2.
«МЕЦЕНАТ БОЛДЫМ, МІНЕКЕЙ...»
... Екінші курстамыз. 1978 жылдың қысы кәдімгідей қаһарлы
болды. Май тоңғысыз күз айлары да артта қалып, бүрсең қағар күндерге
киліктік.
Өзгелерге қарағанда менің қарбаласым қат еді. Себеп: осы курстың
басында үйленіп, Әлима екеуміз пәтерге шығып ек. Үйлену тойынан соң
Бөкең – Болатбек досым «Москвич» жалдап, екі шабадан жүгімізбен
бізді бірінші Алматыдағы Арктическая 111 үйге әкеп орналастырды.
Пәтер иесі Күлғасыл апаның қуанышында шек жоқ. Құдды бір жалғыз
ұлы әскерден кеп, онымен қоймай келіншек түсіріп жатқандай бәйек.
Үйленген жылдың алғашқы айлары. Курстастар бірінен соң бірі
келіп, күнде ойын, күнде той дегендей. Оның үстінде оқу озаты
болғандықтан қоғамдық жұмыстар да шаш етектен. Факультет
кәсіподақ комитетінің төрағасымын.
Былайынша журфактағы санаулы биліктің иесімін. Қолымда деканаттан
асханаға берілетін талондар, санаторий-профилакторийге берілетін
жолдамалар бар дегендей.
Мұндай жағдайда жасаған шаруалардың бәрі тап-тұйнақтай
құжатталып әр мәселе өзінің рет-ретімен шешіліп тұруы тиіс. Бұл
талап мүлтіксіз орындалып келе жатқан. Осы қыс әлгі талапқа қиыстау
келетін жағдайға киліктік те қалдық.
Өтеш – Өтеген Наукиев алғашқы жұптан соңғы үзіліс арасында
мені оңашалап алып шықты да:
–
Жұмабек, не істейміз, бақандай бесеуімізді жатақханадан айдап
шықты. Үшінші курстан екі-үш жігіт те бар.
–
Не боп қалды соншалық?
–
Не болды дерің бар ма, қазір оның себебін іздеуге уақыт жоқ.
Қыстың
көзі қырауда далада қалдық. Аралап көріп ек, пәтерлердің құны удай.
Орыстың кемпірлері әкесінің құнын сұрайды.
–
Енді не істе дейсің маған?
Ана профилакторий ше? Виноградовадағы. Соған барайық. Он күн
болса да соған барып жан сақтай тұрайық.
Өтеген – курс кәсіподақ комитетінің төрағасы. Ол менде
профилакторийге жолдама барын білетін. Әңгіме осымен тамам болды
да, кешікпей бес жігіт профилакторийге орналасты.
Мұнымды университет кәсіподақ комитетінің басшысы Анатолий
Коноваленкоға куәлендіріп, қос-қостан мөр соқтырып, ол аз болғандай
хаттама толтырттым. Бәрі заңдастырылды. Күндер зулап өтіп жатыр.
Жігіттер де бауыр басып алған. Он күні өтіп, енді екінші он күндіктер
басталып кеткен.
Үшінші қабаттағы коридордың бойымен қабырға газетін жағалап
кетіп бара жатсам желке жағымнан:
–
Әй, меценат, бері бұрылсаңшы, – деген дауыс шығады. Тікелей
аты-жөнім аталмағандықтан онша мән бергем жоқ.
Әлден уақытта әлгі дауыс бұрынғыдан да ащырақ естілді. Таныс дауыс –
декандікі! Жалт бұрылдым.
–
Мен саған айтам!
Ол сұқ саусағын маған безеп тұр.
–
Ағай, не болды? Екі-үш аттап жанына жетіп бардым.
–
–
Не болды дейді түк білмегенсіп. Біз мына факультетте темірдей тәртіп
орнатамыз деп әлекпіз, ал сен сөзуарлар мен сойқандардың шашбауын
көтеріп әлексің. Мемлекет есебінен меценат болғың келеді, ә?
Әңгіменің ауанын осы тұста бір-ақ байқадым. Кейін білдім. Әлде
біреулер жігіттерге профилакторийге жолдама бергенімді өңін өзгертіп
жеткізген.
–
Дереу, бүгіннен қалмай аналар табанын жалтыратсын.
–
Түсінікті, профилакторийден шығар деп тұр. Өтегенге команда
беруге тура келді.
–
–
Өтеш, мен «меценат» деген атақ алдым. Жақсы мағынада ма,
әлде кері мағынада ма, оны өзің біл. Бірақ әңгімені жігіттерге жеткіз.
Деканның қаһары қатты.
Түс қайта деканға кірдім. Темағаңның манағы екпіні басылып
қалыпты. Жанында студсовет Исламбек пен комсомол хатшысы Серік
Құрманов отыр екен.
–
Ағай, талша мойыным қылша мінекей, не істесеңіз де өз
ықтиярыңызда. Ал бірақ мынадай ақ қар көк мұзда жігіттерді дірдектетіп
көшеге қаңғыртуға менің дәтім жетпеді. Мүмкіндік бола тұра бұлай ету
азаматтық болмас еді. Өзіңіз солай оқытып жүрсіз. Сіздің тәліміңіз,
сіздің тағылымыңыз!
Темағаң есті пікірді елей білетін мәрт кісі еді жарықтық. Өз сөзін
өзіне салғанымда 180 градусқа айналып түсті. Кек сақтамады!
Бұл оқиғаға ол қайта айналып соққан жоқ. Мен де мұны
жігіттердің есіне салып, «өйтіп едім, бүйтіп едім» деп айта беруді
ағаттық санадым.
Әділдік дейтін ұғымның иненің жасуындай болса да бір шарапаты осы
тұста жарқ етіп көрінгенін іштей болса да ол сезді-ау деймін. Әйтпесе, ол
мені Лениндік степендияға ұсынуға қол қойып, депутаттық мандатыма
дауыс бермес еді ғой!
2011
ҚАЙРАТҚА ҚАНАТ БАЙЛАҒАН
1981 жылдың көктемі. Әдетте, жылдың осы бір мезгілі жандүниеңе
жылылық сыйлайды десек те, ал мен үшін оның салмағы зіл батпан
болды.
Оқу бітірген кез. Қарекеті көп, қарбалас шақ. Университеттен соң
қайда барамыз, ректорат бізді қайда бөледі деп бір бас қатырсақ,
артынша дипломдық жұмыс жазудың машақатымен маталдық. Оны
ыңғайластыра бергенде мемлекеттік емтиханның қақпақылы басталды.
Мұның бәрі ештеңе емес-ау, осы университеттің бірінші курсында
оқитын қарындасымның жазылмас дертке шалдығуы, оны емдетемін
деп шапқылау әбден титықтатып жіберді. Осы жағдайдан хабардар
Торғайдағы он баланың бағып-қағуы өздерінің мойнындағы әке-
шешемнің уайымы мен қайғысы маған деген үміті мен сенімі ойға
түскенде жанымды қоярға жер таппайтын едім...
Осылайша шақшадай басым шарадай болып жүргенде «Социалистік
Қазақстан» газеті редакциясының жауапты хатшысы Кеңес Юсупов аға
шақыртып жатыр деген хабар алдым.
-
Иә, батыр келдің бе, жаңа ғана бір ақбақайға сәт сапар тілеп едім, -
деп көзілдірігінің астынан күлімсірей қарап мені бастан-аяқ бір барлап
өтті. – Студент-депутат деп еді, значогың жарасып тұр. Лениндік
стипендиатсың ғой. Әкел, кәне, көрелік жазғандарыңды.
Оның ақбақай деп тұрғаны, кейін білсем Қуанбек Боқаев екен. Мен
жауапты хатшының қабылдауына келе жатқанда, оның кабинетінен
шашы желкесіне түскен, ақ туфлилі, сәнді киінген кісімен ұшырасып,
бас изесіп өте шыққанмын. Кейін Қанекең екеумізге жұмысқа алыну
туралы бұйрық бір күнде шыққан. Ол кісі редакциядағы тәртіпке
байланысты шашын ықшамдатып, галстук таққанымен ақ туфлиін
күздің қара басына дейін тастамай киіп жүрді. Қанекең газеттің
экономика бөлімінде өндіртіп қызмет атқарды. Қаламынан талай ойлы
мақалалар туды.
Кеңес аға менің қолымдағы папканы салмақтап көріп:
-
Роман жазғаннан саумысың, - деді алтын зерлі көзілдірігін оң
қолымен түзей түсіп.
Мен де қарап қалмай:
-
Газет қиындыларымен қоса қолжазбаларым да бар еді, солар ғой,
папканы қампитып тұрған, - деп әліптің соңын бақтым.
-
Келер аптада осы уақытта бір хабарын аларсың. Сапекең өзі
қабылдайды.
Кеңес ағай әңгіме осымен тәмам дегендей көзілдірігінің астынан
күлімсірей қарап, маған оң қолын созды.
Сол әңгімеден соң арада бір апта өтті. Екінші апта өтті. Ал, Кеңес
ағадан хабар жоқ. Мен мазасыздана бастадым. Сол екі ортада деканатта
жас мамандарды алдын-ала тиісті газет-журналдарға, облыс-облыстарға
бөлуге байланысты комиссия да болып өтті. Комиссия төрағасы маған
кезек келгенде:
-
Қазақ телевизиясына барсаң қайтеді, я болмаса Торғай облыстық
партия комитетінің хатын оқып көр, - деп маған қолындағы қатынас
хатты ұсына берді.
-
Ағай, осыдан екі апта бұрын «Социалистік Қазақстанда» болып,
сонда әңгімелесуден өтіп едім.
-
Ә-ә, сен айтпақшы, депутат едің ғой. Біздің пікірімізді қайтейін деп
едің, өз мәселеңді өзің жоғарыдан шешіп жүрмін де...
Комиссия төрағасы шарт кетті.
Әңгіме осы күйінде қалған. Аз-кем уақыттан соң мен оны ұмытып та
кеткем. Өйткені, бір жағынан емтиханға дайындалып жатсақ, екінші
жағынан аурухана мен үйдің арасында шапқылап жүрдім. Әйтеуір,
қарындасыма бір шипа қона ма деген ой ғой.
Мемлекеттік емтихан болатын күн. Көңіліміз көтеріңкі. Мен өзімнің
дайындығыма сенімді едім. Неге екенін білмеймін, емтихан үстінде
қабылдау комиссиясы мүшелерінің арасында абыр-сабыр көбейіп кетті
де, сұраққа жауабымның жартысы тыңдалып, жартысы тыңдалмай, ал
мен әрі-сәрі күй кештім. Деканымызбен бақайесептес деп білетін бір
профессорымыз мемлекеттік комиссия төрағасына тілімдей қағазды
қайта-қайта жортақтатумен болды. Көңілімде бір күдік пайда болды.
Күдік шындыққа айналды. Менің бес жыл бойғы тек бестік бағамен
оқығаным, Лениндік стипендиат болғаным, қалалық кеңестің депутаты
атанғаным бір сәтте комиссия тарапынан ұмытылып, белден бір-ақ
тартып сызылды да, емтиханда үш қойылды.
Жандүниемнің бәрі астаң-кестең болды. Кейін осының бәріне талдау
жасап қарасам, жас мамандарды алдын-ала бөлу кезіндегі менің пікірім,
деканымызбен бақайесеп профессорымыздың арасындағы кикілжіңнің
салқыны осындай жағдайға алып келген екен.
Емтиханнан соң үш-төрт күннен кейін Кеңес ағайдан хабар келді.
Бардым. Әбіржіңкіреп тұрған менің кескінімді көрген ағамыз:
-
Оу, әнеукүні сен басқаша едің ғой, жоқ әлде денсаулығың болмай
тұр ма?
-
Ол кезде аға, мен үздік студент едім, бұрнағы күні мемлекеттік
емтиханнан үш алып қалдым. Енді қызыл диплом ала алмайтын
шығармын. Редактор не дер екен, түні-бойы соны уайымдап шықтым.
-
Ой, сол да сөз болып па? Баға білімнің көрсеткіші деген шартты
ұғым ғой. Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Бес жыл беске оқығаның рас қой. Рас.
Лениндік стипендиат болғаның рас қой. Рас. Оның үстіне студент-
депутатсың. Ол да оңайлықпен келмейтін абырой. Мұның бәрін
бастығымыз көріп-біліп отыр. Сен жөнінде орталық комитетке тиісті
ақпарат та берілген. Ол жақтан келісім алып отырмыз. Әнеукүннен бері
араға уақыттың түскені сол себепті. Редакциялық алқа мүшелері де
өмірбаяныңнан, жазып-сызғаныңнан құлағдар. Бізге өзің секілді жас
жігіттер керек. Редактор Москваға жиынға кетті. Жұмысқа қабылдай
беріңдер деп айтты. Ал деканатпен әңгімені өзіміз шешеміз. Ертеңнен
бастап бұйрық береміз, әзірге хабар бөліміне, Жанат Елшібековке
барасың. Солай, бауырым. Сен өзіңнің шын мықтылығыңды
дәлелдейтін кезеңге тұяқ іліктіріп отырсың. «Социалистік Қазақстан»
жасты да, жасамысты да шыңдайтын ұстахана. Оның көрігінен шыққан
қаламгерлер осал болмайды. Ал сен зачеткаңа ирелеңдетіп үштік қойған
ағаларыңа өкпе-наз айтпа. Қайта ірілігіңді болашағыңмен, ісіңмен
дәлелде. Аман болсаң, олар әлі алдыңа талай келеді.
Осы сөздерді Кеңағаңның аузына құдай салып, періште құп
көргендей екен. Кейін қазақ баспасөзінің қай шаңырағының төрінде
отырып ұжым басқарсам да, ағалардың меселін қайтармауға, алдын кес-
кестемеуге тырыстым. Олар үшін мен бас редакторлары болған «Халық
Кеңесінің» де, «Қазақ әдебиетінің» де, «Ана тілінің» де, «Ақиқаттың»
да есігі қашан да айқара ашық еді.
Ал қазақ журналистикасының көшбасы саналатын киелі орда
«Социалистік Қазақстан» жаңадан жұмысқа алынған мен үшін шын
мәніндегі екінші университет болды! Алғашқы айларда жазған хабар-
ошарларым бірде Жақаңның – Жанат Елшібековтің алдынан қызылала
болып қайтып жатса, енді бірде Кеңағаңның қолымен түзетіліп,
ширатылып барып, өндіріске кетіп жататын. Бірте-бірте төселіп,
көлемді-көлемді мақалаларға қол қоятын болдым. «Социалистік
Қазақстан» мені есейтті, кәсіби тұрғыдан шыңдады. Осында жүріп ел
араладым. Республикамыздың түкпір-түкпірінде болдым. Ел өміріндегі
өзекжарды мәселелерге байланысты қалам тарттым. Бұрынғы Одақ
аумағындағы біраз шаһарларға бардым. Сериялы очерктер мен
репортаждар жаздым. Сол еңбегімнің бәрі зая кеткен жоқ. Қазақстан
Журналистер Одағының лауреаты атандым.
Алғашқы үйімді де осы ұжымның ықылас-ниетінің нәтижесінде
алдым. Алматының қақ төріндегі екі бөлмелі пәтерде менің
курстастарымның қаншама қуаныш той-думанын өткіздік. Өйткені,
курстастардың ішінен ең бірінші пәтерлі болу бақыты маған
бұйырғандықтан да олар да «Социалистік Қазақстанға» дән риза еді!
Қызмет бабындағы баспалдақтармен өсіп-өрлеу кезеңіме де
«Социалистік Қазақстанның» тікелей ықпалы болды деп есептеймін.
Редакцияда бөлім тілшісі болып жүрген жерімнен «Білім және еңбек»
журналының жауапты хатшысы қызметіне жоғарылатылдым. Бұл
лауазым ол жылдары Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің
секретариатында бекітілетін. Одан Советтер құрылысы бөлімін нығайту
мәселесі
көтерілгенде
қайтадан
«Социалистік
Қазақстанға»
шақыртылдым. Қоғамдық сананы дүр сілкіндірген демократиялық
өзгерістер дәуірі басталған сәтте дүниеге келген «Халық Кеңесі»
газетіне бас редактордың орынбасары, кейін бас редакторы болып
қызмет атқару пешенімізге бұйырды. Міне, осынау өсу-өрлеу
белестерімнің қай кезеңіне де тікелей «Социалистік Қазақстанның»
ықпалы болғанын ұмытпақ емеспін. Өйткені, ол менің қайратыма
қанат байлаған қара шаңырақ!
2009
«
ТҰНБА» - ТҰСАУКЕСЕР
1975 жылдың қоңыр күзі. Әдетте өзіміз жиі сөз тіркесіне
айналдырған «алыстағы ауылдан арман қуалап Алматыға келген» бір топ
«жалаңаяқ» жігіттер мен қыздардың бас тоғыстырған кезі еді бұл. Шын
мәнінде сонау Атырау мен Алтайда, Арқадан Алатауға ат сабылдырып
жасы бар, жасамысы бар оқу іздеген пенделердің ҚазМУ-дың
журналистика және филология факультеттерінің дайындық бөліміне
тұяқ іліктірсем деген тілегі алмағайып түсіп жатқан шақ болатын.
Бір аптаның о жақ-бұ жағында оқуға түсетіндері түсіп,
құжаттарынан кілтипан шыққандары кәрзіңкелерін құшақтап келген
ізімен кері кетіп жатты. Бағы жанғандардың қатарында осы жолдардың
авторы да бар еді. Ал, біз оқитын дайындық бөлімінің бүкіл билігі
деканның орынбасары Талғат Сайрамбаев ағамызда болатын. Күніне бір
рет, я болмаса екі рет келіп біз отырған аудиторияға хабарландыру
айтып кететін әдеті бар-тын ағамыздың.
Ол кісінің әр келуі бір жаңалықпен астасып жататын. Тәкеңнің де о
жылдары бойындағы бұла күші буырқанған шағы. Айтатын ойы да көп,
идеясы да мол. Сондай идеяларының нәтижесінде бір жыл бойына
«Оптимист» деген қабырға газетін шығарып тұрдық.
Тағы бір келгенінде Тәкең ағамыз біздерге қазақ әдебиеті пәнінен
аспирантураны жақында ғана бітіріп, кандидаттық диссертация қорғаған
жас жас ғалымның сабақ беретінін айтып кетті. Біз іштей қуандық.
Себебі қай-қайсамыздың болса да әдебиет деген тұлпардың жалынан
жармасқымыз бар. Соған дәнекер іздейміз ғой баяғы. Ал Сайлаубай,
Әшірбай секілді жасамыс шәкірттер алақандарын уқаласып, жас ұстаз
болса тіл табысып кетуге де болады-ау деген емеурінмен жымыңдасып
қалды.
Тәкең жас ғалымды сыртынан аяқ-қолын жерге тигізбей мақтап
барып-барып, «жүз рет суреттегенше, бір көрген артық» деп о кісімен
қауышатын күндеріміздің де алыс емес екендігін ескертіп кетіп қалды.
Кетерінде: «Күлтегінді, Тоныкөкті, Орхан-Енисей жазуларын зерттеген»
деп тағы бір қойды.
Біз: «Апырай-ә» деп тағы ынтыға түстік. Оны қалай зерттеді екен.?
Күндер зулап өтіп жатты. Тәкен ағамыз мақтауын жеткізген жас
қандидатпен жүздесудің сәті де түсті. Оқу корпусымыз қазіргі Қазыбек
би көшесі мен Достық даңғылының қилысындағы бұрын Верный
қалалық гимназиясы орналасқан үйде еді.
Мырзатай Серғалиев ағайдың семинарлық сабағынан соң 109-
аудиторияның сол жақ қабырғасындағы ұзына бойы бес метрлік
«Оптимисті» шүпірлесе оқып жатқанбыз. Бір кезде староста
Әшірбайдың: «Кіріңдер, кіріңдер, апай келіп қалды» деген дауысы
шықты. Алғашқы дидарласудың әсері қашанда ерекше. Сол күні
алғашқы қырық бес минуттың қалай өткенін де білмей қалыппыз. Бидай
өңді, орта бойлыдан сәл жоғары қазақ қызының дауыс ырғағынан бастап,
киім киісі мен қимыл қозғалысына дейінгі сол күнгі бейнесі әлі көз
алдымызда. Жас мөлшеріне қарағанда әлгінде ғана ауызға алған
Сайлаубай, Әшірбайлармен шамалас ұстазымыздың ой-орамдары мен
сөз саптастары бізді алғашқы күннен-ақ өзіне баурап алды.
Ал ол кісінің аты-жөні - Алма Қыраубаева еді.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған біздер арманшыл едік, тіпті
ерен қиялшыл едік. Оның үстіне біз оқитын топта болашақ журналистер
мен филологтар білім алатын. Сондықтан болуы керек, екі мамандық
иелерінің арасында іштей ниеттестік, әріптестік бәсекелестік бары да
жасырын емес-тін. Бірімізден біріміз оза шапқымыз-ақ келіп тұратын.
Бір басында Өмірхан, Хамзалар тұрған болашақ педагогтар мен
әдебиетшілер намыс отына май құйып жатса, бұларға балама
Жайлаубай, Дүрәлі секілді журналистер де қарап қалмайтын. Оқу
тобындағы осындай бір шығармашылық ахуалдың қалыптаса бастағанын
сезген болуы керек, ұстазымыз Алма апай кезекті сабағының соңына
қарай сәл мүдірді де:
-
Жігіттер, қыздар, сіздер мен біздер әдебиет үйірмесін құрсақ. Ал
оны құру үшін үйірменің қолжазба күйінде болса да альманағын
шығарып тұрған дұрыс, - деді.
Аудитория іші гуілдесіп ала жөнелді. Бәйге тілеген тұлпарларша
әрқайсысы өзінше ақжарылқап сөзін ақтарысып жатты. Аудиториядағы
мына ахуалды іліп әкеткен ұстазымыз:
-
Ендеше, альманахтын атын ойластырайық. Қане, кімде қандай
ұсыныс бар? – деп көпшілікке сұрау тастады.
-
«Жалын» болсын, - деді біреу.
-
«Жас тұлпар»...
-
«Бұлақ»!
-
«Серт», «Серт» болсын! Біз оқуға түсерде үлгілі оқуға серт бердік
қой. Жаппардың дауысы жарқын-жарқын шығып жатты.
Осылайша оқырманға белгілісі-белгісізі бар бірнеше атау аттары
аталды. Бір заматта айтар ұсыныс түгесілгендей аудитория іші тына
қалды. Осы аз-кем үнсіздікті бағаналы бері бәрімізді мұқият тыңдап
отырған Алма апайдың өзі бұзды.
-
Ұсыныстардың бәрі де көңілге қонымды. Тіпті, осындай
тақырыптарда республикалық, облыстық деңгейлерде басылымдар
шығып та жатыр. Бірақ біз соларды қайталамасақ. Ескі сүрлеуден бас
тартсақ деймін, - деді де, сәл ойланып барып, ойын қорытты:
-
Альманағымыздың атауын «Тұнба» деп қойсақ.
Апайдың сөзі сөз болды. Енді альманахқа материалдар жинастыру
керек. Сөйтіп, әрқайсысымыз қолымыздағы ең мықты-ау деген
«шедеврлерімізді» ұсынбақ болдық. Ұсынардың алдында альманахта
жарияланатын материалдардың конкурсы ұйымдастырылмақ еді.
Сонымен, қолға алған іс қызу басталып та кетті. Күнде кешке
жатақхананың бөлме-бөлмесінде – шығарма талқылау, өлең оқу.
Арасында ептеп қызып алып, «шабыт шақырып» жүргендері де жоқ
емес. Жігіттер мен қыздардың бірінен бірі озғысы-ақ келіп тұрады.
Конкурс қортындысы шығарылатын күн де келіп жетті.
Әділқазылар алқасы да өз ішімізден белгіленген. Алқаның төрайымы –
Алма апай. Конкурсқа бір альманах көлемінен асып түсетін дүниелер
жиналыпты. Алқа мүшелері өздері оқыған шығармаларды атап жатыр.
Оларын жатып кеп мақтайды. Ал біреуі екіншісінің пікіріне түбегейлі
дау айтады.
Алқа мәжілісі біраз уақытқа созылып кеткен жағдайы да болды.
Осының бәрін үн-түнсіз бақылап, бағалап отырған ұстазымыз әлден
уақытта сөз алып:
-
Жігіттер, қыздар, шын әдебиет те, міне, шындықты айтудан туады.
Біз альманағымыздың атын «Тұнба» қойғанда ісімізден тұнықтық
сезілсін деп, адалдық пен тазалық көрінсін деп қойдық. Ал, альманахтың
алғашқы нөміріне топты шығарманың ішінен еленген жүзден жүйрігін,
мыңнан тұлпарын жіберейік. Бір қайнауы ішінде жүргендерді
ширатайық. Оларды да сөйтіп кәдеге жаратайық, - деді.
Араға аздаған уақыт түскен соң мәшіңкімен басылған «Тұнбаның»
тұңғыш нөмірі дүниеге келді. Қолдан қолға тигізбей шүпірлесе оқып
жүрдік. Тіпті, дайындық бөліміндегі көрші заңгерлерді, тарихшыларды
дайындайтын топтардың дәріс тыңдаушылары да таңдай қағып,
тамсанғандары аз емес. «Тұнбаның» тұғырлы болып шығуына қыз-
жігіттердің бәрі де бір кісідей атсалысты. Сәуле мен Нұрбибінің, Сәтен
мен Бибайшаның, Әлима мен Күлгіннің жазып-сызғандары да жұрт
назарында болды.
Содан бері, міне, отыз жылға жуық уақыт өтіпті. «Жақсының аты
өлмейді, ғалымның хаты өшпейдінің» ақиқатқа айналғаны қанша! Осы
бір қанатты қағиданың қазақтың талантты ғалым қызы, педагогы Алма
Қыраубаеваның рухымен өзектесетіні айдан анық.
Кезінде жас ұстаздың әдебиет, руханият әлеміне қадам бассам деген
жастардың үміттерін үкілеп, «Тұнба» деп альманах ашып, олардың
шығармашылығына сәт сапар тілеуі көп нәрсені аңғартқандай.
«Тұнба» арқылы томағасын сыпырып, тұсауын кескен жас
қаламгерлер бүгінде мәдениетіміз бен руханиятымызға лайықты үлес
қосып жүрген зиялы қауым өкілдері атанды. Солардың қатарында
бүгінде кешегі Алма апайдың ізімен шәкірттер алдында дәріс оқып
жүрген әдебиетші-ғалымдар, ғылым докторы Өмірхан Әбдіман, Болат
Тілеубердиев, Мәкен Бақтыбаев, Мұрат Алтыбаев, Маңғыстау өңірінде
оқу-ағарту жүйесіне басшылық жасаған педагог, доцент Хамза Айтжан,
саясаткер Дос Көшім, баспагер-ақын Нұртай (Карл) Ерназар, Бекзақ
Омаров, қаламгер-журналистер Мейрамбек Төлепберген, Дүрәлі
Дүйсебай, өмірден ерте озған қабырғалы көсемсөзші Абдолла Сүлеймен,
Болатбек Орманов сынды т.б. дайындық бөлімінің түлектері бар.
Бұлардың қай-қайсысы да уақыт-керуеннің алмағайып кезендегі сынына
төтеп бере білген азаматтар.
2007
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Ахметбеков Н. Амангелді. Дастандар. Алматы, «Жазушы», 1999ж.,
488-
490 б.б.
2.
Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. 3-том, Алматы, 2001 ж., 622-б
3.
Тәтіғұлов Ә.Ш. Кіші Арғын Төлек руының шежіресін тарқату
кестесі. Алматы, Казгор ЖА, 2000 ж., З-4-б.
4.
ҚСЭ, 4-том, Алматы, 1974 ж., 352 б.
5.
Абенов Е.М., Арынов Е.М., Тасмағанбетов И.Н. Казахстан:
эволюция государства и общества. Институт развития Казахстана.
Алматы. 1996 г., 63-64 б.б.
6.
Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында.
Алматы,«Санат», 1993 ж., 251-6.
7.
Рязанов А.Ф. Кенесары. Алматы, «Айқап», 1993 ж., 16-б.
8.
Хан Кене. Алматы, «Жалын», 1993 ж., 347 б.
9.
Есенберлин I. Көшпенділер. Алматы. Ілияс Есенберлин атындағы
қор. 1998 ж. 575 6.
10.
Рамазан Д. Хан Кененің қазасы. Алматы. ҚазАқпарат. 2002 жыл, 28
-
29 б.б.
11.
Сборник «Хан Кенесары». Н.Середа. «Бунт киргизского султана Ке-
несары Касымова( 1838-1847)». Уральск, 1992г. 107 б.
12.
Жамбыл. Есте қалған әңгімелерден. Хан Кене. Алматы, «Жалын»,
1993 ж., 146-147 б.б.
13.
Янушкевич А. Күнделіктер мен хаттар. Алматы, «Жазушы», 1979
ж., 69-б.
14.
Мырзағалиұлы М. 1916-17 жылдардағы Торғай қазақтарының
көтерілісі. Алматы, 2005 ж., 30, 34-6.6.
15.
Жарылғас М. Сынтастың сыңғыры. «Арай», Астана, 2004 ж.,14-15
б.б.
16.
Ахмет Сұлтан Кенесарыұлы. Кенесары және Сыздық сұлтандар.
Шығарушы Сырдария облысының санақ комитеті С.И.Лихтин типо-
литографиясы. 1889ж.
17.
Қасымбаев Ж. Кенесары хан. «Қазақстан». Алматы, 1993 ж, 83- б.
18.
Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында.
19.
Алматы, «Санат» баспасы, 1993 ж. Есенберлин Ілияс. Көшпенділер.
І.Есенберлин атындағы қор. Алматы, 1998 ж., 544-545-6.6.
20.
Қаһарлы 1916 жыл. Грозный 1916 год. 11 том. Алматы, «Қазақстан»,
1998 ж., 63-69-б.б.
21.
Сүлейменов М. Әбдіғапар хан. Алматы, «Ғылым», 1995 ж., 69 -б.
22.
Мырзағалиұлы М. 1916-17 жылдардағы Торғай қазақтарының
көтерілісі. Алматы, 2005 ж., 68-б.
23.
«Егемен Қазақстан». 31 мамыр, 2008 жыл
24.
«Егемен Қазақстан» газеті. 15 ақпан, 2005 жыл.
25.
«Ақ жол» газеті. 6 тамыз, 13 тамыз, 7 қыркүйек 1994 ж.
26.
«Ақжол» газеті. 7 қазан, 1994 ж.
27.
«Ақ жол» газеті. 30 мамыр, 1994 ж.
28.
«Ақ жол» газеті. 7 қазан, 1994 ж.
29.
«Торғай таңы» газеті. 6 қазан, 1994 ж.
30.
«Торғай таңы» газеті. 14 қараша, 1992 ж.
31.
«Торғай таңы» газеті. 8 қыркүйек, 1992 ж.
32.
«Халық кеңесі» газеті. 3 қараша, 1992 ж.
33.
«Қазақстан жаршысы» газеті. 13 мамыр, 1994 ж.
34 .
«Халық кеңесі»газеті.20 шілде, 1995 ж.
35.
«Халық кенесі» газеті. 21 қазан, 1994 ж.
36.
«Ақиқат» журналы, №9,2007 ж.
37.
Қазақ Ұлтгық Энциклопедиясы. 4-том., Алматы, 2002 ж., 109-б,
38.
Хан Кене. «Жалын», Алматы, 1993 ж., 61-б.
;
39.
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы, 3 том, Алматы, 200І ж., 274-б.
40.
Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы. Алматы, 7-том, 2006 ж., 97-б.
41.
Шәкәрім. Өлеңдер мен поэмалар. А, 1988 ж, «Жалын» баспасы, 64-
б.
42.
Абсеметов М. Сәкен Сейфуллин. Астана, 2006. 255-бет
43.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Тәуелсіздігінің жиырма
жылдығы декларациясы // «Ана тілі», №50-51, 15
желтоқсан,2011жыл/
44.
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты
бағыты. Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлт көшбасшысы
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. // «Ана тілі» , №5,
2-
8 ақпан, 2012 жыл//
45.
Жамбылов Д.Саясаттану негіздері. А., 1998ж., 199-б.
46.
Сейфуллин С. Шығармалары. А.. 1988,. 21-б.
47.
Ленин В.И. Таңдамалы шығармалары, 3-томдық, 2-том, 643-бет/.
48.
«Айқын», 7.04.06 ж/.
49.
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде
қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» А., Дәуір., 1992 ж., 4 – б.
50.
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның болашағы — қоғамның идеялық
бірлігінде», «Қазақстан — ХХІ ғасыр» А., 1993 ж., 11 – б.
51.
«Ақиқат» № 12, 1997 ж.
52.
Әбсаттаров Р.Б. «Саясаттану және оның проблемалары» А., 2007
ж., 363 – б.
53.
«Әкім 16 мың доллар парамен ұсталды»,
«Айқын» 20 ақпан 2008 жыл
54.
«Қызметтік кабинетте он бір конверт, бір миллион теңге», «Егемен
Қазақстан» 20 ақпан 2008 жыл
55.
«Егемен Қазақстан», 5 мамыр, 2005 жыл
56.
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың
басты мақсаты», «Ана тілі» 14 ақпан, 2008 жыл
57.
«Жемқорлыққа жойқын соққы басталды», «Айқын» 14 ақпан 2008
жыл
58.
«54 миллиард кімнің құлқынына құйылды», «Айқын» 19 ақпан
2008 жыл
59.
«101 миллиард салықтан жалтарған Миттал», «Айқын», 23 ақпан
2008 жыл
60.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға
арналған бағдарламасы», «Елорда», Астана, 2006 жыл, 49-б.
61.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау
қарсаңында. Қ.Р. Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. Астана. 2006 ж. 8-б.
62.
Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қ.Р. Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. //Егемен
Қазақстан.1 наурыз, 2007 жыл/
63.
Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге
қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға
арналған тұжырымдамасы. Астана. 2007 ж. 17-б.
64.
Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық
моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы.
Астана. 2006 ж. 23-бет.
65.
Қазақстан Республикасында ұлтаралық қатынастарды жазып
көрсетудегі журналистік этика кодексі. «Ақиқат» №8., 1997 ж.
66.
ҚСЭ, 8-том, 584-б.
67.
"Егемен Қазақстан". 21 сәуір, 2004
68.
«Заңдар рухы туралы» А., 2004 ж. 180 б.
69.
Әбсаттаров Р. Саясаттану негіздері. А.,Қарасай 2011,4-б.
70.
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Әлеуметтік –
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты.
//Ана тілі. №6, 2-8 ақпан,2012ж//
Мазмұны:
5.
ҚАЛАМ ҰШЫНДАҒЫ ҒАЛАМ СЫРЫ
Үш құрлық үстіндегі сәуле...................................................................
Ыстамбұлдың ыстық лебі.....................................................................
Парламентаралық ассамблея. Бітімгершілік жолындағы бір белес..
Еңсеңді көтер, ер қазақ!.........................................................................
Қазақстан – Израиль: ынтымақтастықтан- ықпалдастыққа........
Ж
АҺАН ЖҮРЕГІН БАУРАҒАН СӘУЛЕЛІ ОЙДЫҢ ШУАҒЫ
.......................
Мәскеу.Медиафорум. Бір адым ілгері...........................................................................
Киев медиафорумы. Мүмкіндіктер марафоны...................................
6.
ЕРЛЕРДІҢ ІСІ БІТЕР МЕ?
Қос арнаның тоғысы: Қазақ мемлекеттілігі және қазақстандық
патриотизм........................................................................................................
Ұлт мәртебесі ..........................................................................................
Пиғыл........................................................................................................................
Жалтақтама, жұртым!................................................................................
Қап арқалаған қазақтар.............................................................................
Жалы күдірейген жариялылық...................................................
Қандастар қойнындағы капитал.................................................
Өткір сөз өзекжарды мәселелермен үндесуі керек...............................
Алаш оқығандары.....................................................................................
Сабақтастық стратегися – даму дәйектілік кепілі..............................
Намыс найзағайы.................................................................................
Адалдықтың бәйгесінде бақ сынаған Алашым!.....................................
Сыбайлас жемқорлық: індетпен күресте іркіліс болмасын...................
Бақ менеджменті: әлеуметтің әлеуетін күшейте білсек........................
Ұлт мұратына адалдықтың айнасы............................................
БАҚ:ұлтаралық жарасымдылық мәдениетті қалыптастыруда жайбасарлық
жараспайды ...........................................................................................................
Қара қылды қақ жару парыз...............................................................................
Қазақ елінің жаңа әлемі.............................................................................
Қайраткер кісіге– қабырғалы іс сыншы..................................................
«Орыс басылымдарындағы мәселені қазақ басылымдары көтермейді»
деген тәрізді сөздің уақыты өтті................................................................
Мұғалім мәртебесін көтеру – мемлекеттік іс, ал оған атсалысу бәріміздің
міндетіміз...............................................................................................................................................
7.
АРҚАЛАҒАНЫМЫЗ – АЛТЫН,
ЖЕГЕНІМІЗ ЖАНТАҚ БОЛСА ДА...
Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі қазақ газеттері.....................................
Қазақ журналисі – қайраткер..................................................................
Ғасыр бұрын жазылған жырдан қандай тағылым түйеміз.......................
Тұлпар мініп, ту ұстаған...............................................................................
Қарбалас дәуірдің «Халық кеңесі» еді........................................................
Дәстүр сабақтастығын сақтадық.................................................................
Мамандыққа да махаббат керек....................................................................
Жаңалықты жетектеген жиырма жыл...........................................................
Еліміздегі алғашқы медиа-холдинг осылай құрылған................................
Дағдарыста қалтарыста қалмаңыз................................................................................................
8.
ӘУЕЗЕ ЕТІП АЙТАР СӨЗ
Иесін тапқан ән айдарлы.....................................................................................
Сегіз сері...............................................................................................................
«Тамырын тас емшектің идіретін »....................................................................
Тұңғыш...................................................................................................................
Сахна саңлағы ..................................................................................................................
Талант және тағзым
Жеңілді ойлап, саязды қалқымаған.....................................................................
Профессорлар және оның туындылары .............................................................
Құрыштан құйған.....................................................................................................
Тегеурінді тағдыр.....................................................................................................
Журналистика – баршаға......................................................................................
Журналистикадағы жанкешті ғұмыр....................................................................
Көсемсөз туралы көшелі сөз ................................................................................
Шарболат.................................................................................................................
Үш өрімАрман қуып, арғымақ ойнатқан..............................................................
Қалтқысыз қызмет иесі еді.....................................................................................
Әділдік туралы әңгіме............................................................................................
Қайратқа қанат байлаған........................................................................................
«Тұнба» - Тұсаукесер ............................................................................................
9. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................
Жұмабек КЕНЖАЛИН
ЕР ЖӘУКЕ МІНБЕГЕНМЕН
АЛТЫН ТАҚҚА
Редакторы
Көркемдеуші редакторы
Техникалық редакторы
ИБ №274
Теруге берілді. Басуға қол қойылды.
Қалыбы .Қағазы офсеттік. Есептік баспа табағы
Қаріп түрі «Times New Roman». Офсеттік басылыс
Таралымы дана. Тапсырыс
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
«ҚАЗақпарат» баспа корпорациясы,
Жангелдин – Мұхамеджанов көшесі, 30/26
Тел/факс: 8(727) 397-41-63, 397-41-62
E-mail:
Kazakparat@inbpx.ru
«ҚАЗақпарат» баспа корпорациясының баспаханасы
Document Outline - ПРОФЕССОРЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ
- ТУЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ОЙ
- 1.Ізгі ниет өрнегі
- Профессорлар және оның туындылары .............................................................
Достарыңызбен бөлісу: |