Әуезе етіп айтар сөз иесін тапқан ән айдарлы



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата24.03.2017
өлшемі0,81 Mb.
#10300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2. ШЕБЕРЛІК ШЫҢЫНДА 
...Байыптап  қарауға  мұршасы  келмеген.  Альбинамен  хош 
айтысып, жолдың 
арғы бетіне ө
те берген. Қас-қағым сәтте аялдаманың 
айналасы құйын соққандай болды. Құлақ шекесін осып өткен 
зіл 
соққы 
көзінің отын жарқ еткізді. Аз-кем уақыт өз-өзіне келе алмай мәңгірігіп 
қалған  Ерік  айналасын  сыйпағыштай  келіп,  аялдаманың  тіреуіне 
сүйенді. Үсті-басын қағып, қапелімде нендей жағдайға душар болғанын 
есіне  түсіргісі  келген.  Сөйткенше  болған  жоқ  әлгінде  ғана  бұлардың 
алдын  орап,  әрлі-берлі  ойқастаған  гитарлы  жігіттердің  көшені 
бастарына көтерген дарақы дауысы да бірте-бірте алыстай берді. 
– 
Енді өзі де түсінетін болған шығар... 
– 
Әліне қарамай боксшысын өзінің! 
– 
Витяны рингте масқара еткен қалай болады екен, білсін, бәлем! 
Сол  заматта-ақ  Ерік  істің  мән-жайын  түсіне  қойған.  Кешегі  қала 
біріншілігінің  финалында  оныншы  кластағы  Виктор  деген  баламен 
кездескен еді. Ерік екінші раундта-ақ оны нокдаунға түсірген. Ал енді 
мынау  соның  қайтарымы  болды  гой,  сірә?..  Ол  тура  Валерий 
Николаевичтің  үйіне  тартып  кеткісі  келіп  тұрды  да,  бұл  райынан  тез 
қайтты.  Оның  да  өзіндік  сыры  бар.  Еріктің  туған  ағасындай  болған 
жаттықтырушысы  В.Никулиннің  әрдайым  «Ашуды  ақылға  жеңдіре 
білуді үлкен ерлік, Нағыз спортшы болам деген жанға бұл ауадай қажет 

 
 
қасиет»  дейтіи  ағалық  ақылы  есіне  түсе  кеткен.  Сол  сәт  «Витяның 
өзімен жеке сөйлесу керек» деп түйді ол. 
Бұл  Қостанай  қаласындағы  №115  мектептің  оқушысы  Ерік 
Хакімовтың тоғызыншы класқа көшкен жылдың жазы болатын. 
Әлдене  сытыр  етсе  болғаны  Қибақ  қарт  та,  Қашипа  шешей  де 
орындарынан өре түрегеліп, есікке ұмтылады. Күні бойы екеуі де байыз 
табар  емес.  Қос  қарт  бірінің  сырын  біріне  білдіргісі  келмегендей  ара-
тұра  бөгде  бір  әңгіменің  басын  шалған  болады.  Бірақ  ара-кідік  үзіліп 
қалып, қайта жалғасқан әңгіме қиюласар емес. Қибақ қарт шыдамады. 
– 
Әй, Қашипа, – деді ол ине жібін сабақтамақ болып әуреге түскен 
кемпіріне, – осы ымырт жабылғанға дейін бір хабар болмаса, тура әлгі 
бастықтарына  барам.  Далаға  тастай  алмай  жүрген  бала  жоқ.  Еріктің 
мән-жайын  біл  тұра  о не  қылғаны бұлардың,  ә? Тап қазір кетсем бе 
екен... 
Аз-кем  уақыттан  соң  қария  буынып-түйіне  бастады.  Шалын 
райынан қайтара алмасын білген Қашипа да сыртқа шығуға қамданған. 
Сол-ақ 
екен 
Еріктің  мұғалімі  Любовь  Семеновна  жанында  екі-үш 
адамы бар сау етіп есіктен кіріп келгені. 
 
– 
Сүйінші 
қария! 
Сүйіншімді  беріңіз! 
Ерік  өрлепті.  Міне, 
міне 
жаңа 
ғана... 
Төлеграмманы  алысымен  жеткен  бетіміз  осы,  –  деді 
Любовь  Семеновна  қашаннан  бастырмалата  сойлейтін 
әдетіне  басып. 
Қуанышты 
хабар  сол  заматта  ақ  көше-көшені  жағалап,  бокс 
жанкүйерлері  Еріктің  шаршы  алаңдағы  тағы  бір  жеңісіне
 
құлақтанды.  1982  жылдың  март  айында  Пенза
 
қаласында 
өткен 
КСРО  біріншілігінде  чемпиондық  тұғырға  көтерілген  жас  боксшы 
спорт шеберінің нормасын орындады. Сөйтіп, қостанайлық былғары 
қолгап  иесі  осы  жарыстағы 
тамаша 
шеберлігімен  мамандар 
назарына  ілікті.  Өйткені,  Еріктің  шаршы  алаңдағы  әрбір  жекпе-
жегінен бокс өнерінің құпиясын жете меңгере түссем 
деген құлшьшыс 
ісі  тайға  таңба  басқандай  байқалып  тұратын.  Ал 
оны  ұ
дайы  жеңіс 
тұғырына  жетектеп  келе  жатқан 
да 
осы  қасиет  екенін 
бапкерлері де, командалас әріптестері де жақсы біледі.
 
Шынымды айтсам, Ерік менің бауырымдай болып кетті. Өйткені 
мен  оған  көп  ретте  жаттықтырушы  ретінде  ғана  емес,  ағалық  ақыл-
кеңесімді  де  беремін.  Арамызда  жасырын  сыр  жоқ,  –  дейді  Валерий 
Николаевич  Никулин.  –  Мына  бір  жәй  әлі  есімнен  кетпейді.  Өткен 
жылдың  күзі  болатын.  Қыркүйек  айында  Германияның  Швирин 
қаласында  жасөспірімдер  арасында  Европа  чемпионаты  басталған  еді. 
Ерік  осынау  дүбірлі  сында  барлық  жекпе-жектерін  жеңіспен  өткізіп, 
финалдық  жарысқа  жолдама  алған.  Финалдық 
сын  ө
тетін  күні 
Қостанайдан  суыт  хабар  алдық.  Еріктің  әкесі  қайтыс  болыпты. 
Телеграмма  бірінші  менің  қолыма  тиген  еді.  Енді  не  істеуім  керек? 
Өзім де қатты 
қысылдым. 
Сол қысыл-таяң шақта Ерікке телеграмманы 
финалдық 
сыннан кейін көрсетейік дегендер де табылды. Алайда, 
менің 
оған дәтім жетпеді. Болгарлық боксшы Марии Мариновпен өтетін жекпе-

 
 
жек  басталмастан  он  бес 
минут 
бұрын  Ерікті  оңаша  шақырып  алып, 
істің  мән-жайын 
баяндадым. 
Бәріміз  де  пендеміз  ғой.  Неге 
екенін
 
білмеймін, 
сол 
сот  Қостанайға  күміс  медальмен 
оралатындығымызға 
өзімді сендіргендей болдым. Он бес мииуттан соң 
жекпе-жек 
басталды. 
Мына  ғажапты  қараңыз!  Шаршы  алаңдағы  Еріктің  қимылы  тіптен 
бөлек.  Менің 
тәлімгерім  ұтылады-ау  деген 
ойымның  бәрі 
теріске 
шықты. 
Ерік Мариновты үлкен рингтың ана бұрышынан мына 
бұрышына 
қуа жүріп, нөпірлі соққының астына алды-ай кеп! Сайыс аяқталғанда 
төреші Ерікті жеңісімен құттықтады. Сол сәт мен балғын боксшының 
бойындағы  ұстамдылыққа,  жеке  бастың  күйініш-сү
йінішінен 
гөрі 
коллективтік іске айрықша мән беретін қасиетіне тағы да көз жеткізген 
едім. 
Бапкері  сүйсінсе  де  сүйсіне  айтқан  осы  жеңіс  жас  былғары 
қолғап иесіне қос қуаныш сыйлаған еді. Ол се
гіз 
жасар Ерік Хакімов 
сол  жолы  халықаралық  дәрежедегі  спорт  шеберінің  нормасын 
орындады.  Тағы  бір  жүлде  —«Жеңіске  деген  ңұяітарлығы  үіпін» 
арнаулы  ку-бокқа  ие  болды.  Сөйтіп,  оның  үлкен  спорт  өнеріндегі  бао 
палдақтары биіктей берді. 
...Москвадағы  «Олимпийский»  спорт  комплексі  кұдды  бір  араның 
ұясындай.  Ақшаңқан  ғимараттың  үлкен  аренасы  жанкүйерлерге  лық 
толған.  Қысқасы  ине  шанршар  жер  жоқ.  Бүгін  мұнда  КСРО 
халықтарының  VIII  жазғы  Спартакиадасының  программасы  бойынша 
боксшылардың финалдық кездесуі басталды. Осыдан тура он күн бұрын 
еліміздің  210  былғары  қолғап  шебері  бас  қосқан  шаршы  алаңда 
мықтылардың  мықтысы  ғана  жарыс  мүддесін  сарапқа  салуда.  Жаңа 
ғана 60 килограмға дейінгі салмақ дәрежесіндегі  боксшылар  бәсекесі 
аяқталған.  Бұл  жолы  да  алматылық  Виктор  Демьянелко  өзінің 
спорттық  бабында  екендігін  дәлелдеді.  Хабаровск  қаласының  өкілі 
Владимир  Степановты  айқын  басымдықпен  ұтып,  Спартакиада 
чемпионы  атанды.  Ақ  шаршы  алаңнан  түсе  берген  Викторға  Ерік 
қарама-қарсы  жолыкқан.  Екеуінің  жанары  қас-қағым  сәт  ұшырасып 
қалды.  Бірін-бірі  айтпай  түсінісіп  тұр.  Виктор  әдеттегісінше,  шығып 
әнтек қозғап, оң қолып көтерді. «Саған да жеңіс тілеймін» дегені. 
— 
Гонг! 
Әлгінде  ғана  бір  сәтке  тыным  тапқан  ақ  шаршы  алаң-да  қос 
боксшының  дүбірлі  бәсекесі  басталып  кетті.  Кейде  нысаналы  жерді 
дәл 
соғып, кейде ауа қармаған сайыскерлердің қимылын қалт жібермей 
қарап  отырған  жанкүйер  қауым  әлсін-әлсін  гу-гулесіп  ала  жөнеледі. 
Міне, бір минуттық үзілістен соң іріктеу сындарында өзбекстандық Ф. 
Яковлевті,  азербайжандық  Т.  Гусейновты,  ал  жартылай  финалда  Ф. 
Яновскийді  ұтқан  Ерік  Хакімов  пен  армениялық  Манвел  Мурадяның 
финалдық  жекпе-жегі  ширыға  түсті.  Алғашқы  раундта-ақ 
қарсыласының  айла  тәсіліне  қаныққан  Ерік  жекпе-жек  тізгінін  өз 
қолына  алды.  Мурадянның  оңды-солды  есепсіз  соққан  соққыларының 
бәрі  Еріктін,  тегеурінді  тосқауылына  тап  болды.  Манвел  де  63,5 
килограмдық  салмақ  дәрежесінде  сынға  түсіп  жүрген  еліміздегі  ең 
таңдаулы  боксшының  бірі. Ол 1981  жылғы КСРО чемпионы. Алайда, 

 
 
үлкен  спорттың  өз  заңы  тағы  бар.  Жеңіс  шеберлік  көрсеткендікі. 
Шаршы  алаң  атақ  даңқты  емес,  сайыскерлікті  сарапқа  салады.  Ал 
мұны  Спартакиаданың  ақ  шаршы  алаңындағы  жекпе-жек  сәттері 
дәлелдеуде.  Еліміздің  және  Европаның  чемпионы  В.  Шишовтың 
жас  талапкер  0. Меньшиковпен ойсырай ұтылғаны қандай өкінішті. 
Ерік  санасында  сынаптай  сырғыған  осы  бір  ойларды  өзінің  әр 
қимылын  жіті  қарап  отырған  Валерий  Николаевичтің  жүзінен  де 
оқығандай болды. 
Үшінші раундта Ерік үлкен спорт өнеріндегі бокс деп аталатын 
сайыстың сан алуан қырын меңгергендігін танытты. Кездесудің соңғы 
секундтарында ол шабуылдың көк нөсерін сабалай түсті. Қас қағымда 
алғашқы  қарқынынан  айрылып  қалған  Мурадянның  дәрменсіз  күймен 
қорғануға  ғана  мұршасы  келді.  Сол  екі  ортада  гонг  та  берілді.  Ал 
арада аз-кем уақыт өткенде рефери С. Шовгенов Еріктің қолып көтерді. 
Сөйтіп  10  жасар  қостанайлық  боксшы  ақ 
шаршы 
алаңдағы  114-ші 
жекпе-жегін  жеңіспеп  аяқтады.  Бұл  жеңіс  халықаралық  дәрежедегі 
спорт шебері Е. Хакімовты Спартакиада чемпиопы атандырды. Дәл  сол 
күні финалдық сайыстардан соң әділқазылар алқасының мәжілісі өтті. 
КСРО Бокс федерациясы президиумының төрағасы ұшқыш-космонавт 
Н.  Попович,  Ю.  Радоняк,  В.  Рыбаков,  В.  Савченко,  В.  Францов,  В. 
Фролов  сынды  бүгінгі  таңдағы  бокс  өнері  білгірлерінің  қатысуымен 
өткен  бұл  жиында  Спартакиадада  ең  үздік  шеберлік  көрсеткен 
боксшыға  берілетін  жүлде  иесі  анықталды.  Ал  оған  тамаша 
талаптымен жанкүйер қауымды тәнті еткен Е. Хакімов ие болды. Арада 
бір  күн  өтісімен  Спартакиаданың  баспасөз  орталығынан  тағы  бір 
қуаныш
ты 
хабар  тарады.  Қазақстандық  боксшыға  «Труд»  газетінің 
арнаулы  жүлдесі  тапсырылды.  Желмаяша  желкіл
деген 
осынау 
жүрекжарды  қуанышты  хабарлар  тасқыны  сол  бір  күндері 
республикамыздың спорттық өмірін кестелеп жатқандай еді.  
«Дипамо»  спорт 
залының 
шамы  түннің  біраз  уақыты
на 
дейін 
сөнген  жоқ.  Валерий  Николаевич  әдеттегісінше  жаттығудан  соң 
шәкірттерін жинап алып, ертеңгі күннің жоспарларын жасады. 

 
Ал  Александр,  сен  нешінші  нөмерді  игермексің,— 
деді 
ол 
қолындағы 
қалың 
дәптерді 
парақтап 
тұрған 
Мирошниченкоға, Александр ойланбастан-ақ:
 

 
Он бесінші деген.
 
Білікті  бапкер  тәлімгерінің  ойын  бірден  түсіне  қойды.  Өйткені 
Мирошниченконы  Спартакиада  сөресінде  сүріндірген  де  осы  нөмер 
болатын.  Ол  В.  Яковлевтен  2:1  есебімен  ұтылған  еді.  Ел  Ерік  сынды 
досының  еңбекқорлығын,  әр  жаттығу  сәтін  тамшылата  тер  төгіп 
өткізетінін мақтанышпен айтып жүретін Александр: 

 
Ерік 
екеумізді 
Валерий 
Николаевичтің 
жаттықтыра 
бастағанына 
биыл, 
міне, 
алтыншы 
жыл. 
Ал 
үлкен 
боксқа  келуіміз  өз  алдына  бір  төбе  әңгіме.  Мектепте  оқып 
жүрген  кезде-ақ  екеуміз  «Динамо» ерікті спорт қоғамының  залынан 
шықпайтын 
едік. 
Ерік 
жеңіл 
атлетикамен, 
ал  мен  ауыр  атлетикамен  айналысып  жүрдім.  Ал  келе- 

 
 
келе  ақ  шаршы  алаңға  деген  құштарлық  сөзіміз  бізді 
Валерий  Николаевичпен  табыстырды,—  дейді  А.  Мирошниченко  езу 
тарта. 

 
Басты мақсат — шеберлікті шыңдау. Отандық бокс 
өнерін тамаша жеңістермен өрнектеу,— деді әңгімеге араласқан 
Ерік.— Ал республика командасы туралы сөз болғанда өзіміз әрдайым 
мақтаныш тұтатын С. Қонақбаев, В. Демьяненко, С. Нұрқазов сынды 
шаршы алаң шеберлерінің есімін ауызға аламыз. Біле білген жанға 
бұлардың әрқайсысының өзіндік ойын мәнері, үлкен спорттағы өз 
қолтаңбалары бар боксшылар. Спартакиада жарыстарын Қазақстан 
боксшылары екінші орынмен қорытындылады. Ал қазір ойлап қарасақ, 
одан да жоғарғы көрсеткішке жетуге мүмкіндігіміз бар екен. Алайда, 
өткен іске өкініп айту тағы да әбестік болар. Сондықтан да бүгінгі 
міндет-ақ шаршы алаңды жаңа жеңістер легімен безендіру. 
Спартакиада  саңлағы  осылай  дейді.  Ал  шын  сайыскердің  үнемі 
шыңдалу  үстінде  жүретіндігі  тағы  ақиқат.  Олай  болса,  шаршы  алаң 
сардары  Ерік  Хакімовтың  егеменді  еліміздің  даңқын  асыруға 
құлшынулы екендігіне таңырқауға болмайды. 
3. ҮМІТКЕР 
— 
Бокс! 
Іле  бірде  ауа  қармасып,  енді  бірде  нысаналы  тұсқа  дәл  тиген 
тегеурінді  сокқылар  нөпірі  басталды.  Тығыншықтай  қос  боксшының 
«қауырт»  қимылдарына  сүйсінген  жанкүйерлер  де  гу-гулесіп  ала 
жөнелді. 

 
Соқ, Кәрімжан. 

 
Қап, әттеген-ай... оңтайлы сәтті пайдаланбай...
 

 
Гасанов та осал емес екен.
 
Шаршы  алаңдағы  кезекті  сайысқа  мұқият  әзірленген  Кәрімжан 
Әбдірахманов  қарсыласы  Гасан  Гасановты  ринг  бұрышына  қарай 
тығыстыра берді. Әріптесінің аракідік сол қолымен ебедейсіз қимылдаған 
сәтін  ұтымды  пайдаланған  ол  қас-қағымда  ұпай 
алды. 
Ал  Гасановта 
қарсыласына оңайлықпен бөрілер емес. Күні бүгінге дейін шаршы алаңда 
64  рет  жекпе-жек  өткізіп,  оның  бірінде  жеңіске  жеткен  дағыстандық 
боксшының  үлкен  спорт  өнерінің  осы  түрімен  айналысып  жүргеніне 
алтыншы  жыл.  Өзіндік  шеберлігімен  Махачкала  жанкүйерлерін 
тамсантқан  Гасанов  Алматыда  жалауын  көтерген  Қарулы  Күштер 
біріншілігіне  нық  сеніммен  келген  болатын.  Қазақстан астанасындағы 
сайыста 
48 
килограмдық  салмақ  дәрежесінде  сынға  түскен 
ол 
қарсыласының  бәрін  айқын  басымдықпен  ұтып  жартылай  финалға 
шықты. Ал жартылай финалда өзінің кезекті бәсекелесі он сегіз жасар 
спорт шебері Кәрімжан Әбдірахманов екенін білген де тіксініп қалғаны 
да  рас  еді.  Өйткені, 
ол 
Кәрімжанның  спорттық  жолына  қанықтын. 
Жартылай  финалға  дейінгі  алматылық  әріптесінің  шаршы  алаңдағы 
шеберлігін  көргенде  «қалай  болар  екен,  ә?»  деп  іштей  толқығаны  да 
рас.  Амал  не,  жеребенің  аты  жеребе...  Енді,  міне,  бірінің  сырына  бірі 

 
 
бұрыш  сырттай  қанық  қос  боксшыны  шаршы  алаң  жүзбе-жүз 
таныстырып отыр. 
...Сырт-сырт соққан сағат тілі соңғы минутқа ауысты. Самайлаған 
ащы  тердің  кермек  дәмі  Кәрімжанды  онан  сайын  ширата  түскен. 
Әлгіндегі буын-сунының алған зіл батпан ауырлықтың із-түзі қалмады. 
Қас  пен  көздің  арасында  ширығып  шыға  келген  ол  Гасановты 
«
қақпақылға алды». Тегеурінді соққылар сериясы аз-кем уақыттан соң 
сыңғырлаған гонг үніне ұласты. 
Қаңтардың  қысқа  күндерінің  бірінде  астанадағы  армияшылардың 
спорт 
клубында 
өткен  КСРО  Қарулы  Күштері  жас  боксшыларының 
арасындағы кезекті жекпе-жек осылайша аяқталған оді. Ал жеңіс Орта 
Азия әскери ок
ругінің 
өкілі Кәрімжан Әбдірахмановқа берілді. Сөйтіп, 
ол  финалдық  сынға 
жолдама 
алды.  Ақтық  сында  да  тамаша  ойын 
өрнегімен, нағыз сайыскерлерге тән шеберлігімен 
көзге 
түскен Кәрімжан 
бакулік Г. Магерамовты да айқын басымдықпен ұтып, жеңіс тұғырының 
бірінші  сатысына  көтерілді.  Сөйтіп,  жарысқа  төрешілік  етіп  жүрген 
халықаралық  дәрежедегі  спорт  шебері  білгір  бапкер  Ю.  Радонякты 
мазалаған  жұмбақ осылайша  шешімін  тапқан. Оның да өзіндік сыры 
бар.  Алматыдағы  біріншілік  басталмас  бұрын  КСРО  бокс 
федерациясында  ақпан  айының  аяғында  АҚШ-та  өтетін  халықаралық 
дәстүрлі  матчқа  баратындар  тізімі  іріктелген  болатын.  Мәселе 
Кәрімжанға  келіп  тірелгенде  «осының  өзі  қалай  болар  екен  деп 
желкесін  қасығандар  да  табылған.  Ал  біріншілік  қорытындысы  Юрий 
Михайловичтің  көңіліндегі  тұманды  ойды  серпілтіп,  соқырға  таяқ 
ұстатқандай болды. 
*   *   *  
Таластың  бойын  қуалай  қоныстанған  краснозвездалықтардың 
көңіл-күйі  бүгін  көл-көсір.  Ауыл  адамдары  жұмыс  күнінің  бесшамаға 
таман аяқталатындығын бір-біріне әлдеқашан-ақ құлақтанып үлгерген. 
Екі адам кездесе қалса болғаны, бүгін кешке колхоз клубында өтетін 
боксшылар сайысына ойысады. 
— 
Бәке,  сізге  өтірік,  маған  шын,  кәдімгі  кинодағы  секілді. 
Қараңызшы, әні... 
Терезеге мойынын соза берген тәпелтек қара жанындағы қапсағай 
денеліні  әңгімеге  еліктіре  тартқысы  келгендей  бір  сүйем  темекі 
тұқылын езуіне қыстыра қойып, алақандарын уқалап-уқалап жіберді. 

 
Көрші колхоздардан да келе ме екен? 

 
0,  келгенде  қандай,  ал  бірақ  біздің  балалар  да 
есесін жібере қоймас. 

 
Балалары несі, немене бұған ересектер қатыспай ма? 

 
Облыс  мектеп  оқушыларының  спартакиадасы  қарсаңындағы 
іріктеу 
жарысы 
екен 
бұл. 
Мұқаш 
мұғалімнің 
қыс бойы дайындаған балаларының шекелесін көреміз. 

 
Балтабайдың  іші  қылп  ете  қалды.  «Сол  мұғалімнің 
желіктіргеніне біздің үйдегі жаман қара да жел қомданып жүруші еді. 

 
 
Түнеукүні 
бір 
рет 
көзі 
көгеріп, 
шеке- 
сінің торсиғанын да байқап қалып едім»... 
Сүйткенше болған жоқ әп-сәтте бір қауым болып жиналып қалған 
жұрт  дүрмектесе,  дүбірлесе  клуб  ішіне  кірген.  Әлгі  тәмпіш  тәпелтек 
қара  десе  дегендей-ақ  екен,  шағын  ғана  клуб  ішін  кішігірім  аренаға 
айналыпты. Балтабай ақ арқанды рингті айналып өте бергенде сол жақ 
қатардағы  елеусіз  тұстан  отырған  жұбайы  Сағатты  байқап  қалды. 
«Мұнысы  несі  екен,  ә...  желігіп...  Бокста  не  шаруасы  бар  екен,  басқа 
жұмысы  құрып  қалғандай».  Әйелінің  мына  отырысына  таңырқаған 
Балтабай  сәлден  соң  ақ  Сағатты  мұнда  жетелеген  нендей  күш  екенін 
сезе қойған. Ол асыға абдырай жұбайының жанына жеткенше балқын 
боксшылардың сайысы да басталып кеткен еді. 
Алақандай  ғана  клуб  іші  жанкүйерлердің  оқтын-оқтын  сатырлата 
соққан  алақандарынан  ақтарылған  ризашылыққа  бөленді.  Ал 
Балтабайдың  өрекпіген  көңілі  екінші  жұп  боксынан  кейін-ақ  су 
сепкендей басылған. Әлгінде ғана рингке асықпай басып шыға келген 
Кәрімжан  екінші  раунда-ақ  қарсыласына  сыр  алдырды.  Шегіншектей 
беріп  қайта  шабуылға  шықпақ  ниеті  бар  еді.  Қарсыласы  әккі  екен. 
Айласын  асырып  кетті.  Қас  пен  көздің  арасында  түйдек-түйдек 
соққының астына ала жөнелді. Басын қорғаштап мойнын бұра бергені 
сол еді, Кәрімжанның көзінің оты жарқ етті. Жанары тұманданып, зал 
іші буалдырланып кеткен. Нокдаун! 
Төреші амалсыз жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. 

 
Қап намысты қолдан берді-ау! 

 
Әй, 
Балтабай-ай, 
баланы 
осыншама 
бос 
белбеу 
қып... 

 
Кәріпжанның орнына басқасын шығару керек еді...
 

 
Сол  керек  өзіне,  әлін  білмеген  әлек  деген.  0  иесі 
ай, ә? 

 
Енді бокстың маңына жоламайтын болар. 
Әр  жерден  шудалана  шиыршық  атқан  осы  сөздер  Балтабайдың 
санасына сүңгідей сұққыланған еді. Көпе-көрнеу құлаққа оғаш естілген 
осынау  сөздер  Бәкеңнің  де  намысының  отына  май  құйгандай  болды. 
Орнынан атын тұрды. Жанарына бір 
тамшы 
жас іркіле қалған Сағат та 
жолдасының  оқыс  қылығына  «Енді  не  істемек?»  дегендей  аңтарыла 
қараған.  Балтабай  аяғын  жылдамдата  басқан  күйі  боксшылар 
дайындалатын бөлмеге қойып кеткен. 
— 
Жасыма!
— 
деді  ол.  Төмен  қарап  маңдайы  тершіген 
баласына.— Кезінде айтқанға көндің бе? Жоқ ендігі міндет кемшілікті 
түзету 
керек. 
Күніне 
он 
дайындалып, 
жүз 
дайындал  о  жағы  өз  еркіңде.  Ал  нағыз  боксшы  болам 
деген  адам  ерінбеуі  тиіс.  Бәкен  аз  кем  уақыт  Кәрімжанның  қысқа 
кекілін сипап тұрды да, кілт бұрылып есікке беттеді. Бұл 1976 жылдың 
қоңыр күзі болатын. 

 
Тоқтай  қал!  Дәл  осы  қимылды  қайта  жасап  көрші.  Тағы, 
тағы... 

 
Өңкей  жұмыртқадай  тәмпіш  қаралардың  қимылы-на  көз 

 
 
ілеспейді. 
Зал 
ортасында 
асулы 
түрған 
қыпшақты 
әлсін-әлсін  тәмпештеп  ала  жөнеліседі.  Өздері  де  әбден 
қара терге түскен. Бір сәт қолын көтеріп белгі берген бапкер: 

 
Ал  енді  аздап  тынығып  алыңдар.  Сонан  соң  жаттығудың  екінші 
бөліміне 
кірісеміз. 
Рашид 
пен 
Қанат 
бір 
жұп,  ал  Кәрімжан  меи  Болат  бір  жұп  болады.  Келістік 
қой  ә!  «Қайрат»  ерікті  спорт  қоғамының  аға  жаттықтырушысы 
Әмірхан 
Теленов 
тумысында 
елгезек 
жан. 
Сол 
себепті  де  олы  тәлімгерлері  құрмет  тұтады.  Ал  бапкер 
тәлімгерлерінің  бойында  ерінбей  тер  төге  білу  қасиетінің 
қалыптаса  бастағанына  іштей  қуанады.  Әсіресе,  Кәрімжан  мен 
Рашидті 
шаршы 
алаңдагы 
ширақ 
қимылдары 
қарсыластарының ұрымтал тұсын ұтымды пайдаланатыны қуантады. 
Қазірдің 
өзінде 
екеуі 
де 
бірінші 
разрядты 
боксшының  нормасын  орындап  үлгерді.  Кәнігі  бапкер  қос 
балғын  боксшыны  тағы  бір  сынға  салуды  ниет  еткен.  Ал 
арада  жарты  ай  уақыт  өткенде  Кәрімжан  мен  Рашид  республика 
біріншілігіне  баратындардың  тізіміне  ілікті.  Астанадағы  боксшылар 
сайысында 
да 
тамаша 
техникалық 
шеберлік  көрсеткен  Кәрімжан  Әбдірахманов  пен  Рашид 
Кәбиров  жарыс  жүлделеріне  ие  болды.  Ал  сол  жылы  күзде 
тоғызыншы
 
класс 
оқушысы  Кәрімжан  спорт  шеберлігіне 
кандидаттықтың нормасып орындап шықты. 
*   *   *  
1982 
ЖЫЛЫ 
Орта  Азия  әскери  округының  жауынгері  Кәрімжан 
Әбдірахмановқа  қос  қуаныш  сыйлады.  Чехословакияда  өткен  «Достық 
турнирінің жеңімпазы атанған алматылық боксшыға спорт шебері атағы 
берілді.  С
ӨЙТІП
,
 
ол  республика  құрама  командасының  мүшелігіне 
қабылданды. 
Кәрімжанның  бір  айрықша  қасиеті  —  тоқмейілісуге  жаны  қас. 
Қашан  көрсең  де  ізденіп  жүргені.  Жаттығудан  қол  қалт  етсе  болғаны 
үлкен  бокс  жайында  жазылған  кітаптарды,  мерзімді  баспасөздерді 
ақтарыстырып  отырғаны.  Спорттық  апталықтардан,  бюллетеньдерден 
алған ісерлерін жаңалықтарды өзгелерге де жеткізуге асығады, - дейді 
Орта Азия әскери округы боксшылар командасының бапкері Әбдірашит 
Әбдірахманов.  Бапкер  айтса  айтқандай  Кәрімжанның  ұдайы  ізденіп 
жүретіндігінің талай рет куәсі болғанымыз бар. 
АҚШ-та  өтетін  халықаралық  дәстүрлі  матчы  еліміз  командасы 
алдына  зор  міндет  жүктегені  белгілі.  Ал  оған  менің  қатысуым  мен 
секілді жас боксшыға көрсетілген зор сенім деп білемін. Сондықтан да 
Невада штатындағы матчқа тыңғылықты әзірлену қажет болды,— дейді 
Кәрімжанов  —  АҚШ-қа  аттанарға  дейін  48  килограмдық  салмақ 
дәрежесінде  сынға  түсетін  америкалық  әріптестеріміз  жайлы 
тыңғылықты танысқан едік. Оның үстіне мен де бұрыннан-ак, шет ел 
боксшылары  жайлы  жазылған  мәліметтерге  толы  кітапшам  бар 

 
 
болатын.  Ол  мәліметітер  кезінде  спорт  апталықтарынан,  мерзімді 
баспасөздерден  алынған  еді.  Ал  міне  осы  жолы  кітапшам  тағы  да 
көмекке  келді.  Кітапшаны  парақтап  отырып  Хосе  Росарио  жөніндегі 
қосымша деректерге қанықтым. Ал Лас-Вегасқа келген соң оның ойын 
мәнерімен  таныстым.  Ал  бұл  таныстық  екеуміздің  шаршы  алаңдағы 
жекпе-жегімізге ұласты! 
Лас-Вегастағы  сында  Хосе  Росарионы  ұтқан  Кәрімжан  Сиркауз 
қаласында  болған  сайыста  да  жеңімпаз  атанды.  Бұл  жолы  ол  Вернан 
Макгринді айқын басымдықпен жеңді. 
Әп  сәтте  зал  ішінің  астаң-кестеңі  шықты.  Іле  балғын  қолғаб 
шеберлерінің жекпе-жектері басталып кетті. Жұп-жұптасқан қимылдар 
нағыз  үлкен  рингтегі  шекелестерден  бірде  кем  емес.  Бұл  үстіміздегі 
жылы  жаз  айында  өтетін  әлемдік  сайысқа  әзірлікке  кіріскен 
республика  боксшыларыиың  бір  тобы.  Ал  солардың  ортасында  үлкен 
бокс құпиясын меңгерген Кәрімжан Әбдірахманов та жүр! 
1993 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет