- Ə -
ƏЛЕМДІК ТІЛДЕР (ор. мировые языки, ағыл. international, global
languages) – Біріккен Ұлттар Ұйымының жəне басқа да халықаралық ұйым-
дардың Ресми тілі жəне Жұмыс тілі мəртебесі бар тілдер. Ə.т. клубы өз-
гергіш, қазіргі уақытта оның қатарына ағылшын, араб, испан, қытай, орыс,
француз тілдері кіреді. Сөйлеушілерінің саны – Ə. Т. басты белгісі емес
(мыс., қытай тілі, сөйлеушілері миллиардтан астам болғанмен, Ə.т. клубына
кірмейді). Ə.т. мəртебесі тілдің коммуникативтік дəрежесінің жоғарылығына
байланысты: олар халықаралық салалардың бəрінде – дипломатияда, дүние-
жүзілік саудада, туризмде, интернет пен коммуникацияның қазіргі құралда-
рында, ғылымда т.б. пайдаланылады. Ə.т. көпшілік елдерде мектептер мен
жоғарғы оқу орындарында міндетті пəн болып саналады (қар. Мемлекеттік
тіл, Тұрғылықты тіл, Халықаралық тіл, Жергілікті тіл, Ресми тіл, Титулды
тіл, Этностық тіл, Ұлтаралық қатынас тілі).
ƏЛЕУМЕТТІК ТІЛТАНУ (ор. Социолингвистика, ағыл. Sociolinguistics,
лат. soci (etos) қоғам + фр. linguistique < лат. lingua тіл) – тіл білімінің қарқын-
ды дамып келе жатқан қажетті салаларының бірі, лингвистика, əлеуметтану,
тіл əлеуметтануы, əлеуметтік психология, лингвистикалық антропология,
лингвосоциология пəндерінің т.б. ыңғайлары мен жетістіктерін біріктіре пай-
даланудан келіп шығатын сала. Ə.Т. құзыретіне мына сияқты мəселелер енеді:
тілдің əлеуметтік табиғаты мен стратификациясы, функциялары мен тірлік
ету формалары, Тілдік қауымдастықтың, Тілдік ахуалдың, Тілдік саясаттың
ерекшеліктері мен динамикасы, бұқаралық жəне дара Қостілділіктің форма-
лары мен жағдайы, бірдейлестіктің алуан түрі, тілдердің түйісулері, Шиеленіс-
тер т.б. көптеген мəселелер. Қазіргі Ə.Т. «тілді əлеуметтік контексте» зерттей-
тін ғылым ретінде өзіндік жүйесі бар, мəліметтерді жинаудың қатаң əдісте-
месі бар, айғақтарды талдаудың сандық-статистикалық əдістері бар, болжам
ұсынудың экспериментпен тексерілу жолы т.б. бар (қар. Демография, Тілдік
идеология).
- Б -
БИЛИНГВИЗМ (ор. Билингвизм, двуязычие, ағыл. Bilingualism, лат. bi
дву(х) + lingua язык) – осымен бірдей: Қостілділік.
20
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
БОСҚЫНДАР (ор. беженцы, ағыл. Refugees) – төтенше жағдайлардың
салдарынан тұрақты мекен еткен елін тастап кеткен тұлғалар (қар. Депорта-
ция). БҰҰ қабылдаған 1951 жылғы Конвенция мен 1967 жылғы Хаттамаға
сəйкес Б. – негізі бар қауіптің салдарынан нəсілдік, діни, азаматтық белгілері,
саяси нанымдары, белгілі бір топқа қатыстығы бойынша қудалау құрба-
ны болуы мүмкін, өз азаматтығы тиесілі елден тысқары жерде болатын, өз
елінің қамқорлығын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіптің себебінен
қамқорлығын пайдаланғысы келмейтін тұлға. Не болмаса белгілі бір азамат-
тығы жоқ жəне осындай жағдайлардың нəтижесінде бұрынғы тұрған елінен
сыртта болып, осындай қауіптің салдарынан сол елге қайтуға мүмкіндігі жоқ
немесе қайтып баруды қаламайтын тұлға. Босқындықтың ресми атауы қа-
былдайтын елдің заңнамасына сəйкес беріледі.
БӨЛІНГЕН ХАЛЫҚТАР (ор. разделенные народы, ағыл. the divided
peoples). Бөлінген халықтар деп шоғырланып ықшам мекен еткен аумағы
екі немесе онан да көп мемлекеттік түзілімдердің шекараларымен бөлініп
жатқан, сонда да тұтас қауымдастық екенін түсінетін этностық топты түсін-
ген жөн. Мұндай халық өзіндік біртұтас мемлекеттік немесе автономиялық
құрылыс шеңберінде өз этностық кеңістігін біріктіруге талпынады жəне мем-
лекеттік шекараларға бөлініп кеткен өз құрамдас бөліктерінің мəдени жік-
теліске түсуін тежейтін өзіндік механизмдер қалыптастырады.
Қазіргі əлемде шекаралар бөліп тастаған көптеген халық бар. Бұған күрд-
тер тарихы классикалық үлгі бола алады. Шекарамен бөлінген халықтар
арасында адам саны жағынан күрдтер анағұрлым ірі халыққа жатады, кей
дерек бойынша, адам саны 30 млн айналасында. Бірінші дүниежүзілік соғыс-
тан кейін олар ірі-ірі төрт топқа бөлініп кеткен жəне қазіргі уақытта төрт ел-
дің шекарасы түйісінде өмір сүруде, ол елдер: Ирак, Иран, Түркия, Сирия.
Оның үстіне, аумағы бойынша бірнеше рет өзгерген бөлініс сан ғасыр бойы
жалғасып келеді. Өткен ғасырдың қырқыншы жылдары депортацияланған
40 мыңнан астам күрд Қазақстанда да өмір сүруде.
Кəріс халқын 38 параллель бойынша екі мемлекет шекарасы бөліп жатыр.
Еуропадағы бөлінген халықтарға ирландтықтар жатады, осыдан сəл бұрын
бұл жағдай немістерге де тəн болатын. Бұрынғы отаршыл метрополиялардың
шекарасымен бөлінген көп халық Африкада да өмір сүруде.
КСРО ыдырағаннан кейін бөлінген халықтар арасындағы ең ірілерінің бірі
орыс халқы болды. Орыс халқының бестен бір бөлігіне таяуы, яғни 25 млн-
нан астамы жақын шетел мемлекеттерінде қалып қойып, елімен байланыс-
ты сақтап қалу мүмкіндігі қиындап кетті. Ресей аумағындағы бөлінген ха-
лықтарға лезгин, черкес, осетиндер жатады. Олардың ірі топтары Кавказ бен
Таяу Шығыс елдерінің өзге республикаларында өмір сүруде.
Бөлінген халықтар терминінің осы мақаладағы анықтамасы бөлінген
халықтардың халықаралық-саяси жағдайға, жекелеген мемлекеттердің
21
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тұрақтылығына, аймақтық этносаяси жəне этномəдени үдерістерге ықпал
ететін əлеуетін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар келтірілген
анықтама этностық топтардың бұл санатын өзге этносаяси жəне этномəдени
құбылыстардан ерекшелеп тұратын өзіндік өзгешелігін айқындауға мүмкін-
дік береді. Этностық азшылық, диаспора жəне т.с.с. тірлігі контексінде бұл
феномен көбіне шектеулі түрде қарастырылатындықтан, мұндай ерекшелік-
тің маңызы зор.
Бөлінген халықтардың барлығы десе де болады, бірігуге талпыныс жасау-
мен болады. Олардың кейбірі осы мақсатта ұлт-азаттық күреске қосылып
кетіп жатады. Бұл мəселе мемлекеттердің саяси мүдделеріне тікелей қатысты
болғандықтан, шешілуі ең қиын мəселелердің бірі саналады (қар. Депорта-
ция, Дисперсизация, Этностық кемсітушілік, Тарихи отан, Кіші отан, Көші-
қон, Оралман, Репатриант, Отандас).
БІЛІМ БЕРУ ТІЛІ (ор. язык образования, ағыл. language of education) –
өңірлік немесе ұлттық деңгейлерде бастауыш жəне орта білім беру құралы
ретінде пайдаланылатын тіл. Қазақстанда Мемлекеттік тіл, сондай-ақ орыс,
тəжік, ағылшын, түрік, өзбек, ұйғыр т.б. тілдерде білім беріледі. Б.б.т. білім
беру жүйесінде оқытудың əртүрлі деңгейіне қарай əртүрлі көлемде болады.
«Тілдердің үштұғырлығы» мəдени жобасының міндеттеріне орай Б.б.т. ретін-
де қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің өрісі кеңейіп келеді (қар. Мемлекеттік
тіл, Тіл, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы).
БІРЛЕСТІКТЕР ҚҰРУҒА ЕРІКТІЛІК ҚҰҚЫҒЫ (ор. право на свободу
объединений, ағыл. right to freedom of associations) – адам мен азаматтың бас-
ты конституциялық құқықтарының бірі, мұны іске асыру қоғам мүддесімен
сəйкес келеді жəне ол мемлекет қорғауында болады. Адамның өзгелермен
бірлесіп байланысуына еріктілік құқығы 1966 ж. Азаматтық жəне саяси
құқықтар туралы халықаралық пактінің 22-бабының 1-інші жəне 2-тармақта-
рында жарияланған.
ҚР Конституциясының 23-бабында Қазақстан Республикасы азаматтары-
ның бірлестіктер құруға еріктілік құқығы бекітілген. Сонымен бірге қоғам-
дық бірлестіктердің əрекеті заңмен реттеліп отырады.
Қазақстанда бірлестіктер құруға еріктілік құқығы азаматтар ортақ мақ-
сатқа қол жеткізу үшін саяси партиялар, кəсіби одақтар түріндегі қоғамдық
бірлестіктер мен коммерциялық емес сипаттағы басқа да бірлестіктер құру
арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық бірлестіктер мынадай мақсаттармен
құрылады жəне жұмыс істейді: саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне мəде-
ни құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру жəне қорғау; азаматтардың
белсенділігі мен өзіндік қайраткерлігін дамыту; кəсіби жəне əуесқой мүдде-
лерін қанағаттандыру; ҚР заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қарекет-
тер жасау.
22
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
2007 ж. конституциялық реформа барысында Негізгі Заңның 5-бабынан
қоғамдық институттар мен мемлекеттік институттардың бірігуіне, қоғамдық
бірлестіктерді мемлекеттің қаржыландыруына жасалған тыйымдар алынып
тасталды. Бұл – үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттің əлеуметтік маңызды
функцияларын іске асыруға, оның ішінде ұлттық-мəдени орталықтарды мем-
лекеттің ұлттық саясатын іске асыруға кеңінен тартуға əрі тілдер, білім беру
жəне мəдениет саласындағы бағдарламаларды бюджеттен қаржыландыруды
ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осыдан барып азаматтық қоғам институттары
күрт жанданып, олардың саны көбейді жəне қызметтерінің нəтижесі жоға-
рылады.
Б. қ. е. қ. пайдалануға мемлекеттік я қоғамдық қауіпсіздік үшін заңда қа-
растырылған жəне демократиялық қоғамға қажет қоғамдық тəртіп, тұрғын-
дардың денсаулығы мен адамгершілігін сақтау немесе өзге тұлғалардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғауға байланысты шектеулерден басқа
шектеу қойылмайды (1966 ж. Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы ха-
лықаралық пакт).
Ұлтаралық жəне дінаралық қатынас ерекше нəзік əрі маңызды болған-
дықтан, ҚР Конституциясында осыған орай жекелеген тыйымдар мен шек-
теулер белгіленген. 5-бап бойынша, мақсаты немесе əрекеті конституциялық
құрылысты күшпен өзгертуге, Республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекет
қауіпсіздігін бүлдіруге, əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, діни, қауымдық жəне
рулық жанжал шығаруға, сондай-ақ заңнамада қарастырылмаған əскери жа-
сақ құруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға жəне олардың əрекет
етуіне тыйым салынады. Республикада өзге мемлекеттердің саяси партия-
лары мен кəсіби одақтарының, діни негіздегі партиялардың əрекет етуіне,
сондай-ақ саяси партиялар мен кəсіби одақтарды шетелдік заңды тұлғалар
мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржы-
ландыруына жол берілмейді. Қазақстан территориясындағы шетелдік діни
бірлестіктердің əрекеті, сондай-ақ Республикада діни бірлестіктердің же-
текшілерін шетелдік діни орталықтардың тағайындауы Қазақстан Респуб-
ликасының тиісті мемлекеттік органдарының келісімі бойынша жүзеге
асырылады.
Конституциялық нақты шектеулердің тізімі 1996 ж. 31 мамырында №3
«Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жəне
Қазақстан Республикасының басқа да арнайы заңдарымен біршама нақты-
ланған əрі толықтырылған, олар: 2001 ж. 16 қаңтардағы №142 «Коммерция-
лық емес бірлестіктер туралы», 2002 ж. 15 шілдедегі №344-ІІ «Саяси пар-
тиялар туралы», 2014 ж. 27 маусымдағы №211-V «Кəсіби одақтар туралы»,
2011 ж. 11 қазандағы №438- IV «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы»
т.б. заңдар (Этномəдени бірлестіктер).
23
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
- Г -
ГЕТТО (итал. тілінен ghetto, ор. гетто, ағыл. ghetto) – ұлттық, нəсілдік
немесе діни белгілеріне қарай кемсітілген адамдарды оқшау тұрғызуға неме-
се қоныстандыруға орта ғасыр дəуірінде қаладан арнайы бөлінген аудан.
Гетто формасында қоныстандырудың алғашқы тəжірибесі 1280 жылы
Мароккода жүзеге асырылған. Еврей тұрғындарының санын өсірмеу мақса-
тында осы орамдардағы үйлердің санын шектеген. 16 ғасырда еврей гетто-
лары Батыс жəне Орталық Еуропа елдерінде кеңінен таралады. Ескерте кету
керек, орта ғасырларда еврейлердің ықшам қоныстануы, кəсіби немесе діни
топтың əрқайсысы оқшау тұруға ұмтылған жəне бұл сол дəуірдің корпора-
тивтік рухына əдеттегі жағдай болған. Алайда 14-15 ғасырларда еврей гетто-
лары күштеп жасалды. 1555 жылы Павел IV Папа шығарған буллаға сəйкес
барлық Папа жерлеріндегі еврейлер дуалмен қоршаулы арнаулы орындарға
біржола қоныстануға тиіс болды, олардың гетто шекарасынан түнгі уақыттар
мен христиан мерекелері кезінде шығуға хақылары жоқ болатын. Қоныстар-
дың ішіндегі тұрмысты раввиндер реттеп отырды. Геттолардың осындай тір-
шілік режимі Италияда, Германияда, Чехияда, Польшада, Литвада орнады.
Ең ірі геттолар Римде, Венецияда, Майндағы Франкфуртте, Прагада болған.
Халықтың өсуіне қарамастан, геттоның аумағын кеңейтуге рұқсат берілмеді,
осының салдарынан халқы тым көп еврей орамдары антисанитариялық
ахуалға тез ұшырайтын.
Еуропадағы еврей геттоларының жүйесі Наполеон соғыстары кезеңінде
күйреді. Франция Императоры жаулап алған елдерінде адамды діни белгілері
бойынша дискриминациялауға жол бермейтін азаматтық құқық жүйесін ор-
натып отырды. Еуропадағы соңғы гетто – Римдегі гетто – тек 1870 жылы ғана
жабылды. 1939-45 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер
Шығыс Еуропадағы басып алған қалаларында еврей геттоларын құрған. Шын
мəнінде, бұлар тұтқындары жаппай дерлік қырылған өзіндік концлагерлер
еді. Мұсылман елдерінде еврейлердің қалалық ықшам қоныстары 20 ғасырда
Израильге жаппай көшу кезіне дейін болған.
Қазіргі кезде кейде «гетто» сөзі аз ұлттар тұратын қала аудандарын атау
үшін қолданылады, бірақ көбінесе бұл сөзбен жақсарудан үміт жоқ, адам төз-
гісіз тіршілік жағдайларындағы кедейлер тұратын қала аудандарын да атайды
(қар. Апартеид, Ұлттық антагонизм, Дискриминация, Сегрегация, Ксенофо-
бия).
- Д-
ДЕМОГРАФИЯ (ор. демография, ағыл. demography, грек. demos халық
+ grapho жазамын) – халық пен оның даму заңдылығын зерттейтін ғылым
24
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
(ұрпақ алмасу, өсу мөлшерін, ұлттық құрамын, аумақ пен өңірге бөлінуін,
сыртқы жəне ішкі көші-қондарын т.б.). Д. халық саны мен əртүрлі мемлекет-
терде тілдердің таралуының арақатысын, сонымен бірге тілдер мен диалек-
тілердің даму динамикасын ескереді, мысалы, əр тілде сөйлеушілер санына
байланысты жұрттың демографиялық қуаты анықталады. Демографиялық
тұрғыдан бірдей тілдік ахуалдар мен демографиялық тұрғыдан тең емес тіл-
дік ахуалдар болады. Мыс., Бельгияда демографиялық жағынан бірдей тілдік
жағдаят байқалады: тұрғындарының 39,1% – франктілді валлондар, 50,7%
– фламандтар. Қазақстандағы тілдік ахуал демографиялық жағынан бірдей
емес (қар. Халық санағы, Тілдік ахуал).
ДЕМОКРАТИЯ (грек. demos халық + kratos билік; ор. – демократия;
ағыл. democracy) – халық өкіметі (сайланып қойған өкімет органдарын құру),
саяси плюрализм мен көппартиялылық, заң алдында баршаның теңдігі, аза-
маттардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін сақтау ұстанымда-
рына негізделген қоғамның, саяси режимнің, қоғамды саяси ұйымдастыру-
дың формасы. Демократия дегеніміз – билік басындағылардың азаматтар ал-
дында қоғамдық саладағы өз іс-əрекеттері үшін жауап беруі, ал азаматтардың
өз мүдделерін бəсекелестік пен өздері сайлаған өкілдерімен өзара əрекеттесу
арқылы жүзеге асыруы. Кез келген басқа жүйе сияқты демократия да билік
басындағыларға басқаруда ерекше рөл атқаратын жəне заң бойынша өкім
жүргізу қызметі берілген адамдарға тəуелді. Демократиялық жүйенің демо-
кратиялық емес жүйеден айырмашылығы билікке келудің заңды жолдары
мен басқарушылардың өз шешімдері үшін жауапкершілігін анықтайтын нор-
малардан көрінеді.
Классикалық ұғымдағы демократия қоғамды саяси ұйымдастырудың ха-
лықты билік бастауы ретінде тануға, халықтың мемлекеттік істерді шешуге
қатысуға хақылығына жəне азаматтарға айтарлықтай кең ауқымды құқықтар
мен еркіндіктер беруге негізделген формасы. Осы ретте демократия, ең ал-
дымен, мемлекет формасы ретінде қарастырылады. «Демократия» терминін
басқа да саяси жəне əлеуметтік институттардың (мысалға, партиялық, өн-
дірістік) ұйымдастырылуы мен іс-əрекеттеріне қатысты да, сонымен қатар
тиісті қоғамдық қозғалыстарды, саяси бағыттарды, əлеуметтік саяси ой
ағымдарын сипаттау үшін де пайдаланады.
К.Маркс демократияны қоғам өмірінің материалдық жағдайларымен
жəне таптық құрылымымен тығыз байланыста қарастырған. Демократия
— тарихи қоғамның дамуына қарай, əлеуметтік-экономикалық формация-
лардың ауысуына қарай өзгеретін құбылыс. Алғашқы қауымдық құрылыс
кезінде таптар мен таптық қарама-қайшылықтар болмаған, рулар мен тай-
палардың өзін-өзі басқаруы арқылы жүзеге асатын бейсаяси Д. болған.
Экономикалық теңсіздіктің, жекеменшік пен қанаудың, яғни антагонистік
таптардың пайда болуымен мемлекетпен бірге саяси демократия да пайда
25
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
болды, сол себепті де таптық қоғамда оның дамуы саяси биліктің негізгі
мекемесі ретіндегі мемлекетпен тығыз байланысты болып шықты.
Демократияның шешуші элементі – азаматтардың толық құқықтылығы.
Демократияның жалпы мойындалатын келесі көрсеткіші – көпшіліктің
билігі. Шешімді көпшіліктің дауыс беруімен қабылдайтын кез келген
басқару органы демократиялық болып саналады. Демократияның ұста-
нымдары асбтрактілі жəне түрлі институттар мен оның ішкі түрлері де-
мократиядан бастау ала алады. Бірақ демократиялық даму белгілі бір
рəсімдік нормаларды сақтау мен азаматтық құқықтарды құрметтеуді қа-
жет етеді. Роберт Даль қазіргі саяси демократияның бар болуына қажетті
мынадай шарттарды атайды: конституция үкіметтің шешімдерін қадаға-
лауды сайланбалы ресми тұлғаларға жүктейді; бұл ресми тұлғалар кез
келген мəжбүрлеу мүмкіндіктерін болдырмайтын таза сайлау барысында
мерзімді түрде сайланып отырады; ресми тұлғаларды іс жүзінде халықтың
ересек жастағы барлық адамдары сайлауға құқылы; сайланбалы қызмет-
терге іс жүзінде халықтың ересек жастағы барлық адамдары талаптануға
құқылы; азаматтар саяси себептер бойынша қуғындалудан қорықпай өз
пікірлерін білдіруге құқылы; азаматтар ақпаратты альтернативті көздер-
ден алуға құқылы; ақпараттың альтернативті көздері заңмен қорғалған;
азаматтар біршама тəуелсіз ассоциациялармен жəне ұйымдармен қатар
саяси партиялар жəне мүдделері бойынша топтар құруға құқылы.
Демократияның осы жеті іргелі ұстанымдарына Т.Л.Карл, Ф.Шмиттер
тағы екеуін қосады. 1) Халық сайлаған ресми тұлғалардың сайланбаған ресми
тұлғалар тарапынан (тіпті бейресми) қарсылық көрмей өз конституциялық
өкілеттігін жүзеге асыруына мүмкіндігі болуы керек. Егер əскери не мемле-
кеттік мекемелердің немесе кəсіпорындардың қызметкерлерінің сайланбалы
басшыларға қарамастан əрекет ету, халық қалаулыларының шешіміне вето
қою мүмкіндігі болса, демократияға қауіп туады. 2) Мемлекет егеменді бо-
луы жəне жоғарырақ деңгейдегі саяси жүйелерге тəуелсіз іс-əрекет етуі керек
(қар. Мемлекеттілік, Патриотизм, Ұлт, Жаңа қазақстандық патриотизм,
Халық).
ДЕПОПУЛЯЦИЯ (лат. populus «халық», ор. депопуляция, ағыл.
depopulation) – келесі ұрпақ саны жағынан алдыңғы ұрпақтан азайғанда, өлу
туудан артқанда, эмиграция өте-мөте көбейгенде, аштық, соғыс орын алғанда
халықтың ұдайы өсіп-өнуі төмендеп, оның абсолютті санының жүйелі түрде
кемуі.
Осы күні бірқатар елдер халық санының ұзақ уақыт бойы кемуін бастан
кешіріп отыр, атап айқанда, Болгария, Эстония, Латвия, Украина, Свазиленд,
Беларусь, Грузия, Литва, Венгрия, Жапония, Ресей, Словения, Молдавия, Ар-
мения, Босния, Хорватия, Германия, Италия, Куба, Греция, Испания, Уругвай,
Дания, Финляндия, Австрия, Лесото елдерінде баяу өсу жалғасуда. Қазақстан
26
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
халқының санының артып келе жатқанын жариялады, 2009 жылғы санақ бо-
йынша Қазақстанда 16 млн-нан астам адам тіркелген (қар. Демография,
Этнос).
ДИАСПОРА (грек. διασπορά – шашыраңқылық, ор. диаспора, ағыл. diaspora)
– Г.В.Осиповтың пікірінше, Д. дегеніміз – халықтың бір бөлігінің (этностық
қауымдастық) өз Отанымен сəйкестік сезімін сақтап, туған елінен тыс тұруы.
Д.-ның өзге халықтың ортасында тұратын басқа этностық қауымдастықтардан
айырмашылығы – халқының негізгі немесе маңызды ұлттық ерекшеліктерінің
сипаттарын сақтауға, тілді, мəдениетті, этностық сананы дамытуға жəрдем-
десуге тырысуы (қар. Ирредента). Басқа этностық топтар сияқты, Д. қауымы
да өзінің этномəдени шекараларын сақтайды. Д. оның өзіндік сана-сезімінің
негізін қалаушы элемент болып табылатын ұжымдық жадыны белсенді түр-
де ұстанады. Сонымен қатар Д. жерлестер қоғамынан бастап қоғамдық, ұлт-
тық-мəдени жəне саяси қозғалыстарға дейін жететін кейбір ұйымдық форма-
лар арқылы əрекет етеді. Д.-ның негізгі қызметтері – өз халқының рухани мəде-
ниетін қолдауға, дамытуға жəне нығайтуға, ұлттық салт-дəстүрлерді таратуға,
Тарихи отанымен мəдени байланысты сақтауға белсенді қатысу. Ал оның ерек-
ше қызметі – ұлттық мəдениетінің ретрансляторы болып табылатын ана тілін
сақтау, өйткені одан айырылу оны ұлт ретінде көрсететін кейбір қасиеттерге,
алдымен рухани жағына (салт-дəстүріне, өзіндік санасына) тікелей əсер етеді.
ДИАСПОРА ТІЛІ (ор. язык диаспоры, ағыл. language of diaspora) – өзінің
байырғы аумағынан я мемлекетінен тысқары жерде тұратын нақты бір Этнос-
тық топтың (Диаспораның) тілі. Басым көпшіліктің тілімен тікелей аралас-
тықта болатын Д.т-нің қызмет аясы мен пайдаланылатын аясы уақыт өткен
сайын едəуір тарыла түседі. Уақыт өткен сайын Д.т. өзгеріске ұшырап оты-
рады, онда интерференттік сипаттар (лексикалық ауысулар, фонетикалық өз-
герістер т.с.с.) пайда болады, мыс., Қытайдағы, Монғолиядағы, Түркиядағы
қазақ диаспорасының қазақ тілі, алғашқы эмиграция толқынымен АҚШ пен
Еуропаға барып тұрып қалған орыс диаспорасының тілі. Бұқаралық ақпарат
құралдарының кең тарауы, интернационалдандыру мен жаһандану үдеріс-
терінің себебімен Д.т. мен негізгі тілдің арасындағы алшақтау үдерісін тежеу-
ге болатыны болжалданып отыр (қар. Автохтондық тіл, Ассимиляция, Мем-
лекеттік тіл, Тұрғылықты тіл, Жергілікті тіл, Миноритарлық тіл, Ресми
тіл, Ана тілі, Титулдық тіл, Этностық фузия, Этностық тіл, Қазақстан
тілдері, Тілдік қауымдастық).
ДІНИ СƏЙКЕСТЕНДІРУ (ор. идентификация религиозная, ағыл.
identifi cation religious) – белгілі бір дінге қатыстылығының ділдік құндылық
жəне мінез-құлықтық бағдарларын бекітетін əлеуметтену нормасын индивид-
тің игеруі (қар. Сəйкестендіру). Д.с. үдерісінде жеке адам өзін əлдебір таңдау-
27
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
лы, мистикалық негізбен, мінез-құлықтың ережелері, нормалары шығатын
құдайлық болмыспен байланыстырады. Бұл нормалардың əдепкі адамгер-
шілік нормалардан өзгешелігі сонда, бұлар канондарда, қасиетті жазбалар
мен өсиеттерде, құдайлық, рухани құндылықтарға деген қатынастың жазыл-
маған, бақыланбайтын ережелерінде белгіленеді.
Д.с. жүйесі жанама түзілімдерге, жеке адам өзінің болмысы туралы түсінік-
терді адами ғұмыр кешу мақсатымен байланыстыратын киелі əлемге негізде-
леді. Д.с-дің өзіндік ерекшелігі жеке адам мұнда өмірдің мəні туралы түсіні-
гін бейнелейді жəне өзінің рухани əлемін қалыптастырады, бұл əлемде «іс
əлемі» мен «сөз əлемі» діни түсініктерге лайық адамгершілік қылықтармен
сəйкесуге тиіс. Д.с. кемел қоғамдастық бейнесін жасауға, адами тұрғылардың
ұжымдық өмірге қосылуының модусы ретіндегі мистикалық ұжымдылықты
жасауға мүмкіндік береді.
Д.с.-дің негізгі функциясы – тиянақталған утопия көмегімен діни норма-
лар, құндылықтар мен үлгілерге кеңістіктік-уақыттық координаттарының
конъюнктурасынан тəуелсіз, өзгермейтін, абсолютті адами болмысқа, əлеу-
меттік институттарға т.с.с. ие болатындай сипат беру, адами мəдениетті транс-
ценденттікпен нығайтуға жету.
Достарыңызбен бөлісу: |