Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет19/22
Дата31.03.2017
өлшемі2,53 Mb.
#10658
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Хы Уей Гуанг. Сары ұйғырлардың мәдениет тарихы. – Бейжин: Ұлттар баспасы, 2000. 
(Қытай тілінде, сілтемені аударған Ш.Әбсалық). 
2
 
Решетов  А.М.  Шара  уйгур  (шира  югур,  юйгу)  //  Народы  и  религии  мира. 
Энциклопедия.  Главный  редактор  В.А.  Тишков.  –  Москва:  Научное  издательство 
"Большая Российская энциклопедия", 1998. 
3
 
Малов С.Е. Язык желтых уйгуров. – Алма-Ата: Издательсто АН КазССР, 1957.  
4
 
Тенишев Э.Р., Тодаева Б.Х. Язык желтых уйгуров. – Москва, 1966. 
5
 
Самойлович А.Н. Некоторые дополнения к классификации турецких языков. – Прага, 
1922. 
6
 
Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. – Москва, 1969.  
7
 
Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. – Москва-Ленинград, 1951.  
8
 
Севортян Э.В. Аффиксы именного словообразования в азербайджанском языке. Опыт 
сравнительного исследования. – Москва: Наука, 1966.  
9
 
Кононов А.Н. Грамматика современного турецкого литературного языка.  – Москва  - 
Ленинград, 1972.  
10
 
Баскаков  Н.Л.  К  вопросу  о  происхождении  условной  формы  на  -са,-се  в  тюркских 
языках // Академику Р.А.Горделевскому к его 75-летию. – Москва-Ленинград, 1953.  
11
 
Серебренников Б.А. Историческая грамматика пермских языков. – Москва, 1963.  
12
 
Кашгари М. Девону луггат и түрк. Т. ІІ. – Ташкент, 1963. 
13
 
Баскаков Н.А. Каракалпакский язык. Т.ІІ. Фонетика и морфология. – Москва, 1952.  
14
 
Рамстедт Г.Й. Введение в алтайское языкознание: Морфология / Пер. с нем. – Москва, 
1957.  
15
 
Константинова О.А. Эвенкийский язык. – Москва-Ленинград, 1964. 
16
 
Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 2002.  
17
 
Левитская Л.С. Историческая морфология чувашского языка. – Москва, 1976.  
18
 
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1981. 

 
173 
19
 
Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. – Алматы, 1971.  
20
 
Есенқұлов  А.  Көне  түркі  жазба  ескерткіштеріндегі  қосымшалар.  –  Алматы:  Ғылым, 
1976. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Эволюция  развития  морфем  и  изменение  их  состава,  смысловая  стабильность  или 
изменяемость, многофункциональность или узкое использование, изменение по составу и смыслу 
являются 
сложным  отборно-последовательным  процессом.  Очевидно,  что  aффиксы 
существительных  в  сарыуйгурских,  казахских  и  тюркских  памятниках  письменности  не 
подвергались разбору, хотя  особенности морфологического состава и системы словообразования 
являются  одним  из  показателей  развития  этих  языков.  Аффиксы,  присущие  именной 
словообразовательной системе сарыуйгурского языка, сопоставляются с совместными аффиксами 
именной словообразовательной системы казахского языка кипчакской группы и тюркского языка 
огузской группы в данной статье.  
 
RESUME 
 
Evolution  of  morphemes  and  a  change  in  their  composition,  stability  or  semantic  variability, 
versatility  or  narrow  use,  change  in  composition  and  in  meaning  are  regarded  as  a  complex  selective  - 
sequential  process.  It  is  obvious  that  affixes  of  nouns  of  saryuygur,  Kazakh  and  Turkic  monuments  of 
writing  are  not  analyzed,  although  the  morphological  structure  and  the  word-formation  system  are  the 
indicators  of  the  development  of  these  languages.  The  affixes  inherent  to  the  nominal  system  of  word 
formation of saryuygur language are compared with nominal affixes of the word formation system of the 
Kazakh language of Kipchak group with the Turkic language of Oguz groups in the given article. 

 
174 
ӘОЖ 82.512’71 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
М.Т. Абикенов 
Шәкәрім атындағы Семей 
мемлекеттік университеті,  
филол. ғыл. канд., доцент 
 
Б.Қ. Жұмабекова 
С.Торайғыров атындағы 
мемлекеттік университеті,  
филол. ғыл. канд., доцент 
 
Қазақ тіліндегі 
адъективация 
процесі жөнінде 
 
Аннотация 
Мақалада  авторлар  қазақ  тіл  біліміндегі 
адъективация  құбылысы  жайлы  баяндайды. 
Сонымен  қатар  ғалым  Ж.Т.  Сарбалаевтың 
адъективация  құбылысытуралы  ғылыми  мұрасын 
қарастырады  
Түйін  сөздер:  грамматика,  сын  есім, 
адъективация құбылысы, трансформация. 
 
 
Тіл  -  қоғамдық  құбылыс.  Сөйлеу  тілі  үнемі 
даму  күйінде  болатын  процесс.  Тіл  тарихына 
үңілер  болсақ,  оның  лексикалық  құрамы  мен 
грамматикалық  құрылысы  өзгеріссіз  қалмағанын 
аңғарамыз. 
Тіліміздің  сөздік  құрамы  үнемі  өзгеріп 
отырады,  тілдің  лексикалық  қабатында  да, 
грамматикалық  табиғатында  да  өзгерісті  айқын 
байқауға  болады.  Ғылымның  уақыт  тынысымен 
дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге 
жол  ашады.  Тілдің  бүкіл  құрылымдық  жүйесінде 
үздіксіз  болатын  мұндай  өзгерістердің  сырын 
ашып, оны ғылыми тұрғыдан түсіндіріп беру – тіл 
ғылымының  басты  міндеті.  Тілдегі  осындай 
құбылыстарды  зерттеу  барысында  тіл  ғылымы 
дамып отырады. Қазақ тілінде әлі де болса толық 
қарастыруды  қажет  ететін  жайттар  баршылық. 
Соның бірі – қазақ тіліндегі адъективация процесі 
болып  табылмақ.  Адъективация  процесі  орыс  тіл 
білімінде  біршама  зерттелген.  Ол  жөнінде 
кандидаттық 
диссертациялар 
мен 
арнаулы 
монография  жарық  көрді.  Есімшелердің  сын 
есімдерге  ауысуы  орыс  тіл  білімінде  арнайы 
зерттеулер нысаны болған. Қазақ тіл білімінде сөз 
таптарының 
адъективациялануы 
жан-жақты 
зерттеуді  қажет  етеді.  Өзге  сөз  таптарының  сын 
есімдер тобына ауысуы жайлы қазақ тілінде бірді-
екілі 
еңбектерде 
сөз 
болғанмен 
арнайы 
қарастырылмаған.  
Жалпы,  қазақ  тіліндегі  сын  есім  туралы 
біршама  еңбек  бар.  Мысалы,  Ғ.  Мұсабаевтың 
«Қазақ  тіліндегі  сын  есімнің  шырайлары»  атты 
еңбегінде  сын  есімдер  және  олардың  лексика-
грамматикалық  белгілері  қарастырылған.  Осы 
еңбекте  шырай  категориясына  жан-жақты  талдау 
жасалған.  Ғалым  Ә.  Төлеуовтің  «Қазақ  тіліндегі 
сын  есім  мен  сан  есім  категориясы  деп  аталатын 
еңбегінде  сын  есім  және  оның  грамматикалық 
ерекшеліктері жайлы мәліметтер берілген. 

 
175 
Сондай-ақ  Ж.  Шәкеновтің  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сын  есім  категориясы»  атты 
ғылыми зерттеуінде сын есім жайлы мағлұмат беріліп, оның лексика-грамматикалық және 
сөзжасамдық ерекшеліктері кеңінен қозғалған.  
Қазақ  тіл  білімінде  бірқатар  еңбектерде  сын  есімнің  өзіне  тән  белгілері,  жасалуы, 
синтаксистік  қызметі  жайлы  талдаулар  жасалып,  сын  есімнің  сөйлем  құрамында 
субстантивтеніп, зат есімнің мәні мен қызметінде қолданылатындығы туралы мәліметтер 
беріледі.  Дегенмен,  қазақ  тіл  білімінде  сын  есім  категориясы  жайлы  әлі  де  тың 
мәліметтерді қарастыру кезек күттірмейтін мәселелер қатарын құрайды. Мысалы, ғылыми 
еңбектерде сын есімдердің жасалуы, дамуы жайлы баяндалады, сонымен қатар оның сөз 
тудырудың лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік жолмен жасалатындығы 
айтылады,  ал  адъективация  тәсілімен,  яғни  лексика-грамматикалық  жолмен  де  жасалып 
дамитындығы туралы мағлұмат берілмейді. Яғни қазақ тіл білімінде сын есімдер туралы 
жан-жақты зерттеліп жазылған еңбектердің көпшілігінде сын есімдердің тарихи дамуында 
және  өз  алдына  бөлек  жеке  грамматикалық  класс  болып  қалыптасуында  аса  зор  роль 
атқарған  адъективация  процесіне  назар  аударыла  бермегенін  аңғардық.  Сын  есімдердің 
жасалуы,  дамуы  сөз  болғанда,  оның  сөз  тудырудың  лексика-семантикалық, 
морфологиялық,  синтаксистік  жолмен  жасалатындығы  айтылады  да,  ал  адъективация 
тәсілімен,  яғни  лексика-грамматикалық  жолмен  де  жасалып  дамитындығы  туралы 
қарастырыла  бермейді.  Бұл  жөнінде  ғалым  Ж.  Сарбалаев:  «...адъективация  процесін 
қарастырмай сын есім мәселесі өзінің толық шешімін ешқашан таба алмайтындығы анық. 
Басқа  сөз  таптарының  сын  есімге  ауысуы,  яғни  адъективация  процесіне  жөнді  мән 
берілмеуінің  себебі  –  біздіңше,  сын  есімнің  күні  бүгінге  дейін  тарихи  тұрғыдан 
қарастырмауында,  оның  тарихи  дамуы  жайында  арнайы,  іргелі  ғылыми  еңбектің 
жазылмауында  жатқан  сықылды.  Қазақ  тіл  білімінде  сын  есім  мәселесі,  көбінесе  тілдің 
қазіргі  қалпы  тұрғысынан  пайымдалады  да,  ал  диахрондық  тұрғыдан  сөз  бола  бермейді. 
Рас, қазақ тілі мамандары адъективация процесінің жайынан хабарсыз емес. Кейбір қазақ 
тілі оқулықтарындағы морфологияға катысты тарауларда сөз таптары проблемасы, әсіресе 
сөздерді сөз таптарына топтастырудың принциптері әңгімеленгенде адъективация процесі 
тиіп-қашып сөз болады» [1], - деп ашық атап көрсетеді. 
Ж.  Сарбалаев,  сондай-ақ,  өзге  сөз  таптарының  сын  есімге  ауысу  құбылысы,  яғни 
қазақ  тіліндегі  адъективация  процесі  жайлы  М.  Томанов  еңбегінде  құнды  пікірлер 
кездесетіндігін  айтады.  Ғалымның  сын  есімдердің  жеке  сөз  табы  болып  тарихи 
қалыптасуында  басқа  да  факторлармен  бірге  адъективация  процесінің  де  маңызды  рөл 
атқаратындығын  көптеген  тілдік  мысалдар  негізінде  дәлелдейтіндігі  маңызды  екендігін 
тілге  тиек  етеді.  М.Томановтың  адъективация  жөніндегі  құнды  пікірлерді  саралай  келе, 
ғалым Ж.Т. Сарбалаев: «Қазіргі қазақ тіліндегі байырғы деп қарастырылатын қызыл, сары, 
жасыл, ұзын, ұзақ, қыңыр, ақсақ тәрізді сын есім сөздердің о баста түбір мен қосымшадан 
құралғандығын, кейіннен олардың құрамындағы түбірдің не қосымшаның, кейде екеуінің 
де  көнеленіп,  қолданыс  барысында  адъективтеніп,  сын  есімге  айналғандығын  айтады. 
Ғалымның зерттеулеріне қарағанда, қазіргі қазақ тіліндегі бүгінгі норма тұрғысынан түбір 
мен қосымшаға бөлінбейтін  «негізгі» сын есімдердің дені  басқа сөз таптарынан ауысқан 
яғни  адъективтенген  сөздер.  Бірақ  біз  ғалымның  адъективация  процесі  мен 
трансформация  процесінің  арасына  шек  қойып,  бұл  екеуін  сын  есімдердің  дамуындағы 
маңызды  рөл  атқарған,  «екі  түрлі  процесс»  деп  түсіндіруін  құптай  алмаймыз»,  -  деп 
тұжырым  жасайды.  Оның  себебін  зерттеуші  мысалдар  арқылы  дәлелдеп  көрсетеді. 
«Себебі,  адъективация  мен  трансформация  –  екі  түрлі  процесс  емес,  бір  ғана 
лингвистикалық  процесс  болып  табылады.  Жалпы  тіл  білімінде  сөз  таптарына 
байланысты  шыққан  еңбектерде,  лингвистикалық  сөздіктердің  қай-қайсысында  да  бұлар 
бір  процесс  деп  түсіндіріледі.  Бұлардың  айырмашылығы  –  трансформация  барлық  сөз 
таптарының  арасындағы  сөз  ауысуларды  білдіретін  жалпы  процесс  болса,  адъективация 
оның  сын  есімге  қатысты  көрінетін  бір  ғана  формасы.  Трансформацияның 

 
176 
адъективациядан басқа да әрбір сөз табына қатысты толып жатқан формалары бар», - деп 
ой түйеді [1]. 
Ж. Сарбалаевтың:  «Сонымен, адъективация процесі  – тілдің даму барысында басқа 
сөз  таптарының  сын  есіме  ауысуын  білдіретін  лингвистикалық  процесс.  Тілдегі  сын 
есімдер  тобы  өз  дамуында  сөз  тудырудың  лингвистикада  әбден  орныққан  лексика-
семантикалық,  синтетикалық  тәсілдерімен  ғана  толығып  қоймайды,  ол  сонымен  бірге 
басқа  сөз  таптарынан  сөз  қабылдап  алуы  арқылы  да  көбейіп,  өз  өрісін  үздіксіз  кеңейтіп 
отырады.  Тілдегі  сөздердің  барлығы  да  жеке  сөз  ретінде  лексикалық  құрамға  енеді  де, 
оның  даму  кездерінің  бірі  болып  табылады.  Осыған  орай  басқа  сөз  таптарынан  ауысып, 
сын  есімге  айналған  сөздердің  барлығы  да  сөздік  құрамнан  орын  алады.  Олай  болса 
адъективация  процесі  де  сын  есімнің  сөзжасам  жүйесінен  өзінің  орнын  алуға  тиіс  деп 
ойлаймыз»  [1],  -  деген  пікірін  толықтай  қолдай  отырып,  тіліміздегі  сын  есімдердің 
көпшілігі  адъективация  процесі  арқылы  қалыптасқан  деп  санаймыз.  «Осы  процестердің 
қай-қайсысы  болсын  түпкілікті  болып,  тиісті  сөздер  басқа  бір  категорияға  біржола 
ауысқандай  болса,  оны  сөз  тудырудың  белгілі  бір  жолы  деп  есептеу  қажет»  [2].  Бірақ 
соңғы  кезде  жалпы  тіл  білімінде,  түркология  салалары  –  жекелеген  тіл  білімдерінде 
«трансформация» терминінің орнына «конверсия» сөзі жиі қолданылып жүр. «Конверсия» 
терминін  қолдануды  біз  де  өз  тарапымыздан  ыңғайлы  деп  санаймыз.  Бұл,  біріншіден, 
лингвистикалық терминдердің ала-құла болмауы үшін қажет. Екіншіден, түркі тілдерінде 
де зерттеушілер конверсия терминін дұрыс санап, бұл сөзді өз еңбектерінде жиі қолдана 
бастауын ескеру керек. 
Қазіргі  қазақ  тілінің  сын  есімдер  тобында  «арғы  тегі»  өзге  сөз  табы,  бүгінде  әбден 
адъективацияланып, «байырғы» сын есімдер санатына кіріп кеткен сөздер мол ұшырайды
жатаған,  сүзеген,  күлдіргі,  жинақы,  ауру,  ақсақ,  бұзық,  қайнар,  жанар,  жамау,  кебу, 
ұшқыр,  т.б.  бұлардың  өзге  сөз  таптарынан  ауысып,  адъективтенгендігі  олардың  сыртқы 
формаларынан-ақ көрініп тұр. Егер бұлардың қатарына қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сын 
есімдер деп қаралатын жарымжан, тасбауыр, қанішер, желөкпе, көрсеқызар, ұр да жық, 
бос  белбеу,  т.б.  адъективацияға  ұшыраған  күрделі  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  қосатын 
болсақ,  онда  адъективациялану  ауқымы,  тіпті,  ұлғая  түсетіндігін  байқаймыз. 
Адъективацияға  ұшыраған  мұндай  сөздердің  молдығы  бұл  процестің  қазақ  тілінің 
грамматикалық құрылысында кең қанат жайғандығын көрсетеді.  
Орыс  тіл  білімінде  адъективацияға  мынандай  анықтама  берілген:  «Адъективация  – 
(от  лат.  adjectivum  –  прилагательное)  переход  других  частей  речи  в  разряд 
прилагательных» [3].  
Адъективация  туралы  әр  жылдары  жарық  көрген  орыс  тіл  білімі  ғалымдарының 
еңбектері  бар.  Мысалы,  В.Е.  Ломтева  (1954),  И.А.  Краснов  (1955),  Л.И.  Удалова  (1960), 
М.Ф.  Лукин  (1965),  В.В.  Лопатин  (1966),  Л.П.  Калакуцкая  (1967),  А.И.  Бахарев  (1972), 
Т.А. Гераськина (1981).  
Сонымен  қатар,  адъективация  туралы  арнайы  зерттеп,  жан-жақты  қарастырылған 
еңбектер  бар.  Мысалы,  H.H.  Прокопович,  Л.Л.  Буланин,  Е.А.  Иванникова,  Л.З.  Зайцев, 
Н.Д.  Чкония,  Л.П.  Осенмук,  Ирене  Квонг  Лай  Ю,  В.Н.  Данков,  М.И.  Стрельцова  т.б. 
көптеген лингвист ғалымдарды атауға болады.  
А.  Ивановтың  «Тени  исчезают  в  полдень»  шығармасынан  мысалдар  келтірсек, 
«Варвара с мольбой глядела обезумевшими глазами в бесстрасное лицо отца
Она остекленевшими глазами смотрела на Устина. 
Потом  к  этому  запаху  начал  примешиваться  холодновато  терпкий,  пьянящий 
аромат. 
Но, черт возьми, прямо какой то заколдованный круг получается». 
Сонымен, адъективация процесі – тілдегі басқа бір құбылыстар сияқты сын есімнің 
де үнемі даму үстіндегі тілдік құбылыс екенін дәлелдейтін фактор болып табылады. 

 
177 
Конверсиялық  амал  бойынша  сөз  тудыру,  ең  алдымен,  қазақ  тіліндегі  сөзжасам 
жүйесінің  шеңберін  кеңейтеді.  Екіншіден,  сөздерді  белгілі  бір  лексика-грамматикалық 
категорияларға  дұрыс  топтастыруға  септігін  тигізеді.  Үшіншіден,  түрлі  сөз  таптарының 
арасындағы  сан  алуан  грамматикалық  қатынастардың,  әр  түрлі  семантиканың 
байланыстарды  танып  білуге  көмектеседі.  төртіншіден,  сөз  таптары  туралы  теорияның 
мазмұнын  молайтып,  толықтырады,  бесіншіден,  оның  лексикографияда  сөздік  жасау 
ісінде де зор мәні бар. 
Қазақ  тілінің  барлық  грамматикалық  оқулықтарында  сөз  таптарына  байланысты 
жарық көрген зерттеулерде сын есімге қатысты шыққан морфологиялық еңбектерде неге 
екені  белгісіз  -ғыр,  -гір,  -шақ,  -шек,  -аған,  -еген,  -у,  -к,  -кі,  т.б.  аффикстер  етістік 
негіздерінен  сын  есім  жасайтын  қосымшалар  деп  түсіндіріліп  жүр.  Ал  аталған 
қосымшалардың  төркініне  үңілсек,  олардың  о  баста  сөз  тудырғыш  қосымшалар 
болмағандығын,  етістіктің  есімше,  қимыл  есімдерінің  формаларының  қызметін 
атқарғандығын  көреміз.  Оған  көне  түркілік,  орта  ғасырлық  әдеби  ескерткіштердің  тілі  – 
нақты  куә.  Қазіргі  кезде  аталған  қосымшалардың  сөз  тудырғыштық  қасиеті  қалмаған. 
Мұны  бұл  қосымшаларды  «сөз  тудырғыштар»  қатарына  қосқан  ғалымдардың  өздері  де 
байқаған.  Академиялық  «Қазақ  тілінің  грамматикасы»  авторлары  бұларды  «тарихи 
қосымшалардың қатарына жатқызып, жаңадан сөз тудыру қасиеті көптеген ғасырлар бойы 
қалыптаса келіп, қазіргі кезде тоқырап қалған» деп түсіндіріледі [2].  
Қорыта айтқанда, ғалым Ж.Т. Сарбалаевтың ғылыми мұрасы адъективация процесін 
жан-жақты  тануға  мүмкіндік  туғызады.  Ғалым  еңбектері  қазақ  тіл  білімінің  сөзжасам 
жүйесін теориялық тұрғыдан байытуда да, оқу ағарту ісінде де маңызы зор. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Сарбалаев Ж. Конверсия мәселелері. – Павлодар, 2010. 
2
 
Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 
3
 
Словарь-справочник лингвистических терминов. – Москва: «Просвещение», 1976. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  авторы  повествуют  о  процессе  адективации  в  казахском  языке.  Также 
рассматривают научное наследие Ж.Т. Сарбалаева о процессе адективации.  
 
RESUME 
 
In  the  article  the  authors  describe  the  process  of  adjectivity  in  the  Kazakh  language.  Also  they 
consider the scientific heritage of Zh. T. Sarbalayev about the process of adjectivity. 

 
178 
ӘОЖ 82/821.0(045) 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Н.Ж. Құрман 
М.В. Ломоносов атындағы  
Мәскеу мемлекеттік университеті 
Қазақстан филиалы, 
пед. ғыл. д-ры, профессор 
 
Д.М. Жолмакова-
Джарбулова  
М.В. Ломоносов атындағы  
Мәскеу мемлекеттік университеті 
Қазақстан филиалы, 
аға оқытушы 
 
Қазақ тілін оқыту 
үдерісіне 
инновацияларды 
ендіру мәселелері 
 
Аннотация 
Зерттеу еңбегінің негізгі мазмұны қазақ тілін 
оқытуда  нақты  практикалық  ұсыныстар  мен  оқу-
әдістемелік құралдар жасау. Бұл - қазіргі күн талап 
етіп отырған қажеттілік.  
Ол  тоқырау  -  ғылыми-зерттеу  жұмыстары-
ның  қазақ  тілін  оқыту  үдерісінде  қарастырылған 
мәселені  қайталап  зерттеу  нысаны  етумен,  жаңа 
оқыту  технологияларын  зерттеу  нысаны  етіп  алу 
тым  сирек  болуымен,  теориялық  ізденістердің 
практикалық 
тұрғыдан 
нәтижесін 
көрсетуі 
жетіспеуімен  танылатын  құбылыс.  Мақалада 
мұндай құбылыс – ертеңгі күннің арғы жағындағы 
жақын  болашақ  пен  келер  замандағы  қазақ  тілін 
оқытудың  көкжиегін  ғылыми  тұрде  қарасты-
рылады. 
Түйін  сөздер:  инновация,  әдіс,  коммуника-
тивтік 
технологиясы, 
оқыту 
технологиясы, 
интенсивтік  технологиясы,  оқыту  үдерісі,  оқу-
әдістемелік құралдар. 
 
 
Инновация  -  жаңару,  жаңарту  дегенді 
білдіреді.  Нақтырақ  айтқанда,  жаңаны  енгізу, 
жаңартуларды ендіру үдерісі дегенді білдіреді.  
Жаңа  нәрсені,  құбылысты  инновацияға 
айналдыру «инновациялық үдеріс» деп аталады, ал 
инновацияны  нарыққа  енгізу  «коммерциали-
зациялау» деп аталады. 
Пайда болған жаңа ой, жаңа идея көпшілікке 
тарап, қолдауға ие болуы үшін, ғалымдар мынадай 
үш қасиеттің болуы міндетті деп анықтайды: 
-
 
біріншіден,  ғылыми-техникалық  жаңа-
шылдық; 
-
 
екіншіден, өндірісте қолданылатын болуы; 
-
 
үшіншіден, коммерциялық жүзеге асыру. 
Пайда болған жаңа идеяның жаңа технология 
түрінде  немесе  жаңа  өнім  түрінде  енуін 
«инновация»  деп  атауды  алғаш  рет  Иозеф 
Шумпетер  өзінің  1911  жылғы  «Экономикалық 
даму теориясы» атты еңбегінде қолданған. 
Түп  мәнінде,  «инновация»  ұғымы  ғылым 
жетістіктерінің  тауар  мен  қызмет  көрсету 
өндірісіне 
жаңа 
өндірістік 
ұйымдастыру-
экономикалық,  басқарушылық  және  әлеуметтік 
технологиялар 
болмысындағы 
қолданысын 
білдіреді.  

 
179 
Инновациялық  үдеріс,  қоғамның  қай  саласында  болса  да,  сол  саланың  үздіксіз 
дамуына,  даму  заңдылықтарына  бейімделіп,  сол  заман  тұрғысынан  пайда  болған  жаңа 
идеялардың, адам өмірі үшін пайдалы нәрсенің кеңінен енуіне, сөйтіп, дамудың қозғаушы 
күшінің көзіне айналуына тірек болатын жаңа білім мен ғылым нәтижелерінен тұрады. 
Сонда  жаңашылдық  дегеніміз  -  бір  адамның  шығармашылық  қызметінің,  атап 
айтқанда, 
зерттеушілік, 
жобалық, 
өндірістік 
(немесе 
басқалай) 
қызметінің, 
тұтынушыларға  ұсынатын  жаңа  өнім  түрі  немесе  өнімнің  жаңаланған  түрі.  Ол  өнімді 
тұтынушыларға одан әрі өзгертуге немесе пайдалануға мүмкіндік беріледі.  
Қазақстан  Республикасының  Индустриалды-инновациялық  қызметті  мемлекеттік 
қолдау  туралы  заңынының  Жобасында  «инновацияға»  мынадай  анықтама  берілген: 
«инновация  –  экономикалық  тиімділікті  арттыру  мақсатында  жаңа  немесе 
жетілдірілген  өндіріс,  технологиялар,  тауарлар,  жұмыстар  мен  қызметтер  түрінде 
іске асырылатын индустриялық-инновациялық қызметтің нәтижесі». ("Индустриялық-
инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдау  туралы"  Қазақстан  Республикасы  Заңының 
жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1007 
қаулысы). 
Барлық  инновацияларға  тән  ортақ  белгі  –  олар  қолданыс  айналымына  енгізілген 
болуы  керектігі.  Жаңа  немесе  жетілдірілген  өнімнің  нарықта  пайда  болуы–  олардың 
қолданыс айналымына енгізілгендігін танытады.  
Инновациялық  үдеріс  белгісіздік  жағдайлармен  байланысты  болады,  ол  белгісіздік 
жағдайлар  тәуекелге  бел  байлау,  тексеру,  қайта  тексеру,  эксперимент  жасау,  түрлі 
қиындық  деңгейлеріндегі  тексерулер  өткізу  сияқты  күрделі  мәселелермен  байланысты 
болады.  
Ғылыми  идеяның  біртіндеп,  қадам  санап,  нақты  өнімге,  қызмет  түріне  немесе 
технологияға  айналу  үдерісі  де  инновациялық  деп  түсінілетінін  атап  кетуіміз  керек.  Бұл 
аспектіні көптеген ғалымдар қолдайды. 
Инновациялық үдерістердің жоғары білім беру жүйесіне жайлап енуі немесе мүлде 
енгізілмеуі,  түптеп  келгенде,  адамзат  дамуына  кедерге  келтіреді  десек,  осы  бағыттың 
қазақ  тіліндегі  қоры  болмауы,  оның  болашақта  қай  ғылым  мен  техниканы  да  таныта 
алатын қауқары болмауына алып келетіні анық.  
Қазақ тілін инновациялық жүйеде дамыту қарқынының қуатты өзегі – жоғары білім 
беру жүйесі. Студент – білім алушы субъект, аз уақыттан соң білікті маман. Дәріс беруші 
оқытушы – ғылыми теориялық білім беру барысында, қалай болса да, жаңалықтың дәнін 
жинаушы және оны студентке меңгертуі барысында жан-жақты дидактикалық талдаушы. 
Мұның  барлығы,  біртіндеп  жоғары  білім  жүйесінің  жаңа  технологияларды  қолдануды 
қалыпты нормаға айналдыруына алып келеді. 
Осылай  заманауи  және  келешек  заман  маманын  қазақ  тілінде  дайындау  арқылы, 
білім  беру  жүйесінің  ұлттық,  табиғи  өз  болмысына  қайтып  келуі,  жоғары  білім  алған 
азаматтардың  жуапкершілігін,  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыру  міндеті  мен 
инновациялық  үдерістердің  тізгінін  студент  те,  оқытушы  да  ұстап  отыруы 
қалыптастырылады.  Ерекше  назар  аударуды  керек  ететін  қырлары  –  оқытушының  да, 
студенттің  де  қазақ  тілінде  инновациялық  құралдар  әзірлеуі  мен  жобалар  дайындап 
қорғауы  әрдайым  бірлікте  жүруін  қадағалау.  Бұл  ретте  университеттегі  инновациялық 
үдерістердің  дамуы  үшін  жауапты  тұлға  немесе  бөлім  жоспарлы  қызмет  атқаруы  керек 
болады.  
Жоғары  оқу  орындарында  жаңа  технологиялардың  қазақ  тілінде  қолданылуы  білім 
сапасын  арттырып,  студенттің  болашақ  маман  ретіндегі  жеке  тұлғасын  жоғары 
біліктілікпен, 
кәсіби 
құзыреттілікпен, 
құндылық 
бағдарларымен, 
әлеуметтік 
бағыттылықпен  сомдалған  дәрежеге  жеткізері  сөзсіз.  Адам  бойында  осындай  сапалы 
қасиеттердің біртұтас болмыс ретінде қалыптасуы, оның қай қырынан қарасаң да - білім, 
білік,  дағды,  жаңашылдық,  адамгершілік,  гуманистік,  қоғам  мен  әлеуметтің  жағдайын 

 
180 
барлау,  қазақ  тілінің  ақпараттық  кеңістіктен  өз  орнын  ойыа  алуына  үлес  қосу  –  барлық 
қасиеті  жеке  адамның  өзінің  де,  қоғамның  да  қажеттіліктерін  қанағаттандыратындай 
қызмет атқара алатын болады. 
Жоғары  білім  беру  жүйесінде  инновациялық  үдерістердің  оқу  үдерісіндегі  орны 
қалыпты норма ретінде анықталмағандықтан, осы кезге дейін сөзбен, кітаппен, тақтамен, 
бормен  жоғары  білікті  маман  даярлау  жолы  жаңғыртылмай  келеді.  Бұл  мәселе  болса, 
жоғары  білім  сапасының  заман  қарқынына  ілесе  алмай  қалуына,  сөйтіп,  студент  өзі 
меңгерген білімінің шынайы қоғам өміріндегі талаппен үндесе алмайтынын байқап, басқа 
салаға ауысып кетуіне себеп болады.  
Жоғары  білім  беруде  осы  заманда  тек  білім  мен  біліктілік  емес,  жаңа 
технологияларды  қолдануды  үйретіп,  құзыреттілік  деңгейіне  жеткізу  маңызды  болып 
отыр. 
Университетті  аяқтап,  қолына  диплом  алған  жас  маманның  кәсіби  біліктілігі 
шынымен  оның  білімі  мен  білік-дағдысына  сай  келе  ме  деген  сұраққа  өмір  ғана  жауап 
беріп  жатады.  Ал,  түптеп  келгенде,  ол  мәселеге  әрбір  оқытқан  университет  жауап  беруі 
керек.  Сонша  уақыт,  сонша  қарды,  күш-қуат,  оқытушының  да,  студенттің  де  енді  қайта 
айналып  келмейтін  алтын  ғұмырының  алмастай  үзіктері  далаға  бос  кеткеніне  тек  қана 
сапасыз білім беру жүйесін ұйымдастырып отырған университет жауап беруі керек. 
Жоғары  білім  беру  жүйесінің  гуманистік  тұрғыдан  ешқандай  жауапкершілікті 
мойнына ала білмеуі, қаржының да далаға кетуіне негіз болады. 
Біріншіден,  қаржы  бүгінгі  студенттің  өміріне  қатысты  пайдалы  ештеңе  беретіндей 
жұмсалмаса,  екіншіден,  болашақта  сапасыз  қызмет  атқаратын  маманның  қоғамды 
дамытуға емес, тоқтатып тастауға, не кері  кетіруге қызмет  ететініне байланысты келетін 
ысырап шаш-етектен болады. 
Маманның кәсіби қызметінің түрлі деңгейлері болады.  
Оның бірі – стереотипті деңгей, яғни пайдалану деңгейі деп аталады. Бұл деңгейдегі 
маман өзіне дейінгі қалыптасқан жүйені пайдалана алады, ол жүйенің әр нысаны, сипаты 
мен қасиеттері туралы білімі болады. 
Екінші бір түрі - операторлық деңгей деп аталады. Яғни маман жүйені жасай алады 
және  бір  міндеттерді  шешу  барысында  ол  жүйені  басқара  алады,  бұл  жүйенің 
құрылымдық  ұстанымдарын  біліп,  құрылымдық-функционалдық  тұрғыдан  пайдалана 
алады. 
Үшінші  түрі  бар,  ол  –  эксплуатациялық  деңгей  деп  аталады.  Мұнда  маман  бір 
тапсырмаларды  орындауы  барысында  жүйенің  жұмысынан  туындаған  ақауларды  тауып, 
анықтай  алады,  талдай  алады,  сонымен  бірге,  жүйені  талдау  әдістерін  біледі,  бұзылған 
тұстарын табу мен жөндеудің әдістерін біледі. 
Төртінші  түрі  –  технологиялық  деп  аталады.  Мұнда  маман  өзіне  берілген 
тапсырмаларды орындау барысында осындай сыпаттағы жүйелерді әзірлеу міндеттерін де 
шешіп отырады, осындай жаңа жүйелер жасау мен модельдеу әдістерін де жете меңгерген 
болады. 
Бесінші  түрі  –  зерттеушілік  деп  аталады.  Бұл  деңгейде  маман  қызмет  етіп  отырған 
жүйеге оның өз сапаларына лайықты қызмет етіп жатқанын тексеру мақсатымен зерттеу 
жүргізе  алады.  Осындай  бірнеше  жүйенің  ішінен  өз  қызметінің  сапалы  атқарылуына, 
тиімді  нәтижелерге  қол  жеткізілуіне  тірек  болатын  жүйені  дәл  тауып,  оны  қолдана 
отырып, одан да биік жетістіктерге жететіндей әдістерді іздене алады. 
Осылай,  университетте  білім  алып  жатқан  студенттің  қандай  деңгейде  қызмет 
атқаратыны  оның  қай  деңгейде  білім  алып  жатқандығымен  тығыз  байланыстылығы 
танылады. 
Студенттің  көрсетілген  деңгейлердің  ішіндегі  төртінші  және  бесінші  деңгейді 
меңгерген маман ретінде қалыптасуы үшін, жоғары білім беру жүйесінің қызметін сапалы 
дәрежеге  өсіру  керектігі  белгілі.  Ол  үшін  білімнің  сапасын  басқарудың  жүйелі  қызмет 

 
181 
ететін  тетіктері  қалыптастырлуы  керек.  Мұндай  тетіктердің  бір  құрылымға  түсіріліп, 
жүйелі қызмет етуі үшін орындалатын мынадай міндеттер бар. 
Ең алдымен, ғылым мен техниканың даму барысы мен халықаралық стандарттарды 
жақсы меңгеру керек. 
Одан  кейін  сапалы  білім  беруде  тұтынушылардың  талабына  тікелей  бағдар  қою 
керек,  яғни  еңбек  нарығындағы  қатаң  талаптар  білім  беру  үдерісінің  жиналмалы-
қозғалмалы-өзгермелі болуын қажет етеді.  
Келесі  жол  -  университеттегі  білім  беру  үдерісі  тұрақтылықпен  өзін-өзі  жетілдіру 
үстінде болады және ол жетілдіруде сыртқы қоршаған ортаның өзгерістері міндетті түрде 
ескеріліп отырылуы керек. 
Осыдан  кейін  университет  өзі  дайындап  жатқан  маманның  сұраныс  дәрежесі 
қаншалықты  екенін  әрдайым  мониторингілеп  отырса,  оған  қоса,  министрлік  те  сол 
сұранысты  болжап,  алдын  ала  университеттерді  бейімдеп  отырса,  Қазақстанда  жоғары 
білімді мамандар арасындағы жұмыссыздық мәселесі де шешілер еді.  
Маңызды тағы бір мәселе – білім беру қызметін көрсету нарығындағы жағдаяттарды 
әрдайым ескеріп отыру. Ол үшін бардық университеттердің сұранысын қанағаттандырып 
отыратын  стратегиялық  және  болжам  орындары  қарқынды  инновациялық  қызметтер 
атқаруы керек. 
Дәл  осындай  мәселе  –  жалпы  еңбек  нарығындағы  жағдаятты  ескеріп  отырмен 
байланысты.  Қазіргі  заманда  жаһандану  және  демографиялық  өсу  мен  өршудің  әр  елде 
әртүрлі  болуы  себебінен  жұмыссыздықтың,  мамандардың  өз  кәсібі  бойынша  қызмет 
атқара алмауының себептері әлемдік мәселеге айналып келеді.  
Осымен  қатар,  көп  мәселелер  жүйені  басқарушы  тұлғаға  да  байланысты.  Оның 
ұстанатын  көзқарасы,  инновациялық  үдерістерге  деген  қатынасы,  инновациялық  бағыт 
жоспарын құруына, оны бақылауына, тұрақтылықпен жүзеге асыра алатын нық  сеніміне 
көптен-көп байланысты 
Одан  кейін  университеттің  профессорлық-оқытушылық  құрамының  инновациялық 
үдерісті қолдауына және қаншалықты қамтылғаны да маңызды мәселелер қатарынан орын 
алады. 
Егер университеттің үнемі инновациялық үдерісті игеріп отыруына қатысты жайлы 
шешімдер  қабылдап,  осы  яғни  дамудың  өзгеі  болып  айналып  жататын  маңызды  саланы 
жақсартуға үздіксіз назар салып отырса, заман дамуы мен дайындап жатқан мамандарына 
сұранысқа жауап бере алатын осы оқу орны болады. 
Педагогикадағы 
инновацияның 
маңызды 
құраушысы 
– 
университеттің 
профессорлық-оқытушылық құрамының сапасы білім беру сапасының көрсеткіші қандай 
болуына аса зор ықпал етеді. 
Университеттің жақсы материалдық базасы, оқытушылық құрамның сапалы қызмет 
ету мотивациясының жоғары болуы, өз кезегінде оқу бағдарламасының сапалы болуына, 
оның сапалы іске асырылуына, түптеп келгенде, студенттің сапасының, білімінің сапалы 
болуына қаланған берік іргетас болып табылады. 
Жоғарыда атап кеткеніміздей, бұл тұста да университет басшысының инновациялық 
белсенділігі үлкен орын алады. Оқу үдерісіне инновацияның енгізілуі, түлектерінің еңбек 
нарығында  жоғары  сұранысқа  ие  болуы,  кейін  сол  түлектердің  қол  жеткізген  биік 
табыстары  –  барлығы  бүгінгі  күні  қаланып  жатқан  кірпіштің  сапалылығына  көп 
байланысты. 
Осы  аталғандардың  ішінде  профессорлық-оқытушылық  құрамның  сапалылығы 
үлкен  орын  алады.  Профессорлық-оқытушылық  құрамның  сапалылығының  өзіне  тән 
көрсеткіштер бар. Олар: 

 
оқытушының құзыреттілік деңгейі жоғары болуы; 

 
ұстаздық қабілеті мен мүмкіндігі; 

 
байқампаздық қасиетінің мықты болуы; 

 
182 

 
өзімен, айналасымен, шәкірттерімен үйлесімді қарым-қатынас жасай білуі; 

 
беделді, атақты болуы; 

 
ғылыми- зерттеу жұмыстарына белсенді араласатын болуы; 

 
өзінің ғылыми мектебі қалыптасқан болуы. 
Педагогикадағы  инновациялық  үдерістер,  тұтас  педагогикалық  үрдістегі 
екжақтылықтың  болуын  міндеттейтіні  белгілі.  Осымен  де  байланысты,  студенттердің  де 
инновациялық  үдеріске  белсенді  араласуы  үшін,  олардың  белгілі  бір  сапалық  талаптар 
үдесінен шыға білуі керек. Олар мынадай сипаттардан құралады: 

 
инновациялық үдеріске ене алатын, оны өзінің болашақ мамандығының маңызды 
дәні,  өзегі  деп  түсінетін  студенттің  университетке  дейін  бейіндік  білімі  болуы 
маңызды; 

 
студент  компьютерді,  ақпараттық–коммуникациялық  технологияларды  жақсы 
меңгерген болуы керек; 

 
шет тілдерін білуі немесе білуге ұмтылысының болуы керек; 

 
зияткер, білім алуға жалықпайтын болуы тиіс; 

 
дарындылық қасиет нышандары айқын танылып тұруы тиіс

 
рухани дүниесі бай және оны байытуға әрдайым талпыныс жасайды; 

 
жадына түю мен еске түсіру тетіктері жақсы жұмыс істеуі керек; 

 
тәртіпті,  ата-анасын,  қоғамды,  әлеуметтік  ортаны,  достарын  құрметтейтін  болуы 
керек. 
Бұлардың  барлығы  педагогикадағы  инновацияның  қажетті  шарттары  болып 
табылады. 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі  -  қазақ  тілі.  Мемлекеттік  тіл  –  көп 
ұлтты  Қазақстан  Республикасының  көптілді  сипатында  басты  орынға  ие  болуы  керек. 
Қазақ  тілі  -  мемлекеттік  тіл  мәртебесіндегі  кең  тынысты  қызметі  арқылы  Қазақстан 
халқының 
достығын 
кіріктіруші 
және 
біріктіруші 
(интеграциялаушы 
және 
консолидациялық)  қызметі  жоғары  тіл  болып  отыр.  Қазақ  тілін  оқытудың  жаңа 
технологиялары дегенде, мынадай мәселелер қарастырылады:  
-
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңындағы негізгі ұғымдар; 
-
 
қазақстандық «тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асырудың тиімді де 
сапалы  арналарын  анықтау  арқылы  мемлекеттік  тілді  оқытудың  әлеуметтік–
мәдени, лингвомәдени, этнолингвомәдени негіздері; 
-
 
«инновация» және инновациялық үдерістер туралы ұғымдарға талдау жасау; 
-
 
қазақ тілін оқытудағы инновациялық үдерістердің ерекшеліктерін талдау; 
-
 
қазақ тілін оқытуда коммуникативтік технологияны, интерактивтік технологияны, 
интенсивтік  технологияны,  дамыта  оқыту  технологияны,  модульдік  оқыту 
технологиясын,  лингвомәдени  технологиясын,  метафоралық  технология  мен 
шешендік  өнерге  баулу  жолдарын,  тестілеу  теориясын  қолданудың 
лингводидактикалық заңдылықтары жүйеленеді; 
-
 
қазақ  тілін  оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  қолданудың 
лингводидактикалық заңдылықтары қарастырылады;  
-
 
қазақ  тілін  оқытуда  оқушылардың  білім  алу  белсенділігін  арттыруда  қазақ  тілін 
терең танып-білу мотивациясы теориясы талданады;  
-
 
мемлекеттік тілді оқытудағы тіл үйретуші – мұғалімнің тұлғасы қарастырылады.  
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» - ерекше синтездік ғылым саласы. Қазақ тілін оқыту 
үдерісі дамудың жаңа деңгейіне шығудың жүйелі жолын қарастырып келеді. Қазақ тілі  - 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі  мәртебесін  алған  уақыттан  бері  еліміздің 
саяси-қоғамдық,  әлеуметтік-қоғамдық,  әлеуметтік-тұрмыстық,  әлеуметтік-мәдени,  оқу, 
кәсіби,  ресми-іскери,  отбасы,  демалыс,  балабақша,  мектеп,  жоғары  оқу  орындары, 
колледждер саласының барлығын қамтып, дамудың жан-жақты және саны қырлы жолын 
қарастырып келеді.  

 
183 
Қазақ тілін оқыту үдерісінің сапалы әрі тиімді нәтижеге қол жеткізуі үшін ғылыми-
зерттеу  жұмыстарының  нысанына  айналып  отыр.  Қазақ  тілін  оқыту  үдерісінде  тоқырау 
үдерісінің де барын жасыру мүмкін емес.  
Ол  тоқырау  -  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  қазақ  тілін  оқыту  үдерісінде 
қарастырылған  мәселені  қайталап  зерттеу  нысаны  етумен,  жаңа  оқыту  технологияларын 
зерттеу  нысаны  етіп  алу  тым  сирек  болуымен,  теориялық  ізденістердің  практикалық 
тұрғыдан нәтижесін көрсетуі жетіспеуімен танылатын құбылыс. 
Қазақ  тілін  оқытуда  қазір  нақты  практикалық  ұсыныстар  мен  оқу-әдістемелік 
құралдар  жасау  қажеттілігі  басым  болып  отыр.  Бұл  -  қазіргі  күн  талап  етіп  отырған 
қажеттілік.  
Бірақ  «Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі»  ғылым  саласы  болғандықтан,  тек  қана 
практикалық қажеттілікті қанағаттандырумен және тек бүгінгі, ертеңгі күнді қамтамасыз 
етумен мәселе шектелмеуі тиіс.  
Мұндай  құбылыс  –  ертеңгі  күннің  арғы  жағындағы  жақын  болашақ  пен  келер 
замандағы қазақ тілін оқытудың көкжиегін ғылыми тұрғыдан болжай, тани алмай, тағы да 
тоқырауға түсуіне алып келеді.  
Оқыту  үдерісі,  Адам  мен  Адамның  (егер  ол  «субъекті  –  субъектілік»  жүйесіне 
негізделіп құрылатын болса), тіл қатысуынан бастап тіл табысуына дейін өсіретін керемет 
танымдық үдеріске айналады.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет