Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары


ЭТНОСТЫҚ  ҚАҚТЫҒЫС  (ЭТНОСАРАЛЫҚ  ҚАҚТЫҒЫС)



Pdf көрінісі
бет19/44
Дата21.01.2017
өлшемі2,74 Mb.
#2401
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44

ЭТНОСТЫҚ  ҚАҚТЫҒЫС  (ЭТНОСАРАЛЫҚ  ҚАҚТЫҒЫС)  (лат. 
confl ictus – қақтығыс;  ор. – этнический  (межэтнический)  конфликт;  ағыл. 
ethnic confl ict) – қарама-қарсы мүдделердің қақтығысы; қақтығыстағы тарап-
тардың бірі я бірнешесі этностық негізде немесе этнос атынан ұйымдасып, 
əрекет етсе, мемлекет ішіндегі немесе мемлекетаралық деңгейдегі азаматтық 
қарсылық. Э.қ., əдетте, қоғамдағы əлеуметтік шиеленістің жəне шекаралық 
мəселелердің  шешілмеуінің  нəтижесінен  шығады.  Жергілікті  элита  өкіл-
дерінің  жауапкершіліксіз  мəлімдемелері  мен  əрекеттерінің  кесірінен,  сон-
дай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы, youtube, интернеттегі сөздердің 
кесірінен де жиі болады.
Э.қ. себептері əр түрлі болуы (саяси, аумақтық, əлеуметтік-экономикалық, 
ресурстық, тарихи-мəдени) жəне көмескі түрде де, зорлықты қақтығыс түрін-
де де өтіп жатуы мүмкін. Э.қ.-тың кең тараған түрлері – жікшілдік қақтығыс-
тар.  Мұндайда  этностық  азшылық  өзі  өмір  сүретін  мемлекеттен  бөлініп,  өз 
мемлекеттерін құруға əрекет етеді. Қақтығыстардың мұндай түрлерінен (топ 
мемлекетке қарсы тұратын) басқа тағы бір көрінісі – екі я одан көп этностық 
топтардың  арасында  болатын,  көбінесе  айналып  келіп  отырып  озбырлыққа 
апарар, тым қатыгездікке айналатын түрі. Э.қ. трансформациясын болдырмау-
дың тəсілдері мен механизмдері этносаясаттанудың ішкі пəні деп санауға бо-
латын қақтығыстанудың (конфликтологияның) негізін түзеді.
 Этностық топтың санасында өзінің экономикалық жəне əлеуметтік аман-
дығы  үшін  қауіптену,  ұлттық  құқықтарға  келетін  нұқсаннан,  өзіндік,  мəде-
ниет пен тілдік қасиеттерден айрылудан қорқу тоғысса, Э.қ. этностықты ба-

152
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
рынша саясиландырудан туатын бейқұқықтық шиеленіс ахуалына айналады.
Қақтығыс алдындағы ахуал, əдетте, мынадай кезеңдерден өтеді: этностық 
топтың негізгі көпшілігін жұмылдыру, сонан соң саясиландыру. Э.қ. көбінесе 
форма жағынан ғана «ұлттық» болып шығады, шын мəнінде, оның негізін-
де  түрлі  «көсемдер»  бас  пайдасына  немесе  саяси  мақсатына  пайдаланатын 
шешілмеген экономикалық жəне əлеуметтік түйткілдер жатады.
 Э.қ. «таза күйде» сирек болады. Əдетте, экономикалық, əлеуметтік-сая-
си, этностан тыс басқа да себептермен шығып, қақтығыс егер мəселе, əрине, 
түрлі ұлттық-мемлекеттік түзілімдердің қарсы тұруы немесе жұрттың түрлі 
этностық топтарының мемлекет ішіндегі қақтығыстары туралы болса, кейін-
гі сатыларында қақтығыс этностық сипат алады. Бұл дегеніміз адамдар топ-
тарының арасындағы əлеуметтік, саяси, экономикалық қақтығыстарда олар 
бір-бірімен этностық белгілер бойынша бірегейленеді дегенді білдіреді. 
 Шамасы жағынан, əлеуметтік маңызы, тегі, «жасы», шиеленістілігі жақта-
рынан əр басқа болғанмен, Э.қ. этносты жұмылдыруға жəрдемдесетін «қо-
рытынды табиғатына» келіп саяды. Мұның тамыры тереңде, қандай да бір 
ұлттың  я  этностық  топтың  құқығының,  ұлтаралық  қатынастағы  əділет  пен 
теңдіктің бұзылуында жатыр. Э.қ. көпұлтты, полиэтностық мемлекетте шет-
кері этностық топтардың құр мақрұм қалуының, «орталық» пен этноұлттық 
«шеткеріліктің» бірдей дамымауы мен бірдей заманауиланбауының нəтижесі 
де болуы мүмкін. Мұндай жағдайда түрлі этностық топтар арасында ұжым-
дық этноұлттық қысымшылық ретінде ұғынылатын экономикалық теңсіздік 
этностық ынтымақтың қалыптасуы мен бой көрсетуінің себебіне айналады.
 Э.қ. өз динамикасы болады. Оған анағұрлым тəн болып келетін тұстар: 
 Біріншіден, неғұрлым белсенді күштердің қосылуы, күрес тəжірибесінің 
жинала түсуі есебінен қақтығыстың бірте-бірте күшеюі;
 Екіншіден, түйткілді ахуалдардың көбеюі мен бастапқы түйткілді ахуал-
дың  тереңдеуі.  Қақтығыстың  күшейе  түсуіне  қарай  жаңа  талаптарды  алға 
тарту, кінə қою да көбейеді, бастапқы проблема дəлел, айғақтармен күшейе 
түседі;
 Үшіншіден, қатысушылардың белсенділігінің артуы, қақтығыстың сипа-
тын қатайту, қақтығысқа жаңа адамдарды тарту; 
 Төртіншіден, қақтығыстағы əрекеттесумен қатар жүретін эмоционалдық 
ширығыстың үдей түсуі, бұл – қақтығысқа қатысушылардың мінез-құлығына 
жұмылдырғыш та, іріткіш те ықпал жасайды. Э.қ. күшейген сайын антипатия 
мен дұшпандық сезім күшейе түседі. Бұған сылтау мен себеп əрдайым табы-
лады; 
 Бесіншіден, ымыра қарсыластың тізе бүгуі ретінде қабылданса, қақтығысқа 
қатысушы тараптардың əрқайсысы «жеңіске жетуге» ұмтылса, Э.қ. «сыртқы 
жаудың» тұрақты бейнесін жасау тəн болып келеді. 
Алтыншыдан,  Э.қ.,  əдетте,  интернационалдандыру,  яғни  қақтығысқа 
үшінші бір тарапты немесе халықаралық ұйымдарды тарту немесе олардың 

153
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
қақтығысты  реттеуі,  тəн  болып  келеді.  Қақтығыстың  көпқырлы  сипатына 
байланысты оқиғаға ықпал етуге мүмкіндік беретін реттеудің құқықтық жо-
лынан бастап əлеуметтік-психологиялық жолына дейінгі түрлі тəсілдер қол-
дану қажет болады. Алайда ең маңызды нəрсе қақтығыстың алдын алу, оның 
тұтануына, жасырын түрден ашық түрге ауысуына жол бермеу. Бұған қара-
мастан қақтығыс басталып кетсе, оны кең ауқымды сипат алып кетпей тұрған
бастапқы кезінде өшіру оңай екенін дəйім есте ұстаған жөн. Егер қақтығыс-
тың өршуіне жол берілсе, ол ұзақ кезеңге созылады да, шешім табу қиынға 
соғады, оңалмас салдарға тап қылады. Əлеуметтік-экономикалық кемелдік-
тің кез келген сатысында тұрған ел Э.қ. душар болуы мүмкін. Бұған Кана-
да, Испания, Югославия, Ауғанстан, Шри Ланка, Руанда, Уганда жəне басқа 
елдердегі оқиғалар мысал бола алады. Сарапшылардың бірнеше рет жасаған 
болжамдары  бойынша,  Э.қ.  бұдан  ары  да  əлемдік  тəртіп  пен  халықаралық 
қатынастарға ықпалы арта түспек. Этнологтардың мағлұматтары бойынша, 
дүние жүзінде өздерін өздері билеу мен өз мемлекеттерін құруды алға тартуы 
мүмкін 5 мыңнан астам этностық топ бар. Мұндай қозғалыстардың көбі жа-
сырын түрде немесе зорлықпен жүріп жатыр. Ал 260 ұлттық азшылық бел-
сенді түрде БҰҰ-дан тəуелсіздікті немесе бөлініп танылуды талап етіп отыр. 
Бұл ұлттық қақтығыстардың 70-90-дайы күш жұмсауға соқтырған. Мысалы, 
1994  жылдан 1996 жылға  шейін  БҰҰ  бітімгер  əскерлері 17 ірі  қақтығысқа 
қатысты. 
Əлемдік тəртіпті зерттеушілердің мəліметтері бойынша, ХІХ ғасырдың ор-
тасына дейінгі 286 соғыстың 8-і ғана, ал Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін-
гі 150 қарулы қақтығыстың 127-сі этностық себептен болған. 1990 жылдан 
бері қақтығыстардың, бəрінің десе болады, ұлттық сипаты бар. XXI ғасырда
этносаралық қатынастарды тиімді басқара алатын, мекен ететін түрлі этнос-
тардың келісімі мен бейбітшілігін қамтамасыз еткен мемлекет қана табысқа 
жете  алады  (қар.  Кемсіту  /Дискриминация/,  Жихад,  Этносішілік  жəне  эт-
носаралық шоғырлану /консолидация/, Лаңкестік, Көпмəдениеттілік /Муль-
тикуртурализм/,  Ұлттық  өзімшілдік,  Радикализм,  Нəсілшілдік,  Саясатты 
этностандыру).
ЭТНОСТЫҚ  МƏДЕНИЕТ:  ДƏСТҮРЛЕР  МЕН  ƏДЕТ-ҒҰРЫПТАР 
(ор. этническая культура: традиции и обычаи, ағыл. ethnic culture: traditions 
and customs)–  этностық  арнайы  ерекшеліктері  бар,  ажыратушылық  қызмет 
атқаратын құрылымдардың мəдени элементтерінің жиынтығы. Этностық мə-
дениет адамзат мəдениетінің алуан түрлілігінің негізгі формасы болып табы-
лады, тірліктің биологиялық формадан тыс алуан түрін, адамның қоршаған
ортаға бейімделуге бағытталған қарекетін бейнелейді. Э.м. – этнос мəдение-
тінің ең маңызды сипаты, сол этносқа жекелеген өкілдері арқылы, орнықты 
топтары арқылы тəн болып келетін мəдени игіліктің жиынтығы. Мұнда осы 
игіліктің құрылымының түрлі элементтерінің арнайы, этностық бояуы бар ма 

154
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
немесе бұлар этностық тұрғыдан бейтарап болып келе ме, - ол ескерілмейді. 
Бұған Э.м. тыс өзгеэтностық жəне этносаралық элементтер де енеді. Э.м. эт-
нос мəдениетіндегі салыстырмалы рөлі кеңістік пен уақыт жағынан динами-
калы, сондай-ақ мəдениеттің басқа ішкі жүйелерінде өзгеше болып келеді.
Э.м. дəстүрлері мен əдеттері – кешенді мəселе, мұны тілтанушылар ғана 
емес, тарихшылар да, философтар да, психологтар да, этнографтар да, əде-
биеттанушылар да қарастырады. Көбінесе тіл мен мəдениеттің өзара тəуел-
ділігі  (екіжақты  өзара  детерминизм)  мақұлданады  (қар.  Аккультурация, 
Мультикультурализм). Дəстүрлер – (ғылымда) (лат. traditio – жеткізу, ауысу) 
–  ғылыми  жəне  мəдени  тəжірибені,  адамның  арнаулы  нормалары  мен  құн-
дылықтарын,  мəселені  қою  мен  шешу  үлгілерін  жинау,  сақтау  мен  жеткізу 
механизмі. «Дəстүрлер» деген ұғым ғылым философиясында шыққан жəне 
дамыған  ғылыми  бағыттар  мен  контексті  біріктіре  қарау  үшін,  ғылым  да-
муын  əлеуметтік-мəдени  құндылықтардың  тарихы  ретінде  жаңғырту  үшін 
пайдаланылады. Əдет-ғұрып  мінез-құлықтың белгілі бір қоғамда (немесе 
мекенде) тарихи қалыптасқан ережесі, мемлекеттің қорғауындағы əрі оның 
мəжбүрлеу  күшімен  қамтамассыз  етілген  құбылыс  (қар.  Аккультурация, 
Мультикультурализм).
ЭТНОСТЫҚ РƏМІЗ (СИМВОЛИКА) (ор. символика этническая, ағыл. 
ethnic symbolism).  Этносты  айырып-танытушы  ретінде,  иелерінің  этносқа 
жататындығын  білдіріп  айрықшалаушы  белгі  ретінде  қызмет  атқаратын 
материалдық  жəне  рухани  мəдениеттің  құбылыстары  мен  элементтерінің 
кешені.  Мысалы,  жапондықтардың  киіміндегі  этностық  нышан – кимо-
но, өзбектерде – сырылған шапан, кавказдықтарда – папаха, т.б. Ресейдің 
рəміз-нышаны – Еділ мен қайың, Жапонияның рəмізі – сакура (шие ағашы), 
Монғолияның (монғолдардың) символы – дала т.б. Чукчалардың символда-
ры морж сүйектеріне қашап, ойып, бояп жасалған ою-өрнектер, аң терісіне 
салынған  кестелер,  чумдар  (күрке)  жəне  ярангілер  болып  саналады.  Күн-
делікті үйреншікті өмірде «өзімдікі» жəне «бөтендікі» деп белгілейтін эле-
менттер қатарына тамақтың кейбір түрлері де кіруі мүмкін (орыстарда – щи 
мен ботқа, украиндықтарда – борщ, палау өзбектердікі, гуляш венгрлердікі 
жəне т.б.). 
Этностық символика халықтардың даму барысында өзгеріске түспей қой-
майды немесе сол этностың барлық өкілдеріне бірдей міндетті болмауы мүм-
кін.  Мысалы,  Еуропа  елдерінің  қалалық  тұрғындары  киім  киюде  этностық 
жағынан  тіптен  ерекшеленбейді.  Тамақтары  да  едəуір  шамада  бірыңғайла-
нып  жатыр.  Жаңа  дəуірде  жəне  қазіргі  заманда  алдымен  индустриялдық, 
материалдық,  сонан  соң  рухани  мəдениеттің  урбанизациялануы  этностық 
символика аясын едəуір тарылтып барады. Қазіргі кездегі этностық рəміздің 
нышандары, негізінен, рухани мəдениетте, оның ішінде құндылығы бар ав-
тостереотиптерде,  материалдық  мəдениеттің  жеке  элементтерінде,  мəдени-

155
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ленген фольклорда, ұлттық-мемлекеттік жəне жергілікті геральдикада т.с.с. 
шоғырланған  (қар.  Этностық  топ,  Ұлттық  сезімдер,  Патриотизм,  Эт-
номəдени бірлестіктер).
ЭТНОСТЫҚ СƏЙКЕСТЕНДІРУ (ор. идентификация этническая, ағыл. 
identifi cation  ethnic(al))  –  индивидтің  өзінің  этностық  топқа  жататындығын
санамен сезінуі (қар. Сəйкестендіру). Э.с. адамның белгілі бір этностық топ-
қа  жататынын  көрсететін  жəне  адамды  осы  топпен  теңдестіретін  өзгеше
бір маркер болып табылады. Адамның өз этносына байланысты түсініктері, 
сезімдері,  ниеттері,  қажеттіліктерінің  бүкіл  жиынын  қамтиды.  Э.с.  арнаулы
мəдени ақпарат алмасудың нəтижесінен келіп шығады, табиғаты жағынан құрас-
тырмалы болып келеді. Бұл – этностық топ мүшелерінің əлденеден бас тарта 
білу, əрі өзінің этностық бірегейлігін сақтау үшін басқа этнос мəдениетінен бір 
нəрсені қабылдай алу қабілетінің болу керектігін білдіреді. Э.с. белгілеріне тіл, 
тарих, салттармен қоса, құндылықтар мен нормалар, тарихи жад, дін, туған жер 
туралы түсінік, ортақ ата-баба туралы миф, ұлттық мінез де жатады. Э.с. – ди-
намикалық түзіліс, уақытпен бірге өзгеріп отырады, соған орай адам этносқа 
тиесілігін өмір бойы қайта ойластыра алады.
ЭТНОСТЫҚ  СƏЙКЕСТІК  /БІРДЕЙЛЕСТІК/ (ор.  этническаая  иден-
тичность, ағыл. ethnic identity, грек. ethnos халық, тайпа + лат. identicus тең-
дес) – индивидтің белгілі бір Этностық топпен, Этноспен, Халықпен өзін-
өзі теңестіруі, тиесілі етуі (қар. Мемлекеттік бірдейлестік, Еуразиялық бір-
дейлестік, Тілдік бірдейлестік).
ЭТНОСТЫҚ СТЕРЕОТИПТЕР (грек. stereos – қатты + typos – із, таң-
ба, ор. этнические стереотипы, анг. ethnic stereotypes) – түрлі этностық қа-
уымдастықтардың өкілдеріне тəн адамгершілік, ақыл-ой, физикалық сапалар 
туралы салыстырмалы түрде алғанда тұрақты түсініктер. Э.С. – қасаң сұл-
баланған,  эмоциялық  бояуы  күшті  жəне  айрықша  тұрақты  пішім.  Мұндай 
пішімі адамның өз ұлтының да, басқа ұлттың да өкілдерінің психологиялық 
жəне  мінез-құлықтық  ерекшеліктерін  бірыңғай  қарапайым  деңгейде  ғана 
білуінен, кей тұстарда дəл білмей, бұрмаланған күйде білуінен көрінеді. 
  Қарабайыр  санада,  сондай-ақ  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  да  Э.С. 
теріс  құбылыс  екендігі  жөнінде  пікір  көбірек  тараған.  Бұл,  біріншіден,  кез 
келген  стереотип  сияқты,  Э.С.  да  болмыстың  адамдар  санасындағы  қасаң 
бейнесін  көрсететіндігімен,  стереотип  мазмұнындағы  түсініктер  ырықсыз, 
тиянақсыз  болып  келетіндігімен,  оны  өзгертудің,  қайтадан  ойластырудың, 
əсіресе терістеудің қиындығымен байланысты. Екіншіден, теріс көзқарастың 
болуының  себебі  сонда,  дүние  жүзі  ғылымында  кемсітуішілікке  ұшыраған 
этностық азшылыққа қатысты жағымсыз стереотиптер басқасынан гөрі көп 
зерттелген. Үшіншіден, Э.С. негізінде екінші бір қайталама дереккөздерден 

156
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
алынған  жанама  түсініктер,  бұрынғы  этносаралық  байланыстар  тарихынан 
жиналған тəжірибесін кейінгі ұрпақтың субъективті тұрғыдан парықтауынан 
алынған жанама түсініктер жатады.
  Стереотипте  этнос  жөнінде  əуестіктен  туған  əділетсіз,  теріс  я  жақсы 
түсініктер ғана емес, ұлттың этномəдени келбетінің күшті жəне əлсіз жақтары
туралы ақпарат та сақталады. Бұлар қандай да бір топ өкілдерінің ықпалда-
суының мүмкіндіктері мен өзіндік ерекшелігі ретінде қаралады, белгілі бір 
ұлттың адамдарына қатысты нақты əрекет етуге болатыны жөнінде ұйғарым 
жасатады, жөн-жобасын нұсқайды. 
Стереотиптенуде ретке салынған, қасаң, бірыңғай жеңілдетіп қабылдауға 
келіп саятын негізгі психологиялық функциялардың бірі қолданылады. Екін-
шісі, құндылық-қорғаныс функциясы, дара адамның құндылықтарын, тұғыр-
лы құқықтарын сақтауға сеп болады. Əлеуметтік-психологиялық функциялар-
дың ішінен топаралық жіктеу функциясы мен топтың жағымды бірегейлігін 
қолдау функциясын бөліп қарайды. Əлеуметтік функциялардың ішінде қазіргі 
топаралық  қатынастарды  ақтау  мен  түсіндіру  функциясы,  сондай-ақ  қазір-
гі  қатынастарды  сақтау  функциясы  ерекше.  Э.С.  аталған  функциялары  ішкі 
жəне сыртқы этномəдени белсенділікпен өзара тығыз байланысты болады да 
қазіргі этносаралық қатынастар төңірегінде іске асады.
 Э.С. берік тұрақтылығы қанша дегенмен абсолютті емес, мызғымай қой-
майды. Қасаңданатын нысанның бітіміндегі елеулі өзгерістердің соңын ала 
мұның да мазмұны уақыт өте келе трансформацияланады, сынықтық пайда 
болады. Сондай-ақ Э.С. этносаралық қатынастар сипатының өзгеруіне неме-
се этносаралық байланыстар қарқынының күшеюіне қарай да өзгеруі мүмкін. 
Арасындағы айырмашылықтарды жеткілікті шамада зерделемей-ақ тұтастай 
топтың өкілдеріне ортақ, ұқсас сипаттарды таңу да стереотиптендірудің өзін-
дік бір ерекшелігі болып табылады. Бұл қазір топаралық қабылдаудың əмбе-
бап  механизміне  айналмақ  тетік  ретінде  кең  тараған.  Э.С.  мазмұнынан  сол 
халықтың өкілдерінің сыртқы келбеті, өткен тарихы, өмір салты мен еңбек 
дағдысының өзгешеліктері туралы түсініктердің кешені ретіндегі берік негіз 
айқын байқалады. Сөйте тұра сол халықтың коммуникативтік жəне мораль-
дық сапаларына қатысты құбылмалы пікірлер де аз емес. Бұл сапаларды баға-
лаудағы құбылмалылық ұлтаралық жəне мемлекетаралық қатынастардың өз-
гермелі жағдайларымен тығыз байланысты: бұл қатынастар достық пен ын-
тымақтан бастап əскери қақтығысқа дейін жетіп құбылып отыруы мүмкін.
  Стереотиптерді,  əдетте,  автостереотиптер  жəне  гетеростереотиптер  деп 
бөледі.
Автостереотиптер  халықта,  ұлтта,  этноста  қалыптасқан  эмоционалдық 
əсері бар, бекем бейнесі болуы себебінен оң бағалардың кешенінен тұрады. 
Өзін таныған халық өзі мен өзінің қажеттіліктерін, мүдделерін артық көру-
ге, күмəнсіз, заңды əрі табиғи деп санауға бейім болады. Бүкіл топқа қатыс-
ты  ұшқары  қорытындылар  сол  топтың  жекелеген  өкілдері  туралы  шектеу-

157
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
лі ақпаратқа сүйеніп немесе тарихта қалыптасып қалған ырым-нанымдарға 
жете түсінбей сенген соң жасалады. Мұндайда мəселе өз этносының мəдение-
тін, мінез-құлығын сын көзбен қарамай дəстүр бойынша қабылдаудан келіп 
шығады. 
Алайда,  өзіңдікі  өзгенікінен  əрқашан  жоғары  бағалана  бермейді.  Этнос-
аралық  алмасулар  өрістеп,  ықпалдасу  кеңістігі  ақпаратпен  қанығып,  эт-
нофорлардың  білімі  артып,  толеранттылық  қағидаларын  насихаттау  та-
бысқа  жетіп  тұрған  қазіргі  кездегі  жағдайда  бағаны  жіктеп  қою  жүйесі 
басым  болады:  өз  этностық  тобының  мəдениетінің  бір  сипаттарын  топ-
тың  бір  өкілдері  оң  бағаласа,  екіншілері  теріс  бағалап  жатады.  Мұндай
сыншылдық болмай өздерін өздері əсіре бағалау, күмəнсіз оң баға беру эт-
ноцентризмнің  негізіне  айналып  келеді,  шовинизмге  негіз  болатын  тұста-
ры  аз  емес.  Осының  салдарынан  өз  халқының  асыра  дəріптелген,  түрлі 
жетістіктер мен кемелдіктер шоғырланған ұлы бейнесі жасалады. Осындай 
көзқарастар,  басқаларға  қатысты  қасаң  бағдар  ұстану,  əдетте,  ұлттар  ара-
сында араздық, жек көрушілік туғызады, кейде тіпті қарулы беттесуге əкеп 
соғады.  Бір  кереғар  жайт  сол,  саны  аз  халықтармен  салыстырғанда,  саны 
көп,  демократиялық  жақтан  анағұрлым  дамыған  ұлттарда  өз  беделін  өзі 
бағалауда  сыншылдық  сипат  жиі  байқалатынын  сеніммен  айтуға  болады. 
Мұндай  халықтарда  оң  автостереотиптерді  зорайту  кейде  этностың  сая-
си  бірлігін  нығайтудың,  өз  халқын  басқа  ұлттар  мен  мемлекеттер  алдында 
ұлықтаудың бірден-бір тəсілі болады.
Мұндай функцияны көбінесе басқа халықтарды бағалайтын пайымдаулар-
дың жиынтығы ретінде, бірақ басқа этностарға, ұлттарға, халықтарға деген 
теріс көзқарастар есебінен гетеростереотиптер де атқара алады. Адам өзіне 
бөтен, жат нəрсемен кездескенде білгісі келіп қызығуымен қатар сақтығы да 
келе қалатыны белгілі. Сол сияқты бір ұлт я оның өкілі басқа бөтен ұлтпен 
я  оның  өкілімен  кездескенде  де  осындай  жайт  болады,  осыған  орай,  даму
деңгейі  мен  əрекеттесуге  қабілетін  бағалағанда  басқа  этностық  қауымдас-
тықтар  жөнінде  жаңсақ  түсінікке  келуге  де  мүмкіндік  туады.  Бұл  үдеріс
қарсы жақтың жауабымен күшейе түсуі де мүмкін. Өзін белгілі бір қауымдас-
тықтардан ерекшелеуге ұмтылысты көрсете отырып, басқа этностар туралы
таптаурын  түсініктер  көбінесе  сол  басқа  этнос  лайық  емес  деп  есептейтін
жəне өздерінің ар-намыс, адамгершілік пен əсемдік, этностық пен мəдениет-
тің  басқа  да  көріністері  туралы  түсінігіне  қарама-қарсы  сипаттамалардан
құралады. Сондықтан басқа халықтарды бағалайтын пайымдаулардың жиын-
тығы  ретіндегі  гетеростереотиптер  негізінде  елеусіз  болса  да  оң  сипаттан 
гөрі  көбінесе  теріс  сипатты  болады,  бірақ  автостереотиптегідей  өзін-өзі  оң 
бағалауға  сыншылдықпен  қарамау  гетеростереотиптерде  басым  болмайды. 
Оң  гетеростереотиптер  ұлтаралық  жəне  мемлекетаралық  қатынастардағы, 
саяси үдерістердегі, мəдени алмасудағы оң өзгерістерді қабылдағыш болады. 
Бұлар (гетеростереотиптер) жайпап келе жатқан жаһандану жағдайында эт-

158
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ностар мен мəдениеттердің аман қалуы үшін əріптес болудың пайдалы екенін 
түсінумен байланысты. 
 Ұлттық сананың элементі ретінде Э.С. бұрынғы этностық қасиеттердің 
кейбірін абсолюттендірп, мəнін əсірелеп қана қоймай, өз этносында да, өзге 
этноста да жоқ сипаттарды таңуға да бейім болады. 
Э.С.  саналы  түрде  жасалып,  тұтастай  бір  елдердің,  этномемлекеттік 
қоғамдастықтардың азаматтарының санасын «ойнатудың» құралына айнала-
тын  кездері  аз  емес.  Мұндайда  олар  ұлтшыл  ырым-жырымдар  мен  жалған 
сенімдердің, ұлттар арасындағы араздық пен дұшпандықтың тірегіне айна-
лады. Əрекеттестіктің халықаралық кеңістігінде де, ел ішінде де бұған қарсы 
күресу қажет: оқу-ағартудың, тəрбиенің өзара түсіністік, əріптестік ахуалын
туғызуға, мəдениетті дамытуға, ырым, нанымдарға қарсы иммунитет жасау-
ға,  ұлтаралық  қатынастар  мен  мəдени  ауыс-түйіске  бүлдіргіш  идеология-
ларды  қолдануға  қарсы  тұруға  қажетті  барлық  құрал-тəсілдерін  пайдалану 
керек (қар. Ұлттық психология, Ұлттық эгоизм, Этнопсихология, Қоғамдық 
сана, Қоғамдық пікір).
ЭТНОСТЫҢ  СІҢУІ  /АССИМИЛЯЦИЯ/ (ор.  ассимиляция  этническая
ағыл.  assimilation  ethnic(al))  –  бір  халықтың  басқа  халықпен  тоғысып,  олар-
дың бірінің өз тілін, мəдениетін, ұлттық санасын жоғалтуы нəтижесінде ұлт-
тық-психологиялық ерекшеліктерінің белгілі бір дəрежеде (көбінесе түбегейлі) 
трансформациялануы  (қар.  Ассимиляция).  Э.с-н  этносы  əр  текті  жұрт  топта-
рының түйісуінен, Этносаралық некелер т.с.с. байланыстардан туатын табиғи 
Э.с. жəне ұлттардың құқықтары тең емес елдерге тəн зорлықпен жүргізілетін 
Э.с. деп бөледі. Қосылып жатқан этномəдени топ біртіндеп басым мəдениет-
тің салттарына, құндылықтарына, өмір салттарына жəне көбінесе тіліне бейім-
делгенде (немесе бейімделуге мəжбүр болғанда), Э.с. жүреді. Э.с.-ны көбінесе 
Аккультурациямен теңестіреді, бұл негізгі қоғамның мəдениетінің пайдасына 
қарай этностық мəдениеттің жартылай немесе толығымен жоғалуын меңзейді. 
Егер Мəдени ассимиляцияның нəтижесінде осы топтың Сəйкестенуі, яғни эт-
ностық санасы ауысса, онда оның Э.с. бар деп айтуға болады. Дегенмен, жаңа 
мəдениетті меңгергеннен кейін де, Отан туралы есте қалған бұрынғы этностық 
өзіндік сана жаңасымен əлі де ұзақ уақыт қатар жүре алады. Мигранттардың ұр-
пақтарының өз сəйкестігін ауыстыруы, басқаша айтқанда, толықтай Э.с. оларды 
қоғамның лайықты қабылдағанда ғана мүмкін болады.
ЭТНОСТЫҚ ТОП (ор. этническая группа, ағыл. ethnic groupethnicity
–  бірқатар  себептермен  этностың  өзегінен  ажырап,  одан  тыс  тірлік  ететін, 
халықтың немесе ұлттың тілінің, мəдениетінің, дінінің, тұрмысының кейбір 
ең маңызды ерекшеліктерін сақтаған айрықша бөлігі. Ұлттық-этностық, ді-
ни-қауымдастық, тілдік, мəдени-тұрмыстық белгілер бойынша ерекшеленіп,
Э.т.  субэтностық,  этноконфессионалдық,  этнолингвистикалық  қауымдас-

159
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тықтар түзейді, бұлар уақыт өте келе белгілі бір этносаяси мəртебе талап ете 
бастайды.
Э.т. шоғырланған жəне бытыраңқы күйде болуы мүмкін. Біріншісін этно-
ареалдық,  екіншісін – этношашыраңқы  топ  деп  атайды.  Э.т.  əдетте  өзіндік 
мемлекеттік құрылым болмайды. Этностық қауымдастықтары мол көптеген 
мемлекеттерде Э.т. теңсіздігі немесе «этностық страфикация» орын алады.
Э.т. көптеген себептердің нəтижесінде құралады. Біріншіден, бұл кезінде 
тарихи отанын тастап шыққан жəне түрлі елдер мен өңірлерде этномəдени 
ареалдар құрған адамдар болуы мүмкін. Екіншіден, бұл көші-қонның, эми-
грацияның,  депортацияның,  шегаралардың  өзгеруінің  салдарынан  өз  этно-
сынан бөлініп кеткен адамдар қауымдастығы. Мəселен, Қазақстандағы Э.т. 
орыстардан, месхеттік түріктерден, украиндардан, татарлардан жəне көпте-
ген басқалардан тұрады.
Э.т. көбіне оны қоршаған басқа ұлттық титулды жұртшылықтың арасын-
дағы азшылық болып шығады. Мұндайда Э.т. өз этносымен байланысы əл-
сіреп,  негізінен  тұрақсыз,  тіпті  кездейсоқ  сипат  алады.  Ұрпақтан  ұрпаққа 
ауысқан  сайын  олар  тұрақты  түрде  экономикалық,  əлеуметтік-саяси,  əлеу-
меттік-психологиялық, этномəдени қарым-қатынаста бірге өмір сүретін ұлт-
тарға сіңісіп кетеді. Əдетте жыл өткен сайын өздері ажыраған этноспен са-
лыстырғанда ділдегі елеулі айырмашылықтар ұлғая береді. Мұның мысалын 
мынадан  көруге  болады:  байырғы  қазақстандық  орыстар  өздерінің  тарихи 
отанына көшкенде оларды көбіне толыққанды орыстар ретінде қабылдамай-
ды да, олардың жаңа болмысқа бейімделуі тым қиынға соғып жатады. 
Əлемдік  тəжірибе  көрсеткеніндей,  этностық  азшылықтардың  ахуалы, 
мəртебесі  олардың  əлеуметтік-саяси  болмысының  беріктігіне  байланысты. 
Тұрақсыздық  жағдайында  ең  жанға  бататын  ыңғайсыздықты  Э.т.  сезінеді, 
олар өздерінің құқықтарының кемсітушіліксіз жəне нұқсансыз, өзіндік дер-
бес мəдениетті жоғалту қауіпінсіз біршама қамтамасыз етілетіндігіне сенім 
болуына  аса  мұқтаж  (қар.  Этносытқ  анклав,  Ұлттық-мəдени  автономия, 
Ұлттық-аумақтық  автономия,  Саны  аз  халықтар,  Халық,  Ұлттық  аз-
шылық, Халық санағы). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет