** *
Сағымбай Қабашұлы Қозыбаев қаламының желі бар журналист
кадрларын даярлауда қажырлы еңбек етіп жүрген, міне, сондай
қаламгерлердің бірі. Жоғарыда атап өткеніміздей, 1970 жылы Ленинград
Мемлекеттік университетін бітіргеннен бергі оның бүкіл саналы өмірі
Қазақстан газет-журналдарымен тікелей байланысты. Оның қаламынан
туған «Төртінші майдан», «Доброе имя народу», «Моя «Ленсмена»,
«Лики времени» деп аталатын кітаптары оқырмандар тарапынан
лайықты бағасын алды.
Ал «Ядовитые стрелы», «Аудитория – весь Казахстан» деп
аталатын кітаптары Қазақстан Журналистер одағы сыйлығына ие болса,
«Доброе имя народу» деп аталатын шығармасы Қазақстан Республикасы
Мәдениет ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі алқасының
арнайы дипломымен марапатталды.
С. Қозыбаев республика бұқаралық ақпарат құралдарының
тарихын зерттеуші ғалым және журналист кадрларын даярлауда
біліктілік көрсетіп жүрген тәлімгер ұстаз. Оның ғылыми жетекшілігімен
18 адам докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғады. Кезінде
журналистика факультетінің деканы, бұқаралық ақпарат құралдары және
газет істері кафедрасының, халықаралық журналистика кафедрасының
меңгерушісі болған ол қазір журналистика тарихы кафедрасының
меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді.
С.Қозыбаев өзінің ұстаздық тәлімгерлік қызметін бұқаралық
ақпарат құралдар саласындағы қоғамдық қызметтерімен де шебер
ұштастырып жүр. Ол Қазақстан Республикасы Саяси ғылымдары
академиясының академигі (1997ж.), сонымен қатар өзі негізін қалаған
Қазақстан Журналистика академиясының тұңғыш президенті.
* * *
Сыршыл мінез Сәкең аға жасына келді. Ол қай қызметте жүрсе де
өз ортасына сыйымдылығымен, ілтипатымен зор құрметке ие. Ал ең
бастысы оның қазақ әлеуметі қадір тұтатын Қозыбаевтар әулеті дейтін
атқа кір келтірмей көшелі іске нұсқа болып жүргендігі.
2004
ЖЕҢІЛДІ ОЙЛАП, САЯЗДЫ ҚАЛҚЫМАҒАН
Осыдан тура 45 жыл бұрын сонау Көкше өңірінің бір түкпірінен
талаптын тұлпарына үзеңгі салган жас талант былай деп үн қатты:
Демеймін жаны жұмбақ, жалқы жаспын –
Бірақ арзан күлкіге шалқымаспын.
Өз ойым бар, өмірде өз орным бар,
Жеңілді ойлап, саязда қалқымаспын.
Әдебиет әлеміне осылайша өзіңдік берік байламмен, сөз өнерінің
қадір-қасиетін ерекше бағалап серт беріп келген бұл жас өреніңіз Ақтай
қарттың ұлы Сарбас| бала еді.
Жеңілді ойлап саязда қалқымаспын.
Осы өлшем, ойлап қарасаңыз, біз шығармашылық жолына барлау
жасағалы отырған қаламгердің ғұмыр жолының өлшеміне айналған екен.
Егер алдына кітап шығаруды ғана мақсат етіп қойған жан болғанда осы
күнгі кейбіреулер сияқты одан-бұдан шатып-бұтып, оптап-соптап
бүйеңді, бүйірлі кітап шығара беруіне әлдеқашан-ак болар еді. Сәкең
өйтпеді. Ол о бастан-ақ Сөз өнерінің киесіне бас иді, оған адалдық
танытгы. Талғам таразысының өлшемін биіктете білді. Сондықтан болар
оның қаламынан туған тырнақалды дүниелерінен бастап күні бүгінде
оқырманның көзайымына айналған «Ханзаданың қасіреті», «Қазак
ханымдары», «Оқжетпес» кітаптары секілді туындылары
жылдар бойы
ш
еберлік ұстартудың,
шындаудың
жемісі дер
едік.
Аз
жазса да
саз
жазатын таланттар
дәстүрінің тамаша үлгісі
дер едік.
Әдебиет
әлемінде әуелі
жас
акын болып танылған Сарбас Ақтаев
бертін деректі прозалық шығармаларымен жұрт ілтипатына бөлене
бастады.
Бұл
туралы кезінде Жұбан Молдағалиев былай
деп жазды:
«С.Ақтаев
ежелгі қазақ жерінде күн сайын болып жатқан
жасампаздық істерді,
халықтың ерен
еңбегін
шынайы
шыншылдықпен
кестелей біледі.
Бұл жағынан
ол
шеберліктін шын үлгісін
көрсетіп жүр».
Туған
әдебиетіміздің тамаша тарландарының бір
інің
осылайша
Сәкең
шығармашылығына әділ баға
беруі
кездейсоқ емес, әрине.
Әдеби ортаның
осындай лайыкты ілтипатына бөленуінің
астарында
жылдар бойғы ізденістің, шын
қиналыстың
ізі сайрап жатқаны
ақиқат.
Бұлай
дейтініміз,
ол ұзақ жылдар әдебиетшілік,
жазушылық өнерді
журналистік
кызметпен қатар алып жүрді. Оның
шындығына
мына
деректерге көз жүгіртсеңіз жетіп-ақ
жатыр.
1958 жылы оның
ұзақ жылғы
зейнеті
мен бейнеті ал
мағайып
түсіп
жатқан
журналистік
жұмысы басталады.
Алғаш
Көкшетау облыстық
газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болған ол бірер жыл
республикалық
«Ара-Шмель»
журналында
саяси
сатирамен
шұғылданды. 1965жылдың басында Алматы облыстық «Жетісу» газетіне
Бас редактордың орынбасарлығына шақыртылып,
одан бірінші
орынбасар болып тоғыз жылдай қызмет
етті.
Қаламы кәміл
шындалған тұста
ол
шығармашылық ғұмырының он
жеті жылын республика баспасөзінің қарашаңырағы – «Социалистік
Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақ
стан»)
газетіне берді.
1973
жылдың
қарашасында бас редактордың орынбасары болып келген ол кейін
бірінші орынбасар болып ұзақ жыл
еңбек
етті.
1990 жылы
республика Жоғарғы Кеңесі мен Үкіметінің үні
–
«Халық кеңесі» газетіне бас
редактор болып сайланып, айтақырдан
айбынды газет жасады. Ал 1994 жылдың наурызынан бастап
республикалық ежелгі басылымдардың бастысының бірі – «Акиқат»
журналының бас редакторы болып тағайындалды. Күні бүгінге дейін,
зейнеткерлік демалысқа шықканнан кейін де ол осы журналда жемісті
еңбек етіп келеді.
Біле білген жан журналистік еңбектің бағы мен сырын оңай ажырата
біледі. Бейнеті мен зейнеті алмағайып түсіп жатқан осы мамандықты
мақтаныш ете білген Сәкең күндізгі өндірістен қолы сәл босай қалған
шақта көркем шығарма жазумен айналысты.
Сонау 1963 жылы жарық көрген «Тұңғыш кітап» өлеңдер
жинағынан бастап ол әдебиеттің барлык жанрында, әсіресе, деректі
проза мен әдеби публицистика саласында өндіре еңбек етті. Оның
шығармаларында
өміріміздің
көкейкесті
мәселелері,
замандастарымыздың жаркын бейнесі өз айшығын тапты. Сол себепті де
кітаптары, очерктері мен әңгімелері қазақ деректі әдебиетінде лайықты
орын алады.
Жазушы қаламынан туған «Дала туралы толғау», «Бұлар бірінші
болып еді», «Қапшағай хикаясы» кітаптары өміріміздің алуан қырын
бейнелесе, «Абылай хан», «Ханзаданың қасіреті» «Қазақ ханымдары»
кітаптары әдеби публицистикалық бедерімен, тарихи тың дәйектерімен
дараланады. Оның Абылай хан, Шак-шак Жәнібек, Хан Кене, Айғаным,
Батыр Бопай, Науан Хазірет, Зілқара жайындағы тарихи эсселері тың
деректерге толы. Ал 2001 жылы «Жібек жолы» баспасынан жарық
көрген «Оқжетпес» кітабы оның ұзақ жылғы ақындық еңбегінің
қорытындысы іспетті.
Сондай-ақ ол әлемдік және классикалық орыс әдебиеті
туындыларын аудару саласында да талмай тер төгіп келеді. Оның еңбегі
арқылы қазақ оқырмандары Э.Сетон-Томпсонның, Теодор Драйзердің
және Михаил Шолоховтың басты-басты әңгімелерімен, В. А. Обручевтің
«Жұмбақ жер», Н.И. Ановтың «Ән қанаты», А. Джаппарзаденің «Елге
қайт», Альбер Камюдің «Оба», Кнут Гамсунның «Аштык», «Орман
тәңірі», «Махаббат мұңы» романдарымен, сондай-ақ Р.Фрайерманның
«Түз тағысы Динго», Б. Китановичтің «Жаужүрек» повестерімен,
Д.Мамин-Сибиряктің «Қыр хикаяларымен» танысты.
Оның тәржімашылық қызметінің тағы бір нәтижесі ұлы ғалымымыз
Шокан Уәлихановтың негізгі шығармаларының қазақ оқырмандарына
жетуі. Сондай-ақ
ол
әр жылдары А.Пушкиннің, Т.Шевченконың,
И.Тургеневтің, А.Майковтың өлендерін аударып, көпұлтты кеңес
әдебиетінің
көрнекті өкілдерінің жырларын қазақ оқырмандарына
жеткізуге
ат
салысты.
Біз сөз басында Сәкеңнің шығармашылық лабораториясының бір
қырына тоқталып, ақындық даңқка
бөленбегені
мен қазақтың қара
өлеңінің
қадір-қасие
тін жете білетін,
оны
қастерлей білетін азамат
қаламгер
екендігіне көз
жеткізуге тырыстық. Осы
тұрғыдан
келгенде
оның:
Көркіне
қьзықтырып
қыз-даланы,
Шалғынның
шашын сипап күз барады.
Қайыңға сары алтыннан сырға тағып,
Бір күңгірт айтылмаған сыр қалады, –
деп келетін жыр шумақтары лирик ақындарыңыздың құлаш
серместерінен бірде кем еместігін анық байқайсыз.
Осылайша: «Қайыңға сары алтыннан сырға тағып» деп әдемі теңеу
тауып жүрек
қылын
шертіп өтерліктей өлең
жолдарын кестелей білген
Сәкеңнің шын қаламгерлік таланты деректі прозада, аударма саласында
айқын танылғанын атап айтуымыз керек.
... Бұл осыдан
жеті-сегіз
жыл бұрын болған жай еді. «Халық Кеңесі»
газетінің жарқ етіп шығып, оқырман аудиториясы
нан бедел ала
бастаған
шағы. Шаруашылық механизмдерінің жаңа арнаға
бет
алып, сонымен
қоса ана тіліміздегі сөз қолданысқа
тың
ұғымдардың,
сөздердің
кіре
бастаған кезі.
Ірілі-уақты жиналыстарда, мәслихаттарда, редакцияға келіп түсіп
жатқан хат
тарда
«рынок» деген сөз жиі айтылатын болды. Бірде өзара
әңгімеде Сәкең:
–
Біз осы қашанғы рынок, рынок деп тақылдай береміз. Осының
қазақша баламасын нарық деп алсақ қайтеді, –
деді.
–
Мұныңыз дұрыс екен, бірақ осы мәселемен айналысып жүрген
ғалымдар не дейді,
–
дедік біз де қуанып кетіп.
Ойласа келе газеттің экономика бөлі
мін
басқаратын Самат
Ибраимовты осы шаруаны өзі аралас-құралас ғалымдармен
пісіріп
келуге жұмсадық. Ол атақты экономист-ғалым, профессор Сайлау
Байзақ
овпен
пікірлесті. Жаңалық десе ішкен
асын
жерге коятын Сайлау
ағамыз рынок сөзінің баламасы табылғанына бөркін аспанға ата балаша
қуаныпты.
Сөйтіп, міне, қазір екі күннің бірінде айтылып жүретін нарык
сөзінің тұсауы «Халық кеңесі» газетінің шаңырағында кесілген еді. Ал
оның авторы талантты тәржімашы Сарбас Ақтаев мырза болатын.
Бұрын
ауыздан түспей жүріп, бертін
солақай саясаттын
салдарынан
қолданыстан шығып қалған «бап», «құқық» мәтіндерінің тілімізден өз
орнын алуына да мұрындық болды. «Адам құқығының жалпы әлемдік
Декларациясы» атты кұжатты қырық жылдан соң
өз
газетіне алғаш
аударып басқанда, аталмыш мәтіндерді қоса тірілтті «Егемен» сөзінің де
ресми қолданысқа енуі осы кісінің қаламымен ілесе
келді. КСРО Халық
депутаттарының съезіне
Парламент
тілшісі
ретінде кқатыса жүріп
жазған бір репортажында, ұмытпасам 1989 жылдың ақпаны болуы керек
осы
мәтінді қолданған еді.
Содан бері ол тілімізге балдай батып, судай
сіңді. Қазір жиі қолданып жүрген бағдарлама, айқын
дама,
тұғырнама,
тұжырымдама.
Жағажай,
саяжай сөздері де алғаш Сәкеңнің қаламымен
енді. «Жағажай» дегенді пляж
дың сәтті
табылған баламасы екен деп
сонау Мәскеуде жатып жарықтық абзал ағамыз Нұртас Ондасыновтың
жазған
хаты
да бар. Бұл қайтсем тыңнан соқпақ
салып,
соны сөз
жасаймын деген пиғылдан
емес,
өзі бар ғүмырын сарп еткен газет
жұмысының күнбе-күнгі қажетінен
туғаны сөзсіз.
Ал бұндай тапқыр
балама тың мәтіндер оның керкем аудармаларында да
аз емес.
Сәкеңнің өзге кітаптарының орны бір төбе де «Ханзаданың
касіреті», «Казақ хандары» кітаптарының
орны өз алдына бір төбе. Бұл
кітаптар
несімен
құнды? Ең алдымен, міне, осы
сауалға жауап
беру
керек. Соңғы
жылдар көлемінде тарихи тақырыпқа, өткен
дәуірдің ірі
тұлғаларына арналып жазылған шығармалар
аз емес.
Байқап қарасақ,
бұл
үрдіс Сарбас Ақтаев шығар
машылығын да
айналып кете қоймаған екен.
Сәкеңнің өзгелерден ерекшелігі өзі
жазғанындай, «...
ел
басына қатер төнсе,
ерлермен
бірге
атқа қонып, өз
халқының
:
бейқұт өңірі, бейбіт өмірі үшін шыбындай жанын алып,
қасықтай қанын төккен
аналар
туралы»
эсселер сериясына қалам
тартқан.
Айталық,
ол
Бопай ханша, Айғаным
ханша,
Күнімжан
ханым,
Фатима тоташ
туралы бұрын-соңды ғылыми-тарихи
әдебиеттерде
кездеспеген мәліметтерді іздеп
тауып, оны
шебер
пайдалана отырып
оқырман
қауымға
көркем дүниелер ұсынған.
Сарбас Ақтаевтың «Күнімжан ханым» эссесінің желісі автор өзі
білек сыбана кіріссе, көркем повестке сұранып-ақ тұрған дүние. Ал
автордың «Ханзаданың қасіреті» кітабы туралы әңгіме тіптібөлек болуға
тиіс.
Өйткені, мұнда топтастырылған деректі туындылар Сәкеңнің
жылдар бойы талғам таразысынан өткізген, сараптаған,
салмақтаған
шығармалары деп білген
жөн. Кітаптағы «Абылай ханның ағасы –
Сұлтанбет», «Науан хазірет», «Тезек төре», деп аталатын тарихи
әңгімелері осы
тұлғалардың тағдыр талайы қызық
тырған қаламгерлердің
шығармашылығына сеп
болары сөзсіз. Әдетте, дәріс
оқып,
сабақ
жүргізетін оқытушыларды
ұстаз
атаймыз да сөзімен үлгі беріп, ісімен
ұлағат болатын қызметтес ағаларды ұмытып кететініміз бар.
Ал газет,
журналда әр
сөзінді саралап, әр
тіркесінді талдап,
бағыт-бағдар беріп,
тың тақырыптарға
салып отыратын сарашыларды, яғни редакторларды
неге ұстаз атамасқа. Әсіресе, жаңадан қалам тербеп, тіл ұстартуға
құлшынған
сөз
өнерінің жас түлектеріне
аға
қаламгерлердің әсер-
ықпалы мен үлгі-өнегесі
бөлекше.
Бұл тұрғыдан Сәкең
талайларға
ақылшы ұстаз болған тамаша тәлімгер. Кезінде «Жетісу», «Егемен
Қазақстан», «Халық кеңесі» газетінде қызмет еткен, бүгінде қырықың
қырқасынан асып, алшаң басып, алпысынды бетке алып бара жатқан
белді қаламгерлердің біразы оны ақылшы аға ғана емес, абзал ұстаз
санайды. Сырағаңның, Сырбай Мәуленовтың, Сәкең жиі қайталайтын
батыр Баукеңе арнаған, кезінде еш жерде жарияланбаған бір өлеңі бар.
Күннің көзі тұрғанында қанталап,
Тұрғанында жан-жақтан жау анталап,
Өзің Батыр болмасаң да, ағажан,
Шығып едің сан батырды арқалап.
Сол сияқты Сәкең бүгінде өзі бас редактор болмаса да, қазақ
баспасөзіне талай бас редактор даярлап берді. Оның қамқор қанатының
астында түлеп, тәлім-тәрбиесін көрген азаматтар қазіргі танда оннан
астам республикалық, облыстық басылымдардың басында отыр.
Олардың аға алақанының ыстық табы әлі де маңдайында тұрғандай
сезінетініне, өз басым, кәміл сенемін.
Сөз соңында Қазақстан Жазушылар Одағы мен Журналистер
Одағының мүшесі С.Ақтаев баспасөз саласындағы жемісті еңбегі үшін
«Парасат» және екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше
медальдармен марапатталғанын атап айту ләзім. Ол екі мәрте Қазақстан
Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасына ие болды. Оған «Қазақстанның
еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» және «КСРО баспасөзінің үздігі»
құрметті атақтары берілді. Шығармашылық табыстары үшін төрт рет
Журналистер Одағы сыйлығына ие болды. Жасының жетпіс беске
келгеніне қарамастан жазушының қалам қарымы қаз қалпында. Оған
онын биыл ғана төрт кітабының жарық көруі айғақ. Журналист-жазушы
сонымен бірге республиканың қоғамдық өміріне де белсене араласады.
Кезінде Қазақстан Халық бақылау комитетінің мүшесі, Алматы қалалық
кеңесінің депутаты, Қазақстан Журналистер Одағы басқармасының
хатшысы болып сайланды. Казір де ол Тарихи ескерткіштерді қорғау
жөніндегі республикалық қоғамының басқарма мүшесі.
2009
ПРОФЕССОРЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ
ТУЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ОЙ
1.
Ізгі ниет өрнегі
Бұл осыдан 30 жыл бұрын болған жай еді. Қазақ ұлттық универ-
ситеті журналистика факультетінде оқитын кезіміз. Студент халқының
қашаннан құлағы түрік жүретіні белгілі. Алғашқы 1-2 курста небір
профессорлардың алдынан дәріс алып, көп жағдайдың ұңғыл-шұң-
ғылына қанығып қалған әріптестеріміздің бірі:
–
Ал, жігіттер, білесіңдер ме, философиядан бір жас доцент сабақ
береді екен. Есіл уақытты қор қылғанша, екі парды жіберіп, “суатқа”
тартсақ қайтеді? – деп былайғыларымыздан жауап күтті.
–
Сөйтсек, сөйтейік, – деп ішіміздегі сақа жігіттердің бірері ала-
қандарын уқаласып қалды. Олардың көкейін тескендегісі – сырахана.
–
Лектор жас болғанмен, ұстаз ғой. Бәріміз ошарыла кеткеніміз
қалай болар екен, – деп енді бірі екіншісін сабырға шақырғандай болып
жатты.
Өстіп тұрғанда көмірдей қара шашын әдемілеп тараған, үстіне су
жаңа қара костюм-шалбар киіп, онымен қоса галстугын да сәнді етіп
таққан, қоңыр папкалы кісі аудиториямызға жақындап келіп:
– 312-
ші осы ма? – деп сұрады.
–
Осы, осы, – деп шу ете қалыстық. Жаңағы кісі бізбен күлімсірей
сәлемдесті де, бірден шалт қимылмен аудиторияға кіріп кетті. Сөйтіп, аз-
кем уақыт аудиторияның ішін көктей шола барлап тұрды да:
–
Ал, жігіттер, қыздар орнымызға жайғасайық. Мен сіздерге
философия пәнінен дәріс оқитын ұстаздарыңмын. Аты-жөнім Раушанбек
Әбсаттаров, – деді.
Әңгіменің шыны керек, алғашқы сәтте жас ұстазға мойынсұнғысы
келмеген, бұра тартуға ыңғайлас жігіттеріміз әрлі-берлі мінез көрсетуге
ыңғайланып еді, оларынан түк шықпады. Жас лектор оларға мүмкіндік
бермек түгілі өзінің бар болмыс-бітімімен, ырғақты дауысымен
аудитория ішін алғашқы сәттерден-ақ баурап алды. Лекцияны оқулық
ауқымындағы мәселелермен ғана шектеп қалмай, қазақ тарихымен, қазақ
тағдырымен тікелей байланыстыра сабақтады. Лекцияның қызғылықты,
мазмұнды болғандығы соншалықты, 45 минөттің қалай өткенін білмей
де қалыппыз.
Шәкірт жүрегін баураған осы алғашқы лекциядан соң-ақ біздер жас
ғалымның дәрісі болатын күндерді асыға күтетін болдық. Ал сабақтан
зытып “суатқа” беттеу деген әңгіме ептеп болса да екінші планға сырғып
кетті…
Өзіне деген студенттердің осындай бір ілтипатын сезген болу керек,
Раушанбек ағамыз да білгені мен түйгенін құрмет тұтқан шәкірттерімен
бөлісуге асығатынын біз де байқадық. Сөйтіп, ол үйірме құрды. Сол
үйірмеге де топ-тобымызбен қатысып, баяндамалар әзірлейтін болдық.
Онымыз университеттің студенттердің ғылыми конференциясында
жақсы жағынан бағаланып та жататын.
Кейін жылдар өте бақсақ, ұстаз деп аталатын ұлы ұғымның бар қа-
дір-қасиетін бойына сіңірген оқымысты ағамыз Раушанбек Боранбайұлы
Әбсаттаров осы бір дәстүрді өзінің өмірлік қағидатына айналдырған
екен. Бізден кейінгі курстың студенттерімен де осылайша қауышып,
достасып олардың үлкен ғылымның қия жолына бет алуына түрткі
болғанын әріптестеріміз бүгінде жыр ғып айтады.
Бір кездері Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университе-
тінің философия факультетін үздік бітіріп, өзінің бүкіл тағдырын Қа-
зақстан ғылымының өсіп-өркендеу жолымен байланыстырған Рекең
қашанда үлкенге іні, кішіге аға болу қасиетінен танған емес. Оның
ғылыми-педагогикалық еңбектері Қазақстанның бүгінгі саяси өрлеу
кезеңдерінің өзекті мәселелерімен сабақтас. Бұл туралы айтқанда мына
бір жағдаятқа айырықша назар аударған дұрыс.
Тоқсаныншы жылдары еліміздің ғылыми-педагогикалық саласында
да түбірлі өзгерістер жасау міндеті тұрғаны белгілі еді. Міне, осы тұста
профессор Раушанбек Әбсаттаров өзінің бар білігі мен білімін ортақ
мүдделі іске бағыттауға тырысты. Бұған бір ғана мысал келтіруімізге
болады. Айталық, Қазақстанда ең алғаш рет саяси ғылымдарының док-
торы ғылыми дәрежесін беру туралы диссертация кеңесінің ашылуына
оның тікелей ықпалы болғаны сөзсіз. Өйткені, осы мәселе төңірегінде
Мәскеуге бірнеше рет хат жазылып, одан тиісті нәтиже шықпаған еді.
Мұны көзі тірісінде профессор Тілеміс Мұстафин марқұм да айтып
жүреді екен. Сөйтіп, ол Рекеңе қолқа салады. Ал Раушанбек
Боранбайұлы бұл мәселеге білек сыбана кірісіп, КСРО Жоғары аттес-
тациялық комиссиясында отырған лауазымды кісілермен әлденеше рет
сөйлесіп, олардың осы мәселе төңірегіндегі әңгімеге көздерін жеткізіп,
ақыр соңында саяси ғылым саласы бойынша диссертациялық кеңестің
ашылуына ықпал етеді.
Осы шаруаны оңынан орайластырумен бірге, өзі өзгелерге үлгі
көрсете білді. Сөйтіп, ол елімізде әлеуметтік саяси ғылымдарының да-
муына үлес қосып, 8 тілде 32 монография, түрлі кітаптар, оқу
құралдарын, кітапшалар және 500-ден астам ғылыми және оқу-
әдістемелік мақалалар жариялады. Осы еңбектерде ғалым саясаттану
және әлеуметтану үшін іргелі және қолданбалы маңызы бар ғылыми
нәтижелерге қол жеткізді. Республикада ұлтаралық қарым-қатынас
мәдениеті және оған тәрбиелеу, этносаяси қауымдастық, ұлттық және
жалпықазақстандық сана, қоғамдық келісім, ұлттық қарама-
қайшылықтар және оларды шешудің жолдары, адами қызметтің әмбе-
баптануы және кіріктелу үрдісі, халықтардың бірлігі және олардың ой-
лау стилінің әртүрлілігі салыстырмалы саясаттану және тағы басқа
бағыттардың қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосты.
Оның тың көзқарастары, ой толғаулары әлеуметтік саяси қаты-
настардың қағидатты және күрделі ғылыми проблемаларын шешуде
батылдықпен, жаңашылдықпен ерекшеленді. Осы ретте Рекеңнің
“Ғылыми-техникалық прогресс және ұлтаралық қарым-қатынас”, “Ұлт-
тық қатынастардың дамуы: проблемалары мен басқаруы”, “Ұлттық
үрдістер: ерекшеліктері мен проблемалары”, “Студенттерді ұлтаралық
қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу: теориясы мен практикасы”,
“Саясаттану және оның проблемалары” деп аталатын еңбектері зиялы
ортадан, ғылыми педагогикалық қауымнан лайықты бағасын алған.
Тәуелсіздіктің таңы атысымен қазақ ғалымдары бұрынғы сарытап
кеңестік идеологияның құрсауынан арылып, өздерінің ой орамдарын
ғаламдық мәселелермен орайластыруға, шендестіруге тырысып келе
жатқаны сөзсіз. Сондықтан да болу керек, қазіргі таңда қазақ ғалымдары
төрткүл дүниенің төрт бұрышын шарлап кеткені мәлім. Осы орайда
Раушанбек Әбсаттаровтың да Оңтүстік Кореяға, Түркияға, Жапонияға,
Біріккен Араб Әмірліктеріне, Египетке, Ресейге, Украинаға, Белорус-
сияға барған іссапарлары нәтижелі болғаны ақиқат. Ол елуден астам
халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалар
жасады. Тәуелсіз Қазақстанның саяси ғылымында атқарылып жатқан
жоталы мәселелерді халықаралық қоғамдастықтың назарына салды.
“Шәкіртсіз ұстаз тұл” дейтін қанатты қағида бар. Олай болса, Рекең
бүгінде өзінің алдынан қанат қағып, тұсауын кескен жас достары туралы
әрдайым мақтанышпен марқая әңгімелеп отырады. Ол күні бүгінге дейін
18 ғылым кандидатын, 3 ғылым докторын даярлап шығарған екен.
Бұлардың қай-қайсысы да бүгінде халық шаруашылығының сан
саласында, бірегей білім мен ғылым ордаларында жемісті еңбек етіп
келеді.
–
Ғылыми-педагогикалық жұмыс түсіне білген жанға үздіксіз білім
жетілдірудің ошағы. Өйткені, бүгінгі таңда аудиторияға барып лекция
оқу үшін үлкен дайындық қажет. Себебі, қазіргідей ғылыми техникалық
прогрестің қарқынды дамыған шағында терең білім мен біліктілікке қол
жеткізу қазіргі ұстаз атаулыға қойылатын ең бірінші өлшем болуы тиіс, –
дейді Раушанбек Боранбайұлы. – Сондықтан өзім, негізінен, ізденісімнің
түпқазығына айналып отырған саяси ғылымның өсіп-өркендеуіне байла-
нысты көргенім мен түйгенімді топтастырып, үш томдық кітап шығар-
сам ба деп отырмын. Ол “Саяси ғылымның ерекшеліктері мен проблем-
алары” деп аталады. Көлемі 80 баспа табақтай болмақ.
Осынау бірегей еңбекке біздің байқауымызша ғалымның әр жыл-
дары мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған сүбелі туындылары
топтастырылмақ. Себебі, өзінің ұстаздық жолын Қазақ мемлекеттік
университетінде бастаған оның ғылыми ізденістері Қазақстан Республи-
касы Президентінің жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және
болжау институтында жалғасты. Еліміздің тәуелсіздік алуымен орайлас
тұсауы кесілген бұл жоғары оқу орнында Рекең саясат әлеуметтануы
және философия кафедрасының меңгерушісі болды. Өзінің
білімділігімен, біліктілігімен әріптестерінен оқ бойы алда жүретін
ғалымға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі аппаратының
кеңесшісі қызметі де ұсынылған болатын. Ол саяси ақпараттық-талдау
жұмыстарын шебер де ұтқыр ұйымдастыра білуімен көзге түсті. Ол
жұмысы да лайықты бағаланып отырды. 1997 жылдан ғалымның еңбек
жолы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен
тығыз байланысты. Мұнда Рекең ғылыми педагогикалық кадрларды
тәрбиелеуде қыруар тәжірибе жинақтады, онысын өзінің жас
әріптестерінің бойына дарытуға күш салды. Тарих факультетінің деканы
болды. Саясаттану және әлеуметтану кафедрасын шеберлікпен басқара
білді. Ал қазір университеттің магистратура және PhD докторантура
институты саясаттану және әлеуметтік экономикалық пәндер кафед-
расының меңгерушісі.
Рекеңнің ғұмыр жолына зер салып отырсаңыз ол біз жоғарыдағы
тізбелеген қай жұмыста жүрсе де өзінің тыңдырымдылығымен, ұқыпты-
лығымен әріптестерінің, шәкірттерінің ілтипатына ие. Сөз басында
ұстаздың шәкірттермен арадағы таныстығынан бір деталь келтірген едік.
Оның да өзіндік себебі бар. Өйткені, сол шәкірттерімен Рекең әлі күнге
дейін тығыз қарым-қатынаста, шығармашылық байланыста.
Ол еліміздегі байырғы басылымдардың бірі – ұлттық қоғамдық-сая-
си “Ақиқат” журналының редакциялық алқа мүшесі. Рекең алқа мүшесі
ретінде журнал жұмысының бұқаралық сипат алуына үлес қосып келеді.
2.
Достарыңызбен бөлісу: |