Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары



Pdf көрінісі
бет2/44
Дата21.01.2017
өлшемі2,74 Mb.
#2401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

АЗАМАТТЫҚ  СƏЙКЕСТЕНДІРУ  (ор.  идентификация  гражданская, 
ағыл.  identifi cation  civil)  –  индивидтің  (топтың)  əлеуметтік-мəдени  өлшем-
дер арқылы өзін қоғаммен байланыстыруының нəтижесі, осының арқасында 
ол өзін мемлекетпен, қоғаммен, елмен бірдейлестіреді; өзін «өзімдік» жəне 
«бөтен» топтармен қатыстырудың бағдарлары, межелері мен өлшемдерінің 
жиынтығын қалыптастыру (қар. Сəйкестендіру). Азаматтық сəйкестікті қа-
лыптастырудың басты бағыттары - «азамат» санатының эмоционалдық-когни-
тивтік жəне əлеуметтік-саяси мазмұнын дамыту; негізгі азаматтық құқықтар, 
міндеттер мен рөлдерді меңгеру; азаматтық жəне топаралық сəйкестіктердің 
басымдықтарын  орналастыру;  ел  дамуының  мүдделеріне  тартылу;  қоғам 
мен мемлекетке қатысты жеке белсенділіктің маңызын арттыру. Азаматтық 
сəйкестікті  қалыптастыру  мен  дамытудың  негізгі  тетіктері – бірдейлесудің 
сипаттарына  еліктеу,  ол  сипаттарды  міндетті  əрі  саналы  түрде  қабылдау. 
Мазмұндық  жағынан  А.С.  жұрттың  мемлекетпен  ниеттестігін  білдіреді,  ал 
мұндай  ниеттестік  болу  үшін  билік  пен  азамат  арасындағы  құқықтар  мен 
міндеттер рəсімделеді, елге шынайы сезіммен етене болу əрі барлық типтік 
əлеуметтік-мəдени өлшемдер (тіл, діл, əлем бейнесі, əлеуметтік-мəдени құн-
дылықтар,  қылық  нормалары)  арқылы  елдің  азаматтарымен  өзін  теңестіру 
қажет, бұл ниеттестік өзін-өзі саяси жəне қоғамдық тұрғыдан ұйымдастыру-
мен бекиді (қар. Сəйкестендіру, Этникалық сəйкестендіру, Тілдік сəйкестен-
діру, Діни сəйкестендіру, Мəдени сəйкестендіру).
АЗ ҰЛТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ (халықаралық стандарттар) (ор. Пра-
ва национальных меньшинств, ағыл. Rights of ethnic minorities, international 
standarts)  –  ерекше  этностық  топтарға  жататын  адамдарға  олардың  ар-
найы  сұраныс-қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатымен  халықара-
лық-құқықтық кесімдер арқылы ұсынылатын қосымша мүмкіндіктер.
Халықаралық қоғамдастық аз ұлт деген ұғымға барша жұрт мойындайтын 
анықтама əзірлеп шығарған жоқ. Мамандар мынадай критерийлер ұсынады: 
мүдделі тұлғаның дара өзіндік таңдауы, этностық топтың өздерін аз ұлтқа 

12
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
теңдестіруі; оның шыққан тегі; айқын көрінетін əлеуметтік, мінез-құлықтық 
жəне  мəдени  сипаттары,  ең  алдымен,  ортақ  тілдерінің  болуы;  сол  топтың 
ішіндегілермен жəне жұрттың басқа топтарымен ықпалдасуға мүмкіндік бе-
ретін əлеуметтік ұйымның болуы. А.ұ. деп танудың негізі ретінде олардың 
сан мөлшері анықталған жоқ.
Пікірлерде елеулі алалық болуына байланысты А.ұ.қ. 1948 жылғы Адам 
құқықтарының жалпыға ортақ декларациясына енгізілмеді. Азаматтық жəне 
саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (1966 ж.) 27-бабында, геноцид, 
апартеид жəне нəсілді кемсітушілік конвенцияларында А.ұ.қ. бірқатар кепіл-
діктер берілген. 1978 жылы БҰҰ-ның білім, ғылым жəне мəдениет мəселе-
лері жөніндегі Бас конференциясында Нəсіл жəне нəсілшілдік соқыр сенім 
туралы декларация қабылданды.
БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  ұлттық  я  этностық,  діни  я  тілдік  азшылыққа 
жататын адамдардың құқықтары туралы 1992 жылғы декларациясы өткен ға-
сырдың 90-жылдарының бірінші жартысында бірқатар елдерде этносаралық 
қайшылықтардың шиеленісуіне қарсы жауап болды. Осы жылы ЕҚЫК (Еу-
ропалық қауіпсіздік жəне ынтымақтастық келісімі) Аз ұлттар істері жөнінде-
гі жоғарғы комиссар қызметін тағайындап, бірқатар кеңестер əзірленді.
Еуропалық Кеңес Өңірлік тілдер хартиясын (1992 ж.) жəне Аз ұлттарды 
қорғау  туралы  шектік  конвенцияны  қабылдады (1995 ж.),  бірақ  жекелеген 
мемлекеттердің бұл құжаттар туралы ұстанымы əр басқа болды. 1994 жылы 
ТМД елдері аз ұлтқа жататын адамдардың құқығын қамтамасыз ету конвен-
циясын қабылдады.
Аталған құжаттардың бəрінде шиеленістердің халықаралық стандарттар-
ды сақтау арқылы алдын алудың бағыттарын ұсынды. Ол стандарттар: жал-
пыазаматтық  құқықтарды  қамтамасыз  ету  жəне  аз  ұлтқа  қатысты  белгісіне 
байланысты  кемсітуге  жол  бермеу;  өзінің  этностық,  тілдік,  мəдени  не  діни 
дербестігін жеке өзі я бірлесе кедергісіз білдіруге, сақтауға жəне дамытуға
өзгеше құқықтылық; түрлі ұйымдар құруға (ассоциациялар, жерлестік ұйым-
дар  т.с.с.)  құқықтылық;  ел  ішінде  жəне  шетелдердегі  ұқсас  ұйымдармен
кедергісіз қарым-қатынас жасауға құқықтылық; білім алуда, ақпарат алмасу-
да ана тілін қолдануға, тіпті туған тілінде БАҚ ашуға дейін құқықтылық; ана 
тілін өмірдің басқа салаларында да, мемлекеттік органдармен қарым-қатынас 
жасауда да пайдалану құқығы.
Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  ұлттық  саясат  елде  ратифика-
цияланған  Азаматтық  жəне  саяси  құқықтар  туралы  халықаралық  пактінің 
(1966 ж.) қағидаларымен жəне нормаларымен, Нəсілді кемсітушіліктің бар-
лық  түрін  жою  туралы  халықаралық  конвенциямен (1965 ж.)  толық  сəйке-
седі. Еліміз БҰҰ-ның арнайы құрылымдарына берілетін есептердің талабын 
орындап отыр. 
Елдің  мұндай  жұмысы  БҰҰ,  ЕҚЫҰ,  ТМД  адами  өлшемдер  мен  мəдени 
мұра жөніндегі басқа халықаралық жəне өңірлік ұйымдардың өзге де құжат-

13
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тарындағы сындарлы идеялармен, ұсыныстармен толығып келеді.
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  бірегей  институтын  құру  жəне  адамның 
этностық  һəм  діни  қатыстылығына  қарамастан  оның  құқықтары  мен  бос-
тандықтарының артықшылығына негізделген қоғамдық келісім мен ұлттық 
бірліктің қазақстандық үлгісінің қалыптастырылуы мемлекет пен қоғамның 
қоғамдық-саяси тəжірибесінде «ұлттық азшылық» ұғымы мүлде қолданыл-
майтын этносаралық қатынастар үйлесімділігінің жəне көпэтносты қоғамның 
бірігуінің жоғары деңгейіне қол жеткізді. Объективті зерттеулер көрсеткенін-
дей, шығу тегі əртүрлі Қазақстан азаматтары өздерін бірегей халықтың негіз-
гі жəне ажырамас бөлігі ретінде сезінеді, барлық құқықтарды пайдаланады 
əрі туған тілін қолдануда, мəдениетін, салт-дəстүрлерін дамытуда ешқандай 
қиындық көрмейді (қар. Ұлттық азшылықтар, Ұлттық азшылықтар істері 
жөніндегі Жоғарғы комиссар). 
АККУЛЬТУРАЦИЯ (лат. ad – к жəне cultura – білім беру, даму ор. Аккуль-
турация, ағыл. Acculturation) – 1. Бір мəдениет аясында мəдениет элемент-
терін бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беру (қар. Əлеуметтену). 2. Түрлі əлеумет-
тік жəне мəдени жүйелердің тікелей байланысы мен өзара ықпалы кезіндегі 
материалдық мəдениеттің, əдет-ғұрыптар мен нанымдардың өзгеріс үдерісі. 
(қар. Ассимиляция). А. барысында түрлі этномəдени топтардың арасындағы 
байланыстар олардың біреуі мəдениеттің жаңа үлгілерін алуына немесе екеуі 
де басқа мəдениетті толығымен не жартылай қабылдап алуына əкеліп соқты-
рады. А. үдерісі екі негізгі проблемамен байланысты: өз мəдениетін қолдау 
жəне мəдениетаралық байланыстарға қатысу. Осы аса маңызды екі сұрақтың 
жауаптарының комбинацияларына байланысты А.-ның төрт негізгі стратегия-
сы  көрсетіледі:  Ассимиляция,  сепарация,  маргиналдану  жəне  Интеграция
А.-ның соңғы нəтижесі – ортаның талаптарына сай жеке немесе топтық сана-
дағы өзгерістері біршама тұрақты этномəдени топтың ұзақ уақыт бойы бейім-
делуге қол жеткізуі. Бейімделу жеке адам мен ортаның өзара үйлесімділігіне 
əкелмеуі  де  мүмкін,  бейімделу  барысында  ыңғайлану  ғана  емес,  қарсылық 
пен өз ортасын өзгертуге немесе ортаны да, өзін де өзгертуге талпыныстар 
да болуы ықтимал. Осы тұрғыдан алғанда, бейімделу дегеніміз тек оң нəтиже 
ғана емес; қазіргі ғылыми ыңғайларда оның кереғар екі мағынасы да қолда-
нылады: ол алуан түрлі болуы мүмкін жəне жағымды мағынадан жағымсыз 
мағынаға дейін, жеке адамдардың өз жаңа өміріне сəтті бейімделуі жағдайы-
нан жаңа мəдениетке үйлесуге жарамсыз болу жағдайына дейін ұласып жа-
тады. 
АНА ТІЛІ (ор. Родной язык, ағыл. mother tongue, native language )– 1. Тіл
баланың сəби кезінде ересектердің сөзіне еліктеп санадан тыс игерген тілі, 
мұны қолдану дағдыларын ересек кезінде сақтап та қала алады, ұмытуы да 
мүмкін. А.т. оның иесінің өмірінің түрлі кезеңдерінде бірінші немесе екін-

14
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ші тіл, туған немесе басым тіл дəрежесінде болуы мүмкін. 2. Этноспен бір-
дейлесу тілі, кез келген халықтың тілдік санасынан маңызды орын алатын, 
«өзімдікі» жəне «өзгенікі» ұғымдарын ажыратушы ділдік қалыптардың (мен-
тальды стереотиптердің) ықпалымен байланысты тіл. А.т. əрдайым нақты бір 
индивидпен байланысты болады жəне сол индивидке тəн ауызша я жазбаша 
сөйлеу тəсілдерінің жиынтығы ретінде көрінеді (қар. Этностық тіл, Этнос-
тық топ, Этностық бірдейлесу, Этнос, Тілдік бірдейлестік, Тілдік құқық).
АНА ТІЛІН ПАЙДАЛАНУ жəне МƏДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ ҚҰҚЫҒЫ 
(ор. Право на пользование родным языком и развитие культуры, ағыл. Right 
to use native language  and culture development) – адамның  өз  этностық  бір-
дейлестігін тануға жəне қамтамасыз етуге берілетін кепілдіктердің бір түрі, 
адамның табиғи құқығы. ҚР Конституциясы 19-бабының 2-тармағымен «Əр-
кiмнiң ана тiлi мен төл мəдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тəрбие, оқу 
жəне шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар» екендігі бекітіл-
ген.  Мемлекет  жеке  адамдар  арасындағы  жəне  діни  бірлестіктердегі  тілдің 
қолданысына араласпайды, өмірдің бұл жақтары заңнамалық реттеуге жат-
пайды.
1997  ж. 11 шілдедегі  №151 «Қазақстан  Республикасындағы  тіл  туралы» 
ҚР Заңы Қазақстанда қолданылатын тілдің ешқайсысын қалдырмай бəріне де 
құрметпен қарауды қамтамасыз етеді. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін 
үйрену  мен  дамытуға  жағдай  жасауға  қамқорлық  көрсетеді.  Ұлттық  топтар 
жинақы шоғырланып тұратын жерлерде іс-шараларды өткізуге солардың тілін 
пайдалануға  болады.  Қазақстанда  ұсынылатын  мемлекеттік  жəне  басқа  тіл-
дердің үйретілуі мен қолданылуына кедергі келтірген əрекеті үшін лаузымды 
тұлғалар заңды жауапқа тартылады.
Азаматтардың мұндай конституциялық құқығын бекіте отырып, аталмыш 
Заңда мемлекеттік тіл қазақ тілімен, ресми қолданылатын орыс тілімен қатар 
«басқа тілдерді» де пайдалану қарастырылған.
Қажет болған жағдайда бұл тілдерге жеке жəне заңды тұлғалардың мəміле-
лерінің құжаттары, деректемелер мен көрнекі ақпарат аударылады. Басқа тіл-
дер сот жүргізуде жəне əкімшілік құқық бұзуға қатысты істерде, мемлекеттік 
емес ұйымдарда қолданылуы мүмкін. Ал мемлекеттік органдар мен мемле-
кеттік емес ұйымдардың жауаптары мемлекеттік тілде не болмаса ізденуші 
жүгінген тілде беріледі. 
Ана  тілінде  білім  алу  құқығы  Қазақстанда  мектепке  дейінгі  балалардың 
мемлекеттік тілде қызмет ететін, ал ұлттық топтар жинақы тұратын жерлерде 
солардың тілінде қызмет ететін ұйымдарын ашу жолымен қамтамасыз етіледі. 
Балалар үйінде жəне соған теңестірілген ұйымдарда оқыту, тəрбиелеу тілін 
контингенттің ұлттық құрамын ескере отырып жергілікті атқару органдары 
анықтайды. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік, 
ортадан кейінгі, жоғарғы жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мем-

15
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
лекеттік тілде, орыс тілінде жүргізіледі, қажет жағдайда əрі мүмкіндік болса 
басқа  тілдер  де  пайдаланылады.  Білім  беру  мекемелерінде  мемлекеттік  тіл 
мен орыс тілі міндетті оқу пəніне жатады да білім туралы құжаттағы пəндер 
тізіміне енеді.
«Ана тілінде білім алу құқығы тиісті білім беру ұйымдарының мүмкіндік-
тері  болған  жағдайда  сыныптар,  топтар  құрумен,  сондай-ақ  олардың  жұмыс 
істеуіне жағдай жасаумен қамтамасыз етіледі» (2007 ж. 27 шілдедегі №319-ІІІ 
«Білім туралы» ҚР Заңы, 9-бап, 3-тармақ). Осыған орай мемлекеттік тілде оқы-
татын біліми мекемелер, сыныптар, топтар ашу басым бағыт болып саналады.
Тəрбие бағдарламалары отансүйгіштікті, азаматкершілікті, интернациона-
лизмді, асқақ адамгершілікті қалыптастыруға арналған. Білім беретін мекеме-
лерде жалпы мойындаған халықаралық құқық пен гуманизмге қайшы келетін 
нəсілшілдік, этностық, əлеуметтік ымырасыздық пен тəкаппарлықты насихат-
тауға, соғысшылдық жəне басқа идеяларды таратуға тыйым салынады.
Конституция мен заңдарда белгіленген жайттар іске асырылуда.
Барлық  мектептердің  саны 7402, олардың  ішінде 1394 мектепте  оқыту 
орыс тілінде жүргізіледі (894658 оқушы). Ұлттық тілдерде оқытатын мектеп-
тер саны 214 (95339 оқушы), олардың ішінде: өзбек, ұйғыр жəне тəжік тіл-
деріндегі толық мектептер – 76, аралас мектеп – 138. Бұлардың қатарында: 
өзбек тілінде – 60 толық жəне 79 аралас мектеп (77082 оқушы), ұйғыр тілінде 
– 14 толық жəне 46 аралас мектеп (14364 оқушы), тəжік тілінде – 2 толық 
жəне 10 аралас мектеп (3893 оқушы).
2009  жылдан  бастап  барлық  ұлттық  мектептердің 5-11 сыныптарында 
қазақ тілі мен əдебиетін оқыту қазақ мектептерінің бағдарламасы бойынша 
жүргізіледі. 
 Жергілікті бюджет есебінен өзбек, ұйғыр жəне тəжік тілдерінде оқулықтар 
əзірленіп баспадан шығарылады, көмектің басқа түрлері де көрсетіледі.
Қазақстан халқының түрлі тілдерін сақтау əрі қолданылу аясын кеңейту 
үшін, этностардың Қазақстанда ана тілдерінде тілдесуі мен ақпарат алу мүм-
кіндігін жақсарту үшін 15 тілде 37 ұлттық басылым жұмыс істейді. Респуб-
ликалық этностық газетттердің ішіндегі анағұрлым ірілері мемлекеттің қол-
дауымен жұмыс істейді («Украински новини», «Дойче альгемайне цайтунг», 
«Коре  ильбо», «Уйгур  авази», «Ватан», «Ак  барс», «Ahiska-Ахыска»  газет-
тері). ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы ассамблея-
сының ресми депозитарийі ашылған. ҚХА-ның арнаулы веб-порталы бар.
4 республикалық телеарнада жалпы көлемі аптасына 2 сағат 40 минут бо-
латын 5 тұрақты телебағдарлама/айдар бар, олар этносаралық тақырыптарға, 
ҚХА-ның қызметін көрсетуге арналған. «Аста на» радиосы жəне «Қазақ радио-
сы» жалпы эфирлік көлемі аптасына 5 сағат болатын 8 тұрақты бағдарлама 
жүргізеді. 9 республикалық газетте тұрақты түрде 22 айдар шығып тұрады.
 Азаматтардың өз ана тілінде мəдениет жетістіктерін пайдалануға мүмкін-
дігі бар. Мемлекеттік театрлардың ішінде қазақ жəне аралас екі театрмен қатар 

16
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
14 ұлттық театр – орыс, неміс, корей, ұйғыр жəне өзбек театрлары бар. Бұлар-
дың  үшеуі  ТМД  аумағындағы  жалғыз  ғана  театр  болып  есептеледі.  Театр-
ларда қазіргі заманғы қойылымдарды былай қойғанда, класссикалық қордан
жəне Қазақстан халықтары туындыларынан дайындалған спектакльдер сах-
наланады. Бұған қоса, тарихи-этнографиялық мұражайлар да жұмыс істейді.
Мұражайларға қазіргі Қазақстан аумағында түрлі этностардың мекен еткен 
уақытынан бергі бірегей экспонаттар жинақталған. 
Республикада 351 тіл оқыту орталығы жұмыс істейді, оның  89-ы мемлекет-
тік,  262-сі жеке меншік. Соңғы үш жылда орталықтарда  122 995 азамат  мемле-
кеттік тілді оқыту курсынан өтті. Қазақ тілін оқыту курстарында 38 мың басқа 
ұлт өкілдері қамтылған. ҚХА мен этномəдени бірлестіктердің 2 мыңнан астам 
мүшесі қазақ тілін меңгерген. Ассамблея қызметімен қамтылған этностар жас-
тарының 427135-і қазақ тілінде сөйлейді. Түрлі этностардың 40 мыңдай бала-
лары қазақ мектептерінде білім алады (қар. Этносаралық толеранттылықтың 
жəне  қоғамдық  келісімнің  қазақстандық  үлгісі,  Қазақстандық  этносаясат 
принциптері).
АНТИСЕМИТИЗМ (нем. тілінен Antisemitismus, ор. Антисемитизм, ағыл. 
Antisemitism) - этностық немесе діни топ ретінде еврейлерге қарсы дұшпан-
дық  қарым-қатынас  түріндегі  ұлттық  төзбеушіліктің  бір  түрі.  Ырымшыл-
дыққа негізделеді жəне ксенофобияның бір түріне жатады. Термин семит тіл-
дері тобының барлық халықтарына емес, тек еврейлерге жəне/немесе яһуди-
лерге қарсы дұшпандық қарым-қатынасты ғана білдіреді. Антисемитизмнің 
«өз»  халқын  асқақтатып, «бөтендерді»  жек  көретін  ұлтшылдықтың  кейбір 
түрлерінен айырмашылығы сонда, тек бір ғана «бөтен» семит халқы еврей-
лерге төзбеушілікті тудыру мен оларды қудалауға арандатады. 
Тарих барысында негізінен тұрмыстық қарым-қатынаста байқалатын діни 
жəне психологиялық теріс ұғымдар мен сегрегациядан бастап мемлекеттік ор-
гандардың жүргізген саясаты мен еврейлерді зорлықпен қоныс аудартуға жəне 
тіпті көздерін жоюға дейінгі антисемитизмнің түрлері болды (қар. Геноцид). 
Антисемитизмнің тарихы – этностық немесе діни топ ретінде еврейлерге 
қарсы дұшпандық қарым-қатынасқа байланысты оқиғалар тізбегі. Антисеми-
тизм антиктік кезеңде пайда болып, бірқатар жалған нанымдарға негізделген 
болатын. Кейін келе христиан əлемінде антисемитизмнің негізіне діни уəж 
алынды. 19 ғасырдың 70-жылдарының соңында Германияда тұтас идеология-
ға жəне салмақты саяси қозғалысқа айналмас бұрын антисемитизмнің тари-
хи жолы ұзақ болды. Еврейлердің эмансипациясын ескергенде, ХХ ғасырда 
Холокост жылдары еврейлерді жаппай қыруға негіз болған нəсілшілдік анти-
семитизм пайда болды. 
ХХ ғасырдың аяғында – ХХІ ғасырдың басында антисионизммен тығыз 
байланысты  еврей  мемлекетін  құру  идеясын  қабылдамау,  Израильде  өзін 
қорғауға қолданып жатқан шараларды айыптау, сонымен бірге шамадан тыс 
сатисфакция талаптары мен Холокост тақырыбында спекуляцияларын айып-
тауға келіп саятын «жаңа антисемитизм» тарала бастады.

17
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Көптеген сарапшылар 2000 жылдары əлемдегі антисемитизм екінші дүние-
жүзілік соғыс аяқталғаннан бері ең жоғарғы деңгейге жеткенін атап айтады. 
Бұл – антисемиттік сипаттағы ашық пікірлерге де, астыртын мəлімдеме лер-
ге де қатысты. Атап айтқанда, Израильді жойғысы келетіндер, бұл əрекетті, 
оның еврейлердің мемлекеті болғандығынан ғана істеп отырғанын ескермей-
тін Израильдің сыни пікірі осыны байқатады. 
Зерттеушілер 2009 жылы  əлемдегі  антисемиттік  акциялар  саны  күрт 
өскенін  айтады.  Осылайша  Канадада 2009 жылы  қақтығыстар  саны  өткен 
жылмен салыстырғанда 11,4 пайызға өсіп, 28 жыл бойы осы ұйым тіркеген 
көрсеткіштердің  ең  жоғарғы  деңгейіне  жеткен.  Франциядағы  антисемиттік 
акциялардың саны екі есеге дейін дерлік, ал Ұлыбританияда 55%-ға өскен.
Алайда қазіргі антисемитизмнің басты ошағы Таяу Шығыста, араб жəне мұ-
сылман  елдерінде  орналасқан  (қар.  Апартеид,  Ұлттық  антагонизм,  Гет-
то,  Дискриминация,  Этностық  дисперсизация,  Этностық  қақтығыс  (кон-
фликт), Ксенофобия, Ұлттық мифология, Этностық стереотиптер).
АПАРТЕИД  (апартхейд  африканс  тілінде  apartheid – бөлек  тұру,  бөлек 
тірлік  ету,  ор.  Апартеид,  ағыл.  Apartheid).  Қатыгездікпен  кемсіту  саясаты, 
оның шектен шығушылығының басым түрі. Бұл саясат жұрттың белгілі бір 
топтарын олардың нəсіліне қарап саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне аза-
маттық құқықтан айырып, тірлік ететін аумағын оқшаулауға дейін барады. 
Апартеид  Оңтүстік  Африка  республикасында  (ОАР)  басқадан  гөрі  то-
лығырақ көрінді. Бұл сөздің өзі алғаш рет 1943 жылы Оңтүстік Африка бас-
пасөзінде қолданылған. А-ке 1948 жылы Ұлтшыл партия билікке келген соң 
қабылдаған бірқатар заңнамалық кесімдер (актілер) негізгі арқау болды. ОАР 
билеуші топтары өткен ғасырдың 90-жылдарына дейін сегрегация жəне жан-
шып қанау саясатын жүргізіп келді. 
ОАР-дағы  апартеидтің  басты  ұстанымдары:  ақ  нəсілділердің  дербес 
құқықтылығын  сақтау  жəне  оларды  таза  сақтау;  Оңтүстік  Африканың  ақ, 
қара жəне түрлі-түстілерден тұратын жұрты бəріне бірдей тең құқықпен бір 
қоғамға біріге алмайтыны туралы түсінік; оларды бөле қарау кемсітуішілік 
емес,  əрбір  этнонəсілдік  топтың  өзін-өзі  билеуі  «заңды»  құқығына  деген
қамқорлық, ақ пен қаралар арасындағы егес пен қақтығыстарды болдырмау-
ға кепілдік.
1959  жылы  бантустандар  туралы  билльге  сəйкес,  ОАР-дың  жиырма  мил-
лионнан  астам  африкалық  жұрты  үшін  елдің  жалпы  ауданының 13%-ы  ғана
болатын аумақ бөлінген. Сөйте тұра, саны бес миллионға жетпейтін ақ нəсілді-
лерге елдің қалған бөлігі түгелдей бекітіліп берілді. Африкалықтарды резер-
ваттарда  (бантустандарда)  тұруға  мəжбүрледі,  олар  ақ  нəсілділерден  гөрі 
анағұрлым  аз  жалақы  алатын  болды,  парламентке  сайлау  жəне  сайлану 
құқығынан айырылды, ал парламент африкалықтардың жері мен қоныстарын 
қоса алғанда, бүкіл елдегі заңнамалық билікке ие еді. 

18
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Бөлек  тірлік  ету  тəртібін  бұзу  əрекеті  қылмыс  ретінде  қудаланды.  Тіпті 
апартеидтің  кейбір  əрекеттері  геноцидке,  нəсілдік  топтар  үшін  түгелдей  я 
жартылай  жойылуға  əкеп  соғатын  тіршілік  тауқыметін  қасақана  туғызуға, 
ұласуы мүмкін еді. Қазіргі халықаралық құқық апартеидті адамзатқа қарсы 
жасалған қылмыс деп санайды. 1973 жылы апартеид қылмыстарының жолын 
кесу жəне ол үшін жазалау туралы халықаралық конвенция қабылданды (қар
Ұлттық антагонизм, Геноцид, Гетто, Кемсіту (Дискриминация), Нəсілшіл-
дік (Расизм), Сегрегация). 
АССИМИЛЯЦИЯ (ор. Ассимиляция, ағыл. Assimilation, лат. аssimilation 
уподобление) – 1. Екі немесе одан да көп Этностық топтың /Этностардың/
Халықтардың өздерінің құндылық (кейде діни) бағдарларының, мəдени, эт-
ностық,  тілдік  ұқсастығының,  іс-əрекеттерінің  дəстүрлі  түрлерінің  жоғалу 
нəтижесінде жаңа қауымдастықтың құрылуы.
Əрекет ететін саласына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
а) Тілдік А. – бір этностың басқа этностың тілін меңгеріп, кейін сол тілге 
ауысуы; біртілділік жағдайындағы Тілдік саясаттың түрі, мұндай саясатта 
кейбір этностар не мəжбүрлі түрде, не өз еркімен өздерінің тілдерінен жəне/
немесе мəдениетінен басқа басым тілдің жəне/немесе мəдениетінің т.б. пай-
дасы үшін бас тартады;
 ə) мəдени А. – Аккультурациямен бірдей;
б) этностық А. – бір этностың/халықтың басқамен тоғысуы. Əдетте, этно-
стық А. бұрын тілдік А., мəдени А. болады. Этностық А. нəтижесінде ұлт-
тық-психологиялық  ерекшеліктер  ішінара  немесе  толықтай  трансформаци-
яға ұшырайды, Этностық бірдейлестіктің ауысуы, басқа этносқа сіңіп кетуі 
байқалады.
2. А. – этностық жəне мəдени айырмашылықтарды жоюға жəне моноэтнос-
тық  қауымдастық  қалыптастыруға  (мысалы,  Мигранттарды  көшіп  келген 
елде қоластына алу) бағытталған ұлттық саясаттың бір түрі.
А.  өткерілу  тəсіліне  қарай  былайша  жіктеледі:  а)  табиғи  А. – бірлескен 
əлеуметтік,  шаруашылық-экономикалық  жəне  мəдени  өмірінің  қажеттілік-
терін  қанағаттандырудың  объективті  үдерістерімен  шарттас  болатын  жəне 
біртіндеп,  бірнеше  ұрпақтың  өмір  сүру  барысында  бейімделу  (аккультура-
ция, интеграция), этносаралық некелесу жолымен болатын А.;
ə) зорлықпен жүргізілетін А. – мəжбүрлеу арқылы (ашық немесе табиғи 
емес, тікелей немесе жанама) этностың/халықтың өз тілінде сөйлеуге тыйым 
салу немесе шектеу, өздерінің салт-дəстүрінен бас тартуға мəжбүрлеу жəне 
оған  басым  топтың  тілі  мен  мəдениетін  таңу  (А.  күштеп  жүргізу  мектепте 
білім беруде, қоғамдық өмірде, ұлттық нəрсені қолдану аясын шектеуде, Эт-
носаясат сипатында байқалады). Ассимиляцияға ұшырап отырған халықтың 
Этнонимінің, Этнодіни қауымдастық пен құрылымының жоғалуына, Тілдің
ауысуына т.б. əкеп соқтыруы мүмкін, жоқ дегенде, жаңа Этностық қауымдас-
тықтың  құрылуына  алып  келеді.  А.  үдерістері  мемлекеттің  тұрақты  өмір 

19
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
сүру кезеңінде күшейеді (бұл этносаралық некелердің санынан байқалады)
(қар. Қостілділік, Даулар, Саны аз халықтар, Этностық бейімделу, Этнос-
тық  гомотектілік,  Этностық  фузия,  Тілдік  идеология,  Тілдік  қауымдас-
тық, Тілдік саясат).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет