ЭТНОНИМ (грек. ethnos халық, тайпа + onima атау, ор. этноним, ағыл.
ethnonym) — этностық қауымдастық түрлерінің (Этностардың, Этностық
топтардың, рулардың, тайпалардың, халықтардың, ұлыстардың, Ұлттардың
т.с.с.) атауы, мыс.: қазақ, ағылшын, грек, карел, өзбек. Э. этностардың бірдей-
136
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
лесуіне қызмет етеді. Э-дер эндоэтнонимдер (автоэтнонимдер, этностардың
өзіндік атауы) жəне экзоэтнонимдер (аллоэтнонимдер, бір этносқа басқа этнос
берген атаулар) болып бөлінеді (қар. Титулды этнос, этнография, Этнос).
ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ТІЛІ (ор. язык межэтнического обще-
ния, ағыл. language of interethnic communication) – дəнекер тіл ; көпұлтты
бір мемлекет шегіндегі түрлі этностық топтардың өкілдерінің қарым-қаты-
нас құралы ретінде пайдаланылатын тіл. Э.қ.т. халықаралық немесе əлемдік
тілден айырмашылығы – оның бір мемлекет ішінде қолданылуында. Ағыл-
шын тілі АҚШ-та, неміс тілі Германияда, орыс тілі Ресей Федерациясы мен
ТМД аумағында Э.қ.т. болып саналады. Кейбір елдерде, мыс. Əзірбайжан-
да, Тəжікстанда, Түркіменстанда, Э.қ.т. мəртебесі заңнамамен бекітілген
(қар. Автохтондық тіл, Мемлекеттік тіл, Тіл, Тілді жоспарлау).
ЭТНОСАЯСАТТАНУ (ор. этнополитология, ағыл. ethnopolitics) – этно-
саясаттанудың пəндік ауқымы атаудың өзінен келіп шығады: этностану мен
саясаттанудың түйісінен түзіледі де, осы ғылымдарға тəн əдістерді, əсіресе
талдау əдістерін, пайдаланатын шекаралық ғылым болып саналады.
Э. – этностық құбылыстар мен үдерістердің саяси шарт-жағдайларын
зерттейтін пəн. Этносаясаттанудың негізгі санаттарының бірі этнос пен эт-
ностық болып табылады. Ал негізгі проблемалары билік туралы, этностық
элиталардың билікке ұмтылысы туралы мəселеден құрылады. Зерттейтін
нəрсесі мен нысаны бір арнаулы өзіндік ерекшелігі бар сала болып саналады.
Осыдан келіп, Э. дегеніміз саясаттанудың пəндік саласы болып шығады: са-
ласы болғанда да, елдің жұртын құрайтын этностар мен этностық топтардың
мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік саясатты
зерттеумен, жұрттың этносаяси бағдарларынан, ұлттық ұйымдар мен қозға-
лыстардың, саяси партиялар мен жекелеген саясаткерлердің іс-əрекетінен
көрінетін этностық өңірлік, халықаралық деңгейлердегі үдерістердегі рөлін
зерттеумен байланысты саласы болып шығады.
Э. пəні ұлттық саясатты қалыптастырудың дереккөздерін, қозғаушы уəж-
дері мен заңдылықтарын, осы саясатты жүзеге асырудың тетіктерін, ұлттық
қозғалыстардың идеологиясы мен тəжірибесін, жұрттың этносаяси бағдар-
лары мен олардың іс жүзіндегі көріністерін, этностыққа деген теориялық
көзқарастар мен олардың саясатпен байланысын қамтиды.
Əлеуметтік-саяси үдерістер, институттар жүйесіндегі этностық, этно-
саралық, этномəдени қатынастардың генезисі, этностық жəне этноұлттық
факторлардың саяси билікке, идеяларға, саяси-құқықтық нормаларға, билік
қатынасына ықпалы, этноұлттық қатынастар саласындағы саяси мекемелер,
партиялар мен қозғалыстардың жұмысына ықпалы да Э. пəніне жатады.
Э. зерттеудің мынадай əдістерін пайдаланады: этнологиялық, этнография-
лық, əлеуметтанулық, нормативтік-құндылық, функционалдық, жүйелік əдіс-
137
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тер, анализ бен синтезді сабақтастыру, тарихи жəне логикалық модельдеу
əдістері т.с.с.
Э. философиялық, жалпы əлеуметтанулық, біріккен жəне таза этносаясат-
танулық санаттарға (категорияларға) сүйенеді. Ондай санаттарға этнос; эт-
нос ретіндегі ұлт жəне мемлекет ретіндегі ұлт; этностық үдерістер; этнокра-
тия; этноұлттық институттар мен этносаяси мекемелер; этноұлттық саясат;
қоғамның, мемлекеттің көпэтностығы; этностардың, халықтардың құқығы;
саны аз ұлттар; ұлттық азшылық; ұлттардың өзін-өзі билеуі; жеке тұлғаның,
этностың өзін-өзі билеуінің этносаяси жəне этномəдени формалары т.б. жа-
тады (қар. Мемлекет, Сəйкестілік, Демократия, Этносаралық толерант-
тылық пен қоғамдық келісімінің қазақстандық үлгісі).
ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР (ор. межэтнические отношения,
ағыл. Interethnic relations) – қоғамдық қатынастардың бір түрі, этностардың
өзара қарым-қатынастары барысында, сондай-ақ көпэтносты мемлекет ішінде
этностар өкілдерінің арасында жеке адамдық деңгейде қалыптасады. Э.А.Қ.
достық, бейтарап жəне даулы сипатта болуы мүмкін. Э.А.Қ. сипаты мен
мазмұны саяси режим мен əлеуметтік-экономикалық жағдайларға орайлас бо-
лады, өйткені бұл қатынастар да саяси режим мен əлеуметтік-экономикалық
жағдайларға байланысты дамиды. Солай бола тұра, Э.А.Қ. салыстырмалы
түрде дербестік болады, ол дербестік бұл қатынастардың өзіндік ерекшелік-
терінен келіп шығады. Жалпы Э.А.Қ. кешенді сипаты бар, ол экономикалық,
əлеуметтік-саяси, рухани жəне мəдени қатынастарды қамтиды. Көпэтносты
қоғамдағы жалпы саяси ахуал Э.А.Қ. күйіне байланысты болады. Этностар
арасында татулық пен бейбітшілік жағдайында көпэтносты қоғамдағы саяси
ахуал тұрақты болады. Ал Э.А.Қ. шиеленіскен немесе даулы болса, ол жал-
пы саяси ахуалды тікелей əлсіретеді, қоғамдық дамуды тұрақсыздандырады.
Көпэтносты мемлекетте Э.А.Қ. шиеленісі барлық қоғамдық-саяси ахуалды
айқындайтындықтан көбінесе бірінші орынға қойылады.
Бұған қатысты жағымды бір іс – соңғы жылдары этностар арасындағы жəне
конфессиялар арасындағы қатынастар академиялық, жоғары оқу орындары
ғылымдарының: философтардың, саясаттанушылардың, тарихшылардың,
құқықтанушылардың, филологтар мен басқа да шектес мамандықтағы зерт-
теушілердің зерттеу нысанына айналды. Бұл қадамның зерттеудің тақырыбын
анықтаудың, оны ұйымдастыру мен жүргізудің кешенді тəсілдеріне қойылатын
талаптарға лайық болып отырғанын айта кеткен жөн. Мұндай ғылыми ізденіс-
тердің кейбірі ҚХА Ғылыми-сараптау кеңесінің (əрі қарай – ҒСК) қамқор-
лығымен жүргізіледі, олардың нəтижелері ғылыми айналымға енгізіліп, өңір-
лердегі зерттеушілердің назарына ілігіп келеді. Бұл мемлекеттік этносаясатта
қабылданған императивтер негізінде бірыңғай əдістер жасауға, ұсынылатын
зерттеушілік қызметтер үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арт-
тыруға, ғылыми əрекеттестікті кеңейтуге жағдай жасайды. Сонымен бірге бұл
138
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
іс теорияның даму үдерісіне талдау əдістемесін меңгеру үдерісіне этносара-
лық, конфессияаралық, мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды зерттейтін
практиктердің жалпы қорытындыларын қосуға жəне мемлекеттік этносаясат-
тың тиімділігін арттыруға, бағытын айқындауға көмектеседі.
Қоғамда басқа адамдармен бірге өмір сүргенде əр адам мен барлық əлеу-
меттік топ басқа адамдардың мүдделерін, құқықтар мен еркіндіктерін ескеруі
жəне қоғамдық адамгершілікті құрметтеуі керек. Бұл конституциялық норма
заңнамада жазылған құқықтар мен еркіндіктерді жүзеге асыру барысында
адамгершіліктің қажет екендігіне бағдар береді, құқық пен адамгершіліктің
түпкі байланысын бекітеді. Əлеуметтік қарым-қатынастардың басты норма-
тивтік реттеушісі ретіндегі қоғамдық адамгершілік құқықтық салаға, əсіресе
заңнамада жазылған құқықтарды, еркіндіктер мен міндеттерді жүзеге асыруға
бағыт беруі тиіс. Конституцияның бұл нормасы – заң қайшылықтарын шешуде
жəне нормативтік құқықтық актілерді қолдану үдерісінде таптырмайтын құрал.
Ол мемлекеттік органдардың заң шығару жəне заң қолдану қызметтерінде, со-
нымен бірге заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілерді дайындау, шығару
жəне қолдану кездерінде ұстанатын бағдарлардың бірі болуы керек.
Қоғамдық-саяси жəне əлеуметтік-экономикалық үдерістерді заманауи-
ландыру кезеңінде, «жаңаша жаңғырту» тұжырымдамалары пайда болған
кезеңде этностық жəне этносаралық қатынастарды тиісті ғылыми-теория-
лық негізде этноұлттық саясатты жаңаша жаңғырту үдерістері аясында оң
тəжірибені қолданып, сабақтастық пен дамуды сақтай отырып, заңды түрде
қарастырған жөн. Сонда ғана қоғамның нақты салаларын реформалау сая-
сатының тəсілдерін, принциптерін, мақсаттары мен міндеттерін анықтауға
болады. Тек осылай ғана этносаралық дамудың күрделі құбылыстары мен
үдерістерінің шынайы көрінісін көруге болады. Мұндайда адам мен қауымдас-
тықтар, этностар мен қоғам, ұлт ретіндегі этностар мен азаматтық қауымдас-
тық ретіндегі ұлт-мемлекеттер туралы білімдер сабақтастырылады.
Қазақстанда этносаралық қатынастар принципті түрде саясатсызданды-
рылған. Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» заңының
5-бабына сəйкес, мақсаттары немесе iс-əрекеттерi əлеуметтiк, нəсiлдiк, ұлт-
тық, дiни, тектiк-топтық жəне рулық араздықты тұтатуға бағытталған саяси
партияларды құруға, олардың қызметiне тыйым салынады. Нəсілдік, этнос-
тық жəне діни белгілері бойынша партиялар құруға жол берілмейді.
Қазақстанда этносаралық қатынастарды Қазақстан Республикасы Конститу-
циясынан басқа Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық ак-
тілері мен заңдары реттейді: «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Қазақстан халқы
Ассамблеясы туралы», «Мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс туралы», «Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы», «Медиация туралы» жəне т.б.
Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын (2020 жылға
дейінгі) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы
18 сəуірдегі №552 Жарлығында этносаралық қатынастардың ахуалына ықпал
139
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ететін мынадай сыртқы факторлар көрсетілген: Орталық Азия өңіріндегі же-
текші халықаралық субъектілердің геосаяси мүдделері; өңірде, оның ішінде
Қазақстан шекарасына тікелей жақын жерлерде, əскери-саяси жəне этностық
тұрақсыздық факторларының болуы; діни идеяларды жамылған экстремистік,
лаңкестік жəне радикалды топтардың құқықбұзушылық əрекеттерінің өрісте-
уі; əлемнің əр түкпірінде дəстүрлі құндылықтар жүйелері мен өскелең ұлттық
жəне мəдени-тарихи қауымдастықтар арасындағы жанжалды жағдайдың өр-
шуі; көшіп-қонушыларға деген төзімділік шегінің жəне бұқаралық сана-сезім
толеранттылығының төмендеуі; қазақстандық идеалдар мен құндылықтарға,
дүниетанымға, ділге ықпал ете алатын шетелдік ақпараттық ағымдардың
өсуі; елдің заңнамасын сақтамайтын діни бірлестіктер мен ағымдардың қыз-
меті; шет мемлекеттердің диаспоралық саясаты; трансұлттық қылмыстың
өсуі; конфессиялар мен этносқа бағытталған ұйымдардың саясилануы.
Аталмыш факторлар Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынас-
тардың жай-күйіне, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге,
ұлттық бірлікті қалыптастыру үдерісіне ықпалын тигізуі мүмкін (қар. Ұлт-
тық келісім, Этностық үдерістер, Этносаясат қағидаттары, Этностық
қақтығыс, Адам құқығының жалпыға ортақ декларациясы).
ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА (ор.
Законодательство в сфере межэтнических отношений, ағыл. The legislation
in the sphere of the interethnic relations). Э.Қ.С.З. – Қазақстан Республикасы-
ның 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «Нормативті құқықтық актілер тура-
лы» Заңында белгіленген тəртіппен (осы Заңның 3-4-баптары) қабылданған
жəне этносаралық саладағы қатынастарды реттейтін нормативті құқықтық ак-
тілердің жиынтығы. Осы заңнаманың қатарына ҚР Конституциясы да кіреді.
Онда елдің конституциялық құрылысының, адам мен азаматтың құқықтық
жағдайының, мемлекеттік органдарды қалыптастыру реті мен жүйесінің
тіректік негіздері, тұтастай алғанда, мемлекеттік ұлттық саясаттың бастау
негіздері орын алған (кіріспе, 1-10-, 12-14-, 19-, 20-, 22-, 23-, 26-, 30-, 33-, 34-,
36-39- жəне басқа баптар).
Осы саланың ережелері мен нормалары ҚР конституциялық заңдарынан
– 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сай-
лау туралы», 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 «Қазақстан Республикасы-
ның мемлекеттік рəміздері туралы» заңдарынан, сондай-ақ 2008 жылғы 20
қазандағы № 70-IV «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», 1997 жылғы 11
шілдедегі №151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», 1999 жылғы 23
шілдедегі №451-І «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», 1996 жылғы 31
мамырдағы №3 «Қоғамдық бірлестіктер туралы», 2011 жылғы 22 шілдедегі
№477-IV «Көші-қон туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім ту-
ралы» т.б. заңдарынан орын алған.
140
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Ұлттық қатынастар саласындағы құқықтық ұйғарымдарды бұзғаны үшін
жауаптылық ҚР Конституциясында, ҚР Қылмыстық кодексінде жəне ҚР
Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген.
Заңдармен қатар ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, атқарушы биліктің
басқа да орталық жəне жергілікті органдарының, сондай-ақ мəслихаттардың
актілері қолданылады. Бұлар арқылы мемлекеттік ұлттық саясатты іс жүзіне
асыруға бағытталған тиісті мемлекеттік стратегиялар, тұжырымдамалар мен
бағдарламалар, басқа да нормативті құқықтық кесімдер бекітіліп, жүзеге асы-
рылады.
Мұндай құжаттардың қатарында ерекше орын 2013 жылғы 18 сəуірде ҚР
Президентінің №552 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқының бірлігі
президенттік доктринасына (2010 жыл), ҚХА дамуының тұжырымдамасына
(2020 жылға дейін), «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына т.б. тиесілі.
ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС МƏДЕНИЕТІ (ор. культура межэтни-
ческого общения, ағыл. culture of interethnical communication) – этносаралық
қатынастар аясында өзара түсінушілік, келісім, тұрақтылық, ынтымақтас-
тықты қамтамасыз ететін жеке идеялық жəне моральдық бағдар, əлеумет-
тік-өнегелі құндылықтар, нормалар мен талаптар, ережелер, білім, əрекет,
əдеттер жиынтығы. Э.қ.м. – қоғамның рухани өмірі мен адами қарым-қа-
тынас мəдениетінің бөлінбестей табиғи негізгі бөлігі. Э.қ.м. мазмұны əр
түрлі Этностық қоғамдастық өкілдерінің қарым-қатынасын реттейтін ха-
лықаралық деңгейдегі нормалар мен ережелерді білуден ғана емес, сонымен
бірге осы нормалар мен ережелерді сақтай білуден, басқа Этностар мен
Этностық топ өкілдерінің əдет-ғұрыптарының ерекшеліктеріне лайықты
реакциясынан, тəжірибеде қақтығыссыз өзара түсінушілік пен ынтымақтас-
тықтың келісілген принциптерін бекітуден, ұлттық өресіздік пен тұйық-
тыққа, ұлттық ағат пікірлілік пен алауыздыққа, ұлттық сенбеушілік пен жат-
сынушылыққа, ұлттық өзімшілдік пен Этноцентризмге қарама-қарсы тұру-
дан құралады (қар. Тіл, Ұлтаралық қатынас тілі, Тіл құқығы).
ЭТНОСАРАЛЫҚ НЕКЕ (ор. межэтнический брак, ағыл. interethnic
marriage) – əр түрлі этностық топтарға жататын ер адам мен əйел адамның
арасындағы тарихи негізді, əлеуметтік, ал кейде заңмен расталған одақ (қар.
Ассимиляция, Аккультурация). Адам қоғамының дамуымен бірге Ұ.н. саны
да артады. Алайда бірқатар əлеуметтік жағдайлармен шектелген Ұ.н. мо-
ноұлттық некелерге қарағанда анағұрлым аз болады. Бұл түрлі себептермен
осылай қалыптасқан əрі жалғасып келеді. Ұ.н. санын азайтатын объективті
факторлар – этностардың орын тебу ерекшеліктері, олардың белгілі бір тіл-
де сөйлеуі жəне белгілі бір кəсіпке бейімділігі, əр халықтың өмір салты мен
ойлау ерекшеліктері, мəдени, діни жəне əлеуметтік заңдары мен ұйғарымда-
рының айырмашылығы, салт-дəстүрлері, тарихи өткені мен басқа да бірқатар
141
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
жағдайлар. Этностар жағынан аралас отбасылардың құрылуы халықтың эт-
ностық құрамын өзгерту үдерісінде маңызды рөл атқарады. Ұлтаралық неке
əлеуметтік əрекеттестіктің күрделі жүйесіне жатады, оның динамикасы көп-
теген əлеуметтік шарттарға тəуелді. Ұлтаралық некелердің оң динамикасы
этносаралық қатынастың тұрақтылығын, оның қолайлы ахуалда дамып келе
жатқанын растайды, сонымен қатар жалпы əлеуметтік-экономикалық ахуал-
дың тұрақтылығының оң көрсеткіші болып табылады.
ЭТНОСАРАЛЫҚ
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ
ПЕН
ҚОҒАМДЫҚ
КЕЛІСІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ (ор. – казахстанская мо-
дель межэтнической толерантности и общественного согласия, ағыл. –
Kazakhstan’s model of interethnical tolerance and social harmony) – Қазақстан-
ның көпэтносты қоғамындағы этностар арасындағы қатынастардың дамуы-
ның теориялық тұрғыдан негізделген, тəжірибемен қорытындыланған Қа-
зақстан Республикасы саясатында жүзеге асқан үлгісі (моделі).
Əлемдік тəжірибеде этносаясаттың бірнеше үлгісі бар. Ассимиляция
– этностық топ мүшелері басқа этностық я ұлттық қоғамдастықтың мəде-
ни жəне құрылымдық сипаттарын қабылдап алады. Соның салдарынан өз-
дерінің ұлттық я этностық сəйкестігін ауыстырады. Əдет-əдеп, құндылық
пен арман-тілектері басқа этносқа ұқсап шыға келеді, рəміздер мен əлеумет-
тік кедергілердің теңгерімі ортаға бағытталады. «Балқыту қазаны» «түрлі
халықтар мен олардың ұлттық мəдениеттері тоғысады, осындай тоғысудың
нəтижесінде тұтас америкалық ұлт қалыптасты. Бұл аталым алуан түрлі
парадигмалар сақталатын «ыдыс» мағынасында қолданылады). «Мəдени
бостандық» тұжырымдамасы (жеңілдіктер мен санкциялардың арқасында
иммигранттардың қабылдаған қоғамдастықпен бірігіп кетуі). Этностық ие-
рархия, «басым этнотоп» - саяси я мəдени/онтологиялық жақтан басым эт-
ностық топ. Сондай-ақ, саяси я мəдени жақтардан ғана емес, экономикалық
жақтан да басымдық болатын жайттар болады. Кең таралған əрі даулы үл-
гілердің бірі көпмəдениеттілік (мультикультурализм) тұжырымдамасы («та-
рихи эпизод», «қысқа мерзімді «кері толқынның» көрінісі» сияқты түрлерге
жіктеледі).
Қазақстан Президенті алғашқылардың бірі болып этносаралық толерант-
тылық пен қоғамдық келісімнің үлгісін жасаудың қажеттігіне алғашқылар-
дың бірі болып назар аударды: қазіргі проблемаларды əділдікпен көрсете
отырып, түрлі этностар мен конфессиялардың өзара ықпалдасуы жолындағы
қазақстандық тəжірибені ашық əйгіледі. Қазақстан халқы Ассамблеясының
(мұнан ары - ҚХА) 2003 жылдың желтоқсан айындағы Х сессиясында Пре-
зидент аталмыш модельдің құрамы мен мəнінің, оны түсінудің ыңғайларын
белгілеп берді.
ҚХА Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 1 наурызын-
дағы Жарлығымен құрылды, оны Мемлекет басшысы басқарады. ҚХА этно-
142
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
саралық қатынастар мен қоғамдық келісімді жарастыратын институт, мемле-
кеттің ұлттық саясатын жүзеге асырудың шешуші құралы болып табылады.
Бұл үлгіге Қазақстанды мекен ететін барлық этнос өкілдерінің өзара
түсіністігі мен толеранттылығын, патриотизм мен ел тағдыры үшін азаматтық
жауапкершілігін қалыптастыратын бес негізгі ұстаным тірек, негіз болып отыр.
Əлемдік тəжірибеде жұрттың 95%-нан кем емес бөлігі бір этностық
дəстүрдің өкілінен құралатын мемлекет моноэтносты деп танылады. Ондай
мемлекеттер бірнешеу ғана: Исландия, Норвегия, Португалия, Албания, Ар-
мения, Мальта, Ямайка, Йемен, Венгрия т.б.
Қазақстан үлгісін кейде Азия үлгісімен немесе Канада тəжірибесімен са-
лыстырып жатады. Азиядағы басқа модельдер сияқты, Қытайға күшті мем-
лекетке сүйену, көрінеу идеология, ұстамды консерватизм мен азаматтық
ұлтшылдықты сабақтастыру, титулсыз этностарға жалпыұлттық құндылық-
тарды телу тəн. Ал Канадада Қазақстанмен ұқсас бірқатар географиялық жəне
саяси сипаттар бар. Алайда Канада алуан түрлілікті бір тұтастыққа салуға
ұмтылса, Қазақстан көп түрлі бола отырып бірігу саясатын ұстанып отыр.
Сонымен қатар қазақстандық үлгінің қағидаттық маңызы бар бірқатар
ерекшеліктері бар.
Біріншісі. Ел басшыларының саяси ерік-жігерінің нəтижесінде қан-
дай этнос пен қандай дінге қатыстылығына қарамастан азаматтардың тең
құқылығын жүзеге асырудың ықпалды тетіктері жасалып, жетілдірілуде.
ҚХА Төрағасы – ел Президенті, ал Президент – Конституция кепілі, осының
өзі-ақ ҚХА мəртебесінің жоғарылығын білдіреді.
Екіншісі. Қазақстандық үлгі азаматтардың бастамасымен, азаматтық
қоғам мен мемлекет институттарының сындарлы үнқатысудың, елдің тұтас-
тай қоғамдық-саяси жүйесі қатыстырылған үнқатысудың нəтижесінде,
«төменнен» қалыптасып шықты. Қоғам мен мемлекетті қатыстырған, бұл
күнде осы екі институтты бірлестіруші алаңға айналған ҚХА болды.
Үшіншісі. Қазақстанның бірегей ерекшелігі сол, этностық топтар азамат-
тық-құқықтық жəне қоғамдық тұрғыдан бірдей, айрықша жоғары мəртебе-
ге ие. Этнос өкілдері ұлттық азшылық өкілдері ретінде емес, Қазақстанның
тұтас халқының азаматтары ретінде құқықтардың бəріне де толықтай ие бола
алады. Ел Конституциясының он бір нормасы этносаралық қатынастар са-
ласындағы стандарттарды белгілеген, ал «ұлттық азшылық» дейтін ұғым іс
жүзінде қолданылмайды. Санының аз-көптігіне қарамастан Қазақстан халқы-
ның құрамындағы этностар тең құқықпен жəне мемлекеттің қорғауымен
қамтамасыз етілген.
Төртіншісі. Қоғамдық келісім ең бір маңызды саяси-идеологиялық құн-
дылық болып саналады. Негізгі Заңның бұл қағидаты Қазақстан Республи-
касы Конституциясының сарқылмас мүмкіндігін ашады. Онда қоғамдық
келісім мен саяси тұрақтылықты, азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге то-
лық араласу мүмкіндіктерінің бірдейлігін қамтамасыз етуде жəне шешімдер
143
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
қабылдауда мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының атқаратын рөлі
белгіленген.
Бесінші. ҚР Парламент Мəжілісінің ҚХА сайлаған 9 депутаты Парла-
ментте барлық этностың кепілді өкілдігін қамтамасыз етеді. ҚР Парламент
Мəжілісіндегі 107 депутаттың, ҚХА сайлаған 9 депутатты қосқанда, 31 де-
путаты түрлі этностық топтардың өкілдері. Жалпы алғанда, ҚР Парламентін-
дегі түрлі этностарға жататын депутаттар саны – 41, этностық топтардың
саны – 14. Мəжілістегі ҚХА депутаттық тобының форматы қоғамдық-саяси
тұрғыдан жаңаша толықтырылды. Қазір ол топқа Парламенттегі үш партия-
ның жəне Азаматтық альянстың өкілдері кіреді, мұның өзі заң шығаратын
қосымша мүмкіндік туғызып отыр. Мемлекет басшысының ҚХА ХІХ сессия-
сында берген тапсырмасы бойынша ҚХА-мен партиялар арасындағы əрекет-
тестіктер өңірлік деңгейде де қолданылады.
Алтыншы. Мəдениеттің көпалуандығын сақтау мен ұлғайтуға мемлекет-
тің этностық тілдер мен мəдениеттерді қолдайтын өзгермес саясаты сеп бо-
лып отыр. Кез келген этнос құрмет пен сенімге ие, кез келген этностың заңна-
мада бекітілген ретпен өзінің жасампаз əлеуетін арттыруға мүмкіндігі бар.
Жетінші. Қазақстандағы этносаралық қатынастар саясатсыздандырылған
жəне бұл заңмен бекітілген: ҚР Конституциясының 39-бабының 2-тармағы
бойынша, «Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген əрекет конституция-
лық емес деп танылады».
Сегізінші. Этносаралық қатынастар үлгісінде ҚХА шешуші орын алады.
Ассамблеяға Қазақстанды мекендейтін барлық этностық топтардың 600-дей
өкілі енеді. Оның жоғарғы органы – сессия, ҚХА Төрағасы ел Президентінің
төрағалық етуімен өтеді. Сессия шешімдерін мемлекеттік органдар қарасты-
руға міндетті.
Тоғызыншы. Этносаралық толеранттылық пен конфессияаралық келісімді
қамтамасыз ету жолындағы Қазақстанның қарекеті еліміздің гуманитарлық
өлшемдегі ең маңызды жетістіктерінің бірі ретінде əлемдік деңгейде мойын-
далып отыр.
Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үл-
гісі шеңберінде этносаясат ғылыми тұрғыдан талданып, сараптамамен қоста-
луда, этносаясатты халықаралық жəне отандық тəжірибе негізінде одан ары
дамытудың стратегиялық ыңғайлары жасалуда (қар. Қазақстанның ел бір-
лігі доктринасы, Толеранттылық, «Қазақстан 2050» Стратегиясы тұрғы-
сынан заманауиландыру).
Достарыңызбен бөлісу: |