Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет15/22
Дата31.03.2017
өлшемі2,53 Mb.
#10658
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье рассматриваются теории и концепции креативности и творческого потенциала. 
 
RESUME 
 
This article is about theories and conceptions of creativity and creative potential. 

 
134 
ӘОЖ 811.512.122.39 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.А. Ақажанова  
С. Сейфуллин атындағы  
Қазақ агратехникалық 
университеті, 
пед. ғыл. магистрі, оқытушы 
 
Жануарлар бейнесін 
елестетіп ойнайтын 
ойын атаулары 
 
Аннотация 
Бұл  мақалада  халық  арасында  ежелден 
белгілі,  кең  тараған  ұлттық  ойын  атаулары 
талданып,  олардың  мазмұны,  этнографиялық 
және  тілдік  сипаты,  шығу  тегі,  жасалу  жолдары 
түсіндіріледі. 
Түйін сөздер: Серекқұлақ, ақсерек-көксерек, 
қасқұлақ, 
жырадағы 
қасқыр, 
аққу-қаздар, 
дүмпілдек,  соқыртеке,  түйе,  түйе,  түйелер, 
көксиыр т.б ойын атауы. 
 
 
Халқымыздың 
тарихи 
– 
мәдени 
мұраларының  түрлері  сан  алуан.  Осындай  құнды 
мәдени  игіліктердің  бірі  –  ұлт  ойындары.  Халық 
өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей 
– тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы 
жастайынан  сіңіре  білуді  көздеген.  Ойын  бала 
табиғатымен  егіз.  Ендеше,  біз  әңгімелегелі 
отырған  жануарлар  бейнесін  елестетіп  ойнайтын 
ойын  түрлері.  Бұл  ойындардың  негізінде 
балалардың  ой-санасында  төрт  түлік  мал  және 
басқа 
жан-жануарлар 
жайлы 
қалыптасқан 
танымдық бейнелер жатыр. Ойында сол бейнелер 
елестетіледі. 
Мысалы, 
қасқыр 
бейнесімен 
байланысты  мынадай  ойын  атаулары  туған: 
серекқұлақ  –  жаздың  жайлы  түнінде  қыз-
бозбалалар  ойнайтын  ойын  атауы.  Бұл  ойынды 
қызбөрі  деп  те  атайды  [1,  8т.,  276].  Серекқұлақ 
ойынында  бір  епті  жігіт  қасқыр  (бөрі)  болып,  ал 
қыз-келіншектер  қой  болып  ойнайды.  «Абай 
жолы»  романында  бұл  ойын  жақсы  көрсетілген 
(қ.  39-б.).  В.Радлов  серекқұлақ  сөзін  –  тік  құлақ 
(стоячие уши) мәнінде береді 2., IV
T
.,
 
459]. Қазақ 
жастары ойнаған «Көкбөрі» ойыны да (көкпардан 
басқа)  осы  «серекқұлақ»  іспеттес  сияқты. 
Ақсерек-көксерек  –  алаңда  ойналатын  ойын  түрі. 
Жиналған ойыншылар екі топқа бөлініп, арасы 20 
метр  қашықтықта  тұрады.  «Ақсерек-көксерек, 
мұнда  бізге  кім  керек»  деп,  ана  топтың 
ойыншыларынан атын атап біреуді шақырады. Ол 
адам  қол  ұстасып  созыла  тұрған  топты  жүгіре 
келіп  үзіп  кетуі  керек.  Ал  үзе  алмай  қалса,  осы 
топта  қалып  қояды.  Бұл  топ  тағы  да  солай 
қайталап шақырады. Бұл жолы үзіп кетсе, жаңағы 
өз  ойыншысын  бірге  ала  кетеді.  Ойын  осылай 
жалғасады. Қай топта адам саны көбейеді, сол топ 
жеңеді [3, 56]. Ойынның атауы жөнінде мынандай 
пікір    айтуға    болады.    Көксерек   сөзі   қазақта 

 
135 
ертеден  белгілі.  Түсіндірме  сөздікте  оның  екі  мағынасы  көрсетілген.  1)  жас  бөрілердің 
(қасқырлардың) ішіндегі ең мықтысы, өжеті, 2) ауыс. Айтқанын істететін, өктем. Биіктің 
иек  ортасынан  қараған  көксерек  менің  ерге  отырысымнан  бастап,  атымның  аяқ 
алысына  дейін,  кім  екенімді  көріп-біліп  отыр  (Ә.Көшімов).  Мен  даланың  көксерек, 
көкжал бөрісімін, білсеңдер  (М.Сатыбалдин) [1, 8т., 129]. Көксерек екі құрамды сөз: көк 
«көк,  аспан  түстес,  көк  сұр»,  түсіндірме  сөздікте  серек  «сыриған,  сорайған»,  одан  серек 
құлақ  «ұзынша  келген,  тікше  құлақ»  туған  [1,  8т.,  276],  В.Радловта  «тік  тұрған»  деген 
мағынаны береді [2.,
 
IV
T
.,
 
459].
 
Ойын атауындағы көксерек ауыс мағынада «батыл, өжет, 
топ бұзар, шепті бұзар жас адам» дегенді бейнелеп тұр. Ойын тәртібінде  ойыншылар екі 
топқа  бөлініп,  бір  жағы  қозы,  лақты  аузымен  тістеп  иығына  салып  алып  кететін 
көксеректер  тобын  бейнелеген.  Екінші  жағы  соған  парапар  болсын  деген  мақсатпен 
ақсеректер тобы деп бейнеленген. Сірә, ақсерек сөзі көксерекке ұқсастырылып қойылған 
атау  тәрізді.  Ж.Т.Жанұзақовтың  сөздігінде  ақсерек  «қазақтың  ақсүйек  тәрізді  ұлттық 
ойыны»  деп  берілген  [4,  27].  Бірақ  ақсеректің  бұл  мағынасы  талданып  отырған  ойын 
атауы мағынасынан басқаша сияқты.  
Қасқұлақ  –  жаздыгүні  түнде  алаңда  жастар  ойнайтын  ойын  атауы.  Ойынға 
қатысушылар  іштерінен  «күзетші»  мен  «қасқырды»  сайлайды.  «Қасқыр»  басына  ақ 
орамал  байлайды.  Қалған  ойыншылар  «қой»  болады  да  жан-жаққа  бытырап,  түн 
қараңғысына еніп жоқ болады, демек ұзап барып жасырынады. Күзетшінің көзіне түспес 
үшін «қасқыр» да ұзап барып тығылады.  «Қойлар» жасырынып болғаннан кейін күзетші 
қой  күзетуге  шығады.  Қойлар  тығылған  беттерінде  қозғалмай  жата  береді.  Күзетшінің 
мақсаты – қойға шабатын қасқырды аңду, ал қасқырдың мақсаты – күзетшіге көрінбей қой 
ұрлау.  Қойлардың  жатқан  жерін  екеуі  де  білмейді.  Ойынның  шарты  бойынша  қасқыр 
күзетшінің  көзіне  түспей  келіп  қойды  ұстап  алса,  онда  қойға  қашуға  болмайды.  Ондай 
жағдайда  екеуі  күзетшіге  келіп,  атқарып  жүрген  міндеттерін  (қасқыр,  қой  болу) 
алмастырады.  Ал  күзетші  қасқырдан  қойды  аман  алып  қалған  жағдайда  қасқырдан 
құтылған  қой  күзетші  болады.  Ал  басқа  қойлар  тығылған  күйінде  қала  береді.  Тек  қана 
қасқыр  мен  күзетші  арасында  болып  жатқан  өзгерісті  күзетші  қатты  дауыстап  айтып, 
кімнің  күзетші,  кімнің  қасқыр  болғанын  хабарлап  тұрады.  Қасқұлақ  атауындағы  қас 
қасқыр сөзінің қысқартылған түрі болуы мүмкін. 
Жырадағы  қасқыр  –  жаз  мезгілінде  ойлы-қырлы  жерде  ойналатын  ойын  атауы. 
Балалар  қояндарша  секіріп  үйренеді.  Секіру  мен  жүгіруді  бірге  орындап,  аяқтарының 
күшін  жетілдіреді.  Жан-жағын  тез  бағдарлап,  қауіпке  төтеп  беруге  жаттығады.  Батыл 
қимылдап,  өз  күшіне  сенімі  пайда  болады.  Ұзындығы  25-35  метр  ойын  алаңының  тең 
ортасынан арасы 2-3 м екі қосарланған (параллель) сызық (жыра) жүргізіледі. 
Ойыншылар  арасынан  1-2  қасқыр  сайлайды.  Қасқырлар  жыраның  ортасына  барып 
тұрады. 
Қалған  ойыншылар  –  қояндар  алаңның  бір  шетінде  бір  қатар  болып  тұрады. 
Басқарушының  белгісінен  кейін  қояндар  қос  аяқтап  секіре  жөнеледі.  Жыраға 
жақындағанда екпіндете жүгіріп, ортасына түсіп кетпей, одан бір аяқпен секіріп өту керек. 
Ал қасқыр ол кезде қояндарды ұстап алуға әрекет жасайды. Ұсталғандары ойыннан 
шығып,  екінші  шетке  барып  тұрады.  Ойынның  соңында  ұсталмай  қалған  екі  ойыншы 
жеңіске жеткен болып саналады. Келесі жолы ойынды солар бастайды [5, 17]. 
Аққу-қаздар  –  балалардың  екіге  бөлініп,  алаңда  ойнайтын  ойын  атауы.  Ойынға 
қатысушылар  өздерінің  арасынан  кімдер  қасқыр  мен  қожайын  рөлін  ойнайтынын 
белгілеп,  қалғандары  аққу-қаздар  болады.  Алаңның  бір  жағында  отағасы  мен  қаздар 
тұратын  үй  сызылып  салынады,  екінші  жағында  –  қыр  астында  жасырынған  қасқыр. 
Отағасы  қаздарын  көкке  тойынып,  бой  жазып  қайту  үшін  далаға  шығарып  жібереді. 
Қаздар  үйден  едәуір  жер  алыстап  кетеді.  Шамалы  уақыт  өткен  соң  қожайын  қаздарын 
шақырады. Сөйтіп отағасы мен қаздардың бір-біріне тіл қатысуы басталады. 
– Қаздар, қаздар! 

 
136 
– Га, Га, Га. 
– Қарындарың ашты ма? 
– Иә, Иә, Иә, 
– Аққу-қаздар қайтыңдар! 
   Қыр астында қасқыр бар! 
– Не істеп жатыр ол онда? 
– Шіл жеп жатыр ол онда 
   Ал үйге қарай қашыңдар! 
Қаздар  үйге  қарай  қашады,  қасқыр  оларды  ұстап  алуға  ұмтылады.  Ұсталғандар 
ойыннан шығады.  
Барлық қаздар ұсталған кезде, ойын аяқталады. Соңында қалған ең епті және жүйрік 
қаз қасқыр болады.  
Ойын  тәртібі  бойынша,  қаздар  тек  алаңнан  шықпай  «ұшуға»  тиіс.  Қасқыр  оларды 
«Ал үйге қарай қашыңдар!» сөзінен кейін ғана ұстауға ұмтылады. 
Дүмпілдек – алаңда ойналатын ойын атауы. Өте көне ойындардың бірі. Ойын шилі, 
қарағанды,  жыра,  жықпылды  жерлерде  ойналатын  болған.  Жиналған  ойыншылар  екі 
топқа  бөлінеді,  бір  тобы  «қойлар»,  екінші  азырақ  топ  «қасқырлар»  болады.  «Қасқырлар 
қойларды  аңдиды».  Ал  «қойлар  олардың»  көзіне  түспеуге,  ұстатпауға  тырысады.  Ойын 
«Қасқырлардың»  «қойларды»  түгелдей  ұстауымен  аяқталып,  қайта  жалғасып  отырады. 
Ойыншылар орын ауыстырады [3, 124]. 
Соқыртеке  –  көзі  орамалмен  таңылған  адам  ортаға  шығып,  басқаларды  қолымен 
қармалап ұстауға тырысатын ойын атауы  [1, 8т.,  329].  Oл  алтыбақан, соқыртеке ойыны 
кезіндегі  оның  ең  алғаш  Әбішпен  кездесуі  жақсы  елес  береді  («Қаз.әдеб.»).  Ойынға 
қатысушылар  жиналып,  алқа-қотан  тұрғаннан  кейін,  бір  қыздың  не  бір  баланың  көзін 
байлап, қолына бір метрдей жас шыбық беріп, ортаға шығарады. Ол: 
Қараңғыда көзім жоқ,  
Тиіп кетсе сөзім жоқ.  
Қайда кеттің, қалқажан,  
Жетектейтін өзің жоқ.  
Қолға түскен құтылмас, 
Қала бермек көзім боп, –  
деп, алқа-қотан тұрғандардың ішінде әрі-бері жүреді, тұрғандар соқыртекеге тиіп қашып 
жүреді. Осылай ойнап жүргенде соқыртекенің қолына түскен ойнаушы ұтылады да, екеуі 
орын ауыстырады. 
Соқыртекемен оны түрткілеп қашып жүрушілердің өрісін мөлшерлеп сызып қояды. 
Соқыртеке атауының лексикалық құрамы халық тілінде белгілі сөздерден тұрады. Соқыр 
және  теке  сөздерінің  тіркесі  шектестік,  қатыстық  заңдылығы  бойынша  ауыс  мағынада 
қолданылып,  ойын  атауына  айналған  деуге  болады.  А.  Қайдаров  соқыр  сөзінің  тегін 
соқ+ыр деп ажыратады [6, 274]. 
Түйе, түйе, түйелер – оңаша алаңда өтетін ойын атауы. Ойынға қанша бала болса да 
қатыса  береді.  Ойын  басталар  алдында  бір  бастаушы  және  бір  аңдушы  белгіленеді. 
Басқалары «түйе» болып есептеледі. Содан кейін ойынға қатысушы балалар бойларының 
ұзын-қысқалығына  қарай,  бірінің  соңынан  бірі  тізіліп  тұрады,  әрқайсысы  алдындағы 
баланың белінен ұстайды. Ойын аңдушының: «Қай жағың терең, қай жағың таяз?» – деген 
сұрауымен  басталады.  Бұған  бастаушы:  «Былай  барсақ  арба  сынады,  былай  барсақ  өгіз 
өледі», – деп жауап береді. Сонда аңдушы ең соңғы ойыншыны нұсқап:  – «Анау түйенің 
жүгі  ауып  барады  екен,  жөндеп  жіберейік»,  –  деп,  ең  соңғы  ойыншыға  қарай  тұра 
ұмтылады. Ондағы мақсаты – ең соңғы ойыншыны ұстап алу. Бастаушы әлгі ойыншыны 
қорғауға  әрекет  жасайды,  аңдушыға  алдырмауға  тырысады.  Ұсталмағандары 
бастаушының  соңынан  тізбегін  үзбей  жүгіріп  отырады.  Егер  аңдушының  ұстағандары 
ойыншының жартысынан асса, онда қайтадан бастаушы белгіленеді. Ал біршама уақытқа 

 
137 
дейін  аңдушы  мандытып  «түйелерді»  ұстай  алмаса,  ол  да  ауыстырылады.  Ойын  атауы 
түйе  жайында  қалыптасқан  менталдық  ұғымға  қатысты  туған.  Үлек  пен  тайлақ  –  жыл 
мезгілінің барлығында да ойнай беретін ойын атауы. Ойын кең алаңда немесе клубтарда, 
денешынықтыру  спорт  залдарында  өткізіледі.  Ойынға  қатынасушылар  қол  ұстасып 
дөңгелене  тұрады.  Олар  өз  араларынан  бірін  «тайлақ»,  екіншісін  «үлек»  қып  таңдап 
алады. «Тайлақ» қоршаудың ішінде қалады да, ал «үлек» қоршаудың сыртына шығады. 
Ойын  бастағанда  «үлек»  «тайлақты»  шайнап  тастамақ  болып,  қоршауды  бұза  жара 
ұмтылады,  бұл  кезде  «тайлақ»  сып  етіп  қоршаудан  шығып  кетеді.  «Үлек»  «тайлақты» 
ұстап, таламақ болғанда, қатынасушылар: шөк, шөк! – деп «үлекті» шөгеріп, «тайлақты» 
одан  айырып  алады.  Ойнаушылар  «тайлақты»  қоршаудың  ішіне  тез  кіргізіп,  «үлектің» 
жолын  бөгейді.  Бірақ  ол  «үлектің»  киімінен  тартып,  итеріп  жасалған  қарсылық  түрінде 
емес, жалпы ойын тәртібіне сай ұстасқан қолдарды жоғары, төмен түсіру арқылы реттеліп 
отырады.  Бұл  ойынды  «Мысық  пен  тышқан»  ойынының  бір  түрі  деп  те  атайды  [5,  9]. 
Ойын атауы түйе өміріне қатысты менталдық ұғымнан туған. 
Көксиыр – жазда алаңда ойналатын ойын атауы.  Көгалға жиналған ойыншылар бір 
сызықтың  бойына  малдасын  құрып  отырады.  Ойын  жүргізуші  көксиырдың  рөлін 
ойнайды.  Қатардың  оң  жақ  шетінде  бұзау  отырады.  Көксиыр  ойнаушылардың  ортасына 
келіп:  «Бұзауымды  жоғалтып  алдым,  көргендерің  бар  ма?»  –  деп  сұрайды.  Ойнаушылар 
барлығы  бір  дауыспен:  «Ит-құс  жеп  кеткен,  емізбей,  сүзгенді  шығардың,  бізден  аулақ 
жүр», – дейді. Көксиыр алыстап барып қайта келіп, ештеңе көрмеген, білмегенсіп: «Мен 
ойнайтын, мен құшақтайтын  балам жоқ, адамзат,  мені  есіркеңдер,  ең  ақыры киім тігетін 
икемім жоқ», деп сұрана бастайды. Бірақ ойнаушылар бұл жолы да бұзаудың қайда екенін 
айтпай,  бірақ  әрқайсысы  өз  бойынан  бір белгі  заттарын  көксиырға  береді.  Ол  кеткеннен 
кейін  соңынан  бұзауы  барады.  Енесі  оны  «Сен  іздегенде,  таптырмай  қойғансың»,  –  деп 
қайта қуып жібереді. Бұзау топқа қайтады, оған ілесе көксиыр да келеді. Бұзау теріс қарап 
тұрады да, көксиыр ойнаушылардан жиналған заттарды бір-бірлеп шығарып, бұзаудан ол 
заттың  иесінен  қандай  жаза  бұйыратындығын  сұрайды.  Теріс  қарап  тұрған  бұзау  ана 
заттың иесі ән салсын, мына заттың иесі би билесін деген сияқты алуан түрлі айыптарды 
атайды. Осылайша ойнаушылардың барлығы өз өнерлерін көрсетіп болғаннан кейін, ойын 
қайта  басталады.  Көксиыр  мен  бұзау  өз  қызметтерін  ойыншылардың  ішінен  көңілдері 
қалағандарына  тапсырады  [5,  103].  Ойын  атауы  балалардың  мал  өмірі  жайлы  қиялын 
білдіретін менталдық ұғымнан туған. 
Алакүшік  –  жастар  (көбінесе  балалар)  өзара  кезектесіп,  бірі  күшік  болып,  қалғаны 
соны  мазақтап  жүгірісіп  ойнайтын  халық  ойынының  атауы  [7,  1т.,  348].  Мақсат 
алакүшіктің  қолына  түспеу,  қайсысы  түсіп  қалса,  келесі  алакүшік  coл  болады  (ҚСЭ). 
Ойынды кең, жазық  аулада немесе  спорт  залында  ойнауға болады.  Ойынға жиналғандар 
топтасып тұрып, араларынан біреуді алакүшік етіп белгілейді. Олар Алакүшіктің назарын 
өзіне  аударуға  тырысып,  оны  келемеждейді.  Алакүшік  ойыншылардың  біреуін  қолға 
түсіруге  әрекет  жасайды.  Қолға  түскен  ойыншы  Алакүшік  болады  да,  бұрынғы 
«алакүшік»  ойыншылар  қатарына  қосылады.  Ойын  сергектікке  баулиды.  Алакүшіктің 
лексикалық құрамы халық тілінде белгілі ала және күшік сөздерінен тұрады. Ойын атауы 
осы  екі  сөз  тіркесінің  ауыс  мағынада  бейнеленіп  қолданылуынан  шыққан  деуге  болады. 
«Ала», «ала ат» М.Қашқарида берілген [ҚӘТС,1т., 348]. Ә. Қайдар күшік сөзінің құрамын 
күш+ік деп бөледі де, кіш-кіші-кішкене-кішік сөздерімен салыстырады [6, 233]. 
Асау мәстек – жастар ойынының атауы. Ойынға қатынасушы жастар жиылып келіп, 
«Асау мәстек» құрады. Ол үшін 4-5 қадамдай қашықтықтан екі мықты қада қағады. Кейде 
бұған  өсіп  тұрған  екі  ағашты  да  пайдалануға  болады.  Жерден  50-70  см  биіктікте  екі 
қаданың арасына арқан байлайды да, оның үстіне ескі көрпеше (шапан, киіз, тон) салады. 
Ойын жүргізуші балаларды ойынға тақпақ айтып шақырады: 
Әй, ер екенің білейін, 
Ешкі сойып берейін, 

 
138 
Тақия алсаң еңкейіп, 
Құламасаң теңкейіп, 
Ерлігіне сенейін! 
Өзінің ептілігін сынағысы келген ойыншы: 
Асау мәстек бұл болса, 
Үйретейік көріңіз, 
Маған таяқ беріңіз! – 
деп, ортаға шығады. Ойын жүргізуші таяқты беріп тұрып, санай бастайды: 
Міне, саған таяқ, 
Үшке дейін санақ. 
Бір... 
Екі... 
Үш... 
Ойынға шыққан бала санақ біткенше таяқтың көмегімен арқанның үстіне атша мініп 
алуы тиіс те, жерден еңкейіп тақия алады. Жеңіп шықса, ойын жүргізуші айыпты болады 
да, жығылса – өзі айып тартады. 
Айып өлең айту, ән салу немесе қораз болып шақыру, түйедей боздау, ешкі сияқты 
маңырау түрінде болады [5, 47]. Ойын атауы есек жайында қалыптасқан менталдық ұғым 
негізінде туған. 
Жапалақтар  мен  қарлығаштар  –  кең,  жазық  алаңда  өтетін  ойын  атауы.  Ойынға 
қатынасушыларға шек қойылмайды. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді де, бірінің арқасына 
бірі арқасын қаратып, екі сап құрып тұрады. Бір қатардағыларды «жапалақтар», екіншісін 
«қарлығаштар»  деп  атайды.  Орталарынан  біреуді  ойын  жүргізуші  етіп  алады.  Ол 
ойыншылардың  арасынан  жүріп  отырып,  сөзін  үзіп-үзіп,  созып  сөйлейді:  қар-  үзіліс-
лығаш  немесе  жа...,  деп  сөз  аяғын  айтпайды.  Сонда  аты  аталған  топ  бытырап  қаша 
жөнеледі  де,  аты  толық  аталмаған  топ  оларды  қуады.  Ұсталған  ойыншы  ұстаған  топтың 
ойыншыларының топтарына қосылады. Қашушылар мен ұстаушылар алдын ала келісілген 
белгі бойынша ұсталғанын мойындайды. Ол үшін қашушы ойыншы қолын тигізсе болды. 
Қай топтың жеңгенін ойын соңында қайсысының саны көп болса, соған қарай шешеді [5, 
29].  Ойын  атауы  құс  атаулары  жапалақ  және  қарлығаш  сөздерінің  тіркесіп,  екінші 
аталымдық ауыспалы мағынасынан туған. 
Кірпіше қарғу. Ойынға он шақты бала қатысады. Ойнаушылар бірінен кейін бірі 3-4 
метр  аралықта  сапқа  тұрады.  Әр  ойыншы  басын  ішке  салып,  бір  аяғын  алға  созады  да, 
созған  аяғының  үстіне  қолдарын  салып,  еңкейіп  тұрады  Ойынды  ең  соңғы  ойыншы 
бастайды.  Еңкейіп  тұрған  алдындағы  баланың  арқасына  қолын  тіреп,  аяғын  тигізбей, 
үстінен  қарғып  өтеді.  Содан  кейін  алдына  келіп,  өзі  де  еңкейіп  тұрады.  Қарғи  алмаса, 
ойыннан шығып қалады. Кезек бастапқы балаға қайта айналып келгенде, ойын аяқталады. 
Ойын атауы кірпінің қимылына ұқсатуға байланысты туған [5, 63]. 
Қырықаяқ – көгалда немесе спорт залдарында ойналатын ойын атауы. Ойыншылар 
теңдей екі топқа бөлініп, басқарушы сайлап алады. Екі топтағы ойыншылар да бір-бірінің 
белінен  құшақтап,  қатар  тұрады.  Топтан  25-30  метр  қашықтықта  көмбе  белгіленеді. 
Басқарушының  белгісі  бойынша  екі  топ  ойыншылары  сол  қалыпта  аяқтарын  тең  алып, 
құламай,  үзілмей  көмбеге  бірінші  жетулері  тиіс.  Көмбеге  бірінші  жеткен  топ  жеңіске 
жетеді. Басқарушы ойын тәртібінің бұзылмауын қадағалап тұрады [3, 72]. Қырықаяқ ойын 
атауы  осылайша  аталатын  жәндік  атауына  ұқсастырылып,  метафоралық  жолмен  ауыс 
мағынада  пайда  болған.  Ойын  атауын  білдіретін  қырықаяқ  сөзі  жәндік  атауына 
байланысты шыққан екінші атауыш сөз болып табылады. Қырықаяқ сөзінің құрамындағы 
қырық  сөзі  Күлтегін  ескерткішінде,  «Құтадғұ  білігте»  қырқ:  «Күлтегін  қырқ  йачайур 
ерті»  –  «Күлтегін  отыз  бір  жасқа  толды»  [8,  446].  Аяқ/айақ  сөзінің  құрамын  Ә.Қайдар 
ай+ай деп жіктейді. Ай чуваш тілінде бір нәрсенің төменгі жағы дегенді білдіреді [6, 186]. 

 
139 
Қазақ  халқының  негізгі  кәсібі  мал  шаруашылығы  болғандықтан,  халық  жануарлар 
бейнесін  өлең  айтса,  сарыны  етіп,  ертегі  айтса,  бас  кейіпкер  етіп,  халық  өмірінде 
сарқылмас  жануарлар  дүниесін  қолданбаған  не  елестетпеген  мәдениеті,  әдебиеті,  бала 
тәрбиесі,  әр  алуан  этнографиялық  ерекшеліктері  болмаған.  Алайда,  бұл  ойындар  – 
жасөспірімдер үшін сан алуан, сан сырлы, жұмбағы көп, ерекшелігі мол дүние. Сондықтан 
халық  қазынасының  бір  саласы  халық  ойындарында  жануарлар  дүниесін  елестетіп 
ойнайтын  ойындарды  көп  сақтаған.  Осындай  ойындар  арқылы  халық  данасы 
жасөспірімдерге өмір сүрудің негізгі көзі осы малда екендігін, оның әкеден балаға мирас 
екенін байқатады. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1
 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 1-10 тт. - Алматы: Ғылым, 1974-1986. 
2
 
Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. - СПб, І-ІV тт., 1888-1911. 
3
 
Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы: Рауан, 1991. – 174 б.  
4
 
Қазақ тілінің сөздігі. /Редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. - Алматы, 1999. – 774 б. 
5
 
Қазақтың ұлттық ойындары. /Құраст.: С.Тайжанов, С.І. Қасымбекова. - Алматы, 2004. 
– 115 б.  
6
 
Кайдаров  А.Т.  Структура  односложных  корней  и  основ  в  казахском  языке.  -  Алма-
Ата: Наука, 1986. – 323 с. 
7
 
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. - Алматы: Арыс, 1-3 т., 2006; 4-6 т. 2007.  
8
 
Древнетюркский словарь. - Ленинград: Наука, Ленингр. отд., 1969. 676 с.  
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  данной  статье  речь  идет  об  образовании  наименований  игр,  способствующих  развитию 
мышления и кругозора детей.  
 
RESUME 
 
This  article  is  devoted  to  the  ways  of  forming  the  games  contributing  to  the  development  of 
thinking and expanding children’s outlook.  
 

 
140 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Филология 

 
141 
ӘОЖ 82. 512. 122. 09 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Р. Тұрысбек 
Л.Н. Гумилев атындағы  
Еуразия ұлттық университеті
филол. ғыл. д-ры, профессор 
 
Батырлық болмыс 
пен ғалымдық 
келбет 
(Мәлік Ғабдуллиннің 
ғылыми-
шығармашылық мұрасы 
хақында) 
 
Аннотация 
Мақалада  М.Ғабдуллиннің  шығармашылық 
мұрасы  қазіргі  әдеби  үдеріспен,сондай-ақ  жанр 
мен мәтін,стильдік ерекшеліктердің қолданыс аясы 
мен 
көркемдігі 
тұрғысынан 
қарастырылып, 
өзектілігіне мән беріледі. 
Түйін  сөздер:  тақырып,  мәтін,  өнер,  стиль, 
шығармашылық, поэтика. 
 
 
Қазақ  руханиятында  Мәлік  Ғабдуллиннің 
есімі  мен  еңбегі  кеңінен  мәшҺүр.Ол  –  қоғам 
қайраткері  һәм  қаламгер,  әдебиет  зерттеушісі  әрі 
ұстаз-ғалым.  Өмірбаян  беттеріне  үңілсек,  әрине, 
қоғамдық 
қызметтері, 
біліми-ғылыми 
бағыттардағы еңбектері де қалың көптің көкейінен 
шығып,  жас  ұрпақтың  да  назарын  аудартады: 
«...КСРО  Пед.ҒА  академигі  (1959),  Кеңес 
Одағының  батыры  (1943),  ҚР  еңбек  сіңірген 
қайраткері  (1961),  Қаз  ҰПУ  бітірген  (1935),  ҚР 
ҰҒА  Тіл  және  әдебиет  институтының  директоры 
(1946-51),  Қаз  ҰПУ  ректоры  (1951-63)...»  [1,  147]. 
Орайлы  тұста  еске  алсақ,  өмірбаян  беттері, 
қоғамдық 
қызметтері 
бай 
да 
мазмұнды, 
жарасымды  сипат  алады:  «...М.  Ғабдуллиннің 
ғылыми-творчестволық жұмысы 1938 жылы СССР 
ҒА-ның  Қазақстандағы  филиалында  кіші  ғылыми 
қызметкерліктен  басталды.  1941-1946  жылдары 
Совет Армиясының генерал И. Панфилов бастаған 
даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы 
Отан  соғысына  қатысты.  Ғабдуллиннің  Ұлы  Отан 
соғысындағы  ерлік  даңқы  бүкіл  одаққа  әйгілі. 
Оның  бұл  ерлігі  алғаш  рет  белгілі  жазушы             
Б. Полевойдың «Правдада» жарияланған «Эпостың 
тууы»  атты  очеркінде  баяндалды.  Көптеген  қазақ 
ақындары 
Ғабдуллинге 
арнап 
өлең-жырлар 
шығарды.  Соғыс  аяқталып,  армиядан  қайтқаннан 
кейін 
Ғабдуллин 
республиканың 
ғылыми-
педагогикалық  мекемелерінде  қызмет  атқарды...» 
[2, 349]. 
Асылы,  М.  Ғабдуллиннің  шығармашылық 
мұрасында  бейбіт  өмір,  майдан  көріністері,  елдік 
пен  ерлік  орны,  жауынгер  жолы,  қаҺармандық 
келбет,  батырлық  болмыс,  адами  сипат  арналары 
кең  көлемде  суреттеледі.  Әсіресе,  «Менің 
майдандас  достарым»  (1947),  «Майдан  очерктері» 
(1949), 
«Сұрапыл 
жылдар» 
(1971) 
сынды 
туындыларында  панфиловшылардың  ерлік  шежі-
ресі,  ұлттық-патриоттық  рух,  халықтар  достығы, 

 
142 
интернационализм сипаты, ар-намыс үні, өмір мен өлім тартысы, соғыс және бейбітшілік 
мәні,  әскери  өнердің  қыр-сыры,  қаҺармандықтың  үлгі-өрнектері  кең  орын  алады. 
Бастысы,  өзі  көріп,  куәсі  болған  жағдаяттар  туралы  дәлдік  пен  көркемдік  құндылықтар 
қалың көптің қызығушылығын туғызып, өзгеше әсер-ықпал етеді.  Бұдан басқа:  «...Мәлік 
Ғабдуллиннің  шығармаларында  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  табандылық,  шыдамдылық, 
төзімділік  көрсеткен  қазақстандық  ұландардың  өнегелі,  батырлық  іс-қимылдары,  өршіл 
рухы, жігер-намысы, көңіл-күйі, сезім-әсер толқындары, асқақ арманы, ар-иманы, ұлттық 
салт-дәстүрлер, 
халықтық-педагогикалық  тәжірибелер, 
дүние, 
болмыс 
туралы 
философиялық  толғаныстар,  майдан  шындығы  шынайы  суреттеледі.  Жауынгер  жолы, 
олардың өз ара қатынасы, тапқыр әрі әдемі әзілдері де орынды келтіріледі» [3, 82]. 
Тегінде,  М.Ғабдуллиннің  әдеби-ғылыми  бағыттардағы  зерттеу  еңбектері  қазіргі 
кезеңде де тақырыптық мәнін, мазмұн байлығын, өзектілігін жоғалтпағанын аңғарар едік. 
Бұл бағытта, әрине, «Әдебиеттегі жағымды образ», «Алып ата», «Қазақ мақалының күші», 
«Қазақтың  батырлар  жыры  туралы»,  «Қазақ  әдебиетінің  оқулықтарын  жазу  туралы», 
«Халық әдебиетін жинайық», «Халық фольклоры жайында», «Ұлы көтеріліс, орындалған 
арман»  т.с.с.  мақалаларында  халық  мұрасы,  елдік  мүдде,  қаҺармандық  шежіресі,  тарих 
пен  таным  арналары,  ұлт  руханиятының  қымбат  қазыналары  хақында  кемел  ойлап,  кең 
түрде  қарастырады.  Халық  әдебиетіне  қамқорлық  пен  құштарлық,  оны  жинап-жүйелеу 
міндеттері де айқын танылады. 
Ал,  «Қазақ  фольклористикасы»  атты  ұжымдық  жинақтағы  (1972)  М.  Ғабдуллиннің 
«Қазақ  фольклористикасының  даму  жолдары»  атты  ғылыми  мақаласында  жалпылама 
бағыт,  шолу  сипаты  аңғарылғанымен,  тақырып  табиғаты  кең  түрде  ашылып,  байыпты 
байлам, біліми тереңдік, зерттеп-зерделеу мұраттары айқын. Автор алдымен әдебиеттану 
ғылымының тарихын, тағылымды тұстарын,  кемел көкжиегін жан-жақты барлап, танып-
талдап,  жіті  айқындайды.  Ондағы  ұлттық  фольклористиканың  қалыптасуы  мен  дамуын, 
қоғамдық  мәнін,  тарихи  негізін,  әдеби-рухани  құндылықтарын  дәлелді  дәлдік,  нақтылы 
талдау  негізінде  жан-жақты  ашып  көрсетеді.  Оны  шартты  түрде  үш  кезеңге  бөледі: 
"Бірінші кезең - 20-30 жылдар; Екінші кезең - соғыс жылдары; Үшінші кезең - Ұлы Отан 
соғысынан кейінгі жылдар» (4, 7). 
Ұлттық  фольклордың әуелгі  зерттеу нысаны:  ескі  мәдени мұраны игеру  мен халық 
әдебиетінің  тарихын  зерттеу  екеніне  мән  береді.  Әдеби  мұра  мен  оны  зерттеу  ісіндегі 
«алыптар  тобының»  еңбектері,  атап  айтқанда  С.  Сейфуллин  қарастырған 
шығармаларындағы таптық тұрғыдан баға беруі (10 бет), М. Әуезовтің «Қазақ әдебиетінің 
қазіргі  дәуірі»  (1922),  «Қобланды  батыр»  (1925),  «Қазақ  әдебиетінің  тарихы»  (1927) 
зерттеулерін тарихи тұрғыдан танып-талдауын (11 бет) айрықша атап, маңызды тұстарына 
мән береді. Қоғамдық құбылыстар, кезеңдік көріністер де назарға алынады. 
Ал, осы тұстағы фольклористикада тақырыптық тұрғыдан алғанда бірнеше маңызды 
мәселелердің  қозғалғанын  да  бөлекше  атайды:  Оқулықтар  жасау  мәселесі;  Ауыз 
әдебиетінен  үйрену  мәселесі;  Ауыз  әдебиетінің  халық  өміріне  байланысы  және  халық 
ақындарының творчествосы туралы (12 бет). 
Оқулық  жасау  мәселесінде  С.  Сейфуллиннің  «Билер  дәуірінің  әдебиеті»  (1932),        
С.  Мұқановтың  «Қазақтың  пролетариаттық  әдебиеті  туралы»  (1931)  еңбектеріне  мән 
беріледі.  Халық  әдебиеті  мен  жазба  әдебиеттерінің  байланысы,  фольклорды  пайдалану 
мен  одан  үйрену  жолдарының  түйінді  тұстары  -  С.  Сейфуллин,  М.  Әуезов,  С.  Мұқанов,           
І.  Жансүгіров,  Қ.  Жұмалиев,  Б.  Кенжебаев,  Е.  Ысмайылов,  М.  Қаратаев  т.б.  ғылыми-
зерттеу  еңбектері  төңірегінде  кең  өріс  алады.  Тақырыптық  қырларына,  жанр  жүйесі  мен 
көркемдікке мән беріледі. 
Қазақ  фольклористикасындағы  халық  әдебиетін  зерттеу,  даму  жолдарын  ғылыми 
тұрғыдан  танып-таразылау  мәселелері  -  М.  Әуезовтің  «Қазақ  халқының  эпосы  мен 
фольклоры»  (1939),  С.  Мұқановтың  «Батырлар  жыры»  (1939),  Қ.  Жұмалиевтың  «Халық 
поэмалары»  (1939),  Ә.  Марғұланның  «Қазақ  эпосын  тудырған  мотивтер»  (1939),                    

 
143 
Б. Кенжебаевтың  «Қазақ эпосы туралы»  (1939), Қ. Жұбановтың  «Абай-қазақ әдебиетінің 
классигі»  (1934),  «Қазақ  музыкасында  күй  жанрының  пайда  болуы  жөнінен»  (1936),        
С.  Аманжоловтың  «Қазақ  тілінің  диалектологиясы»,  О.  Нұрмағанбетованың                     
«Н.  Байғаниннің  творчествосы»,  Т.  Сыдықовтың  «Қазақ  эпосы»,  «Алпамыс  жыры,                         
Б. Уахатовтың «Халық өлеңдері», Б. Адамбаевтың «Шешендік сөздер», С. Садырбаевтың 
«Мұрын  жырау  творчествосы»,  Н.  Төреқұловтың  «Қазақтың  нақыл  сөздері»,                          
М.  Ғұмарованың  «Қамбар  батыр»  туралы»  т.с.с.  ғылыми  мәні,  дәлдік  пен  көркемдігі, 
өзектілігі атап өтіледі. Орыс ғалымдарының халық мұрасына қатысты ізденісі мен игілікті 
істері  де еске алынады (мысалы,  А. Орлов, М. Фетисов,  В. Сидельников, М. Сильченко,   
Н.  Смирнова  т.б.).  Бұдан  байқалатыны,автор  халық  мұрасы  мен  ондағы  елдік-ерлік 
шежіресін,  ел  қорғау  ісіндегі  батырлар  өмірі  мен  оның  жорық-шайқастарын,  әрекет-
қимылдарын өз ара салыстырады. Ақын-жыршылар орнын айқындайды. Баяндау, жеткізу 
жолдарына, ерекшелігіне мән береді. 
Ал,  М.  Ғабдуллиннің  күнделік  мұрасы  мен  хаттар  сырынан  қоғамдық  құбылыстар 
мен  кезеңдік  көріністерден  өзге  әдеби-мәдени  Һәм  рухани  құндылықтар  қайнарынан 
бастау  алып, кемел ойлап, кең түрде толғайтын тұстары көп-ақ. Әсіресе, адам әлемі  мен 
асқақ  мұраттары,  ұлт  пен  ұрпақ  қамына  қатысты  көкейкесті  жәйттер,  адамгершілік 
мәселелері мен достық, сыйластық сипаттарынан ұлттық құндылықтар, тарих пен таным 
арналары,  руханият  арналары,  тәлім-тәрбие,  өмір  тәжірибесінің  мәні  тереңтанылады 
(мысалы,  М.  Әуезов,  С.  Мұқанов,  Ж.  Шаяхметов,  С.  Аманжолов,  Қ.  Шәріпов,                             
С.  Бақбергенов,  Қ.  Нұрғалиев,  Ш.  Мұртаза,  М.  Сәрсекеев,  Б.  Тілегенов,  Р.  Тоқтаров,                
А. Сейдімбек т.б. жолданған хаттары). 
Негізінен,  М.  Ғабдуллиннің  ғылыми  мұрасы-халық  әдебиетін  зерттеп-зерделеуден, 
ұлттық фольклордың табиғатын танудан, ондағы құрылымдық Һәм көркемдік арналарды 
жіті  саралап-салғастырудан,  жанрлық  жүйе  мен  мәтіндік  жақтарын  айқындаудан  терең 
танылады.  Осы  реттен  алғанда,  профессор  С.Негимов  атап  айтқандай:  «...М.  Ғабдуллин 
«Қазақ  халқының  ауыз  әдебиеті»  атты  оқулығы  мен  «Қазақ  халқының  батырлық  жыры» 
деген күрделі зерттеуінде (Т. Сыдықовпен бірігіп жазған) ұлттық фольклор табиғаты және 
оның  жанрлық  түрлері  мен  ерекшеліктері  асқан  біліктілікпен  баяндалады.  Тұрмыс-
тіршілікке,  шаруашылық-кәсіпке,  әдет-ғұрыпқа  байланысты  шығармалар  әрі  оның  сан 
салалы  тармақтары  егжей-тегжейлі  терең  талданады.  Ой-пікірлерін  дәйекті  дәлелдермен 
жарқын  мысалдармен  әдемі  бекітіп  отырады.  Сондай-ақ  мақал-мәтел  мен  жұмбақтың 
тақырыптық,  жанрлық  әрі  көркемдік-танымдық  қасиеттері  әділ  таразыланады. 
Ертегілердің,  батырлар  жырларының,  лиро-эпостық  жаратындылардың  жиналуы, 
жариялану  және  зерттелу  тарихы  барынша  жан-жақты,  толық  әңгімеленеді.  Батырлар 
жырының  тарихқа  қатысы,  олардың  мифтік,  ертегілік,  ғажайып  ұғымдарға  байланысты 
екендігі,  образ  жасау  тәсілдері,  тілдік-стилистикалық  жүйесі,  өлең  құрылысы,  түпнұсқа 
әрі  оның  варианттары  жоғары  ғылыми-теориялық  деңгейде  баяндалады.  Айтыс 
өлеңдерінің  өзгешеліктері  мен  түрлерін  жіктеп,  жүйелейді.  Ғұлама  ғалым  әрқашан  да 
текст  талдауды  естен  шығармайды.  Мұның  өзі  филологиялық  талдауларға  ұласып 
отырады» [3, 115]. 
Біздіңше,  М.  Ғабдуллиннің  «Қазақ  халқының  батырлық  жыры»  атты  еңбегі                  
(Т.  Сыдықовпен  бірге  жазған)  халық  мұрасын,оның  ішінде  эпостық  жырларын  тақырып 
пен  мазмұн,  жанрлық  жүйесі  мен  нұсқаларын,  поэтикалық  қырларын  кең  көлемде 
қарастыруымен мәнді болып табылады. 
Зерттеу  еңбектің  -  «Кіріспе»  бөлігінде  халық  әдебиетіндегі  эпостық  жырлардың 
табиғаты  мен  тағылымын,  әуел  бастағы  шығу  түп-төркінін,  көп  нұсқалық  үлгілерін, 
эпостық  дәстүр  мәселелерін,  көне  кезеңнен  бүгінге  дейінгі  аралықтағы  даму  жолдарын 
жүйелі  сөз  етеді  [5,  338].  Орайлы  тұста  «...қазақ  эпосы  жайындағы  еңбегімізде 
«Алпамыс»,  «Қобланды»,  Қамбар»,  «Ер  Тарғын»  жырларын  жеке  алып  зерттеу 
мәселелерін  кеңірек,  көлемдірек  мөлшерде  қарастыру  міндеті  тұрады.  Аталған  төрт 

 
144 
эпостың  төңірегінде  бұл  күнге  дейін  белгілі-белгісіз  болып  келген  бірнеше  батырлық 
жырларға  тоқтала  келіп,  біз  жалпы  қазақ  эпосының  мәселелерін  тұтас  алып,  топтап 
әңгімелеуге тырыстық» дегенді анық-қанық айтады [5, 8]. 
Зерттеу  еңбектің  «Арналы  жанр-арнаулы  сөз»  атты  алғашқы  тарауында  халық 
мұрасындағы  эпикалық  шығармаларға,  арғы-бергі  кезеңдердегі  даму  үрдістеріне,  ел 
мұраты  мен  мүддесіне,  басқыншылық  тұстарындағы  ел-жер  тағдырына,  тұрмыс-
тіршілігіне ерекше мән беріледі. Халық әдебиетін жинап-жүйелеп, жариялау ісіне елеулі 
үлес  қосқан  танымал  ғалымдардың  есімі  мен  еңбектері,  өзіндік  өзгешеліктері,  ізденіс 
арналары,  көзқарас  жүйелері,  танып-талдау  мәнері  негізгі  назарға  алынады                               
(Ш.  Уәлиханов,  В.  Радлов,  И.  Березин,  А.  Алекторов,  А.  Васильев,  Ә.  Диваев,                              
Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев т.б.). 
Орта  Азия  мен  Қазақстанның  этникалық  шығармаларының  үлкен  тобы  -  «Қыпшақ 
эпосы»  мен  қарақалпақтардың  ноғайлы  цикліндегі  поэмалар  жүйесіне,  батырлар 
жырының  халықтығы  мен  реалистік  сипаттарына,  оны  дамытудағы  ақындар  мен 
жыршылар  орнына  жіті  ден  қойылады.  Халық  мұрасы  мен  батырлар  жырына  көп  көңіл 
бөлінеді:  «...Батырлар  жырларының  көпшілігі,  негізінде,  халықтың  тарихына,  қоғамдық 
өміріне  тығыз  байланысты  туған.  Халық  өзінің  тұрмыс-тіршілігінде  елеулі  орын  алған 
жағдайларды  батырлар  жыры  арқылы  да  елестетіп  беруге  тырысқан.  Сондай-ақ,  халық 
еңбек  адамдарының  тұрмысын  және  басқыншы  жаудан  ел-жұрттын  қорғау  жолында 
жасаған жанқиярлық ерлік күресін ардақтап жырлауға мән берген... 
Қандай  да  болмасын  қоғамдық  құрылыс,  әрбір  тап  батырлар  жырын  өз  тілегіне,  өз 
мүддесіне  сай  өзгертіп  те  отырған,  олар  сол  жырлар  арқылы  өздерінің  қоғамдық  және 
таптық  идеясын  таратуға  тырысқан.  Солай  болғандықтан  да,  халқымыздың  со  бір  көне 
дәуірден,  заманнан-заманға  ауысып  келе  жатқан  эпикалық  шығармаларын,  оның  шығу 
тарихын  арнайы  өз  алдына  сөз  еткенде,  біз  оның  қазақ  халқының  басынан  кешкен 
тарихымен байланыстыра алып қарауға тиістіміз. Өйткені халықтың тарихына, қоғамдық 
өміріне,  экономикалық  жағдайына,  салт-санасына,  тіршілік-тұрқына,  таптық  мүддесіне 
байланыссыз, олардан тыс туған батырлар жыры болған емес» [5, 10-11]. 
Кітаптың  -  «Алпамыс  батыр»  бөлімінде  жырдың  кең  тарағаны  (36  бет),  әртүрлі 
нұсқалары мен алғашқы ғылыми басылымы (40 бет), мәтіндік-емлелік қырлары  (41 бет), 
ақын-жыраулар  шығармашылығынан  орын  алуы  (44  бет),  С.  Торайғыровтың  мәнді  ой-
пікірлері  (43  бет),  С.  Сейфуллин,  С.  Мұқанов,  Б.  Кенжебаев  еңбектері  (46-52  беттер),       
М.  Әуезов  пен  Л.  Соболевтің  эпикалық  шығармаларға  қатысты  теориялық  мәселелерді 
кеңінен қозғауы (54 бет), тиісті тұстарда басқа да туындылармен салыстырулар жасалуы 
(45 бет) мәнді де нәрлі, әрі негізді, жүйелі жеткізіледі. 
Бұдан  басқа  «Алпамыс»  эпосының  құрылымдық  жүйесі  мен  әлеуметтік  мотивтер, 
идеялық  мазмұны,  сюжет  желісі,  образ  мәні,  стилистикалық  ерекшеліктері  кең  орын 
алады. Ал, жырдың шығуы мен тарихын монографиялық үлгіде көрсетуде - А. Орловтың 
«Казахский  героический  эпос»  (1945),  В.  Жирмунский  мен  Х.  Зарифовтың  «Узбекский 
народный  героический  эпос»  (1947),  Қ.  Жұмалиевтың  «Қазақ  эпосы  мен  әдебиет 
тарихының мәселелері» (1958), М. Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» (1958) 
т.б. іргелі ізденіс, ерен еңбектері аталады. Тақырыптық қырлары, құрылымдық жүйесі мен 
көркемдік арналары кеңінен көрсетіледі. 
«Қобыланды  батыр»  бөлімінде  жырдың  негізгі  идеясы,  елдік-ерлік  мұраттар, 
әлеуметтік-тарихи жағдайлар, әр алуан нұсқалары, зерттелу кезеңі назарға алынады (188-
191  беттер).  Жыршы-ақындар  -  Марабай,  Мергенбай,  Біржан,  Айса,  Мұрын,  Нұрпейіс 
жырлары  да  зерттеу  негізі  етіледі.  Ой  түйіні  былай  беріледі:  «...Қобланды  батырды» 
жырлаған  ақын-жыршылардың  қайсысы  болса  да  халықтың  тіл  байлығын,  сөздік  қорын 
молынан пайдалана отырып, әдемі картиналар, портреттер жасайды, эпос оқиғасын әсерлі 
етіп баяндайды. Батырдың ерлік күресін, жекпе-жек ұрыстарын суреттегенде адамға әсер 
ететін  асқақты  сөздерді  қолданады,  немесе  «Әйт,  жануар,  шүу,  деді»  дегенде,  аттың 

 
145 
жүрісін суреттеу үшін ұшқыр, қанатты сөздерді алады. Жыр тілінің байлығы неше түрлі 
әдемі  теңеулер,  метафоралар  жасауымен,  дыбыс  қайталаушылықтарымен  де  көрініп 
отырады» [5, 256]. 
Сондай-ақ, «Ер Тарғын» жыры идеялық мазмұнымен, оқиға желісінің тартымды әрі 
тіл шұрайлылығымен мәнді екені баса көрсетіледі (258 бет). Жыр мазмұны мен оқиғасы, 
кейіпкерлер  жүйесіндегі  психологиялық  параллелизм,  портреттік  өрнектер,  характер 
әрекеті, көркем тіл мүмкіндіктері де тиісінше талдау негізі етіледі. Кезең, уақыт бедеріне 
мән-маңыз беріледі. 
Ал,  «Қамбар  батыр»  жыры  ел  қорғау,  ерлік  істермен  байланысты  өріс  алады. 
Жырдың ауызша таралуы, көптеген нұсқаларының болуы (279 бет), сюжет желісі-қалмақ 
басқыншылары  мен  қазақ  батырларының  күресіне  арналғаны  (281  бет),  оқиғасының 
шегіністер  арқылы  өріс  алуы,  көркем  көрініс,  жеңіл  тіл,  аз  сөзбен  көп  мағына  берудегі 
баяндау  әдістері  назарға  алынады.  Асылы,  «Ер  Тарғын»,  «Қамбар  батыр»  сынды 
жырлардың әдеби-тарихи негіздері, жанрлық-көркемдік мұраттары, реалистік мәні, тілдік 
сипаттары әр қырынан салыстырылады. Елдік мәні, ерлік рухы, өршіл-өнегелік сипаттары 
кеңінен көрсетіледі. Өнегелік сипаттары ашылады. 
Аталған  еңбектің  «Көне  дәстүрдің  көрікті  жалғасы»  атты  соңғы  бөлімде  ғылыми 
кітапхана  мен  сирек  қорлардан  кең  орын  алған  көптеген  жыр  үлгілері  туралы  кеңінен 
баяндалады. Осы бағытта Ж. Жабаев, Н. Байғанин, И. Байзақов, М. Сеңгірбаев, О. Шипин 
т.б.  қазақтың  дәстүрлі  батырлық  жырларының  әр  бағытта  жырлап,  жеткізуі  кең  орын 
алады.  Эпос  жанрына  қатысты  ортақ  мұрат,  зерттеу  жүйесі  де  кеңінен  қозғалады.  Ой 
түйіні  былай  беріледі:  «...еліміздің  басқа  халықтарының  эпосы  тәрізді  қазақ  халқының 
эпостары  да  ертелі-кештіхалқымыздың  басынан  өткізген  тарихи-әлеуметтік  жағдайының 
негізінде,  тарихи  болған  адамдардың  ерлік  істерінің  негізінде  туған,  елдің  ерлік  салтын, 
әдет-ғұрпын,  рухани  күшін  бейнелейтін  құнды  қазынаның  бірі.  Сондықтан  оны  баспа 
бетінде  бастырудың  да,  оны  әр  алуан  қырынан  алып  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын 
жүргізудің де мәні үлкен» [5, 337]. 
Ақиқатында, автор ұлттық батырлар жырының табиғаты мен тарихына, таралуы мен 
жариялану жайына ден қойған тұста, ең алдымен әуелгі мәніне, елдік-ерлік сипаттарына, 
патриоттық-тәрбиелік  қырларына,  көркемдік-танымдық  арналарына  да  назар  аударып, 
байыпты  байлам,  түйінді  тұжырымдар  жасайтыны  айқын  аңғарылады:  «...Ертеде  туған 
батырлар  жырының  негізгі  идеясы  басқыншы  жаудан  ел  қорғау  мәселесі  болатын.  Ал, 
ХІХ ғасырда, әсіресе оның екінші жартысынан бергі жерде, қазақ еліне шабуыл жасаған 
шетелдік  басқыншылар  болған  емес.  Бұл  жағдай  ерте  заманнан  келе  жатқан  халықтық 
жырлардың  мазмұнына  біраз  өзгерістер,  тың  тақырыптар  енгізді.  Аталған  кездің 
жағдайына байланысты халықтың ақын, жыршылары еңбекші бұқараның тілегіне сай етіп 
ертедегі  жырларды  қайта  қарастырып  өңдейді.  Бұрынғы  жырлардағы  батырлардың 
алысқан жаулары шетелдік басқыншылар-қызылбастар болса, енді олардың орнына қазақ 
еңбекшілерін  езіп  отырған  хандар  мен  феодалдарды,  болыс  пен  билерді  енгізеді.  Осы 
ретте  ертедегі  жырлардың  батырлары  қазақ  еліндегі  хандар  мен  феодалдарға,  қысқасы, 
қанаушы  тапқа  қарсы  күреседі,  олармен  алысады.  Мұны  «Қамбар»,  «Ер  Тарғын» 
жырларынан,  «Қобыланды  батырдың»  халықтық  вариантынан  көруге  болады»,  «...Қай 
дәуірде болмасын батырлар жыры тек қана өмір кешкен жеке адамдардың көзге көрінген, 
елге естілген ерлік істерін ғана суреттеумен тынған жоқ, ол жеке образдар арқылы барша 
халықтың  батырлық  тұлғасын,  кескін-кейпін,  жанқиярлық  ерлігін,  сарқылып  таусылмас 
күш-қуатын  елестетеді,  солардың  бейнелі  де  кереметтей  көркем  сөздермен  көмкеріп 
береді.  Сонымен  бірге  халық  қашанда  батырлар  жырын  тәрбиелік  мәні  бар  мәнерлі 
құралдың  бірі  есебінде  пайдаланған.  Батыр  атаулының  елін,  жерін  жаттан,  жаудан 
қорғаудағы  үлгі  берерлік  ерлік  ісін  жас  ұрпаққа  ұнамды  өнеге,  тағылым-тәрбие  ретінде 
ұсынған.  Яғни,  эпосты  жырлаған  ақындар,  жыршылар,  батырлық,  тұрмыстық-салттық 
жырларды  пьесаға  айналдырған  жазушылар  бағы  заманда  өткен  батырлардың  образын 

 
146 
ерлік істің, асқан батырлықтың символ түрінде тыңдаушылары мен көрушілеріне тартады. 
Мұның бәрі біздің дәуірімізге қазақ эпосының қоғамдық санамызға берік еніп, тәрбиелік 
мәнінің бұрынғыдан да жоғары екендігінің айқын айғағы болса керек» [5, 307, 314]. 
Жалпы, М. Ғабдуллиннің әдеби мұра мен оны зерттеу туралы ізденіс, көзқарастары 
әр  жылдар  жемісінен  аңғарылады.  Атап  айтқанда:  «...М.  Ғабдуллин  «Батырлар  жыры 
туралы»  деген  мақаласында  «Алпамыс»,  «Қобыланды»,  «Тарғын»  жайындағы  жырлар 
жөнінде жоғарғы айтылған дискуссия тұжырымды қорытынды жасамағанын, «Алпамыс» 
пен «Тарғын» негізінде халықтық делініп, ал «Қобыланды батырдың» қандай жыр екендігі 
көрсетілмегендігі,  тек  зерттеу  керек»  деп  қаулы  алынғандығы  жазылған.  Шын  мәнінде, 
бұл  жырлардың  халықтық  жырлар  екендігіне  дәйекті  дәлелдер  келтірілген.  «Ел  қорғау, 
басқыншы жаумен күресу жөнінде халықтың түсінігі, арман-мүддесі айтылған жырларда 
халықтық  тұрмыс  бейнеленген.  Бұл  жырлардан  ертедегі  адамдардың  қоғамдық  тұрмыс-
тіршілігі, қоғамдық сана мен ой-өрісінің көлемі қандай екендігі де көрініп отырады. 
М.  Ғабдуллиннің  1958  жылы  жоғары  дәрежелі  оқу  орындарының  студенттеріне 
арналған «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» деген оқу құралы жарық көрді. Кейбір өзгеріс, 
қосындылармен  бұл  кітап  1964  жылы  екінші  рет  басылды.  Мұнда  қазақтың  атақты 
саналатын  эпикалық  шығармалары  кеңінен  қарастырылады.  Жырлардың  жиналуы, 
зерттелуі,  басылып  шығуы,  басты  кейіпкерлері,  құрылысы  мен  тілі  жайынан  оқушы 
студенттер  кең  мәлімет  алады.  Автор  бұл  еңбегінде  өзіне  дейінгі  қазақ  эпосы  жайында 
жазған адамдардың зерттеулерін кеңінен пайдаланған» [4, 98-99]. 
Негізінен, «Қазақ халқының батырлық жыры» атты еңбекте арғы арналардан қазіргі 
кезге  дейінгі  аралықтағы  белгі-ерекшеліктері,  даму  жолдары  зерттеу  жүйесін  құрайды. 
Бастысы, «Алпамыс», «Қобланды», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» жырларының табиғаты 
мен тарихы, нұсқалары мен таралуы, көркемдік-эстетикалық құндылықтары, көзқарастар 
мен  зерттелу  деңгейі,  ақын-жыраулар  мен  жыршылардың  орын-үлестері  кеңінен 
көрсетіледі.  Біліми-ғылыми  арналары,  зерттеу  жүйесі  айқындалады.  Демек,  М.  Ғабдул-
линнің  адами  мұраттары  мен  батырлық  болмысынан,  ғалымдық  келбетінен  өмірге 
құштарлық,  ел-жерге  сүйіспеншілік,  ұлт  пен  ұрпаққа  қамқорлық,  отан  мен  отбасына 
құрмет пен тағзым, руханият ісіне шынайы берілгендік сипаттары терең танылады. Бұл – 
бір.  Екіншіден,  М.  Ғабдуллиннің  ғылыми  мұрасынан  іргелі  ізденіс,  ерен  еңбекқорлық, 
зерделі зерттеушілік сынды белгі-ерекшеліктер танылады. Үшіншіден, жазушылық жолы 
мен  шығармашылық  мұрасынан  тақырып  табиғатына  еркін  еніп,  қоғамдық  һәм  өмір 
көріністерін жіті зерделеп, қаһарманның рухани әлеміне терең мән беретіні байқалады. 
М. Ғабдуллиннің бүтін болмысы, кемел келбеті осында болып табылады. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет