сүруі мен еңбек етуі себепші болады
(қар. Этнос, Ұлт, ҚХА).
ҰЛТТЫҚ ЖАНДАНУ (ор. национальное возрождение, ағыл. national
renaissance) – ұлттың жаңғыруы, оның қазіргі өмір реалиялары жүйесіндегі,
жалпы адамзаттық өркениеттің үдемелі қозғалысындағы жаңаруы. Ұлттық
жандану өткен тарихтың жай ғана жаңаруы емес; ескіге, шаруашылық пен
мəдениеттің, саяси жəне басқа да құрылымдардың ескі формаларына жай
ғана қайтып оралу емес; ұлттық жандану дегеніміз - өткен мен қазіргінің қо-
сылуының көп қырлы үдерісі. Бұл – тарихи даму үшін халықтың, оның ин-
ституттары мен құндылықтарының жасампаздық мүмкіндіктерін ашу үдерісі.
Зиялылар, əсіресе ұлттық өзіндік сананың тасымалдаушысы ретіндегі гума-
нитарлық арнадағы зиялылар, ұлттық жандану үдерісінде айырықша орын
алады. Ұлттық жандану үдерісі кезінде мəдени орталық ретінде қалалардың
рөлі артады.
Қазір, бір жағынан, этностардың жақындасу үдерісі жүріп жатса, екінші
жағынан, ұлтының ешкімге ұқсамайтын дербестігін, ерекшелігін саналап
тану үдерісі жүріп жатыр, «этностық парадокстың» мəні де осында. Мұны
белгілі бір шамада ғаламдастыруға қарсы əрекет ететін, қоғам өмірінің сырт-
қы айналасын жайлы ететін үрдіс деп түсінген жөн.
Ұлттық жəне əлеуметтік азаттық үшін күресіп жатқан қоғамның саяси
істері ұлттық жандануды мақсат тұтады. Бұл – ұлттарды бірыңғайлауды көз-
дейтін тоталитарлық саясатқа, яғни əкімшілік əдістермен «ұлттарды жақын-
дастыру» үрдісін жеделдету əрекеттеріне қарсы реакция (қар. Этнос, Этнос-
тық топ, Этноағарту мектептері).
118
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ҰЛТТЫҚ КЕЛІСІМ (ор. национальное согласие, ағыл. national accord)
– 1. Өзара түсіністікке, сыйластыққа, төзімділікке, жауапкершілікке негіздел-
ген қоғамдық жəне мемлекеттік құрылыс қағидаты; 2. Қоғамда туындайтын
тартысты жағдайларды, қарама-қайшылықтарды, проблемаларды реттеу. 3.
Дауды шешу барысында қол жеткен белгілі бір нəтиже.
Ұ.к. Конституция қағидаларының, азаматтар құқықтарының теңдігін
қамтамасыз етудің мүмкіндіктер теңдігінің негізінде қалыптасады. Қа-
зақстанда қоғамдық келісім қоғамдық жəне мемлекеттік құрылыстың консти-
туциялық қағидаты ретінде бекітілген.
Ұ.к. қол жеткізу үшін қоғамдағы түрлі əлеуметтік топтардың мүдделерін,
ұмтылыстарын, талаптарын түсінудің жалпы ыңғайларын қолданудың күр-
делі үдерісінен өтіп, өзара қанағаттандыратын нəтижеге жету қажет. Мем-
лекеттік құрылымдардың, түрлі қоғамдық, ұлттық, саяси ұйымдардың,
қозғалыстардың өкілдерінің, бастамашылардың қатысуымен, түгелдей
қоғам консенсусына сүйеніп Ұ.к. қол жеткізуге болады. Əлеуметтік, саяси,
экономикалық, ұлттық жəне басқа да айырмашылықтар айқын көрінетін де-
мократиялық қоғамда, ашық типті қоғамда, Ұ.к. түрлі қоғамдар, қауымдас-
тықтар, сонымен қатар этностық топтардың да арасындағы қарым-қатынас-
ты реттеуге арналған құрал болып табылады. Ұ.к. қоғамда шиеленіскен
қайшылықтардың бүлдіргіш (деструктивті), күйреткіш дауларға ұласып
кетуінің алдын алуды қарастырады. Кез келген əркелкі жүйенің табиғи
факторы болғандықтан əлеуметтік қақтығыстар мүдделердің тоғысуының
жоқтығына немесе бұзылуына байланысты шығады. Ұ.к. осындай əркел-
кіліктерді үйлестірудің, мүдделерді ықпалдастырудың əдісі ретінде əлеу-
меттік тұрғыдан түзету қызметін атқарады. Ұ.к. сындарлы келіссөздер,
үнқатысу арқылы қол жеткізуге болады. Ұ.к. ұлтаралық қатынастар тəжіри-
бесі ретінде де, қоғамдық сананың қағидаты ретінде де қарастырылады
(қар. ҚХА, Этносаралық келіссөздер).
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК (ор. национальная безопасность, ағыл. national
Security) – елдің еркіндігін, тəуелсіздігін, тұтастығын, ұлттық мүдделерін
қамтамасыз ететін жəне ішкі тұрақсыздық пен сыртқы шабуыл қаупін болдыр-
майтын, адамның, қоғамның жəне мемлекеттің тірліктің түрлі салаларын-
дағы өмірлік маңызы бар мүдделерін сыртқы жəне ішкі қауіп-қатерлерден
қорғауды, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін елдегі ішкі ахуал мен ха-
лықаралық жағдай. Тағы бір анықтама бойынша, бұл – қолда бар ресурстар
мен мүмкіндіктерді ескеріп, саяси, экономикалық, əлеуметтік, соғыс, техно-
генді, экологиялық, ақпараттық жəне басқа да сипаттағы ішкі жəне сыртқы
қауіп-қатерлерден адамның, қоғамның жəне мемлекеттің қауіпсіздігін қамта-
масыз ету саласындағы мақсаттар мен мемлекеттік стратегия ретінде ресми
түрде қабылданған пікірлердің жиынтығы.
119
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Ұлттық қауіпсіздіктің нысандары: тұлға, оның құқықтары мен еркіндік-
тері; қоғам, ондағы материалдық жəне рухани құндылықтар; мемлекет, оның
конституциялық құрылымы, егемендігі мен аумақтық тұтастығы.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі принциптері: заңдылық,
тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерінің тең-
герілімін сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұлғаның қоғам мен
мемлекеттің өзара жауапкершілігі, қауіпсіздіктің халықаралық жүйелерімен
ықпалдасу.
Ұлттық қауіпсіздіктің түрлері: қоғамдық, əскери, саяси, экономикалық,
ақпараттық, экологиялық қауіпсіздік. Қазақстанда 2012 жылғы 6 қаңтар-
да №527-IV «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қа-
зақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда қауіпсіздіктің принцип-
тері, қауіп-қатерлер, қызметтері, оны қамтамасыз ету жүйелері, мемлекеттік
органдардың өкілеттіктері т.б. көрсетілген (қар. Мемлекет, Қазақстан халқы
Ассамблеясы, ҚР Конституциясы).
Достарыңызбен бөлісу: |