Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары



Pdf көрінісі
бет7/44
Дата21.01.2017
өлшемі2,74 Mb.
#2401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44

ҚАУЫМДАСТЫҚ (ор. общность, ағыл. community) – қайталанбас дербес-
тік беретін тілдік, этностық, мəдени т.б. белгілерге ие жəне тарихи қалыптас-
қан  тұрақты  əлеуметтік  байланыстармен,  қатынастармен  біріккен  адамдар-
дың жиынтығы. Қ. мысалына ру, тайпа, отбасы, қауым, Ұлыс, Ұлтты жатқы-
зуға болады (қар. Этнос, Этностық топ, Тілдік ахуал).
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ (ор. народ Казахстана, ағыл. People of Kazakhstan) 
 Қазақстан Республикасы азаматтарының қауымы, халықтың егемендік пен 
құрылтайшы биліктің иесі.
Қазақстанның  көпұлтты  халқы  деген  ұғым  ел  аумағын  жай  ғана  мекен 
ететін жұрт деген түсінікпен шектелмейді. Қ.Х. – ҚР Конституциясында жа-
рияланғандай, ортақ тарихи тағдыр біріктірген, байырғы қазақ жерінде мем-
лекеттiлiк құрған, өздерін бейбітшіл азаматтық қауымдастық деп ұғынатын, 
еркіндік, теңдік пен татулық мұраттарына берілген, əлемдік қоғамдастықта 
лайықты орын алуды қалайтын, қазіргі жəне болашақ ұрпақтар алдындағы 
жоғары  жауапкершілікті  сезінетін  қауымдастық.  Барша  қазақстандық  та-
ныған  бұл  асқақ  мұраттар,  үміттер  мен  ниеттер  Қазақстан  азаматтарының 
қауымын  бірте-бірте  көпұлтты  жəне  көпконфессионалды  қауымға  Біртұтас 
Ұлтқа топтастырып келеді.
Қ.Х. конституциялық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектісі болып са-
налады.
Конституцияның 3-бабына сəйкес, Қ.Х., оның ерік-қалауы – мемлекеттік 
биліктің бірден-бір бастауы. Халықтың құрылтайшы билігі 1995 жылдың 30 
тамызындағы  республикалық  референдумда  ҚР  Конституциясын  қабылда-
уынан көрінді. Бұл Конституцияда қоғам мен мемлекеттің маңызды бастау-
лары көрініс тапты əрі заңды түрде бекітілді. Халықтың құрылтайшы билігі 
басқа да тағдырлы мəселелерді қабылдаудан да көрінеді.
Қ.Х. өз билігін республикалық референдум жəне еркін сайлау арқылы ті-
келей  жүзеге  асырады,  сондай-ақ  өз  билігін  жүзеге  асыруды  халық  мемле-

53
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
кеттік органдарға тапсырады. Қ.Х. атынан сөз айтып, əрекет ету Республика 
Президентіне,  сондай-ақ  конституциялық  өкілеттілік  шегінде  Парламентке 
тиесілі. Мұндай өкілеттілік ешқандай саяси партияға да, діни бірлестікке де, 
азаматтардың жергілікті қоғамдастығына да берілмеген. Билікті ешкім иеле-
не алмайды, билікті иеленіп алғандар заң бойынша қудаланады (Қазақстан 
халқы Ассамблеясы).
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ (ҚХА) (ор. Ассамблея народа 
Казахстана, ағыл. the Assembly of People of Kazakhstan) – Қазақстан Респу-
бликасының Президенті құрған жəне басқаратын конституциялық орган, эт-
носаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді жарастыруға арналған қоғам-
дық-саяси  институт,  мемлекеттік  этносаясатты  жүзеге  асырудың  шешуші 
құралы. ҚР Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен құрылды. 
2007 жылға дейін «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы» деп аталып келді.
Ассамблеяның  құқықтық  мəртебесі  Қазақстан  Республикасының  «Қа-
зақстан  халқы  Ассамблеясы  туралы»  арнаулы  Заңымен, «Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы  туралы  ережемен», «Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 2020 
жылға  дейінгі  даму  тұжырымдамасымен»  белгіленген.  Бұл  құжаттарда  жа-
сақтау тəртібі, басқару құрылымы мен органдары реттелген, ҚХА мақсатта-
ры, негізгі міндеттері, қызметінің бағыттары, өкілеттіктері; сондай-ақ мем-
лекеттік органдармен жəне қоғамдық бірлестіктермен ықпалдасуды ұйымдас-
тыруының  ерекшеліктері,  этносаралық  қатынастар  саласында  мемлекеттік 
саясатты əзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу механизмдері белгіленген. 
Ассамблеяның жоғарғы органы жылына бір рет өткізілетін сессия болып 
табылады. Сессиялар арасындағы кезеңде ҚХА Кеңесі жұмыс істейді. ҚХА 
Төрағасы – ҚР Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаев. 
  Ассамблеяның  басты  ерекшеліктерінің  бірі – елдің  жоғарғы  заң  шыға-
рушы органы Парламентте Қазақстанның бүкіл этностарының мүдделеріне 
кепілді  түрде  өкілдік  ету.  Ассамблея  Парламент  Мəжілісіне 9 депутат  сай-
лайды. 
 ҚХА-ның жұмыс органы – Президент Əкімшілігі құрылымының дербес 
бөлімі  ретіндегі  Ассамблея  Хатшылығы.  Маңызды  қоғамдық,  əлеуметтік 
жəне кеңесші органдар ретінде ҚХА құрылымына ҚХА ғылыми-сараптама-
лық кеңесі, Этносаралық мəселелер бойынша жетекші журналисттер мен са-
рапшылардың Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы клубы; «ҚХА қоры» 
қоғамдық қоры; «Тілдарын» тілдерді оқытудың инновациялық технологияла-
рының əдістемелік орталығы; ҚХА кəсіпкерлер ассоциациясы, Бейбітшілік 
пен Достық академиясы. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы – мемлекеттік билік жүйесіне де қосылған 
институт  əрі  азаматтық  қоғам.  Мемлекеттік  салаға  қатысы  Президентпен, 
əкімдермен,  Президент  Əкімшілігімен,  өңірлердегі  əкімдердің  аппаратта-
рымен,  салалық  атқарушы  органдармен  байланыстары  арқылы  жүзеге  аса-

54
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ды. Ал қоғамдық сипаты этномəдени бірлестіктерден жəне басқа қоғамдық 
маңызы  бар  құрылымдардан,  азаматтық  қоғам  институттарынан  көрінеді 
(қар. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық 
үлгісі, Қазақстандағы этносаясат қағидаттары, ҚХА Төрағасы, ҚХА Хат-
шылығы, ҚХА кеңесі, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі).
ҚАЗАҚСТАН  ХАЛҚЫ  АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ (2020 ЖЫЛҒА  ДЕ-
ЙІНГІ) ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ – (ор. Концепция развития Ассамблеи 
народа Казахстана (до 2020 года), ағыл. the concept of development the Assembly 
of People of Kazakhstan (till 2020))  мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруға, 
ұлттық бірлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамта-
масыз етуге, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік жəне азамат-
тық институттардың өзара іс-қимылын жандандыруға жəне осы өзара іс-қи-
мылдың  тетіктерін  жетілдіруге,  ең  алдымен,  Ассамблея  институты  арқылы 
қол жеткізуге бағытталған негізгі бағдарлар жүйесінің жиынтығы. 
Негізгі қағидаттары: адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтары-
ның басымдығы; халық пен мемлекет мүдделерінің басымдығы; Қазақстан-
ның ұлттық бірлігі, егемендігі мен тұтастығы; нəсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, 
наным-сеніміне немесе басқа да жағдайларға қарамастан адамның жəне аза-
маттың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі; Ассамблея мүшелерінің 
оның құрамындағы тең құқылығы жəне өз қызметі үшін жеке жауапкершілі-
гі; транспаренттік. Мақсаты – Ассамблея институтын бұдан əрі дамыту жəне 
оның  елдің  тəуелсіздігі  мен  мемлекеттігін  нығайтудағы  рөлін  арттыру,  па-
триотизм, қазақ халқы мен мемлекеттік тілдің топтастырушы рөлін арқау ете 
отырып, жалпы құндылықтар негізінде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті 
қамтамасыз ету. 
Негізгі міндеттері: 1) «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асырудың, 
күшті  мемлекет,  дамыған  экономика  жəне  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  мүмкін-
діктері  негізінде  берекелі  Қоғам  қалыптастырудың  тиімді  ресурсы  ретін-
де  этносаралық  қатынастарды  үйлестіру  жəне  қоғамдық  келісімді  нығай-
ту; 2) этносаралық  қатынастар  саласында  мемлекеттік  органдар  мен  аза-
маттық  қоғам  институттарының  өзара  тиімді  іс-қимылын  қамтамасыз  ету 
арқылы ұлттық бірлікті қалыптастыру, этносаралық келісім мен қоғамдағы 
толеранттылықты  нығайту  үшін  қолайлы  жағдай  жасау;  3) этностық  мə-
дениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дəстүрлерін одан əрі дамыту 
негізінде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікке қол жеткізу үшін этномə-
дени жəне басқа да қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіру; 4) та-
рихи тəжірибеге жəне демократиялық нормаларға сүйенетін қазақстандық 
қоғамның  негізгі  құндылықтар  жүйесін  қалыптастыру,  азаматтардың  сая-
си-құқықтық, əлеуметтік-адамгершілік мəдениетін дамыту; 5) этностық мə-
дениеттерді,  тілдер  мен  Қазақстан  халқының  дəстүрлерін  дамыту; 6) шет 
елдерде тұратын қазақ ұлтының өкілдеріне ана тілі, мəдениеті мен ұлттық 

55
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
дəстүрлерін  сақтау  жəне  дамыту,  тарихи  Отанымен  байланысты  нығайту 
мəселелеріне қатысты қолдау көрсету; 7) халықаралық ұйымдар жəне шет 
елдердің  азаматтық  қоғам  институттарымен  интеграциялық  байланыстар-
ды кеңейту.
Осы міндеттерді іске асыру «Қазақстан-2050» стратегиясы, Президенттің 
Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары негізінде жүзеге асырылады.
Тұжырымдама Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ Сессиясында 2013 
жылы қабылданды (Қазақстан халқы Ассамблеясы).
ҚАЗАҚСТАН  ХАЛҚЫ  АССАМБЛЕЯСЫ  ЖАНЫНДАҒЫ  ЭТНО-
САРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӨНІНДЕГІ ЖЕТЕКШІ ЖУРНАЛИСТЕР 
МЕН САРАПШЫЛАР КЛУБЫ (мұнан ары - Клуб). (ор. Клуб ведущих жур-
налистов и экспертов по вопросам мэжэтнических отношений при Ассам-
блее народа Казахстана; ағыл. The club of leading journalists and experts on 
interethnic relations under the Assembly of People of Kazakhstan) – Қазақстан 
халқы  Ассамблеясы  (мұнан  былай - Ассамблея)  жанында  тұрақты  жұмыс 
істейтін консультативтік-сараптамалық жəне ақпараттық орган.
Клубтың  негізгі  міндеттері: 1) толеранттылықтың  нығаюына,  мемлекет-
тегі  этносаралық  жəне  конфессияаралық  келісімнің,  азаматтық  бірліктің,
паториотизм мен рухани-мəдени ортақтықтың сақталуына жəрдемдесу; 2) эт-
носаралық жəне конфессияаралық тақырыптағы мəселелерді жариялау ісіне 
журналистік этика қағидатын енгізу, ұстану жəне дамыту, сондай-ақ журна-
листер  қоғамдастығында  осы  іске  деген  жауапкершілікті  қалыптастыру; 3) 
БАҚ-та  азаматтық  сəйкестілік,  патриотизм,  этносаралық  жəне  конфессияа-
ралық толеранттылық туралы материалдарды жариялау ауқымын кеңейту; 4) 
рухани-адамгершілік  құндылықтар  мен  жалпыұлттық  мұраттарды  насихат-
тайтын жəне қоғамдық санада бекітетін жағымды ақпараттық өнімдерді (те-
лехабар, шоу, фильмдер, роликтер, т.б. жарияланымдар) шығаруға ықпал ету; 
5)  журналистердің  кəсіби  шеберлігін  арттыру,  журналистердің  кəсіби  кон-
курстарын өткізуге қатысу, сондай-ақ Клуб мүшелерінің шетелдік жəне қа-
зақстандық кəсіби конкурстарға қатысуын қамтамасыз ету; 6) этностық тақы-
рыптарға қатысты ұғымдар мен терминдердің БАҚ-та қолданылуын реттеуге 
жəрдемдесу; 7) Клуб мүшелерінің бастамаларын, Клубтың өзінің жəне оның 
жекелеген  мүшелерінің  ақпараттық  іс-шараларын  қолдау  (қар.  Қазақстан 
халқы Ассамблеясы).
ҚАЗАҚСТАН  ХАЛҚЫ  АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ  ЖАНЫНДАҒЫ 
ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ  КЕҢЕС  (ҚХА  ҒСК)  (ор.  Научно-эксперт-
ный совет Ассамблеи народа Казахстана (НЭС АНК ), ағыл. Scientifi c Expert 
Council under the Assembly of People of Kazakhstan) – төрағадан, оның орын-
басарларынан  жəне  (келісім  бойынша)  депутаттардан,  ғалымдардан,  тəуел-
сіз сарапшылардан, түрлі салалардың мамандарынан, этномəдени бірлестік-

56
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тердің  өкілдерінен  жəне  басқалардан  тұратын,  ҚХА  құрылымында  үнемі 
жұмыс істейтін консультациялық-талдау органы. Хатшылық – ҚХА ҒСК-нің 
ҒСК құзыретіндегі мəселелерді жедел шешу үшін құрылған жұмыс органы. 
ҒСК  өз  қызметінде  Конституцияны,  ҚР  «Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 
туралы» Заңын, ҚР заңдары мен ҚР Президентінің актілерін, Ассамблея Хат-
шылығы  туралы  Ережесін,  сонымен  бірге 2009 жылдың 29-қаңтарындағы 
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңес ту-
ралы №1 Ережені басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі №149 
Жарлығына сəйкес Ассамблея қызметін ғылыммен сүйемелдеу үшін Ғылы-
ми-сараптамалық кеңес құрылды. 
Ғылыми-сараптамалық кеңестің негізгі міндеттері:
1)  Қазақстан  Республикасындағы  этносаяси,  əлеуметтік-экономикалық 
жəне  конфессиялық  даму  үрдісін  кешенді  сараптамалық  бағалау,  аталған 
үдерістердің елдегі жəне əлемдегі дамуына болжам жасау;
2)  Ассамблея  қызметін  этносаралық  жəне  конфессияаралық  қатынастар 
саласындағы мемлекеттік этносаясаттың өзекті бағыттары бойынша ғылыми 
сараптамалық тұрғыдан сүйемелдеу;
3)  этносаралық  жəне  конфессияаралық  қатынастар  саласындағы  ғылы-
ми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;
4) Ассамблеяның демократияны дамытуда, қазақстандық қоғамның тұтас-
тығын нығайтуда, жалпыұлттық келісімге қол жеткізуде саяси жəне азамат-
тық институт ретіндегі рөлін күшейтуге жəрдемдесу.
Ғылыми-сараптамалық  кеңес  төрағадан,  оның  орынбасарларынан  жəне 
Ғылыми-сараптамалық кеңес мүшелерінен тұрады.
Ғылыми-сараптамалық  кеңестің  төрағасы  мен  оның  орынбасарлары 
Ғылыми-сараптамалық кеңес отырысында сайланады. 
Ғылыми-сараптамалық  кеңестің  құрамына  келісім  бойынша  Қазақстан
Республикасы  Парламентінің  депутаттары,  этномəдени  бірлестіктердің, 
ғылыми жəне білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тəуел-
сіз сарапшылар мен мамандар кіре алады.
Ғылыми-сараптамалық  кеңес  өз  қызметіне,  шетелдіктерді  қоса  алғанда, 
Ғылыми-сараптамалық  кеңес  мүшесі  болып  табылмайтын  сарапшыларды 
тарта алады.
Ғылыми-сараптамалық  кеңес  төрағасының,  оның  орынбасарларының 
жəне  Ғылыми-сараптамалық  кеңес  мүшелерінің  міндетін  атқару  қоғамдық 
негізде жүзеге асырылады.
Ассамблеяның заңнамалық актілерді жəне басқа да бағдарламалық құжат-
тарды əзірлеуге, ақпараттық-насихаттық, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қа-
тысуын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-насихаттық, сараптамалық, 
басқа да жұмыс топтары құрылуы мүмкін.

57
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Ғылыми-сараптамалық кеңестің, комиссиялар мен жұмыс топтарының қыз-
метін үйлестіру жұмыстарын ҚХА Хатшылығы жүзеге асырады. ҒСК жұмыс 
органы – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Эт-
носаралық жəне конфессияаралық қатынастарды зерттеу жөніндегі орталығы 
(қар. Этносаралық қатынастар саласындағы заңнама, ҚХА қызметі).
ҚАЗАҚСТАН  ХАЛҚЫ  АССАМБЛЕЯСЫ  КАФЕДРАЛАРЫ  (ор.  ка-
федры Ассамблеи народа Казахстана, ағыл. Departments of the Assembly of 
People of Kazakhstan) – Республиканың жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми 
жəне  білім  беретін  орталықтар.  ҚХА-ның  алғашқы  кафедрасы 2013 жылы 
Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінде  ашылды.  Кафе-
драның  мақсаты – этносаясат  саласымен  байланысты  пəндерді  теориялық, 
əдіснамалық  жағынан  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  этносаяси  зерттеулердің 
əдіснамасын  дамыту.  Ал  міндеттері – этносаясат  менеджменті  жүйесіндегі
мемлекет институты мен мемлекеттік органдардың рөлін түсінуді қалыптас-
тыру;  оқу  үдерісі  шегінде  этносаралық  қатынастың  мəдениеті  мен  əдебін 
қалыптастыру;  этносаралық  келісім  мен  толеранттылықтың  функционалды 
қоғамдық құндылығын түсінуге сеп болу; этносаралық толеранттылық пен 
қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің қағидаттарын іске қосу. 
 Кафедра жұмысының бағыттары – іргелі жəне қолданбалы зерттеулерді, 
оқу процесін əдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.
  Пəндер  мен  нысандары:  Қазақстан  Республикасы  қарекетінің  маңызды 
қағидаты  ретіндегі  қоғамдық  келісім,  Қазақстан  Республикасы  қарекетінің 
маңызды  қағидаты  ретіндегі  саяси  тұрақтылық;  Қазақстан  Республикасын-
дағы этносаяси менеджмент; құқықтық жəне институционалдық аспектілері, 
Қазақстандағы  этносаралық  жəне  конфессияаралық  қатынастарға  ықпал 
ететін  ішкі  жəне  сыртқы  факторлар,  этносаралық  қақтығыстар  жəне  олар-
ды  реттеу  амалдары,  Қазақстандағы  көпэтностық:  тарих  жəне  қазіргі  за-
ман,  Қазақстан  Республикасы  өмірінің  конституциялық  қағидаты  ретіндегі 
қазақстандық  патриотизм,  толеранттылыққа  тəрбиелеу  жөніндегі  интерак-
тивтік  білім  беру  бағдарламасы,  мəдениетаралық  коммуникация  мен  тіл-
десімнің  психологиясы,  Қазақстанның  қоғамдық-саяси  өміріндегі  дін  (қар.
 Қазақстан халқы Ассамблеясы).
ҚАЗАҚСТАН  ХАЛҚЫ  АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ  ТӨРАҒАСЫ  (ор. - 
Председатель Ассамблеи народа Казахстан, ағыл. Chairman of the Assembly 
of the People of Kazakhstan) – Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, Ас-
самблея кеңесін басқаратын жəне Ассамблеяның жұмысына жалпы басшылық 
жасайтын тұлға. Бұл лауазым тағайындалғаннан бері, оны Қазақстан Респу-
бликасының  Тұңғыш  Президенті – Елбасы  Н.Ə.Назарбаев  атқарып  келеді, 
оған Ассамблеяға ғұмыр бойы басшылық жасау құқығы тиесілі. Төрағаның 
лауазымдық міндетіне Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын бекіту мен 

58
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
олардың орындалуына тапсырмалар беру, бұқаралық ақпарат құралдары мен 
халықаралық  ұйымдарда  Ассамблея  атынан  үндеу  мен  мəлімдемелер  жасау 
міндеттері жатады. Төрағаның үш орынбасары бар (олардың екеуі - этномəде-
ни бірлестіктерден, 2008 жылдан бері алмастырмалық негізде сайланып оты-
рады), төраға оларға өз өкілеттігінің бір бөлігінің құқығын бере алады. 
«Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  туралы»  Қазақстан  Республикасының 
20.10.2008  күнгі  №70-4  Заңында  ҚХА  Төрағасының  өкілеттігі  Қазақстан 
халқы Ассамблеясының мəртебесін, оның мемлекеттің ұлттық саясатын жү-
зеге  асыруға,  Қазақстан  Республикасында  қоғамдық-саяси  тұрақтылықты 
қамтамасыз етуге жəне этносаралық қатынастар саласында қоғамның мем-
лекеттік  жəне  азаматтық  институттарының  ықпалдастығының  тиімділігін 
арттыруға бағытталған жұмысын ұйымдастыру мен қалыптастырудың ретін 
белгілейтін өкілеттік ретінде тағайындалған.
Төрағаның  орынбасарлары  төрағаның  айрықша  құзыретіне  жатпайтын
мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының мем-
лекеттік  органдар  мен  халықаралық  ұйымдарда  Ассамблея  атынан  əрекет
етеді, сондай-ақ Ассамблея Төрағасының тапсырмасымен Қазақстан Респу-
бликасының  мемлекттік  органдар  мен  халықаралық  ұйымдарда  Ассамблея 
өкілі болады; қажетіне қарай Ассамблея Төрағасына істің жайы мен Ассам-
блеяның  бағдарламалық  құжаттарын  іске  асыру  барысы  туралы  мағлұмат 
беріп тұрады (қар. ҚР Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясы, 
ҚХА Кеңесі).
ҚАЗАҚСТАН ЭТНОСАЯСАТЫНЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ор. Принципы 
казахстанской этнополитики, ағыл. Principles of Kazakhstan ethnopolitics) – 
этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі жаңа əлеуметтік-экономикалық 
шарттар  мен  ақпараттық  жəне  коммуникативтік  технологиялардың  ықпа-
лымен сəйкестіктің дүдəмалдануына қарсы əрекет болды.
ҚХА-ның 14-сессиясында (2008 ж.) Қазақстан Республикасының Прези-
денті Н.Ə.Назарбаев мемлекеттік саясаттың негізгі деген бес қағидатын жа-
рия етті, олар: этностық, діни, мəдени, тілдік əралуандық – біздің баға жет-
пес байлығымыз; Қазақстан этностарының мəдениеті мен тілін дамыту үшін 
мемлекет мақсатты түрде барлық жағдайды жасайды; ұлтымыздың маңызды
құндылықтары – толеранттылық пен жауапкершілік; қазақ этносының ұйыс-
тырушылық ролі; Қазақстан халқының бірлігі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 18 сəуіріндегі Қа-
зақстан  халқы  Ассамблеясының (2020 жылға  дейінгі)  даму  Тұжырымдама-
сын  бекіту  туралы  №552  Жарлығына  сəйкес  Тұжырымдама  стратегиялық 
қатынаста  сонымен  бірге  қазақстандық  қоғамның  əлеуметтік  жаңаруының 
мақсаттарына – нақты айтқанда, қоғамды жаңа индустриалды-инновациялық 
экономика мен Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы өміріне дайындау; Қазақстан-
ның  жеделдетілген  экономикалық  дамуы  мен  қоғам  игіліктерін  ауқымды 

59
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
қамтамасыз ету арасында үйлесімді теңгерім табу; құқық, əділдік жəне əлеу-
меттік  жауапкершілік  қағидаттарына  негізделген  əлеуметтік  қатынастарды 
нығайту мақсаттарына – жауап береді.
Тұжырымдама  мынадай  қағидаттарға  сүйенеді: 1) адамның  жəне  аза-
маттың  құқықтары  мен  бостандығының  басымдығы; 2) халық  пен  мемле-
кет  мүдделерінің  басымдығы; 3) Қазақстанның  ұлттық  бірлігі,  егемендігі 
мен  тұтастығы; 4) адам  мен  азаматтың  нəсіліне,  ұлтына,  тіліне,  дініне,  на-
ным-сеніміне немесе басқа да кез келген жағдайына қарамастан құқықтары 
мен бостандығының тең болуы; 5) Ассамблея мүшелерінің оның құрамын-
дағы  əрекеттерге  келгенде  тең  құқылы  жəне  жеке  жауапкершілікте  болуы; 
6)  ашықтық  (қар.  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының (2020 жылға  дейін-
гі)  даму  Тұжырымд амасы,  Этносаралық  толеранттылық  пен  қоғамдық 
келісімнің қазақстандық үлгісі, Қазақстанның этносаралық қатынас сала-
сындағы заңнамасы). 
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  АДАМ  ҚҰҚЫҚТАРЫ 
ЖӨНІНДЕГІ УƏКІЛ (ор. Уполномоченый по правам человека в РК, ағыл. 
Ombudsman of the Republic of Kazakhstan) – мемлекет атынан адам құқықта-
рын қорғау қызметін атқаратын лауазымды тұлға (жалпы қолданыстағы си-
нонимі – «омбудсмен»). 
А.Қ.У. лауазымы ҚР Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі №3947 
Жарлығымен тағайындалған.
Қазақстанда А.Қ.У. адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықта-
рының  сақталуына  мониторинг  жүргізетін,  өзіне  берілген  құзырет  шегінде 
адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына кел-
тіру жөнінде шаралар қабылдайтын лауазымды тұлға болып есептеледі. Өз 
қызметі арқылы А.Қ.У. адамның жəне азаматтың бостандығы мен құқықта-
рының қолданыстағы тəсілдерін толықтырады. Қазақстан Республикасының 
Конституциясы  мен  заңнамаларына  сəйкес,  А.Қ.У.  қызметі  адам  құқығын 
қорғайтын басқа мемлекеттік органдардың құзыретін шектемейді. 
Осы лауазымға тағайындау мен босатудың тəртібі, қызметті жүзеге асыру-
дың құзыреті мен тəртібі, белгілі бір жайтқа араласу əрекеттері, оның атына 
түскен өтініштерді қарау тəртібі Қазақстан Республикасындағы А.Қ.У. тура-
лы ережемен ретке салынған.
А.Қ.У.  жұмысын  ақпараттық-талдау,  ұйымдық-құқықтық  т.б.  жағынан 
қамтамасыз  ету  Адам  құқықтары  жөніндегі  ұлттық  орталыққа  жүктелген. 
Бұл Орталық туралы ережені ҚР А.Қ.У. ұсынысымен ҚР Президенті бекітеді, 
ал Орталықтың басшысын қызметке ҚР А.Қ.У. тағайындайды жəне босатады 
(қар. Адам құқықтарының декларациясы).
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МƏЖІЛІСІ (ор. 
Мажилис Парламента Республики Казахстан, ағыл. Mazhilis of the Parliament 

60
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
of the Republic of Kazakhstan) – Қазақстан Республикасы Парламентінің екі 
палатасының бірі («төменгі палата» деп те жиі айтылады). 
Жүз жеті депутаттан құралады. Тоқсан сегіз депутат жалпыға ортақ, тең 
жəне тікелей сайлау құқығы негізінде, пропорционалды жүйе бойынша (пар-
тиялық тізім бойынша) жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Ал тоғыз 
депутат ҚХА-дан сайланады. Жиырма бес жасқа жеткен адам Қ.Р.П.М. депу-
таты бола алады.
Қ.Р.П.М.  Парламенттің  өкілеттік,  заң  шығарушылық  жəне  бақылау  қыз-
меттерін жүзеге асыруда маңызы зор. Сайлаушылардың тікелей қалауымен 
Қ.Р.П.М. (тұтастай  алғанда,  Парламентте)  партиялық  көпшілік  қалыптаса-
ды. Бұл көпшілік Үкіметпен бірге билік тармақтарына ортақ қарекеттердің 
бағдарламасын  əзірлеп,  жүзеге  асыруға  жауап  береді.  Сөйтіп,  биліктің  заң 
шығарушы жəне атқарушы тармақтарының арасында жұмыс жөнінде келісіл-
ген ортақ стратегия ретке салынады, қабылданған шешімдер үшін ортақ жа-
уапкершілік орын алады. 
Жалпыұлттық  өкілдік  палатасы  ретінде  Қ.Р.П.М.  Республика  Прези-
дентінің елдің Премьер-Министрін тағайындауына қатысу, Парламентке ен-
гізілген заңдарды қабылдау, бұл жобаларды қарау, Үкіметке сенімсіздік біл-
діру,  Палаталардың  бірлескен  мəжілісін  ұйымдастыру  т.с.с.  ерекше  өкілет-
тіліктер берілген.
Ұлттар арасындағы қатынастарға байланысты мүдделерді демократиялық 
жолмен айқындаудың ықпалды жолы ҚХА тікелей тоғыз депутат сайлауы бо-
лып есептеледі. Сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» кон-
ституциялық заңға сəйкес өткізіледі. 
Жұмысты  жүйеге  келтіру  үшін 21 Мəжіліс  депутатынан  тұратын  ҚХА 
депутаттық  тобы  құрылған,  топтың  тірегі – ҚХА  сайланған 9 депутат.  Бұл 
депутаттық  топтың  жұмысы  Мəжілістегі  саяси  партиялардың  фракцияла-
рымен,  ҚХА  Хатшылығымен,  өңірлік  ассамблеялармен  тығыз  байланыста 
жүргізіледі. 
Депутаттар мынадай аса маңызды тұжырымдамалық құжаттарды даяр-
лау  үшін  нақты  жұмыстар  жүргізді:  Қазақстан  Республикасының  мемле-
кеттік тəуелсіздігінің жиырма жылдығы декларациясы; Ұлттық бірлік док-
тринасы (2010 ж.); орта мерзімді болашақтаға 2020 жылғы дейін ҚХА да-
муының  стратегиясын  онан  ары  жетілдірудің  мемлекеттік  бағдарламасы, 
Этномəдени білім беру тұжырымдамасының жаңа редакциясы; Достық үй-
лерінің тұжырымдамасы жəне басқа актілер. Заң шығаруға бастамашылық 
ету  конституциялық  құқығын  пайдаланып  Ассамблеядан  сайланған  депу-
таттар  ҚХА  туралы  Заңды  т.б.  бірқатар  заң  жобаларын  əзірлеу  мəселесін 
іске қосты, 373 заң жобасын талқылау мен жетілдіруге жұмыс тобының мү-
шелері ретінде тікелей қатысты, көптеген заң жобаларына қатысты жұмыс 
топтарын басқарды.

61
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
IV шақырылымдағы Мəжілістің жұмыс кезеңінде ҚХА қалаулылары 185 
депутаттық  сұрау  жолдады,  өңірлерде 900-ден  аса  кездесу  өткізіп  оған 60 
мыңнан  аса  адам  қатысты.  Аталмыш  депутаттық  топ  Республиканың  Пре-
мьер-Министріне 884 хат жолдап, бірқатар маңызды мəселелердің шешімін 
табудың орайын келтірді.
Депутаттық  топ  түрлі  жосықтағы  басқа  да  əр  түрлі  іс-шаралар – ғылы-
ми-тəжірибелік  конференциялар,  дөңгелек  үстелдер,  өңірлерге  барып  өт-
кізілген семинарлар – өткізіп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет