Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары



Pdf көрінісі
бет1/44
Дата21.01.2017
өлшемі2,74 Mb.
#2401
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

1
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Астана, 2014
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Қазақстанның  қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық 
саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары

2
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
© 
Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитеті
, 2014
© 
Тоғжанов Е., Садуақасова А., Калашникова Н., Калмыков С., 
  Малиновский В., Рақышева Б., Сүлейменова Э.,
  Шаймерденова Н., Төлеғұл Ғ.,
 2014
УДК 80/81:32 (038)
ББК 66.3 (5К)я2
УДК 80/81:32 (038)
ББК 66.3 (5К)я2
Э 90
ISBN: 978-601-7504-05-2
ISBN: 978-601-7504-05-2
  Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі 
Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан 
Республикасының Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы» аясында шығарылды
Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі баспаға  ұсынған
Бас редактор: 
Е.Тоғжанов, саяси ғылымдарының  докторы
Редакция алқасы:  А.Садуақасова,  С.Сəлемов, С.Калмыков, Э.Сүлейменова, 
 
Л.Прокопенко, Н.Шанаи, Ғ.Төлеғұл
Пікір жазғандар:  Дронзина Т.А. Əулие Климент Орхидский атындағы София университетінің 
 
профессоры, саяси ғылымдарының докторы (Болгария)
 
Жүнісова Ж.Х. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік 
 
басқару академиясының профессоры, саяси ғылымдарының докторы, ҚХА ҒСК 
 
мүшесі
Жобаның ғылыми жетекшісі:
 
А.К.Садуақасова, əлеуметтану ғылымдарының докторы
Авторлық ұжым:  Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы, саяси ғылымдарының докторы
 
Калашникова Наталья Павловна, саяси ғылымдарының докторы 
 
Калмыков Сергей Константинович, философия ғылымдарының кандидаты 
 
Малиновский Виктор Александрович, заң ғылымдарының докторы 
 
Рақышева Ботагөз Исламқызы, əлеуметтану ғылымдарының кандидаты 
 
Садуақасова Айгүл Кəкімбекқызы, əлеуметтану ғылымдарының докторы
 
Сүлейменова Элеонора Дүйсенқызы, филология ғылымдарының докторы,
 
профессор
 
Жақыпов Жантас Алтайұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор 
 
Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы, филология ғылымдарының докторы, 
 
профессор
 
Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы, филология ғылымдарының кандидаты
 
Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы, аудармашы-сарапшы 
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК: Қазақстанның  қоғамдық келісім жəне этносаралық толеранттылық 
саясаты  жəне  практикасы  терминдері  мен  ұғымдары – Астана:  Ш.Шаяхметов  атындағы  тілдерді 
дамытудың республикалық үйлестіру-əдістемелік орталығы, 2014 -  400 б. 
Қазақ  жəне  орыс  тілдерінде  ұсынылып  отырған  бұл  сөздікте  этносаясат  саласында,  ғылыми 
жарияланымдарда,  бұқаралық  ақпарат  құралдарында,  интернетте,  сондай-ақ  этностану,  саясаттану, 
əлеуметтану курстарын, тарихи жəне мəдениеттану пəндерін оқытуда жиі қолданылатын терминдердің 
мəні  мен  мағынасын  анағұрлым  толық  ашатын 400-ден  астам  сөз  қамтылған.  Сөздікке  Қазақстан 
этносаясатының  негізгі  қағидаттарын  түсіндіретін  жəне  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Назарбаев  ұсынған  қоғамдық  келісім  мен  этносаралық  толеранттылық  үлгісімен  таныстыратын 
көптеген терминдер енгізілген.
Сөздік этносаясат саласында қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлерге, гуманитарлық ғылымдар-
дың мамандарына жəне Қазақстандағы заманауи этностық үдерістер туралы білгісі келетін оқырман 
қауымға арналған.
Э 90

3
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
АЛҒЫСӨЗ
 
Жаһандану  мен  қоғамдық-саяси  өзгерістер  дəуірінде  этносаясат  термин-
дерінің жүйесі де тез өзгеріп отыруға бейім болып келеді. Мұның бірқатар се-
бептері бар, олардың ішінде – этносаясаттың өзінің пəнаралық сипаты, этно-
саясатта тарих, философия, саясаттану, əлеуметтік тілтану сияқты ғылымдар-
дың  шектескен  тұстарында  кездесетін  терминдер  табиғатының  өрімдестігі, 
қолданбалы  пəн  ретінде  этносаясат  міндеттерінің  экстралингвистикалық 
жағдаятқа,  мəселен,  геосаяси  өзгерістерге  байланысты  болатындығы.  Осы 
жайттардың бəрі этносаясат терминдерін дереу түсіндіріп отырудың, жекеле-
ген бағыттар бойынша терминдер іріктеу үшін пайдалануға болатын арнаулы 
терминтанулық сөздіктер түзіп отырудың, ол терминдерді заңнамалық құжат-
тардың «Глоссарий» бөліміне, сондай-ақ оқулықтар мен оқу құралдарына қо-
сып отырудың қажеттігін көрсетеді.
Оның  үстіне,  дүниетанымдық  жəне  философиялық  көзқарастарға  орай 
қазіргі  заманда  əлеуметтік-саяси  жəне  геосаяси  өзгерістердің  қиын  кезеңін 
əлі еңсеру үстінде тұрған əрі қалыптасу, трансформалау, түсінудің алуан түрін 
өткеріп жатқан этносаясаттың қарышты қадамдары концептуалдық-ұғымдық 
аппаратқа саналы да сыни көзқарастың болуын талап етеді.
Сөздік  негізгі  этносаяси  терминдер  жөнінде  ең  маңызды  деген  мағлұмат 
беретін анықтамалық кітап ретінде ойластырылды да, мынадай міндеттердің 
шешімін табуға бағытталды: этносаяси зерттеулердің қазіргі жағдайын бейне-
леу; мүмкіндігінше Қазақстанның этносаясаты бағыттарына шолу жасау; этно-
саясат əдістерін сипаттау; этносаясат терминдерінің негізгі құрамын анықтап, 
жинақталған мол тəжірибені пайдалана отырып, ол терминдерге сөздік анықта-
ма беру; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру барысындағы оқыту, 
білім беру міндеттеріне анағұрлым лайық мазмұндау формасын табу.
Этносаяси  терминдер  сөздігін  түзу  жұмыстарының  негізгі  нəтижелерін 
былайша түйіндеуге болады:
 қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қолжетімді лексикографиялық дерек-
көздер ескеріліп,  этносаяси терминдердің корпусы анықталды;
  этносаясаттың  қолда  бар  терминологиялық  корпусы  ретке  түсірілді, 
жүйеленді;
 іріктеліп алынған терминдердің дефиницияларын пішімдеу үшін норма-
лау жəне бірегейлеу жұмыстары жүргізілді;
 бұрын анықтама берілмеген терминдер екшеліп, Сөздікке дербес лем-
малар  ретінде  енгізілді  де,  оларға  сөздікке  тəн  терминологиялық  анықтама 

4
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
жасалды (тұтастай алғанда, қазақ тілінде 200-дей, орыс тілінде 200-дей этно-
саяси терминге анықтама берілді);
  көптеген  терминге  орыс/қазақ  жəне  ағылшын  тілдерінде  балама  кел-
тірілді; 
 сөздік мақала мəтінінің өз ішінде курсивті сілтеме көрсету арқылы жəне 
соңында  анықтама  түрінде  сілтеме  жасау  арқылы  терминдер  арасындағы 
жүйелік қатынастар нақтыланды. 
Сөздікте этносаяси терминдер қатаң əліпбилік ретпен берілді. Солай бола 
тұра терминдер корпусы іштей мынадай блоктар бойынша айқын түрде түзіл-
ді: этносаясаттың теориялық аспектілері; этносаясаттың шектес жəне септе-
сетін ғылымдармен, мысалы, этнологиямен, саясаттанумен, əлеуметтік тіл-
танумен,  т.б.  байланыстары;  этносаяси  зерттеу  бағыттарының  қалыптасуы; 
этносаяси  зерттеулердің  əдіснамасы  мен  əдістемесі,  этносаясаттың  негізгі 
ұғымдары. 
Сөздіктің бір ерекшелігі – мұнда мүмкіндігінше Қазақстанның этносаяси 
проблемаларының  ерекшеліктері  көрсетіледі  жəне  Қазақстан  халқы  ассам-
блеясы қызметінің толық мəні мен бағыты, құқықтық аспектілер, халықара-
лық стандарттар, бұл салада жұмыс істейтін негізгі мемлекеттік жəне қоғам-
дық институттар туралы жеткілікті түсінік беріледі, Қазақстандағы этнотіл-
дік ахуал мен тілдік саясат, т.б. көптеген жайттар сипатталады. 
Сөздік авторлары сыни пікір білдіргендерге, сондай-ақ этносаяси термин-
дерге ұсынылған анықтамаларды талқылауға қатысқан əріптестердің бəріне 
алғыс білдіреді. 
Сөздіктің этносаясат мəселелеріне қызығушылық танытатындардың бəрі-
не пайдалы еңбек болатынына авторлық ұжым сенім артады жəне Сөздіктегі 
терминдер корпусы қоғамдағы өзгерістердің бəрін ескере отырып, бұдан да 
пайымды талдаулар мен талқылаулар, толықтырулар жасаудың нысанасына 
айналады деп үміттенеді. 
Сөздікті  пайдалану тəртібі:
Терминдер  Сөздікте  əліпби  ретімен  орналастырылған.  Егер  термин  сөз 
тіркесінен құралса, тіркес терминнің бірінші сыңарының реті бойынша қойы-
лып,  этносаяси  мəтіндерде  қалыптасқан  түрінде  (инверсиясыз)  беріледі, 
мысалы,  Қазақстан  халқы  ассамблеясы,  Ұлт  бірлігі  доктринасы,  Халық 
санағы,  Диаспора,  Қазақстандағы  тілдік  ахуал  т.с.с.  Терминдер  сөздік 
мақаласында қайталанып берілмейді, қысқарған пішінде көрсетіледі, мыса-
лы, Ғылыми-сараптамалық кеңес – ҒСК, Қазақстан халқы ассамблеясы 
– ҚХА.
Тақырыптық термин қою курсив жазумен бас əріптен басталып жазыла-
ды. Оған ілесе терминнің дублеті (синонимі) немесе нұсқасы беріледі, ал ол 

5
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
дублет пен нұсқалар өз орнында тұрғанда негізгі терминге «осымен бірдей» 
деген сілтеме жасалады, мысалы, Анкеталық сауалнама – осымен бірдей: 
Анкеталау, Іріктеме жиынтық – осымен бірдей: Іріктеме
Тақырыптық терминге қазақша, орысша, ағылшынша баламалар беріледі, 
оның үстіне доға жақша ішінде əрбір терминге мүмкіндігінше қысқаша эти-
мологиялық сілтеме жапсарластырылады, мысалы, Билингвизм (лат. bi... екі, 
қос + lingua тіл); Диаспора (грек. diaspora шашырау).
Осыдан соң сызықша қойылып барып термин түсіндірмесі беріледі. Егер 
терминде бірнеше мағына болса, олар абзацқа бөлектелмей, араб цифрымен 
одан кейін нүкте қойылып, тиянақталып жазылады, мысалы: Екінші тіл – 1. 
Балалық шақтан игеру ретіне қарай (Билингвтің тілдерді өзінше (онтогене-
тикалық) игеру уақытына қарай) болатын Е.т., бұл – Бірінші тілден соң мең-
герілген тіл. Осы тұрғыдан түсінгенде Е.т. Ана тілімен сəйкестенуі де, сəй-
кестенбеуі де мүмкін. 2. Қостілділік жағдайындағы Тілдік құзыреттіліктің 
деңгейіне қарай Е.т., бұл – Басым тілге қарағанда қосымша тіл болып сана-
лады. Осы тұрғыдан түсінгенде ана тілімен сəйкестенуі де, сəйкестенбеуі де 
мүмкін. 3. Оқу орындарында оқып-үйрену ретіне қарай Е.т., бұл – шетелдік 
екінші тіл, оқып-үйренудегі Мақсатты тіл (қар. Негізгі тіл). 
Сөздік  мақаласының  ішінде  терминге  анықтама  берілген  жағдайда  ол 
астын сызу арқылы айрықшаланады.
Терминдер арасындағы жүйелік қатынасты нақтылайтын анықтама түрін-
де сөздік мақаласының өзінде терминдер  жəне соңында берілетін өзара сіл-
темелер бас əріптен басталып курсивпен жазылады. Қазақстан Республика-
сындағы этносаясат, этнотілдік ахуал, этнотілдік жағдай сипаттарына тікелей 
қатысты терминнің анықтамасынан кейін қосымша ақпарат беріледі. 
Сөздікте  сондай-ақ  терминдердің  қазақша-орысша  əліпбилік  көрсеткіші 
бар, онда термин мен оған арналған сөздік мақаласының берілген беті көр-
сетіледі.
Сөздікте мынадай қысқартулар қолданылған:
ағыл. - ағылшын тілі
белорус. - белорус тілі
грек. - грек тілі 
итал. - итальян тілі
қаз. - қазақ тілі 
лат. - латын тілі 
мыс. - мысалы
нем. - неміс тілі 
ауысп. мағ. - ауыспалы  мағына
т.б. - тағы басқа
ор. - орыс тілі  
қар. - қараңыз
сал. - салыстырыңыз
мақ. - мақала
фр. - француз тілі 

6
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
 - А - 
АВТОХТОН (байырғы немесе жергілікті), (ор. Автохтон, ағыл. Autochton, 
грек. autochthon autos өзі + chthon жер, өлке) – осы жерді тұрғылықты ме-
кен еткен, Этногенезі осы аумақта дамыған адам, абориген. Мыс., Ванкувер 
аралындағы Солтүстік жəне Оңтүстік Американың байырғы халықтары ва-
каш-квакиютль жəне нутка; Австралияның оңтүстігіндегі пама-нюнга жəне 
Астралияның солтүстігі мен солтүстік-батысындағы не-пама-нюнга (қар. Ав-
тохтондық тіл, Ассимиляция, Тұрғылықты этнос, Этникалық топтар).
АВТОХТОНДЫҚ  ТІЛ  (байырғы  тіл)  (ор.  Автохтонный  язык,  ағыл. 
indigenous language, грек. autochthon autos өзі + chthon жер, өлке). Елдің ав-
тохтондық, тұрғылықты, байырғы жұртының тілі, мысалы, қазақ тілі – Қа-
зақстан үшін А.т., монғол тілі – Монғолияның А.т-і (қар. Тұрғылықты этнос, 
Тұрғылықты тіл, Жергілікті тіл, Этнос тілі, Тіл, Диаспора тілі, Қазақстан 
тілдері).
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ 
(ор. Всеобщая декларация прав человека, ағыл. Universal declaration of human 
rights).  А.Қ.Ж.Д. – адам  құқықтары  саласындағы  халықаралық  құқықтың 
бастау  көзі,  БҰҰ-ның  негізгі  құжаттарының  бірі,  салтанатты  мəлімдеме. 
БҰҰ Бас ассамблеясының 1948 жылы 10 желтоқсанда 217 А (ІІІ) қарарымен 
қабылданған бұл декларация – кеңес беру тұрғысындағы құжат. Солай бола 
тұра  мұнда  əлемдік  қауымдастықтың  адам  құқықтары  саласында  жинаған 
көпжылдық  тəжірибесінен  келіп  шығатын  халықаралық  стандарттар  бар, 
осының арқасында қазіргі кезде мемлекеттердің көбі мұны міндетті құқықтық 
құжат ретінде мойындайды. А.Қ.Ж.Д-да адамдардың бостандығы мен теңді-
гінің  дүниетанымдық  бастау  негіздері  беріледі,  олардан  қандай  жағдайда 
болсын  адамзат  айырылуға  тиіс  емес (1-бап);  құқықтарды  пайдалануға  қа-
тысты теңдік пен кемсітпеу қағидаты көрсетіледі (2-бап); адамның түгелдей 
құқықтарының  басты  негізі – адамның  өмір  сүруге,  бостандыққа,  жеке  ба-
сына тиіскізбеуге хақылығы тұжырымдалады (3-бап); азаматтық жəне саяси 
құқықтар тізбесі (4-21-баптар), адамның əлеуметтік, экономикалық жəне мə-
дени құқықтарының тізбесі (23-27-баптар) ұсынылады; адам бостандығы мен 
құқықтарын жүзеге асырудың шарттары ретінде əлеуметтік жəне халықара-
лық тəртіптерге арналған талаптар (28-бап), адамның қоғам алдындағы мін-
деттері мен құқықтарын шектеу шарттарының талаптары қойылады (29-бап); 
Декларациядағы  əлденені  онда  мазмұндалған  құқықтар  мен  бостандықты 
жоюға бағытталған əлдебір əрекетпен немесе қызметпен айналысуына мем-

7
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
лекетке, адамдардың тобына я жеке адамдарға берілген құқық ретінде түсіну-
ге  жол  берілмейтіндігі  туралы  ескертілген (30-бап).  А.Қ.Ж.Д., 1966 жылғы 
16  желтоқсандағы  Экономикалық,  əлеуметтік  жəне  мəдени  құқықтар  тура-
лы халықаралық пакт жəне 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық жəне 
саяси құқықтар туралы халықаралық пакт – үшеуі бірігіп Адам құқықтары 
туралы Халықаралық Билльді құрайды. Мемлекеттер осыдан соң əлемдік қа-
уымдастық  алдында  алғаш  рет  өз  азаматтарының  құқықтарын  жүзеге  асы-
руға септесу жөнінде заңды міндеттеме қабылдады, халықаралық органдарға 
осы  міндеттемелердің  сапалы  орындалуын  бақылау  құқығын  берді.  Адам 
құқығының  бұзылуынан  жапа  шеккендер  ұлттан  үстем  заңдық  органдарға 
жүгіну мүмкіндігін алды. Адам құқықтары туралы Халықаралық Билль ере-
желері  халықаралық  құқықтың  көптеген  кесімдерінде  (актілерінде)  көрініс 
тауып дамып келеді. Қазақстан Республикасында танылған жəне бекітілген 
бұл ережелер, ҚР Конституциясының 4-бабына сəйкес, елдің қолданыстағы 
құқықтарының жүйесіне енгізіліп, ел заңдарының қатарында басымдыққа ие 
болып тікелей қолданылады.
Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасы  адам  құқықтары  саласындағы 
160-тан  астам  халықаралық  актілерге  қосылды,  олардың  қатарында 1966 
жылғы  Халықаралық  пактілермен  бірге  Нəсілдік  кемсітушіліктің  барлық 
түрін жою туралы 1970 жылғы конвенция; Əйелдерге қатысты кемсітушілік-
тің барлық түрін жою туралы 1979 жылғы конвенция; Адамның ар-абыройын
қорлайтын я басқа да қатыгездікпен азаптауларға қарсы 1984 жылғы конвен-
ция; Баланың құқы туралы 1989 жылғы конвенция т.б. бірқатар құжаттар бар.
Алған  міндеттерін  жауапкершілікпен  орындап  отырған  Қазақстан  конвен-
циялық бақылау органдарына əлемдік қауымдастықты елде жасалып жатқан 
қарекет туралы кезең-кезеңімен ұлттық, жиынтық баяндамалар мен басқа да 
құжаттар тапсырып тұрады. Ол баяндамаларды қарастыратын мəжілістерге 
мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатыстырылады. Алдын 
ала талдау мен жұртшылықтың жария талқылауының нəтижелеріне орай оң 
бағалар беріліп, ұсыныстар əзірленеді.
АДАМ НƏСІЛДЕРІ (ор. Расы человека, ағыл. racial group). Биологиялық 
жəне тарихи жаратылысы жағынан бір негізден шыққан адамдар тобы жал-
пылама түрде ұқсас болғанымен, морфологиялық жəне физиологиялық бел-
гілері жағынан бір-бірінен белгілі бір шамада өзгеше болады.
Адам  нəсілдерін  жалпы  адам  антропологиясының  бір  саласы  ретінде 
«нəсілтану» ғылыми пəні зерттейді. Бұл пəн, негізінен, уақыт өте келе нəсіл-
дік  белгілердің  өзгеруіндегі  нəсілтегі  үдерістерін,  халықтардың  əлеуметтік 
өмірі жағдайының рөлін, халықтардың өмір салты мен басқа да сипаттарын, 
нəсіларалық  будандасуды – əлемнің  түкпір-түкпіріндегі  нəсілдердің  арала-
суын зерттеумен айналысады. Қазіргі нəсілтану адамзат морфологиясы мен 
физиологиясына,  генетика  мен  молекулалық  биологияға  сүйене  отырып, 

8
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
нəсілдер классификациясы мəселелерін, олардың шығу төркінін, ғаламшарға 
таралып орналасуын, дамуын жəне адамзат қауымдастықтарының нақты та-
рихына  байланысты  өзара  ықпалдасуын  қарастырады.  Айырып  танытатын 
нəсілдік  белгілерге,  бұл  белгілердің  тұқым  қуалауына  жəне  қоршаған  та-
биғи-графикалық əрі əлеуметтік-мəдени ортаға тəуелділігіне зерттеулер жүр-
гізіліп келеді.
Қазіргі  нəсілтану  нəсілдік  ерекшеліктердің  топтық  сипаты  болаты-
нын  жəне  бұл  ерекшеліктер  жекелеген  адамдарды  емес,  адамдардың  тұтас 
қоғамдастықтарын салғастыра қарағанда ғана əбден айқындалатынын тірек 
етеді.  Нəсілдік  ерекшелік  бірнеше  ұрпақ  бойы  үнемі  атадан  балаға  беріліп 
отырылады,  сондықтан  нəсіларалық  айырмашылықтарды  зерттеу  үшін  ан-
тропогенетикалық мəліметтердің маңызы зор. Түрлі адамдар немесе олардың 
тұтас бір тобындағы қан арқылы берілген, сондай-ақ сыртқы дене бітіміндегі 
ұқсастықтар олардың генетикалық жағынан туыстас, нəсілдік тұрғыдан кел-
генде əлемдегі халықтардың көбінің, тіпті, тілдік семьялардың көпшілігінің 
шығу төркіні бір екендігіне дəлел болады.
Зерттеушілер «нəсіл» ұғымының мазмұнын, жалпы алғанда, əртүрлі зерт-
теушілер  бірдей  мағынада  қабылдайды,  алайда  оның  егжей-тегжейіне  кел-
генде елеулі айырмашылықтар да бар. Антропологтардың түрлі мектебі не-
гізгі нəсілдің төрттен жетіге дейін түрі жəне ондаған кіші антропологиялық 
типі болатынын алға тартады.
Еуропалық нəсіл Еуропадан Оралға дейінгі табиғи аймаққа, Солтүстік Аф-
рика, Оңтүстік-батыс Азия жəне Үндістанда таралған. Бұған арменоидтық,
нордтық, Жерорта теңіздік, фальдық, альпілік, шығысбалтықтық, кавкасион-
дық, динарлық жəне басқа да шағын топтар қосылады. Бұлар өзге нəсілдер-
ден  бірінші  кезекте  ерекше  бет  пішінімен  ажыратылады.  Қалған  белгілері 
ауысып, өзгеріп тұрады. 
Негроидтық нəсілдің табиғи аймағы – Орталық, Батыс жəне Шығыс Аф-
рика. Шығыс шағын тобы (нилоттық тип, бойшаң, қушық денелі) мен батыс 
шағын тобы (негрлік тип, жұмыр басты, орта бойлы) бір-біріне ұқсамайды. 
Ешқайсысына ұқсамайтыны – пигмейлер тобы (негрилльдік тип). Негізгі бел-
гілері – шашының бұйралығы, терісінің қара реңді болуы, кең танаулы, жуан 
ерінді болуы жəне т.б. Негроидтық нəсілдің əдепкі өкілі – байырғы кениялық.
Монғолоидтық нəсіл о баста Шығыс Еуразияны мекендеген, қазіргі Монғо-
лия  территориясында  қалыптасқан.  Сырт  пішіні  ашық  далаға  бейімделген. 
Басты белгісі – көзінің күшті инсоляция, шаң, суық, қармен шағылысқан жа-
рықтан жəне басқа да сыртқы əсерден қалыптасқан қорғалуы. Қабақтарының 
сығыр келуі, қосымша қатпар – эпикантустың болуы, көз реңінің қара болуы 
осындай  қорғаныш  қызметін  атқарады.  Мұнан  басқа  өзіне  тəн  белгілері – 
шашының ұзын, жазық əрі қаралығы, кірпігінің қоюлығы, шықшыттарының 
шығыңқы  болуы.  Қарама-қарсы  екі  топқа  бөлінеді:  солтүстік  топ  (шомбал, 
бойшаң, аққұба өңді, жалпақ бетті жəне бас сүйегі жалпақ) жəне оңтүстік топ 

9
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
(орта бойлы, қара торы, беті кішкентай). Монғолоидтық нəсіл өзге нəсілдерге 
қарағанда ең жасы, қалыптасқанына шамамен 12 мың жыл болған.
Зерттеуші ғалымдардың кейбір топтары қосымша американоидтық нəсіл-
ді бөліп көрсетеді. Бұл нəсіл Солтүстік жəне Оңтүстік Америкада таралған, 
генетикалық жағынан монғолоидтарға жақын. Американоидтықтар - тік қара 
шашты жəне құс тұмсық болады. Азиаттық монғолоидтарға қарағанда көзі 
қара, үлкен болады. Ересектерінде эпикантус сирек, ал балаларда жиі ұшы-
расады. Американоидтардың бойы біршама ұзын болады.
Антропологтар  арасында  австралоидтарды  (австралоидтық-мұхиттық 
нəсіл) бөліп қарауды жақтайтындар да бар. Ендігі Үндістаннан Гавай арал-
дарына  дейін  жəне  бойлығы  оңтүстікте  Тасманиядан  солтүстікте  Сахалин, 
Курилге дейін созылатын алып аймақты алып жатқан ежелгі нəсіл, яғни жер 
шарының жартысына дерлігін қамтиды. Бұған полинезиялық, меланезиялық, 
австралиялық, веддоидниялық, айндық топтар қосылады. Терісінің реңі авс-
тралиялық  аборигендердің  қошқыл,  қара  түсінен  сахалиндік,  курильдік 
жəне  солтүстікжапондық  айндардың  аққұбалығына  дейін  түрліше  бола  бе-
реді. Оңтүстіктің қошқыл түсті австралоидтары сырт пішіні жағынан негроид-
тарға  ұқсас  болғанымен,  генетикалық  жағынан  айтарлықтай  алшақ  (қар.
Этностық антропология, Нəсілшілдік).
АЗАМАТТЫҚ  (ор.  Гражданство,  ағыл.  Citizenship)  –  конституция-
лық-құқықтық  жағдай,  адамның  мемлекетпен  құқықтық-саяси  байланысы. 
Бұл байланыс адам мен мемлекеттің өзаралық құқықтары мен міндеттерінің 
жиынтығын білдіреді. А. терминімен қатар «бодандық» термині де қолданы-
лады, бірақ бұл термин адам мен монархиялық билік түріндегі мемлекет ара-
сындағы саяси-құқықтық байланысты білдіреді. Халықаралық құқықта жəне 
шетелдік салтта А. сөзінің синонимі ретінде «ұлтқа қатыстылық» деген ұғым 
да қолданылады. 
А.  институты  Қазақстан  Республикасының  конституциялық  құрылысы 
мен тəуелсіздігін, егемендігін анықтайтын белгі болып табылады. Қазақстан 
азаматтарының  конституциялық-құқықтық  мəртебесі  олардың  заң  алдында 
теңдігін  сақтай  отырып,  Конституция  белгілеген  құқықтар,  бостандық  пен 
міндеттердің кешеніне түгелдей ие болуын білдіреді.
ҚР Конституциясына сəйкес, Қазақстан Республикасының азаматын қан-
дай жағдайда болсын өз азаматтығынан, өз азаматтығын өзгерту құқығынан 
айыру мүмкін емес, сондай-ақ ол Қазақстан аумағынан ешқашан қуылмай-
ды. ҚР А. Заңға сəйкес қабылданады жəне тоқтатылады, А-ты қандай негізде 
алғанына қарамастан ол жалқы жəне бəріне бірдей тең болып саналады (10-
бап). 
Қазақстан  Республикасы  өзінің  мемлекеттік  органдары  мен  лауазымды 
тұлғалары арқылы Республика азаматтарының алдында, ал Республика аза-
маты  Қазақстан  Республикасының  алдында  жауапты.  Азамат  Конституция 

10
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
мен ҚР заңдарын сақтауға; елдің мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға; 
дəстүр, салттарға, мемлекеттік тіл мен ел аумағында тұратын барлық ұлттың 
тілдеріне құрметпен қарауға; Қазақстан Республикасының қуатын, егемендігі 
мен тəуелсіздігін нығайтуға міндетті.
А. қатынастарды реттейтін арнаулы заң ретінде 1991 жылы 20 желтоқсан-
да қабылданған №1017-ХІІ «Қазақстан Республикасының азаматтығы тура-
лы» ҚР Заңы қолданылады.
А.  принциптерімен  қатар  бұл  Заңда  А-ты  алудың,  сондай-ақ  одан  айы-
рылудың негіздемелері мен тəртібі белгіленген. Осы тұста шетелдіктер мен 
А-ғы жоқ тұлғалар үшін ортақ талаптармен қатар Қазақстан аумағында заң-
ды негізде тұрақты түрде төрт жылдан кем емес уақыт тұрған оралмандарға 
жəне Қазақстан азаматымен үш жылдан кем емес уақыт некеде тұрғандарға
жеңілдетілген (тіркелу) тəртібімен А-қа қабылдау шарттары; сондай-ақ жап-
пай саяси қуғын-сүргіннің салдарынан еріксіз түрде А-ты жоғалтқан я айы-
рылған,  заңды  түрде  Республика  аумағында  өмір  сүрген  құрбандары  мен 
олардың ұрпақтары үшін тұрған мерзіміне қарамай А-қа қабылдаудың жеңіл-
детілген шарттары анықталған. Сондай-ақ біздің елдің А-ғына жеңілдетілген 
тəртіппен  халықаралық  шарттар  негізінде  қабылдауға  болады.  Мəселен, 1) 
Беларусь, Қырғызстан мен Ресей азаматтары 1999 жылғы 26 ақпандағы «Аза-
маттық алудың жеңілдетілген тəртібі туралы келісім» шегінде; 2) Қазақстан 
азаматтарының бірімен некеде тұрған шетелдік əйел азаматтар 1957 жылғы 
20 ақпандағы «Күйеуі бар əйелдердің азаматтығы туралы конвенция» шегін-
де жеңіл шарттармен А. ала алады.
Бұрын Қазақстан А-ғында болған адамдардың А-ғы жеңілдетілген тəртіп-
пен  қалпына  келтірілуі  мүмкін.  Ол  үшін  олардың  біздің  елдің  аумағында 
тұрақты өмір сүруі (мекен еткен мезгілі есептелмейді) жəне шет мемлекет-
тің А-ғында болмауы қажет. Бұрын Қазақстан А-ғын жоғалтқаны тіркелген 
тұлғалардың А-ғы қалпына келтірілмейді.
Жеңілдетілген тəртіппен А. алу (А-ты қалпына келтіру) құқығын беру мем-
лекеттің өз отандастарына жəне Отанынан өмір жағдайларының қысымымен 
еріксіз кетуге мəжбүр болған басқа адамдарға деген ыстық ықыласын көрсе-
теді, сондай-ақ Қазақстан тығыз қарым-қатынас жасайтын, одан ары ықпал-
дасуға ұмтылатын басқа елдердің азаматтарына деген құрметті білдіреді.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңында А. мəсе-
лелерін шешудегі мемлекеттік органдардың құзыреті де бекітілген. ҚР Пре-
зидентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №198 «Қазақстан Республикасы Пре-
зиденті жанындағы Азаматтық мəселелері бойынша комиссия туралы» Жар-
лығында жекелеген мəселелер егжей-тегжейлі түрде қосымша берілген.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы №111 қаулысымен мемлекеттік 
қызмет көрсетудің мынадай стандарттары бекітілген: «Қазақстан Республи-
касында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға куəлік беру жəне ше-
телдіктерге мекендеу қағазын беру»; «Шетелдіктерге жəне азаматтығы жоқ 

11
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тұлғаларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру жəне тір-
кеу» «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау мен одан шығуды 
тіркеу»; «Қазақстан Республикасында босқын дəрежесін беру жəне ұзарту». 
Осыған  орай,  Ішкі  істер  министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы  №152 
бұйрығымен «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ 
тұлғаларға  куəлік  беру  жəне  шетелдіктерге  мекендеу  қағазын  беру»; «Ше-
телдіктерге  жəне  азаматтығы  жоқ  тұлғаларға  Қазақстан  Республикасында 
тұрақты тұруға рұқсат беру жəне тіркеу» «Қазақстан Республикасының аза-
маттығын қабылдау мен одан шығуды тіркеу»; «Қазақстан Республикасында 
босқын  атын  беру  жəне  ұзарту»  мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  регламенті 
бекітілген.   


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет