Д.С. Шахметова
С. Сейфуллин атындағы Қазақ
агротехникалық университеті,
пед. ғыл. канд.
А.Қ. Нұрғалиева
Павлодар мемлекеттік
педагогикалық университеті,
пед. ғыл. д-ры, профессор
А.Қ. Нұрғалиева
Павлодар мемлекеттік
педагогикалық университеті,
пед. ғыл. канд., доцент
Тұлғаның өзін-өзі
тануында рухани-
адамгершілік
құндылықтардың
алатын орны
Аннотация
Мақала тұлғаның өзін-өзі тануда рухани-
адамгершілік құндылықтардың мәнін зерттеуге
арналған.
Рухани-адамгершілік
құндылық
адамның өзіне, қоршаған әлеуметтік ортаға бір-
біріне деген қарым-қатынасы, өмір сүру салты,
даму деңгейін бейнелейтін құрлымдық бөлігі
болып табылады. Сондықтан ең жоғары
құндылықтардың өзегі - бұл адами қасиеттер
және адам екендігі қоғам дамуында әрдайым
дәлелденіп келген. Оқушылардың рухани-
адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану
негізінде қалыптастыру үрдісін бала бойындағы
тұлғалық өзгерістер және оның өз деңгейін
дамыту әрекеттерімен тығыз байланысты екені
мақалада анық дәлелденеді.
Түйін сөздер: адамгершілік, адамгершілік
даму, өзін-өзі тану, рухани құндылықтар,
рухани сана.
Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпаққа
адагершілік-рухани білім және тәрбие беру
жалпы адамдық, жалпы ұлттық, этномәдени
және жеке құндылықтардың үйлесімді синтезіне
бағытталған, олар адамға, қоғамға қызмет етуде
өзін бар қырынан көрсетуге, өмірдегі өз рөлін
және өз тағдырын ұғынуға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану білімнің құндылықты мағынасын
нығайта отырып, риясыз сүю, өз-өзіне және өз
күшіне сену, жақсылық жасау, көбірек тануға
және
өзін-өзі
жетілдіруге,
физикалық,
психикалық,
рухани,
әлеуметтік
және
шығармашылық даму тұрғысынан үйлесімге
жету мүмкіндіктерін дамытады.
Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса, оның
қолынан өзге адамдарды танып түсіну және
оларға нақты көмектесе алу келмейді. Қоғамдық
дамудың өзге адамдармен қарым-қатынасқа
түсетін әрбір адам өзін-өзі тануын тереңдетуі
шарт, бірақ бұған жеткілікті мөлшердегі
жүректілік
қажет,
өз
рефлексиясының
нәтижелері қандай болса да, оларды әділ түрде
қабылдауға
мүмкіндік
берерлік
белгілі
мөлшердегі
объективтілік қажет.
Оқушы
тұлғасының өзін-өзі тануы білім беру жүйесінде
жетекші мақсаттардың бірінің дәрежесін алуы
67
қажет. Оқушының «Менін» позитивтік өзгерту қазіргі таңда педагогика мен психологияға
деген гуманистік көзқарастың бірден-бір маңызды саласы, оқыту мен тәрбиелеу ісіне
қатысы бар әр адамның өзін-өзі адамгершілік тұрғыда дамытуын қамтамасыз ететін басты
құралы. Болашақ азаматтың өзін-өзі дамыту қағидаларын меңгеруі қажет, әйтпесе ол
өзгелерге бұл процесте қажетті көмек бере алмайды.
Оқытудың тиімділігі тұлғаның психикалық дүниесінің жалпы үйлесімділігіне,
әсіресе оның «Менінің» көтеріңкілігіне, позитивтілігіне тәуелді. Сондықтан оқушы
тұлғалық дамуының сипаты мен өз бойындағы рухани-адамгершілік құндылық
бағдарының мән-маңызы оның жетістіктерінің маңызынан кем емес. Жан-жақты жетілген
тұлға өзіне деген жоғары талаптарымен, оның ішкі өзін-өзі бақылауымен ерекшелінеді.
Тұлғаның өзін-өзі бақылай, бағалай, түзей және өзін-өзі ұстай алуы – биік мәдениет пен
жетік парасатылықтың көөрсеткіші өзін-өзі бақылаудың көмегімен нақтылы мінез-
құлықтың, қарым-қатынастың, іс-әрекеттің өз мақсаттарына сәйкестігі әркез сарапталып
отырды.
Бүгінгі таңда қоғам өзгерістерінің шешуші факторы – Адам. Адамның қарым-
қатынасының үйлесімділігін қамтамасыз етуде адамгершілік құндылық жетекші орын
алады. Жалпы «адам – қоғам», «адам – әлем» қатынасының адамның дүниеге деген
көзқарасы қандай ұстанымдарға, принциптерге арқа сүйейтінінен құндылықтарды
анықтауда үлкен маңыздылыққа ие болғанын көреміз. Әлемді рухани-адамгершілікті
игеру үдерісі барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл
қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар тұлғаның сезімдеріне, қызығушылық
ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоциональдық реңкке ие болатын
қатынасты білдіреді [1]. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге
адамдарды, қоршаған дүниедегі заттарды, сұлулық, еңбекқорлық, еркіндік т.б.
тұрғысынан бағалап, адамгершілік құндылықтар арқылы қарастыруымен сипатталады.
Рухани-адамгершілік құндылықтар адамзат пайда болған кезден бастап адам
санасына еніп дамып отырды десек те болады. Себебі рухани-адамгершілік құндылық
адамның өзіне, қоршаған әлеуметтік ортаға бір-біріне деген қарым-қатынасы, өмір сүру
салты, даму деңгейін бейнелейтін құрлымдық элемент. Рухани құндылықтың сапасы жан
дүниесінің дамуы, сана сезімінің деңгейі, білімділігі, өнерлілігі, ақылдылығы,
мәдениеттілігі т.б. көптеген сапалары арқылы өлшенетін болса, адамгершілік құндылық
адамның адами қасиеті, бір-біріне деген қайырымдылық көрсетуі, мейірімділік сезімі, іс-
әрекеттегі адалдығы, әділдігі, өмір сүру салтындағы туыстық, достық қарым-қатынасымен
бірігу идеясымен ерекшеленеді. Ал құндылықтық қатынас әрқашан да субъектінің
бойында белгілі бір эмоцияларды (қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б.) қамтып,
дүниетаным ықпалымен қалыптасып келген. Оның ішінде ең жоғарғысы – қасиеттерге
табыну бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз
тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт- дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығып,
кезеңге сай дамып отырды.
Бірақ осы құндылықтардың өмірдегі мәнін түсініп, талдап, саралап қабылдайтын бұл
– адам санасы. Адам санасында бірінші құндылықты анықтау үшін белгілі бір себепке
байланысты қажеттілік оянады, әрі қарай сол қажеттілікті қанағаттандыру жолында өз
алдана мақсат қойып өзі үшін құндылық негізін анықтап алады. Негізгі рухани-
адамгершілік құндылықтар бұл адам бойынан бастау алады десек те болады. Себебі
рухани-адамгершілік құндылықтар адам жаратылысы, олардың өмірге қарым қатынасы,
тұрмыс тіршілігі, саналы іс-әрекеті мен сезімі арқылы өлшеніп, сараланып отырады.
Сондықтан ең жоғары құндылықтардың өзегі - бұл адами қасиеттер және адам екендігі
қоғам дамуында әрдайым дәлелденіп келген.
Құндылықтар - сезіммен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекет
бағдарын белгілейді. Құндылықтар тек объективті, яғни шынайы ғана болады, ол адамға
тәуелді емес, солай бола тұра, субъективті, өйткені, ол адам санасында орын алады [2].
68
Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның
нәтижесінде тұлға құндылық бағдарды игереді де, іс-әрекет етеді. Келесі кестеде
құндылықтардың жіктелуі көрсетілген (кесте 1).
Кесте 1 Құндылықтардың жіктелуі
Жалпы
адамзаттық
құндылықтар
Жоғары сапа деңгейіндегі
құндылықтар
Рухани-адамгершілік
құндылықтар
- адам өмірі, бостандық,
отбасы, қарым-қатынас, адам
бақыты, ұрпақ жалғастыру,
еңбек
ету,
табыс,
ынтымақтастық, белсенділік,
тәуелсіздік т.б.
-
адам
конвенциясы,
демократия,
азаматтық
қоғам, мәдениет т.б.
- мәдениет, саясат, әдебиет,
Отан, Ана, Жер, дін, діл,
ар-ождан,
парыз,
ерік,
жігер,
күш,
махаббат,
қайырымдылық,
мейірімділік т.б.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық
құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас
ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын
сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен
қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам
болуы шарт. Ол рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра
отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін
айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Білім өзінің
шынайы міндетіне жауап беруі үшін балаларда жас кезінен бастап, ең маңызды адамдық
сапаларды – адамгершілікті: сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті,
мейірбандықты, шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді дамыту керек.
Қоғамды ізгілендіру – XXI ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың
талабы, мұның өзі әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол
жетуіне байланысты болып отыр, әрі бұл қатынастарда алдымен әлемнің тұтқасы ретінде
адам аса айшықтана көрінеді. Ендігі жерде ізгілендіру мақсатына жету құралы
зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік
құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы
үдеріс болып табылады. Өйткені, біздің ертеңгі күні осы қазіргі мәдениетті, бүгінгі білім,
тәрбие берудің аясында өзіміз қалыптастырған қоғамға қадам басатындығымыз айқын.
Құндылықтар – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар. Оларға
шындық, қайырымдылық, тұлға, пайда, бостандық, махаббат, шығармашылық, т.б.
жатады. Құндылықтар – идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы
айқындалып, ақыл-ой сана арқылы қабылданады. Құндылықтар – құрметтеу, қошеметтеу,
қабылдау тәрізді бағдарды білдіреді. Сонымен, рухани-адамгершілік құндылық дегеніміз
адамның өзінің табиғи жаратылысы мен өзін-өзі тану, қабылдау, сезіну арқылы сарапқа
түсіп дамыған, сыртқы ортаның ықпалы нәтижесінде қалыптасқан, тұлғаның тұрақтылығы
мен жетілу деңгейін, қоғамдағы орнын, даралық қасиеттерінің сипатын айқындайтын ішкі
құрылымдық элемент – деп білеміз [3].
Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану негізінде
қалыптастыру үрдісін бала бойындағы тұлғалық өзгерістер және оның өз деңгейін дамыту
әрекеттерімен тығыз байланысты. Өйткені, бүгінгі жаңа қоғамда оқушыға жаңаша
қойылатын талаптар оның жеке тұлғалық қасиеттерін, тек қана өз басы үшін емес,
сонымен бірге өз айналасындағы жолдастарына, жалпы адамдар үшін үлгі болуын қажет
етеді. Адамгершілік құндылықтары мен талаптары қоғамдық пікір күшінің, адамның жеке
сенімінің қолдауына иеленеді. Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-
өзі тану арқылы қалыптастыру олардың бойында төмендегі қасиеттердің пайда болуына
ықпал етеді:
69
− жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық;
− интелектуальдық сипаты: ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық өріс-өресі, терең
танымдық, өзін-өзі сыни ойлау қабілеті;
− ашықтық, сабырлылық, табандылық, мейірбандық;
− өз көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық, көмек
көрсетуге даярлық;
− болашаққа көзқарас сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне, адамгершілік
қасиетіне сыни көзқарас, өзінің адами даму сапасына жоғары талап қоя білу,
жауапкершілік, өзін-өзі дамытуға, өздігінен білім алуға қажеттілігінің болуы;
− рухани-адамгершілік тәрбиені алу мақсатына талпыныс;
− өзін-өзі бағалау және сыни тұрғыдан өзін түзетуге талпынысы;
− өз-өзіне шынайы әділ баға беруге ұмтылысы;
− өз қылықтарын саралап ақылға жеңдіру нәтижесінде адами қасиеттерді дамытуға
ұмтылыс жасау.
Адамгершілік эмоциялық сапалар: нақтылық, өзге жанын түсінуге ыңғайлылық,
шыдамдылық, бірбеткейлік, қуатты, ізетті, намысшылдық. Әлемге деген көзқарастар
сапасы: барлық дүниені сүйе білу, патриотизм, ізгілік.
Бүгінгі тәрбие үрдісінде тұлғаны ізгілікке тәрбиелеу жолдары қарастырылғанмен,
оған өз бетімен бағыт алу, өзін-өзі адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке, өзін-өзі тану,
өзін-өзі тәрбиелеу мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері, ұйымдастыру бағыттарын әлі де
болса талдап, нақтылау қажеттілігі туындап отыр. Өзін-өзі тәрбиелеу – қалыптасқан
идеалдар мен сенімдерге мойындалып қойылған мақсаттарға сәйкес жекелік өзгеріске
бағытталған адам әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу адамның даму кезеңін, санасын анықтайды,
өз қылықтары мен өзгелердің қылықтарын салыстыра отырып, қорытынды шығара
алатындығын болжайды. Адамның өзінің әлеуеттік мүмкіндігіне қатынасы, өзінің
кемшіліктерін көре білуі адамның есейгендігін көрсетеді және өзін-өзі тәрбиелеу
орталығының дәнекері болады.
Қазіргі қоғамдағы белсенді өмір сүрудегі жеке тұлғаның тәрбиесін ең алдымен әрбір
тұлғаның өз-өзіне деген үлкен талап қоя білуі өз ісіне жауапкершілікпен қарауы, сонымен
қатар бойындағы ізгі қасиеттерді дамытудағы саналы іс-әрекетін А.И. Кочетков, А.К.
Громцева, М.А. Донцев, М.Ш. Сагаутдинова т.б. ғалымдардың зерттеулерінен көруге
болады А.И. Кочетов өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін тек жеке бастың қызығушылығынан емес,
қоғамдық талаптардан да туындайды деп таниды. Зерттеу өзін-өзі тәрбиелеудің өзін-өзі
тану, өзін-өзі ұмтылдыру, өзін-өзі өзектендіреу әдістері арқылы жүзеге асырылды [4].
Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасу жолын өзін-өзі түсіну мен
өзін-өзі тану үрдістерінен бөліп-жарып қарауға болмайды. Өзін-өзі тану ұғымына
психологиялық тұрғыда «Адам жаны өзін-өзі тек өз іс-әрекеттері үстінде ғана тани алады,
оның өзі туралы білімі, сыртқы табиғат құбылыстары туралы білік секілді, қадағалаудан
құралады» - деп келесі тұрғыда түсініктеме беріледі [5].
Сонымен, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде оқушылардың өзін-өзі
тәрбиелеуі дегеніміз - тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі, өз мүмкіндіктерін толығымен
пайдалана алуы, рухани тазаруы, өркениеттің мыңдаған жылдар бойы жинақтаған
адамгершілік құндылықтарына өздігінен тартылуы. Өзін-өзі дамыту тұлғаны өзгеден
дараландыратын басты ерекшелік. Дүниені өзінше түсіну, сезіну адамдарды өзгелерден
ерекшелендіреді. Осыдан туындайтын тәрбиенің мақсаты – оқушы өзінің даралық
сипатын дамытып, бойындағы ерекшелігін өзгеге көрсетуі және оны басқаға үйрете білуі
керек. Болашақ азаматтары өз бойындағы өз даралығына сенуге баулу, олардың
қайталанбас даралық сипатына құрмет білдіру, осы қасиеттерді оқушының санасында
орнықтыруы ұстаздың бірден-бір мақсаты болуы тиіс. Сонда ғана мұғалім өз міндетін
біршама орындап шығады. Оқушы өзінің даралық сипатын түсінуі арқылы өзін-өзі танып
70
білуге, өзін-өзі дамытуға, шығармашылыққа, жағымды қарым-қатынас орнатуға жол
ашады.
Осы орайда өзіндік таным жобасының авторы С.А. Назарбаеваның. «Қазіргі уақытта
қоғамдағы балалар мен жас жеткіншектердің тұлғалық дамуында рухани - өнегелі
тәрбиесі, гормониялық дамуын зерттеу аса қажет» – деп көрсетеді [6]. Бұл орайда
С.Назарбаева қазіргі жастар тәрбиесінде этика, эстетика, рухани жан азығын өмірге деген
көзқарасты өзгертіп, барлығына тек қана сүйіспеншілікпен, махаббатпен, ізгілікпен
қарауға, өзінің ішкі жан дүниесін өзгерткенде, толықтырғанда ғана ол адамнан жоғары
білікті азамат шығатынын көрсетеді.
Тұлғаға бағытталған тәрбиеде рухани-адамгершілік ұстанымдарын жүйелі түрде
жүргізу тиімділікке жеткізеді. Ол үшін жастардың мәдени құндылықтарды игеруіне, өзін-
өзі дамыту дағдыларына, өмір сүре білуге бейімділігіне, тұлғааралық қатынастарды,
дағдыларды игеруіне, өзіне және өзгеге жауапкершілікпен қарауына көмектесу басты
нысана болып табылары сөзсіз. Олай болса, оқушыларға жан-жақты сапалы білім беру
желісін жетілдіру – оны барынша ізгілендіруді, жас жеткіншек ұрпаққа адамгершілік
тұрғыдан тәрбие беруді жаңартуды талап етеді. Біздің жас мемлекетіміз қоғамымыздың
зиялылық әлеуетін сақтап қана қоймай, оны жаңа нарықтық қатынастар шеңберінде
жаңалап түлетуге, жоғары білім даярлық аясында кәсіптік шеберлігі жоғары,
адамгершілік, имандылық, ар-ұят, отаншылдық сияқты қадір-қасиеттерді бойына сіңірген
ұлттық интеллегенцияның, зиялы қауымның жаңа легін даярлауға мүдделі болып отыр.
Өзін-өзі тану, біздің түсінігімізше, ең алдымен адамның жалпы тануының бір ерекше
түрі объектісі таным субъектісінің өзі болатын танымдық іс-әрекет. Өзін-өзі танудың
мақсаты– адамның өзі туралы өзінің іс-әрекет субъектісі ретіндегі – шынайы мағлұмат
алуы. Бұл жерде танымның объектісі мен субъектісі – бір ұғым, бір құбылыс, өзін-өзі
тануды танымдық іс-әрекет ретінде қарастыра келе, біз оның тиімділігі көп жағдайда жеке
тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның белсенділігінің өзін-өзі тану үрдісіне қаншалықты
бағытталғандығына тәуелділігін атап көрсеткіміз келеді. Бұдан өзге, қандай да болмасын
іс-әрекет секілді, өзін-өзі тануда да көптеген танымдық іс-әрекет пен операциялар арқылы
жүзеге асады. Олардың ішіндегі ең негізгілері – сараптау, жинақтау, салыстыру,
сәйкестендіру және бағалау операциялары. Өзін-өзі тану, сонымен қатар, сыртқы ортаны
тану арқылы да әсіресе, яғни, сезім, қабылдау, өзін-өзі қадағалау, ойлау секілді үрдістерді
тану арқылы да іске асады. Өзін-өзі танудың негізгі бастаулары – іс-әрекет және қарым-
қатынас. Өзін-өзі тану үрдісінде адамның іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзі туралы бітімі
қалыптасады, тұлғаның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасы ашылып, оның өзін-өзі
бағалауының әділдігі сарапқа түседі, сараланады. Қарым-қатынас үрдісінде өзін өзге
адамдармен салыстыру іске асады, өзіне өзге адамдардың берер бағасы пайымдалады.
Бірінші кезекте әлеуметтік сынға жиірек түсетін және іс-әрекеттің табыстылығын
анықтайтын қабілеттер мен қасиеттер саласына түседі.
Сонымен,өзін-өзі тану-адамның өзінің іс-әрекет субъектісі ретіндегі өз тұлғалық
ерекшеліктерін біртіндеп түсіну үрдісі. Бұл үрдістің нәтижесі – «Мен» бейнесінің түрлі
аспектілерінің қалыптасуы. Тәжірибе көрсеткендей тұлғаға сырттан әсер ету арқылы
тәрбиелеу үнемі жетістікке қол жеткізе бермейді. Өйткені ол кейде жағымды, кейде
кереғар әсер етуі тіпті кей жағдайда тұлғаны ешқандай әсерсіз қалдыруы мүмкін. Ал, егер
сырттан тәрбиелеу тұлғаға жоғары талап қою арқылы тұлғаның ішкі жан дүниесіне әсер
етіп, оның ішкі өзгерісіне септігін тигізсе ғана, өз тағдыры үшін ойланып, әрекет ете
бастаса ғана ол нағыз тәрбие заңдылығы болып табылмақ. Мұндай жұмыс дамытушылық,
қалыптастырушылық ықпал жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |